Q1-Q3 Web of Science немесе Arts and Humanities Citation Index журналында, не соңғы 3 жылда Scopus деректер базасында CiteScore 50 және одан да көп процентильмен, әлемдік Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings немесе US News Best Global Universities Rankings жоғары оқу орындарының халықаралық академиялық рейтингісінің үздік 500 қатарына кіретін шетелдік университеттің профессорымен бірлесіп дайындалған кем дегенде бір мақаланың болуы
≤ 5
13.1.1
Иә
5
13.1.2
Жоқ
0
Ескертулер.
1. Конкурсқа қатысушының көрсеткіштері 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін және оған жеке қолжетімділік коды автоматты түрде берілгеннен кейін сайтта көрсетілген қосымшаның электронды нысанында үміткермен жеке толтырылады.
2. 1, 3.1, 9.1 және 13 тармақтағы көрсеткіштер бойынша үміткер мәліметтердің бар екенін таңдайды және иә деген жауап таңдалған әр позиция бойынша растайтын құжаттарды ұсынады. 1 көрсеткіш бойынша диплом тіркеледі, 3.1. көрсеткіш бойынша – университеттен растау, 9.1. көрсеткіш бойынша – дайындаған студентінің философия докторы (PhD) дипломы, қорғау және диссертация туралы хабарламаның URL- сілтемелері, 13 көрсеткіш бойынша - DOI немесе Accession Number (Web of Science), немесе EID (Scopus) тіркеледі.
3. 2, 7 және 12 көрсеткіштер бойынша үміткер көрсетілген нұсқалардың біреуінен артық емесін таңдайды және әрбір позиция бойынша растайтан құжаттарды тіркейді. 2 көрсеткіш бойынша ғылыми атағы туралы диплом, 7 көрсеткіш бойынша – сертификат, 12 көрсеткіш бойынша – патент, патенттелген өнертабыстың артықшылықтары дәлелденген мақаланың DOI и PDF файлдары ұсынылады.
4. 4 көрсеткіш бойынша үміткер үштен көп емес әзірленген және /немесе өткізілген сабақтарын таңдайды және әрқайсысы үшін URL - сілтемесін ұсынады. Сонымен қатар сабақтың әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.
5. 5 көрсеткіш бойынша үміткер үштен артық емес әзірленген оқу материалдарын таңдайды және олардың әрқайсысы бойынша растайтын құжаттарды ұсынады. Сонымен қатар оқу материалының әрбір түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.
6. 6 көрсеткіш бойынша үміткер кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру бойынша екіден артық емес іс-шараны таңдайды және растайтын құжаттарды ұсынады. Сонымен қатар іс-шараның әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.
7. 8 көрсеткіш бойынша үміткер бакалавриат пен магистратурада көрнекті кадрларды даярлаудың екіден артық емес фактісін таңдайды және растайтын құжаттарды ұсынады (дипломдардың, грамоталардың, DOI/URL мақалалардың көшірмелері, басшылықтың растауы). Сонымен қатар дайындықтың әр түрі бірнеше рет таңдалуы мүмкін.
8. 10 көрсеткіш бойынша үміткер екіден көп емес жобаны және /немесе бағдарламаны таңдайды және олардың номерлерін (ЖТН) көрсетеді.
9. 11 көрсеткіш бойынша үміткер таңдалған ғылым саласы бойынша ең жоғары ұпайларды беретін үш нәтиженің қорытындысын көрсетеді (n - авторлар санын ескере отырып). Халықаралық журналдардағы мақалалар үшін DOI немесе Accission Number (Web of Science) немесе EID (Scopus) көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдардағы жарияланымдар үшін олардың DOI немесе URL (бар болған жағдайда) көрсетіледі. Монографиялар мен ондағы тараулар үшін барлық деректер көрсетіледі, соның ішінде ISBN, DOI және URL (бар болған жағдайда), сонымен қатар растайтын скриншоттар немесе бейнежазбалар ұсынылады. Жоба жетекшісі ретіндегі мақалаларға жетекшілікті растау құжаттары қоса ұсынылады.
10. Үміткерлер мәліметтерді енгізгеннен кейін көрсеткіштерді есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. 11. Үміткер көрсеткен сандық және сапалық көрсеткіштер ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда деректер базасында тек сараптама тобының қорытындысы бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін. 12. Деректер базасында сараптама тобының қорытындысы бойынша енгізілген әр өзгерістен кейін үміткерлер балын қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
13. Үміткерлердің балдарын автоматты түрде есептеу сапалық және сандық көрсеткіштерінің балдарын есептеу алгоритміне сәйкес ақпараттық жүйеде жүргізіледі. 14. Құжаттар қатты түптелген рет-ретімен нөмірленген қағаз түрінде ұсынылады. Растаушы құжаттар 2-қосымшаға сәйкес реттілікпен қоса беріледі.