Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет264/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

ІІІ БӨЛІМ 
 
46-бап 
Осы Конвенция барлық мемлекеттердің қол қою үшін ашық. 
47-бап 
Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялық грамоталар 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға тапсырылады. 
48-бап 
Осы Конвенция кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық. Қосылу 
туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға 
тапсырылады. 
49-бап 


345
1.
Осы Конвенция, жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе 
қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақталуға 
тапсырылғаннан кейінгі отызыншы күні күшіне енеді. 
2.
Жиырмасыншы ратификациялық грамота немесе осы Конвенцияға 
қосылу туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оны ратификациялайтын 
немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін осы Конвенция олардың өздерінің 
ратификациялық грамотасы немесе қосылу туралы құжатты сақталуға 
тапсырылғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді. 
50-бап 
1.
Кез келген қатысушы мемлекет өзгерту ұсынып, оны Біріккен Ұлттар 
Ұйымының Бас хатшысына тапсыра алады. Одан кейін Бас хатшы осы 
ұсыныстарды қарау және оларды дауысқа салу мақсатымен қатысушы 
мемлекеттердің конференциясын шақыру қажеттігі жөнінде көзқарастарын 
білдіруді өтіне отырып, ұсынылған түзетуді қатысушы мемлекеттерге 
жолдайды. Осы хабар тараған күннен бастап, төрт ай аралығында осындай 
конференцияның шақырылуын қатысушы мемлекеттердің ең кем дегенде 
үштен бірі қолдаса, Бас хатшы конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының 
аясында өткізеді. Конференцияға қатысып, дауыс берген қатысушы 
мемлекеттердің көпшілігі қабылдаған кез келген түзету Бас Ассамблеяға 
бекітуге тапсырылады. 
2.
Осы баптың 1-тармағына сай қабылданған түзету, Біріккен Ұлттар 
Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітуі бойынша қатысушы мемлекеттердің ең 
кем дегенде үштен екісінің көпшілігі қабылдағаннан кейін күшіне енеді. 
3.
Түзету күшіне енгеннен кейін, осы қабылдаған мемлекеттер үшін 
міндетті болады, ал басқа қатысушы мемлекеттер үшін өздері бұрын 
қабылдаған кез келген түзетулер мен осы Конвенцияның ережелері міндетті 
болып қала береді. 
51-бап 
1.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ратификациялау немесе 
қосылу кезінде мемлекеттер жіберген ескертпелер мәтінін жинап, басқа барлық 
мемлекеттерге жібереді. 
2.
Осы Конвенцияның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмейтін 
ескертпеге жол берілмейді. 
3.
Ескертпелер кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас 
хатшысының атына жіберілген тиісті хабарлама арқылы алынып тасталына 
алады. Бас хатшы бұл жөнінде кейін барлық мемлекеттерді хабардар етеді. 
Мұндай хабарлама, оны Бас хатшы алған күннен бастап күшіне енеді. 
52-бап 


346
Кез келген қатысушы мемлекет біріккен Ұлттар Ұйымының Бас 
хатшысының атына жіберген жазбаша хабарламасы арқылы осы Конвенцияның 
күшін жоя алады. Күшін жою Бас хатшының хабарламаны алғаннан кейін бір 
жыл өткен соң күшіне енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет