Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



жүктеу 98.06 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.01.2017
өлшемі98.06 Kb.

124

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

екен” деп ендігәрі көріспейтін сөзге барады. мұның өзі жаңадан туып келе жатқан әдебиетте 

жікшілдіктің пайда болуына апарып соқтырды. 

Бір  ғана  1928  жылда  жарияланған  мақалалардың  өзі  біраз  шындықтардың  бетін  ашады. 

мәскеудегі қазақ оқушыларының пікірін Ө. Балқашұлы мен Ө. оспанұлы, қарақалпақтағы қазақ 

оқырмандарының  ойын  елтоқ  білдірсе,  Ы.  мұстанбайұлы  “Біздің  таластарымыз,  “сын  және 

баспасөз туралы”, Ғабит мүсірепов “Қазақстан баспасөзінің жайы”, Ө.Тұрманжанов “Баспасөз 

бен сын мәселесі”, с.сейфуллин “Әдебиет майданында”, Ғ. Тоқжанұлы “Әдебиет мәселелері”, 

“Қандай әдебиетіміз үстем болмақ, қандай әдебиетіміз бар”, Ш. Тоқжігітұлы “Тағы да “Тоқсанның 

тобы” туралы”, А. Тоқмағамбетов “Жас жазушылар, естеріңде болсын” мақалалары жарияланса, 

1929  жылы  онан  әрі  өрши  түсті.  олардағы  іліп-қақпа  сөздер  мен  ойлар  ақын-жазушылардың 

пенделік сезімдерін оятып, топтасуға, жіктелуге бастады. Ғабит мүсіреповтың сәкен сейфуллин 

мен  сәбит  мұқановты  сынауы,  сәбит  мұқановтың  Ғаббас,  Ілияс,  Ғабиттармен  ұстасуы, 

Ғаббастың пролетарлық әдебиет жоқ дегені бүкіл кедейшілдерді өзіне қарсы қойғандағы әдебиет 

әлеміндегі әңгімені мейлінше қыздырып, зор екпінмен екінші он жылдыққа, яғни 30 жылдардың 

босағасын айрықша белсенділікпен ашқызды. осы қозғалысқа от тастаған сәбит мұқановтың 

1926 жылғы “көркем әдебиет туралы” мақаласы өнімді ойлардың айтылып-жазылуына түрткі 

болды.Бұл-сәбиттанушылар еңбектерінен де орын алды [4]. Жаңа зерттеулер де жарық көрді [5]. 

“Әдебиет – тап жаршысы, идеологиялық құрал” деген түсінік қанат жайып, көркемдік дегенді 

саясатқа,  бүгінгі  күннің  тыныс-тірлігіне  айналдырып  жіберген-ді.  Басқаны  былай  қойғанда 

ажалмен  алысып,  шығарма  жазуға  мұрсаты  болмай  жүрген  сәбит  Дөнентаевты  “соңғы  кезде 

жазбай қоюына қарағанда бұл байшыл-ұлтшыл жазушы деп саналсын” деген Қайыпназаровтың 

күмәнін теріске шығару былай тұрсын, сол кезде ойлана қарағанды кездестіре қоюдың өзі қиын 

еді.  “Өмірдің  қай  мәселесіне  болса  да  енжар  қарай  алмаймын,  бәріне  араласамын,  халқыма 

қолымнан келген пайдамды тигіземін” деп жанын аямаған сәбит мұқанов осы тұста айрықша 

тұлғаланып көрінді. 



паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  мұқанов с. Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер // еңбекші қазақ,1923, 1 наурыз.

2.  мұқанов с.көркем әдебиет туралы қорытынды пікірім // Қызыл Қазақстан,1927, №І.-33-58 бет

3.  мұқанов с.Бас асаулық // еңбекші қазақ,1928, 11 сәуір.

4.  ергөбек  Қ.сәбит  мұқанов.  -  Алматы:  санат,  2000.-  320  б.;  Тұрысбек  р.  Тарих.  Таным.  Тағылым.  - 

Астана, 2008. - 510 б.

5.  кәкішұлы Т., Ахмет к. сәбит мұқанов. - Астана: Фолиант, 2009. - 352 б.

редакцияға 12.03.2010 қабылданды. 



б. ӘбДеШев

ҚыРҒыз РоманынДаҒы таРихи тҰлҒалаР беЙнесІ

The issues of  historical theme, the genre formation of the historical wovels and their development in 

the related Kirghiz literature are revealed in this article.

ежелден көршілес отырған екі ел қазақ пен қырғыздың әдеби байланысы ертеден басталады. 

Әдет-ғұрып пен салт-санада да ортақ жайлар көп-ақ. міне, осы түбі бір туыстық, көне көршілік, 

тарихи тағдырластық екі елдің саяси-экономикалық және мәдени өміріне, соның ішінде әдебиетіне 

де әсерін тигізіп, олардың өзара байланыс жасап, жақындасуына сеп болды. мұны, әсіресе, екі 

халықтың  ежелден  бері  келе  жатқан  ауыз  әдебиеті  үлгілері  мен  көне  әдебиет  нұсқаларынан 

анық көруге болады. Қазақ әдебиетінің бай мұрасын өзге халықтардың әдебиетімен салыстыру, 

ортақ құбылыстарға баға беру бұрыннан бар. көптеген ғылыми еңбектерден қазақ әдебиетінің 

дүниежүзі халықтарының әдеби мұрасымен сабақтастығын, біздің әдебиетіміз де адамзат жасаған 

мәдениеттің бір тармағы екендігіне баса назар аударған зерттеулерді молынан кездестіреміз. 

Біз  тақырыбымызға  өзек  етіп  алған,  көршілес  қырғыз  әдебиетінде  тарихи  тақырыптың 

игерілуі қандай деңгейде, тарихи роман жанрының қалыптасу, даму қарқыны қалай деген сауалға 

жауап іздеп көрелік. Әрине бұл тақырыпта қырғыз әдебиетшілері, сыншылары, зерттеушілері 

бірсыпыра  еңбектер  жазғаны  анық.  Біздің  мақсат  –  қырғыз  тарихи  романы  мен  қазақ  тарихи 



125

№ 3 (76) 2010

романдарының  арасындағы  ұқсастықтарды,  өзара  байланысты  зерттеп-зерделеу.  Қырғыз 

әдебиетінде тарихи тақырыпқа дендеп бару мысалын Төлеген Қасымбековтың «сынған қылыш»,  

«Басқын»,    «Қырғын»,  Шүкірбек  Бейшенәлиевтің  «Тайлақ  батыр»,  Эрнис  Тұрсыновтың  «Ата 

жұрт»,  «Балбай»,  «Боранбай», Жапарқұл Тоқтаналиевтың «орман хан»,  «Шабдан батыр», Қазат 

Ақматовтың    «күнді  айналған  жылдар»,  Түгелбай  сыдыкбековтың  «көк  асаба»,  Қашқынбай 

османәлиевтің «көшпенділер қақтығысы» секілді романдарынан көреміз.

Әр  халықтың  өзінің  өсіп-өнген,  бұрынғы  өткен  дәуірі  делінетін  тарихына  көңіл  аударуы 

заңдылық. Тарихи шығармалардың көпшілігіне тән ерекшелік - қаламгердің қашанда тарихтағы 

елеулі  елдік  қасиеттерге  көңіл  бөліп,  қашанда  сол  елдің  ерекше  бір  сілкінген  ояну  дәуірімен 

байланысты  туындыны  дүниеге  әкелетіні  анық  байқалады.  «Қырғыз  әдебиетінде  көршілес 

елдермен салыстырғанда (Қазақ, өзбек) тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларды саусақпен 

санарлықтай десе де болады. Қырғыз елі өз егемендігін жариялағанға дейінгі тарихи романдарға 

көз салсақ, «тарихи» деген терминге жауап берелік шығармалар саясаттанып, тарихи көптеген 

оқиғалар  тереңнен қозғалғанымен, ел билеу ісі, елдің батырлары туралы деректер бұра тартылып, 

ксро-ның  идеологиясына  ғана  қызмет  етті.  Ал,  кеңестік  жүйе  идеялогиясы  тұрғысынан 

жазылмаған шығармалар жаппай қатаң «цензураға» ұшырап, сыналып, мінеліп жарық көрмеген» 

[1, 86]. 

Қырғыз  әдебиеттанушы-ғалымдарының  жазуынша,  «кеңестік  саясат»  әсер  еткен  сондай 

шығармалардың бірі - жазушы Қ.османәлиевтің «көшпенділер қақтығысы» романы. Бұл тарихи 

туынды оқырманды ғасырлар қойнауында қалған оқиғалар, тағдырлар сырына бойлатады, қырғыз 

жұртының қилы тарихындағы түрлі шындықты елестетеді. Қырғыз әдебиетінің  көрнекті қара 

сөз шебері Қашкынбай осмонәлиевтің «Азаттық дағы» (1958), «Қанат» (1960), «Тұрмыс сабағы» 

(1967), «Бетке айтар» (1962), «Ұйқысыз түн» (1966), «ескі кек» тағы басқа прозалық жинақтары 

жарық  көрген.  оның  қырғыз  әдебиетінде  олжа  салған  көлемді  туындысы  «көшпенділер 

қақтығысы» атты тарихи романы. Автордың романды жазып шығуы (1970-1988) ұзақ уақытқа 

созылған.  «көшпенділер  қақтығысы»  романының  алғашқы  нұсқасы  1982  жылы  жарық  көріп, 

1993  жылы  жазушы  романды  өңдеп,  толықтырып  қайтадан  бастырып  шығарады.  роман 

жарыққа  шығысымен  көптеген  әдебиеттанушы-ғалымдар,  сыншылар  өз  пікірлерін  білдірген. 

Атап  айтсақ,  с.Асанбековтың  «романды  оқығаннан  кейін»,  с.Тиллебаевтың  «Тарих  нақты 

талдауға зәру», Ү.Қасыбековтың «Фольклорға жаңаша көзқарас және көркем ойлаудағы дәстүр» 

атты  мақалаларында  романға  әртүрлі  сыни  ой-пікірлер  айтылған.  Қырғыз  ғалымы  Г.Айтбаева 

докторлық диссертациясында роман туралы былай тұжырым жасайды: «оның романын оқып 

отырғанда «көчмөндөр кагылышы» мен «санжыраның» арасындағы өте үлкен ұқсастық көзге 

түспей қоймайды, оны сюжеттік оқиғалық деңгейден бастап бөлшектік деңгейге дейінгі (рәміз, 

интонация, дене қимылы) түрлі-түрлі деңгейлерде байқауға болады. Дегенмен, бұл – ең алдымен 

бастапқы  шын  мәніндегі  материалдың  ұқсастығы.  Жазушының  өзі  де  жақсылап  жазғандай, 

санжыра  мен  роман  сияқты  жанрлардың  табиғаты  мен  семантикасы  бөлек.  «көгмөндөр 

қакагылышының»  авторы  роман  жанрының  мағыналық  мүмкіндіктерін  тамаша  пайдаланған. 

Ұлттың өткенін жаза отырып, нақты тарихи материалды байыптай келе, ол жалпыадамзаттық 

деңгейдегі  проблеманы  көтере  білген»  [2,  7].  к.османәлиевтің  «көшпенділер  қақтығысының 

жазылу тарихы» деген мақаласы бар.  мақала 1991 жылдың 16 мамырында «Жастық жаршысы» 

газетінде жарияланған. онда автор былай дейді: «Қырғыз ғылым академиясының қолжазбалар 

қорында отырып, көптеген  тарихи деректерді оқып шыққан соң, «мұң» атты романды (кейін 

«көшпенділер  қақтығысы»  болып  өзгертілген)  жазбауға  болмады.  елде  «Жығылсаң  нардан 

жығыл, бұйдасын қармай жығыл» және «Бөденені сойса да, қасапшы сойсын» дегендей,  бес  

жыл шамасында жазылған «мұң» романымды сыншы кеңесбек Асанәлиевке тапсырдым. Тура 

сегіз жарым айда, алтыншы күні кешке кеңесбек телефон сокты: «ертең сағат онда кездесуіміз 

керек» деді, қолжазбаны оқып бітіріпті. Түнімен ұйықтай алмадым. кездестік, бақ аралап, көп 

жүрдік, кеңесін тыңдадым. Пікірлестік. Бір шешімге келіп, ерте дәуірде өмір сүрген адамдардың 

«метиркалары»  сызылып,  жаңаша  ат  қойылды.  Қолжазба  қайта  басылды.  Біреуін  Шыңғысқа 

(Айтматов), екіншісін Төлегенге (Қасымбеков), үшіншісін «Алатау» журналына тапсырдым...». 

мақаладағы  осы  үзіндіден,  романның  қалай  жарық  көргендігі  туралы  біраз  мәлімет  алуға 

болады. «көшпенділер қақтығысы» романының қолжазбасы «Алатау» журналында, Қырғызстан 



126

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

жазушылар  одағында,  «Қырғызстан»  баспасында  талқыланып,  кейбір  кемшіліктер  айтылып, 

жалпы  романның  жарыққа  шығуына  қарсылық  болмаған.  Аталған  пікірлерде  романның 

композициялық  құрылымына,  жазушы  тіліне,  стиліне  ешбір  ескерту  жасалмаған.  сын-

ескертпелердің  дені  социалистік  реализм  тұрғысынан,  яғни  кеңестік  партия  идеялогиясына 

қатысты жағы ғана айтылған. Пікір білдірушілер тарихқа қатысты шығармаларды «цензураның» 

өте  сақтықпен  қарайтынын,  идеялогиялық  тұрғыдан  «кінәрат»  болу  мүмкін  деген  нәрсені 

алдын-ала ескертетіндей. романның алғашқы басылымында-ақ тарихи адам аттары өзгертіліп, 

шығарма кейіпкерлері қатаң тексерілген. мысалы: Бақконгон-Шабдан, Тикбай-Байтин, Аккар-

Ақмөор,  Жантай-Жылматай,  семенов-Тянь-Шанский  сияқты  адам  аттары  шығарманың 

алғашқы басылымында өзгертілген. осындай өзгертулер әсерінен, «мұң» романы туралы пікір 

білдірушілердің  айтқанындай,  шығарма  «тарихи»  деген  атаудан  алшақтап  кеткен  болатын. 

роман  1993  жылғы  кейінгі  басылымында  «көшпенділер  қақтығысы»  атауына  ие  болып, 

кейіпкерлерінің аты қайта өзгертіліп, олар тарихтағы нақты өз есімдерін алған, оқиғалары  біраз 

жөнделген. роман «мұң» және «Қария» атты екі кітаптан тұрады. «көшпенділер қақтығысында» 

1700-жылдардың екінші жартысы мен Қазан төңкерісіне дейінгі қырғыз еліндегі қоғамдық-саяси 

жағдай суреттеледі. яғни, бұл көлемді шығармада қырғыздардың 150-200 жылға жуық уақыт 

аралығындағы  өмірі  баяндалады.  романға  негізінен  солтүстіктегі  қырғыздардың  өмірі  арқау 

болған. Ал, оңтүстіктегі қырғыздар туралы тек кейбір эпизодтар мен детальдар болмаса, жалпы 

оңтүстік қырғыздары өмірі романда жоққа тән. сонымен бірге романдағы  басты кейіпкерлер де  

солтүстік қырғыз елінің өкілдері. олар: Ниязбек, орман, Алыбек, Байзақ, Үмітәлі, Төрегелді, 

Шәмен, Балбай, Қачыке, Жантай, Шабдан, Жанқараш, Боранбай, Жарқынбай, Нұрбай, Қашгүл, 

Байеке және тағы басқалар. романда жалпы саны 60-қа жуық кейіпкер бар. олардың көпшілігі 

қырғыз тарихында болған, елдің  қалыптасу жолында үлкен ерлік істерімен көрінген тұлғалар. 

Аталған тұлғалар қырғыз тарихында көп аталады және  бұл тұлғаларға қатысты оқиғалардың 

бәрі де бір-біріне ұқсас болып келеді. 

романның «мұң» деп аталатын таруының екінші бөлімінде 1846-1847 жылдар аралығындағы 

қазақ пен қырғыз арасындағы күрделі де қиын кезең суреттеледі. яғни, қазақ даласында тәуелсіз 

хандық орнатуды мақсат еткен кенесары Қасымовтың қырғыздармен арадағы қарым-қатынасына 

байланысты  оқиғалар  баяндалады.  Әртүрлі  аңыздарға,  жырларға,  әңгімелерге  арқау  болған 

кенесары хан бейнесі кеңес заманында  е.Бекмахановтың тарихи зерттеуінде, м.Әуезовтің «Хан 

кене» пьесасында, І.есенберлиннің «Қаһар» романында көрініс тауып, аталған авторлар қаншама 

қуғын-сүргінге  ұшырады.  кейін  хан  бейнесі  туралы  көптеген  көркем  шығармалар,  ғылыми 

зерттеу еңбектер жазылды. Қырғыз жазушысының туындысында кенесары ханның өміріндегі 

қырғыздарға қатысты кезең, қазақтар мен қырғыздар арасындағы әйгілі шайқас, ханның өлімі 

туралы суреттеледі. Тарихи роман көркем шығарма. онда автор қиялы да, тарихи дерек те қатар 

көрініс  табады.  романда  жазушы  тарихи  деректі  қаншалықты  шынайы  жеткізе  білді,  хан 

тұлғасының  көршілес  ел  әдебиетіндегі  көркем  бейнесі  қандай  дәрежеде  суреттелген  деген 

мәселелерге назар аударсақ. романда алғаш кенесары бейнесі орман, Жарқынбай, Нұрбайлардың 

арасындағы  әңгіме  арқылы  оқырманға  таныстырылады.  олар  оны  атасы  Абылай,  Шыңғыс 

тұқымынан көрінеді деп әңгімеге арқау қылады. романның екінші бөлімі былай басталады: «кіші 

жүз  қазағында  бірінші  болып,  кенесары  хан  қозғалды.  «кәпір  келеді.  сақтану  қажет!»  деп 

қарамағындағы елге жар салды» [3, 84]. одан әрі кенесары ханның орыс басқыншылығына қарсы 

әрекеті баяндалып, ханның өзімен одақтас болу мақсатында орманға елші жібергені суреттеледі. 

«...қолын  солтүстік  қырғыздармен  толықтыру  мақсатында,  орманға  елші  аттандырады.  ел 

қыстауға  жаңа  қонған  кез  еді.  Аттары  шалдыққан  бөтен  үш  кісі  келіп  түсті.  Бұлар  кенесары 

ханнның Байтас, Жұмабай және майбас деген елшілері екен. Арып-ашып келген оларға соғым 

етінен  қазан  асылды.  Әңгіме  ертеңіне  болды.  сөзді  Жұмабай  бастап,  Байтас  қуаттағанын 

білдіргендей бас изеп, майбас қыңырайып құлақ сап, жерге қарайды... Ішкі сырын білу қиын, 

жан-дүниесі  қиын  адам.  мұның  қайсысы  кенесарының  сөзін  дәл  сол  күйінде  жеткізді  екен? 

Қайсысы қырғыздардың ойын білгісі келіп отыр екен? Неде болса, кенесары қарамағындағы ел 

мен  орманға  қарасты  жұртшылықтың  бірігуін  өтініпті.  Ынтымаққа  келуді  қалайтынын 

жеткізіпті... орман елші сөзін балбал тастай үнсіз отырып тыңдады. Біраздан соң: - Жасым үлкен. 

Хандықты  кенесары  маған  берсін.  Қалған  істі  өзі  жүргізсін,  -  деп  салды»  [3,  84-85].  Қырғыз 



127

№ 3 (76) 2010

тарихшысы Ы.Абдрахманов осы қазақ елшілігінің сапары туралы былай деп жазады: «кенесары 

елшілігінің сәтсіз аяқталу себебі орыстың билік жүргізген отарлаушылары кенесарының елші 

жібергенін  өзінің  тыңшылары  арқылы  біліп,  қырғыз  қазақтың  арасын  ажырату  үшін  және 

кенесарыдан  да  қауіптеніп,  пұлдың  күшімен  қазақтарға  сөйлесіп,  ханның  қырғызға  жіберген 

елшілігінің ішінен өз тыңшыларын қосады, сөйтіп орысқа болысқандар да орманға келеді. орман 

елшілерді жақсы күтіп алып, «хандықты маған берсін, мен үлкенмін, қалған істі өзі білсін» деп, 

елшілерді  сыйлық  беріп,  ұзатып  салады.  Қайтып  бара  жатқан  елшілер  жылқы  ұрлап  қашады. 

Қырғыздар  ұстап  алып,  орманға  алып  келеді.  орман  «елші  емес,  ұры  екенсің»  деп,  құлағын 

кесіп, айдап жібереді» [4, 410]. сөйтіп, кенесары ханның қырғыздарды ынтымаққа шақырған 

кезекті елшілігінің сәтсіздігі романда тарихшы дерегіне сай бейнеленген. Бұдан соң кенесары 

«елшілікке өлім жоқ, жаушылыққа қорлыққа жоқ» деп, енді қырғыздармен соғысатынын айтады. 

кейін  қазақ  ханы  да  қырғыздардың  елшілерін  өлтіреді.  Бұл  оқиғалардың  барлығы  романда 

көрініс тапқан. Тарихи құжаттарда кенесары ханның орманға жіберген елшілерінің аты сайдақ 

қожа, Шоқпар би, есенгелді саржанұлы деп аталады. сонымен бірге орыс отаршылдарының екі 

жақты  араздастыру  мақсатындағы  әрекеттері  туралы  романда  ештеңе  айтылмайды.  романда 

қазақ  елшісі  майбастың  екіжүзділігі,  ұрлығы  кесірінен  елшіліктің  мәмілеге  келе  алмағанына 

автор баса мән беріп, алдағы соғыстың бір салдары ретінде осы жағдайды бейнелеген. Ақыры 

бейбіт мәмілеге келе алмаған кенесары хан жорыққа шығуға бел буады. Тарихшы А.махаева 

соңғы соғыстың өткен жері туралы: «кенесары ханның қырғыз жасағымен соңғы шайқасы 1847 

жылы 17-25 сәуір аралығында Тоқмақтың шығыс жағындағы кекілік сеңгір тауының бөктеріндегі 

Шу өзеніне 1-2 шақырымдай жер болатын майтөбе деген таулы үстірттің іргесінде болды» [5, 

123], - деп жазады. Жазушы соғыс өткен жерді былайша суреттейді: «меркінің басы Ашмара 

өзенінің бойынан шулап, жамырап өткен хан қолы жүз жиырма шақырым жол жүріп, Тоқмақтың 

іргесіне келіп тоқтады. «майтөбе» деп аталатын жерге ханның көк шатыры тігілді» [3, 148]. Бұл 

шайқаста қазақтардың жеңіліске ұшырағаны белгілі. Бірақ, қырғыздың фольклорлық деректерінде 

жеңілген жақ деп қазақтардың жауынгерлік қабілетін, ерлік істерін еш төмендетпегені байқалады. 

сол соғыстағы Наурызбай батырдың ерлігі туралы Ы. Абдрахманов, Б.солтанаев қолжазбаларында 

кездеседі. сонымен бірге жазушы к.османәлиев те қырғыздардың жеңіске жету себебін және 

Наурызбай  батыр  ерлігін  шығармасында  шынайы  тарихи  дәлдікпен  бейнелеген.  мысалы, 

тарихшы  дерегінде  шайқас  кезіндегі  қазақтардың  жай-күйі:  «Құдайменде  сұлтанның  5000 

адамдық қуатты қолының талқандалуы, ержан төренің тұтқынға түсуі, қосымша күштің келмеуі, 

азық-түліктің, судың, мал азығының тапшылығы, тіпті ауа райының да қолайсыздығы сияқты 

келеңсіз жағдайлар қазақтардың жағдайын нашарлатып жіберген» [5, 123]. Жазушы бұл жағдайды 

және  соғыстағы  қазақ  батыры  Наурызбайдың  ерлігін  былайша  суреттеген:  «Ұзын  бойлы 

Наурызбай жай оғындай атылған жүйрігінің жалына еңкейе жабысып алып, найзаны бір қолменен 

ұрады  екен.  оның  найзасы  самал  шерткен  күзгі  камыстай  ысылдайды...  Ұрыстың  бесінші-

алтыншы  күндері  таулықтар  жапатармағай  лап  қойды.  Хан  жақтан  мыңға  жуық  адам  құрбан 

болды. Қараңғы түскенде, төрелер тамақтану үшін қостарына тарқасты. Шыңғыс тапқан амал 

бойынша жергіліктілер түн жамылып Шу өзенінің бойына келді. Тас тастап, суды бөгеп, өзен 

суының ағысын Шамшының ойына қарай бұрды. Азықтан тарыққан басқыншылар (қазақтар.Б.Ә) 

енді  судан  да  қағылды.  Бергідегілерге  (қырғыздар.  Б.Ә.)  күн  сайын  түн  қатып,  қап-қап  сүзбе 

жетіп тұрды. Қымыз сіміріп, сүзбеден шалап ішкен жігіттер көз шырымын алып, ертеңгі шайқасқа 

тың күшпен кіріп жатты» [3, 150]. Наурызбай батырдың тұтқынға түсіп, өлім алдындағы тағдырын 

бейнелеу тұсында да, жазушы батырдың қайсарлығын, ерлігін, өжеттілігін шебер жеткізе білген. 

романнан  үзінді:  «Үй  сыртында  күзетші...  Наурызбай  кісен  салынған  аяғын  сілкілеп,  артына 

қайырылып  шырмалған  қолын  жұлқылайды,  ашулы.  еріндері  көгерген,  ұртында  қан...ит  ел. 

Надан ел! – деп, тайсалмастан ажал шақырып, айқайлап жатыр. Не жақсылық күтесіңдер менен, 

өлтірер болсаңдар, шаппайсыңдарма басымды?!... сөзге кел деді Жанғараш. Не сөз сендердей 

надандарға?! Аз қырдым сендерді. Әлі қанға тойғаным жоқ.   –Тоймасаң тойасың, енді өз қаныңа. 

– Қызыңның жанды жеріне... – Айтар арыз-арманың барма? – Шіркінай! – деп сілкініп, Наурызбай 

шаңыраққа қарай, шалқалай кетті...» [3, 165]. Наурызбай батыр ажал қанжары алқымына тақалған 

кезде де жігерлі. Батыр сөзіндегі ашу-ыза, кек жеке бастың өкпе-назы емес секілді, екі бауырлас 

ел  бірігіп,  орыс  отаршылдығына  қарсы  неге  ойрандамадық  деген  өкініш  ішін  өртейтіндей. 



128

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

осындай соңғы сәт, ақырғы минут кенесары хан басына да келеді: «Бос отырған кенесары үстіне 

әрдайым епті көрінетін Жантай кірді. көздеріне көздері қадалған мезетте, кенесары іс-жайды 

бірден түсінді. Жантай біраз кідіріп: - Бұрнағы жылы... сіз жақ қонаққа шақырып... ізссіз жоғалған 

адамдар бар екен! – деді, Жаманқараны айыпкердің есіне салып. – Болса болар... Дәрет алып, 

намаз оқимын. сосын өзім шақырамын. Қинамай қылышпен шабыңдар. – осы сөзден кейін су 

толы құманды алып, босағаға бұрылды. Жантай шығып кетті. Өзіне тікелей келіп тұрған ажалдан 

еш  қымсынбастан,  кенесары  сыр  бермей,  шапанын  жайып,  құбылаға  қарай  отырып,  намазын 

ұзақ оқыды. Болған соң, сол отырған күйі есік жаққа бұрылды: - келіңдер, енді?... иғына қолын 

сап тұрған он жасар ұлы. Домбыра шерткен акын Таңжарық... осы түсті есіне. «осы қу жалған 

үшін екен ғой», - деген ол, кеудесін түзеп, демін алды. Ауыр болат қылышты қолына ұстаған 

Тайсарыға қарап, ақырын дауыспен...мында... – деп, бармағымен сол иық тұсын нұсқап, мойнын 

ұсына қалды. Қылыш жоғары көтеріліп, сілтенді. сабағынан үзілген алмадай бас ырғып түсті. 

Құлақ-мұрын, еріндері қимылдап, қозғалады. Алып дене намазға жығылғандай, жалп ете түсті. 

күре тамырдан атқылаған қан иыққа қарай шашырап, бүкіл денені жуып кетті» [3, 166]. Арғы 

тегі асыл тұқым, ақсүйек кенесарының ажал алдындағы жүріс-тұрысында, қимыл-қозғалысында 

ерекше бір сабырлылық бар. Қару асынып, жігіттерді бастап, соғысқа неге шықтым деген өкініш 

жоқ.  Қайта  өзін  қырғыз  елінің  билік  басындағылардың  түсінбегенін,  өзінің  азаттық  жолында 

құрбан болуын мерей санайтындай. Ханның бар мақсат-мүддесі отаршылдарға қарсы қазақ пен 

қырғызды  біріктіру  еді.  роман  авторы  кенесарыны  өлтіру  кезіндегі  оқиғалардың  сюжетін 

фольклорлық  мәліметтерге  сүйене  отырып,  суреттеген.  романдағы  жазушы  суреттеп  отырған 

өлім алдында дұға етіп, намаз оқу «манас» эпосында кездеседі. сонымен бірге Т.Қасымбековтың 

«сынған  қылыш»  романында  Нүзіп  те  жендет  басын  аларда,  дұға  қылып,  намаз  оқиды. 

Фольклорлық  мәліметтерді  саралап,  салыстырып  қарағанда,  кенесары  ханның  өлтірілуіне 

қатысты  түрлі  деректер  бар.  Б.  солтанаев  кенесары  ханның  басын  Тастанбектің  қылышымен 

алған  орманбек,  суанбек  батырлардың  інісі  Тайсары  деп  көрсетеді  [6,  11].  Ал  енді  біреуінде 

Шыжым деген хан басын алған делінеді [7, 111]. мұрағаттық деректерде хан өліміне Жантай 

манаптың  қатысы  бары  айтылады  және  ханның  басын  алуға  қатысқандар  орыс  генералы 

вишневскийден сыйлық алған [8, 83]. сонымен бірге, орман манап ханды босатып жібермекші 

болған  кезде,  бұл  іске  орыс  отаршылдары  тыңшылыққа  жіберген  Әлім  ягудин  деген  татар 

молдасы араласып, тікелей хан өліміне себепші болған [9, 133]. Татар молдасы, жалпы кенесары 

өліміне  қатысты  патшалық  ресейдің  билік  өкілдері  туралы  романда  ешбір  сөз  жоқ.  ресей 

отаршылдарының қырғыз-қазақ қарым-қатынасына байланысты сол заманда жүргізген саясаты 

автор  назарынан  тыс  қалған.  Қазақ-қырғыз  саяси  байланыстарын  тереңірек  зерттеген  А.

махаеваның  жазуынша:  «кенесары  секілді  мықты  қарсыластан  құтыла  сала,  орыс  әкімшілігі 

қырғыз  билеушілері  мен  мен  қазақтарға  сырттарынан  сыйлық  тағайындап  жатты.  Қырғыз 

манаптары,  билері  мен  батырларының  он  екісіне  алтын  медаль  тағылды.  Қ.Әлібеков  ханның 

басын Қапалдағы генералға жеткізгені үшін күміс медальмен марапатталды. орман ханға бірден 

орыс  армиясының  полковнигі  шені  берілді»  [5,  131].  міне  көріп  отырғанымыздай,  қазақ  пен 

қырғызды  өзара  қырқыстырып  қойған,  кенесарыны  өлтіруге  арнайы  тапсырма  берген  патша 

өкіметінің  қитұрқылық  іс-әрекетін  роман  авторы  айналып  өткен.  Бұған  кеңес  заманындағы 

кенесарытануға қатысты тарих беттерінің «жабық» болғаны әсер етсе керек. сонымен бірге сол 

кезеңдегі е.Бекмаханов, м.Әуезов, І.есенберлин тағдырларын көршілес қырғыз жазушысының 

білмеуі  мүмкін  емес.  осылайша,  «көшпенділер  қақтығысы»  романында  қазақ  пен  қырғыз 

қырғынының басты себебі болып, өзара мәмілеге келе алмау, екі жақтың елшілерін кезек-кезек 

өлтіруі,  барымта,  ұрлық-қарлық  сияқты  мәселелер  суреттеледі.  романның  келесі  бөлімінде 

жазушы  кенесары  ханның  қарындасы  Бопай  Қасымқызының  қазақтар  мен  қырғыздардың 

арсындағы  бітімгершілік  әректін  суреттеген.  Бопайханның  мәмілегерлік  саясатты  бар 

мүмкіндігінше пайдаланғаны туралы қырғыз фольклоры мен тарихи деректерде анық жазылған.

Қырғыз  жазушысы  кашкынбай  османәливтің  «көшпенділер  қақтығысы»  атты  көлемді 

романы  (700  бет)  қырғыз  әдебиетінде  тарихи  тақырыпты  игерудің  кең  өріс  алып  дамығанын 

көрсетеді. Жазушы мұрағат дерегін, қырғыз фольклорының бай қазынасын, тарихи зерттеулерді 

жинап, тарихи тұлғалардың бейнесін, бұрынғы заманның бар кескін-келбетін мейлінше шынайы 

суреттеп,  көркем  шежіре,  тарихи  роман  етіп  төл  оқырмандарына  ұсынған.  Жазушы  қырғыз 



129

№ 3 (76) 2010

халқының  қилы  тағдырының  сан  алуан  қырларын  кең  қамтып,  тарихта  беті  ашылмай  жатқан 

үлкен бір кезеңді шежіреге айналдырған.      

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1.  Байжигитов к., Жунусалиева к. качкынбай османалиев: Чыгармачылык өнөркана сыры. – Бишкек: 

мектеп, 2003. – 118 б.

2.  Айтпаева Г. языческие и мусулманские мотивы в киргизском романе.  Автореф. ... д-ра филол. наук. – 

Бишкек, 1996. – 42 с.

3.  османалиев  к.  көчмөндөр  кагылышы:  роман.  –  Бишкек:  кыргыз  энциклопедиясының  Башкы 

редакциясы, 1993. – 704 б.

4.  кыргыз-казак окуясы (Ы.Абдырахмановдун жазуусында) // «Эл адабияты» сериясы. – Бишкек: Шам, 

2002. 15-тому. – 400-459-б.

5.  махаева А. Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы (18-ғасырдың екінші жартысы – 20-ғасырдың 

бас кезі). монография. – Алматы: ценные бумаги, 2007. – 357 б.

6.  солтоноев Б. кызыл кыргыз тарыхы. 2-китап. – Бишкек: учкун, 1993. – 224 б.

7.  Туркестанский  край  /  сб.  материалов  и  документов.  –  Ташкент:  Тип  штаба  туркестанского  воен. 

округа, 1915. – 692 с. 

8.  степняк.  материалы  к  истории  султана  кенесары  касымова  (воспоминания  кара-киргиза 

калигуллы  Алибекова  о  последних  днях  кенесары)  //  Бөкейхан  Ә.  Таңдамалы.  –  Алматы:  «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1995. – 77-83-б.

9.  кыргызстан-россия (18-19 вв.) /сб.документов и материалов/ сост. А.Бедельбаев и др. – Бишкек: илим, 

1998. – 488 с.

редакцияға 05.03.2010 қабылданды. 



Р.т. ӘлмҰханова

тҮРІк ЖӘне антикалыҚ ФольклоРлыҚ оРтаҚ саРынДаР

Бұл  тақырыптың  зерттелуі  түрік  халықтарының  фольклорындағы  жанрлардың  пайда  болу 

кезеңі тым әріде екенін тануға және ежелгі түрік мифологиясына қатысты ой-пікірімізді тереңдете 

түсуге көмектесетін  нәтижелі қадам екенін танытты.  осы кезге дейін  «Алпамыс батыр» жырын 

түрік  халықтарындағы  нұсқалармен  бір ауқымда алып, оны Гомердің  «одиссея»  поэмасындағы  

бас кейіпкер – одиссейге  қатысты кейіпкердің әйелінің тойының үстінен шығу және Төбекөз 

сарындары бойынша зерттегенбіз.  оның нәтижесі  жақында жарық көрген онтомдық «Қазақ 

әдебиетінің  тарихы»  кітабында  жарық  көрді  [1].  Ұмай  мен  Деметра  байланысын  да  зерттеп 

көрдік. оның  нәтижесі де басылымдарда жарық көрмекші.  енді  оны қысқа түрде ғана айтып, 

Ұмай мен елена байланысы  бойынша да  ұқсастықтар табуға болатыны анықталды.     

Түрік және антикалық фольклорлық ортақ сарындар деген тақырыптың өзі-ақ бөрі тотемі туралы 

зерттеудің нәтижесін талап етеді. Бұл тұрғыда  қасқырдың тотем ретінде қолдануы негізінде пайда 

болған ежелгі дәуірге тән әлемдік сюжеттердің өзіндік жүйесі қалыптасқанын ескеруіміз керек. 

ол: 1) бөрінің адам баласын асырауы; 2) әскербасы болып жүруі; 3) жақсылыққа қол жеткізуші. 

Бірінші жағдай бүкіл тайпаның басқарушысы болып, ел құраған адамдардың, мемлекеттің негізін 

қалаған  деп  сенген  адамдардың  өзгелерден  ерекшелеуін  тотемнің  айрықша  қамқорлығымен, 

сол арқылы дарыған күш-қайрат ретінде мойындау және мойындату. Бұған европа, Азия және 

солтүстік  Америка  халықтарындағы  ұқсас  түсініктер  және  түрік  халықтарындағы  шежірелер 

дәлел. ежелгі түрік халықтарында Ашина тайпасының басшысы туралы айтылатын миф белгілі. 

с.  м.  Абрамзон  қырғыз  фольклорындағы  бөрі  түрік  халықтарына  ортақ  сипатта  көрінетінін, 

саяқ тайпасының бір тармағы қаба деп аталатынын, оның сәби кезінде мешелдіктен  тастанды 

болып қалғанда бөрі асыраған деген түсінік ортақ сарын ретінде көрінетініне мән беріп, үйсін 

тайпасында қасқырдың тотем ретінде қабылданған деген тұжырым жасалған [2].

Қазақ  ғалымы  Н.келімбетов  қытай,  иран,  грек  тарихшыларының  еңбектері  арқылы  белгілі 

болған  деп    «ергенекон»  дастанына  мән  береді.  мұнда    ғұндар  жаудан  жеңіліп,  халқы  түгел 

қырылып, жалғыз бір бала аман қалғаны айтылады. Жау әскері оны өлтіруге қимай, шөбі шүйгін 



бір көлдің жағасына тастап кетіпті. Баланы көркемкөл (Ыстықкөл) маңайында жүрген бір бөрі 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет