4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Пәндік нәтижелер
30. Лексика бойынша:
1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөздердің қолданылуын;
2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды;
3) мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды;
4) 170-200 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.
31. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:
1) түбірлес сөздердің мағыналық байланысын;
2) сөз таптарының мағыналық байланысын білуі тиіс.
32. Грамматика бойынша:
1) іскерлік және қатысымдық-функционалдық тұрғыдағы тілдік бірліктерді
қолдана алуы тиіс;
2) стильдің түрлерін білуі тиіс.
33. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым:
нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну;
радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну;
аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын;
2) оқылым:
әртүрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқып түсіну;
оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау;
мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алу;
ғылыми-көпшілік, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптардағы
материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс;
3) айтылым:
өзінің сезімдерін, көзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу;
түрлі жағдаятқа сәйкес көзқарасын білдіру;
затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын;
4) жазылым:
өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгіме жазу;
пунктуация ережелерін сақтау;
ұсынылған мәтіндер бойынша жоспар түзу, тезис жазу дағдыларын
меңгеруі тиіс;
5) тілдесім:
әртүрлі жағдаятта диалогтік, полиглоттік сұхбаттарға қатысу;
таныс жағдаяттарда сұхбатқа өздігінен араласу;
үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап түсіну, сол туралы өз қөзқарасын
білдіру;
оқыған мәтін бойынша өз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс.
5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Пәндік нәтижелер
34. Лексикабойынша:
1) сөздің тура және ауыспалы мағынасын;
2) синонимдік қатардан сөз таңдай;
3) тұрақты тіркестер, мақал мен мәтелдер, афоризмдердің аражігін
ажырата;
4) омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылу орындарын;
5) өндірістің, ғылымның, техниканың, өнер мен мәдениеттің даму
нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді;
6) лексикографиялық сөздіктерді қолдану тәсілдерін;
7) 170-200 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс.
35. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша:
1) қосымшалардың түрлерін ажырата;
2) туынды сөздердің түрлерін жіктей;
36. Грамматика бойынша:
1) іскерлік және қатысымдық-функционалдық тұрғыдағы тілдік бірліктерді
қолдана алуы тиіс;
мәтіндерге тілдік талдау жасай алуы тиіс.
37. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым:
аудиотаспадан тыңдалған диалогпен полилогті түсініп, онда айтылған сөз
мазмұнын жеткізе білу;
тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру;
радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну;
аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтаудағ дыларын меңгеруі тиіс;
2) оқылым:
мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну;
мәтіннен өзіне керекті мәліметті бөліп ала білу;
оқудың нақты мақсатына сай әртүрлі стильдегі мәтіндерден негізгі ойды
ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс;
3) айтылым:
оқыған әңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру;
өзбетінше газет-журнал материалдарына шолу жасап, негізгі ойды анықтай
алу;
интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, оны өз сөзімен баяндай алу
дағдыларын меңгеруі тиіс;
4) жазылым:
жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру;
ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мәтін құрай алу;
реферат жұмысында дәйек сөздерді кіріктіру және әдебиеттерді рәсімдеу
дағдыларын меңгеруі тиіс;
5) тілдесім:
ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу;
диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу;
үнтаспадағы диалогті тыңдап, өз сөзімен айтып беру;
нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу;
әңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс.
6. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Тұлғалық нәтижелер
38. 10-11-сынып оқушыларының:
1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрметкөрсетуінен;
2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен;
3) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында
өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне
және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан,
этикалық нормаларды сақтай білуінен;
5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігінен;
6) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан көрінеді.
7. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер
39. 10-11-сынып оқушыларының:
1) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай
және қолдана білуінен;
2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;
3) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-мәтелдерді таба
алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды
қолдануынан;
4) өзарман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;
5) мәселеге қатысты өз көзқарастарымен ұсыныстары туралы пікір білдіре
алуынан;
6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
7) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;
8) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;
белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;
9) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатысып, өз ой-
пікірлерін білдіруінен;
10) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап
қолдануынан;
11) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік
орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |