92
Бесінші кезең – ұжымдық шығармашылық істер есебін ұжыммен шығару.
Бұл ұжымдық шығармашылық істер есебіне арналған жалпы жиналыс немесе
топтық жиналыс болуы мүмкін. Ұжымдық шығармашылық істерді жүргізудің
және дайындаудың жағымды да теріс жақтары талқыланып, әрқайсысы өз
ойларын айтады. Жалпы жиналыстан басқа ұжымдық шығармашылық істерді
өткізуді бағалау үшін әр қатысушы: сауалнама, қабырға газетіндегі сұрақтарға
жауап беру, шығармашылық есеп беру арқылы атсалыса алады.
Алтыншы кезең – ұжымдық шығармашылық іске жақын арадағы
іс-әрекеттен кейінгі кезең,
жалпы жиында барлық қатысушылар өз ойларынан
алған әсерлері мен уайымдарын бөлісуі тиіс. Әрине, мектеп оқушылары өз
ойларын қалай жүзеге асыру керектігін, жинаған тәжірибесін қалай түйіндеуді
біле бермейді. Сондықтан да ұжымдық шығармашылық істер есебін
шығарғаннан кейін, дереу жиналыста айтылған ойлардың ұжымдық түрде
жүзеге асуына басым күш салу керек. Жаңа істер анықталып, іс-әрекеттің
бірізділігіне бағдарламалар жасалады.
Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады
(33-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: