69
Мектеп
жасындағы
баланың
тәрбиеленуші
ретінде
табысты
қалыптасуының белгілері:
Бірінші кезекте,
адамгершілік мәдениеттің анықталған саласына деген
қызығушылық, оны терең түрде зерттеуге дайындық және ақпараттық қарым-
қатынас мәдениеті.
Екіншіден,
өз мектебі, өз сыныбы, өз сынып жетекшісі үшін мақтаныш
сезімі: мектеп Жарғысында белгіленген құқықтар мен міндеттерді білу, оларды
сақтау.
Үшіншіден,
оқушының сыныпта, білім беру мекемесінде қолайлы сезінуі,
өз сыныбының дәстүрлеріне берілгендігі, сыныпқа қамқорлық.
Төртіншіден,
ересектердің тәжірибесі мен білімін құрметтейтін жеке тұлға
болуы.
Бірақ, толық көлемде жеке тұлғаның қойылған мақсатқа қол жеткізуі өзін-
өзі дамыту және өзін-өзі анықтау негізінде педагогикалық қолдаусыз мүмкін
емес.
Жеке тұлғаға психологиялық қолдау, көмек көрсету психологиялық
қызметтен бұрын пайда болып, тәрбие және оқыту процесінде тәрбиеленушіге
жеке-дара көмек көрсету ұғымында анықталған.
Педагогикалық қолдау жеке тұлғаны психологиялық қолдау негізінде
жүзеге асады.
«Психологиялық қолдау» ұғымы ғылымдағы жаңа түсінік болғандықтан,
«қолдау» сөзінің жалпыға бірдей мойындалған, психологиялық мәніне
негізделген мағынасын нақтылап, анықтама беруге болады.
Н.Г.Щербанёва
бойынша
психологиялық
қолдау
–
субъектіге
психологиялық көмек көрсетудің нәтижесінде жеке тұлғаның өз-өзіне деген
сенімділігі, өз мүмкіндіктеріне деген сенімділік сезімі орын алатын
тұлғааралық өзара әрекеттестік түрі болып саналады. Субъектінің
психологиялық даралығының дамуына, тұлғалық жаңа құрылымдардың
қалыптасуына, өзін-өзі дамытуға өмірлік дағдарыс, ішкі ізденіс және таңдау
кезеңінде тұлғалық дамуды жүзеге асыруда көмектесу психологиялық
қолдаудың мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: