Материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қажетті материалдық,
техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және
жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды
ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – білім беру ұйымдарының бала
тәрбиесінде колледждердің педагогикалық ұжымымен және жоғары оқу
орындарының
профессорлық-оқытушылар
құрамымен,
ата-аналар
қауымдастығымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы.
Дамуында психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет
ететін балалар мен жастардың түрлі санаттарымен жұмыс жүйесін жетілдіру.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие
жұмысының тәжірибесін тарату және енгізу: тәрбие жұмысын академиялық
пәндер, қосымша білім беру, сыныптан тыс іс-шаралар және жобалар арқылы
жүзеге асыру тәжірибесі. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге
тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, әлеуметтік практикалар,
волонтерлық, әлеуметтік акциялар, зияткерлік ойындар және т.б.
Кадрлық қамтамасыз ету – «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді
дамуы институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық
шеберлік орталығы, «Өрлеу» АҚ Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
курстарында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
дайындау; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен
әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін бөлу. Мектептерге
тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып
жетекшілерін енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |