Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 4(40) шығарылым


МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ОҚЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата09.03.2017
өлшемі2,92 Mb.
#8614
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

 
МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Білім 
беру  жүйесінің  басты  міндеті  -  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 
құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім 
алу 
үшін 
қажетті 
жағдайлар 
жасау; 
оқытудың 
жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық 
ғаламдық    коммуникациялық    желілерге  шығу»  -  деп  білім  беру 
жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттерін  көздейді.  Бұл  міндеттерді 
шешу  үшін,  әрбір  білім  беру  мекемедегі  ұжымның,  әрбір 
мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы,  барлық  жаңалықтар  мен 
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа 
қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 
   Дене  мәдениетінің  әлеуметтік  және  қоғамдық  құбылыс 
есебінде  дене  тәрбиесі  жүйесін,  оның  қалыптасуы  мен  дамуының 
негізгі  заңдылықтарын,  оның  қызметі  мен  құрылымын  танып, 
білудің  қажеттілігі  білім  мен  тәрбие  талаптарына  сәйкес  жалпы 
орта  мектеп  оқушыларының  дене  тәрбиесін  жетілдіру  үшін  қажет. 
Дене  мәдениеті  тек  мектептегі  дене  тәрбиесі  сабағында  ғана  емес, 
ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар 
жүйесі  екенін  ескерсек,  қазіргі  кезеңдегі  жалпы  орта  мектептерде 
дене  тәрбиесінің  жүйесі  мектеп  оқушыларының  денсаулықтарын 
нығайтумен қоса, олардың бойындағы биологиялық-психологиялық 
қажеттіліктердің  жан-жақты  жетілуіне,  өмірге  белсенді  ұстаным 
мен  ізгілікті  қатынастарын  дамытуды  меңзейді.  Мұндай  маңызды 
әдістеме  оқу  пәні  ретінде  жетекші  рөл  атқаратын,  дене  тәрбиесі 
пәнін  оқыту  үрдісінде  мектеп  оқушыларында  дене  мәдениетін 
қалыптастыру үдерісіне тікелей байланысты. 
Дене  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелерін  шығармашылық 
тұрғыда  шешуде,  өзгермелі  өмір  жағдайында  инновациялық 
үдерістер  мен  жаңашыл  бағыттарды  дер  кезінде  меңгере  отырып, 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
93 
тәжірибеге  сын  көзбен  қарап,  дене  тәрбиесі  міндеттерін  жүзеге 
асырудың маңыздылығы артуда. 
В.А.Сластенин,  Л.С.Подымовалардың  пікіріне  сүйенсек, 
адамның  құндылығы  оның  ерекшелігімен,  шығармашылығымен 
анықталады.  Шығармашылық    дегеніміз  жаңа  көзқарас,  жаңа 
шешім,  жаңаша  қарау,  күнделікті  схемалар  мен  мінез-құлық 
стереотиптерінен бас тартуға дайын болу, қабылдау мен ойлаудан, 
өзін-өзі өзгертуге дайын болу деген мағынаны білдіреді.  
Дене 
шынықтыру 
пәнінің 
мұғалімінің 
педагогикалық 
қызметінің  негізгі 
гностикалық, 
жобалау, 
конструктивтік, 
ұйымдастырушылық,  коммуникативті  деген  бес  қабілеттерімен 
бірге, алтыншы инновациялық қабілеттерді де қосу керек.  
«Инновация дегеніміз – жаңаның пайда болуының, таралуының 
және пайдаланудың кешенді процесі».  
«Педагогикалық  инновация  –  бұл  педагогикалық  жаңалықтың 
пайда болу, таралу және пайдалану заңдылықтары туралы ғылым». 
«Креативтілік»  –  бұл  тұлғаның  жаңа  түсініктерді,  дағдыларды 
қалыптастыру,  бұрын  болмаған  өзінің  жаңа  жұмысын  ұғыну 
қабілеті. 
«Технология  дегеніміз  –  адамның  басқаруымен  техникалық 
немесе  басқа  да  өндірістің  құралдарын  пайдалануға,  берілген 
параметрлермен  өнімді  шығаруға  мүмкіндік  беретін  бастапқы 
материалдардың  өзгеру  процестері  және  әдістің  жиынтығы  мен 
реттілігі». 
«Педагогикалық  технология»  дегеніміз  –  педагогикалық 
мақсатқа 
жету 
үшін 
пайдаланатын 
барлық 
тұлғалық, 
инструменталды  және  әдіснамалық  құралдардың  қызмет  істеуінің 
жүйелі жиынтығы және тәртібі (М.В.Кларин). 
«Білім  беру  технологиясы»  –  бұл  оқушылар  мен  оқытушының 
қатысушыларға  жайлы  жағдайда  нақты  нәтижеге  жету  мақсатын 
көздеген  білім  беру  процесін  ұйымдастыруды  жобалау,  бағдарлау 
және  түзету  бойынша  біріккен  жұмысының  процесті  жүйесі 
(Т.Н.Шамова, Т.М.Давыденко). 
Педагогикалық технологияның белгілеріне:  
-оқыту әдістерінің тәсілдер жиынтығы; 
-мұғалім  мен  оқушылардың  арасындағы  өзара  байланысқан 
процессуалды екіжақты сипаты; 
-оқу процесінің қатаң ғылыми жобалауы және ұйымдастыруы; 
-жайлы жағдайлардың болуы; 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
94 
-оқытудың 
нақты 
нәтижесінің 
кепілденген 
жетістігі 
(зерттеушілердің  көпшілігінің  ойынша,  бұл  оқыту  әдістемесінен 
педагогикалық технологияның негізгі ерекшелігі); 
-оқыту 
мен  бақылаудың  дидактикалық,  технологиялық 
құралдарын кешенді қолдану, т.б. жатады.  
Жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  шеңберінде  білім  берудің 
мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп алатын 
жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім 
беру үдерісін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда 
білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, оқыту 
мұғалім  мен  білім  алушының  субъектаралық  өзара  әрекетін 
қарастыратын  және  олардың  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін 
рефлексиялық басқару ретінде көрінеді. 
Бұл  тұрғыда  болашақ  түрлі  сала  мамандарының  кәсіби 
бағыттағы  даярлығын  екі  қырынан  қалыптастыру  бойынша 
ғалымдар  еңбектерінің  маңызы  зор.  С.Ж.Пірәлиев,  Л.А.Шкутина, 
С.Ә.Әбдіманапов,  К.М.Беркімбаев,  Ж.К.Оңалбек,  т.б-дың  болашақ 
мұғалімдерді  кәсіби  даярлау,  Б.Кенжебеков,  Б.А.Оспановалардың  
болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  құзыреттілігі  мен  креативтілігі 
туралы еңбектері бар. 
Оқу-тәрбие  үдерісін  жетілдіру  мақсатында  педагогикалық 
технологияларды 
ұсынған 
Н.П.Гузиктің, 
В.М.Монаховтың, 
В.Ф.Шаталовтың,  Т.Галиевтың,  Л.Бектұрғановалардың  еңбектері 
және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің 
зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды. 
Білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  қазіргі  мектептің 
тұлғалық-бағдарлы  оқытуға  бет    бұруы  болашақ  мұғалімдердің 
кәсіби  бағыттылығының  даярлығына  жаңа  талаптар  қояды.  Білім 
беру  жүйесі  дамуының  қазіргі  кезеңі  жаңа  парадигмаға  өтудің 
жолдарын  іздестірумен,  яғни  білім  берудің  жаңа  мақсатының 
жетістіктерімен байланысты. 
Жаңа  парадигманың  маңызды  компоненті  –  тұлғаның    өзіндік 
даму  тұжырымдамасы  болып  табылады.  Өзіндік  даму  –  бұл    ішкі 
және  сыртқы  әлеммен  байланысу  қабілетін  қалпына  келтіру. 
Тұлғаның әртүрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту 
оның  дербес  ерекшеліктеріне,  өзіндік  талдау,  өзіндік  баға  беру 
қабілеттеріне  байланысты,  мұның  өзі  әрбір  студентке  ерекше 
қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік 
жасау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
95 
мамандарды 
дәстүрлі 
формада 
даярлаумен 
қатар 
жаңа 
педагогикалық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.  
Білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  технологиялар  –  оқу-тәрбие 
материалдарын  үйретуге  арналған  есептеуіш  техника  мен 
инструменттік  құралдардың  жиынтығы,  сол  сияқты  ол  есептеуіш 
техника  құралдарының  оқу  процесіндегі  рөлі  мен  орны, 
оқытушылар  мен  оқушылар  еңбегін  жеңілдетуде  оларды 
пайдаланудың  түрі  мен  әдістері  туралы  ғылыми  білімнің  жүйесі. 
Оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті педагогикалық 
мәселелердің  шешімдерін  табуға,  ой  еңбегін  арттыруға,  оқу 
процесін  тиімді  басқаруды  қамтамасыз  етеді.  Жаңа  ақпараттық 
технологиялардың  негізгі  ерекшелігі  ол  оқытушылар  мен 
оқушыларға  өз  бетімен  және  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс 
жасауға    көп  мүмкіндік  береді  және  оны  педагогикалық  мақсатта 
пайдалану  оқушылардың  зердесіне,  сезіміне,  көзқарасына  әсер  ете 
отырып,  оның  интеллектуалдық  мүмкіншіліктерін  арттыруға 
көмектеседі.  Ақпараттық  технологиялардың  білім  беру  саласына 
енуі  педагогтарға  оқытудың  мазмұнын,  әдістері  мен  ұйымдық 
түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.  
Оқу 
процесінде 
ақпараттық 
технологияны 
енгізу 
оқушылардың  танымдық  әрекетін  белсенді  етуге  қолайлы  жағдай 
туғызады,  қажетті  құбылыстарды  зерттеуде  дыбыс,  бейне,  нақты 
белгілі  өңделген  хабарларды  өңдеп,  сақтауға  мүмкіндік  жасайды 
және оларды қолдану арқылы табысқа жетуге болады. Бұл тұрғыда 
компьютердің  мүмкіндіктері  шексіз.  Ол  кез-келген  әрекеттің 
нәтижесі  мен  оның  орындалуын  бақылауды  қамтамасыз  етеді. 
Техникалық  мүмкіндігіне  байланысты  компьютер  оқу  процесін 
ұйымдастырудың  жаңа  жолдарын  ашады,  ол  тек  аудиториялық 
сабақ  жүйесінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  аудиториядан  тыс 
өзіндік жұмыс жағдайында да қолданылады.  
Оқытуды  компьютерлендіру  кезінде  әсіресе,  үйретуші 
программалармен жұмыс істегенде компьютер оқушылардың оқуға 
деген позитивтік қатынасын қалыптастыруды тиімді шешуге ықпал 
етеді.  Ондай  программалар  оқушыларға  өздеріне  ыңғайлы  оқып 
үйрену темпін таңдап алуына мүмкіндік береді.  
          Оқыту  технологиясын  -  зерттеуге  белгілі  педагогтардан 
В.П.Беспалько,  А.Я.Савельев,  Н.Ф.Талызина,  О.П.Околелов, 
Ю.Г.Татур, 
Н.Ф.Маслова, 
Ж.А.Қараев, 
Г.Қ.Нұрғалиева, 
Ә.М.Мұханбетжанова және т.б. зор үлес қосты.  

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
96 
Біздің  көзқарасымызша,  оқыту  технологиясы  -  әдістеме 
дамуының  («оқытудың  авторлық  әдістемесі»)  жоғарғы  кезеңі, 
өйткені  мұғалімнің  әрбір  негізгі  құрамды  бөлшекті  -  мақсатты 
анықтау,  жобалау,  оқытудың  әдістері  мен  құралдарын,  қолайлы 
қалыпты  таңдау,  оқу  үрдісіндегі  қатысушылар  арасында  өзара 
байланысты  ұйымдастыру,  бағалау,  бақылау  және  білімді, 
икемділік,  дағдыны  жетілдіру  сияқты  дидактикалық  мақсатқа 
жетуді көздейді. 
        Инновациялық  процестердің  даму  аспектілері  шетелдік 
көптеген  ғалымдардың  зерттеулерінде  көрініс  тапқан,  солардың 
ішінде  келесі  ғалымдарды  атап  өтуге  болады:  Р.Акофф,  Б.Артур, 
Г.Беккер,  В.Беренс,  Р.Драккер,  Д.Кларк,  Р.Нельсон,  Б.Санто, 
Г.Сильверберг,  А.Тоффлер,  Д.Фридман,  Т.Шульц  және  т.б.  Олар 
инновация  теориясының,  инновациялық  процестердің  дамуының, 
олардың  жекелеген  елдердегі  халық  шаруашылығында  және 
кәсіпорындарда  алатын  орындарының  базалық  концептуалды 
жағдайларын негіздеді. 
Білім  беру  саласындағы  инновацияны  жасау,  игеру  және 
тарату    жаңа  білім  беру  жүйесін  қалыптастырады.  Бұл  -  икемді, 
ашық,  жеке  тұлғалық,  жасампаздық  білімнің,  адамның  бүкіл  өмір 
бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі. 
Білім беру жүйесіндегі инновациялар ең бірінші келесі жайлар 
маңызды рөл атқаратын жүйешелерден тұрады (1 сурет): 
- Технологиялық инновациялар – жаңа білім беру технологиясы; 
-  Педагогикалық    инновациялар  –  оқыту  мен  білім  берудің  жаңа 
әдістері мен тәсілдері; 
-  Ұйымдастырушылық    инновациялар  –  жаңа  ұйымдастырушылық 
құрылымдар және білім беру саласындағы жаңа институционалдық 
формалар; 
-  Экономикалық  инновациялар  –  білім  беру  саласындағы  жаңа 
экономикалық механизмдер. 
 
1 сурет - Білім беру жүйесіндегі инновациялар 
 (Г.Т.Кунафинаның ғылыми негіздемесі бойынша) 
Білім беру 
жүйесі 
Технологиялық 
инновациялар 
Педагогикалық 
инновациялар 
Ұйымдастырушылық 
инновациялар 
Экономикалық 
инновациялар 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
97 
 
Ғылыми  әдебиеттерде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  келесі 
принциптерге негізделген: 
- білім беру жүйесін дамыту проблемасын тек білім беру жүйесі 
деңгейінде  ғана  емес,  сонымен  қатар,  жалпы  мемлекеттік  саясат 
және халықаралық деңгейде шешу; 
-  білім  беру  менеджментінде  жүйелілік  принципін  барлық 
деңгейде жүзеге асыру; 

білім  беруді  ұйымдастырудағы  қаржыландыру  мен 
ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлін қайта қарау; 
- білім беру қызметі нарығын дамыту; 
-  білім  беру  жүйесіндегі  әртүрлі  әлеуметтік  институттардың 
рөлін,  бірінші  кезекте  кәсіпорындар  мен  отбасының  рөлін  қайта 
қарау; 
-  оқу  орындары  мен  онда  оқитындардың  білім  беру  процесін 
ұйымдастырудағы рөлін қайта қарау. 
Педагогикалық  инновациялар  –  бұл  жаңа  педагогикалық 
технологияны,  оқыту  қызметінің  жаңа  әдістерін,    тәсілдерін, 
әдістемелерін әзірлеу және тарату. 
Оқытудың белсенді және интербелсенді әдістері – бұл оқу және 
ұйымдастыру міндеттерін тиімді шешу құралы. Оның міндеттері: 
- теориялық білімді бекіту, жаңа тәсілдер мен әдістерді ендіру, 
практикалық 
дағдыларды 
сіңіру, 
кәсіби 
құзыреттілікті 
қалыптастыру,  оқитындардың  өзін-өзі  дамыта  білуін  және  өзін-өзі 
көрсетуін қамтамасыз ету; 
-  оқу  материалының  меңгерілу  процесіне  үздіксіз  бақылау 
орнату; 

өндірістік 
функцияларды 
жүзеге 
асыру 
(өндірісті 
ұйымдастыру,  жоспарлау,  есеп  беру,  бақылау,  талдау,  үйлестіру, 
реттеу және т.б.); 
-  жағдайды  талдау,  проблемаларды  анықтау,  міндет  қою, 
проблемаларды  шешу  жолдарын  анықтау  және  т.б.,  зерттеу 
операциялары 
сияқты 
басқармалық 
шешімдерге 
серіктес 
процедуралар жинағын ретімен орындау.  
Технологиялық  инновациялар  –  бұл  жаңа  заманның 
компьютерлік 
және 
телекоммуникациялық 
технологиялары. 
Технологиялық  инновациялар  экономикалық  механизмдерде, 
оқытушылар  мен  студенттер  еңбегін  ұйымдастыруда  түбегейлі 
өзгерістерге,  оқытушылық  қызмет  сипатына  зор  әсерін  тигізетін 
көптеген  педагогикалық  әдістер  мен  тәсілдердің  айтарлықтай 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
98 
кеңеюіне  әкеледі,  мұның  барлығы  жалпы  педагогикалық  жүйенің 
дамуына ықпал етеді. 
Технологиялық  инновацияны  әзірлеу  мен  пайдалану,  білім 
беру  процесінде  жаңа  компьютерлік  және  телекоммуникациялық 
технологияны  пайдалану  инновациялық  оқу  үрдісін  дамытудың 
жетекші факторы болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияны 
үздіксіз  қарқынмен  тұрақты  жетілдіру  соңғы  он  жылдықта  білім 
беру  саласындағы  жаңа  ендірімдерді  ынталандырады  және 
жеделдетеді. 
Жаңа  технологияны  пайдалану  барысында  ұйымдастырушы 
инновацияларды  меңгеру  бүкіл  білім  беру  жүйесінің  маңызды 
факторы болып табылады. 
Тәжірибенің  көрсеткеніндей,  дәстүрлі  білім  беруге  тән 
ұйымдастыру 
жүйесінің 
аясындағы 
белгілі 
бір 
оқу 
бағдарламаларында  кейбір  оқытушылар  жүзеге  асыратын  жаңа 
технология негізіндегі оқытудың тиімділігі өте төмен болып келеді, 
себебі  мұндай  оқыту  оқу  процесінің  жаңа  технологиялық  негізін 
жасауға  қосымша    шығынды  қажет  етеді.  Бұл  шығындар  ақталу 
үшін білім беру нәтижесінде, бұл нәтиженің сандық және сапалық 
өсуге  әкелуі  үшін  білім  беру  саласында  ұйымдастырушылық 
инновацияны ойластыру және тарату қажет. 
Білім  беру  саласындағы  ұйымдастыру  инновациясы  дегеніміз 
бұл: 

оқытушы 
еңбегін 
бөлу 
(мазмұнды, 
тьюторларды 
әзірлеушілерді,  оқыту  әдістері  бойынша  мамандарды,  оқу 
процесінің барысына бақылау жасаушы мамандар және т.б. бөлу); 

ақпараттық  технологиялар  бойынша  оқытушыларды, 
мамандарды 
және 
оқу 
процесін 
ұйымдастырушыларды 
қашықтықтан  оқыту  курстарын  ойластырушы  және  ұсынушы 
топтарға, командаларға біріктіру. 
Білім  беру  жүйесінде  дене  тәрбиесінің  негізгі мақсаты  ретінде 
мектеп  оқушыларының  дене  мәдениетін  қалыптастыру  мәселесі 
көрсетілуде.  Бұл  мақсат  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  жекелеген 
бөліктерінің  сабақтастық  принципін  бейнелейді.  Онда  мәдениет 
аясында  жеке  толыққанды  өмірдің  субъектісі  сапасында  өзін-өзі 
анықтауға бағытталған перспективамен оқыту идеясы да айтылған. 
Осындай  интегративтік  мақсатпен  осы  мәдениеттің  индивидте, 
оның  жалпы  мәдениетінің  бөлшегі  ретінде  дамытудың  шикізаты 
болып  мектеп  оқушыларында  дене  мәдениетін  қалыптастыру 
алынады. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
99 
Мектеп  оқушыларының  дене  мәдениетін  қалыптастырудың 
бүгінгі 
жағдайын 
зерттей 
отырып, 
дене 
мәдениетін 
қалыптастырудың  маңызды  элементтерінің  бірі  болып  табылатын 
деңгейді  анықтау  барысында,  төмендегі  жайттар  айқындалды: 
мектепте  дене  тәрбиесінде  әрдайым  жаңа  технологияларды 
пайдалану  тиімді  жүргізілмейді,  аптасына  үш  рет  болатын  дене 
тәрбиесі  сабақтарында  дәстүрлі  сабақтар  барысында  баланың 
психологиялық  танымын  арттыратын  жаңа  технологиялардың 
көмегімен  дененің  жұмысқа  қабілеттілік  деңгейін  арттыруға 
арналған  көрсетілімдер  жетіспейді,  бұл  жетіспеушілікті  үй 
тапсырмасымен  толтыруға  болады,  бірақ  аталмыш  форма  дене 
тәрбиесі  мұғалімдері  тарапынан  қолданыс  таппай  келеді,  мектеп 
оқушыларына  қарағанда,  қозғалыс  белсенділігі  аз,  арнайы 
мамандандырылған  мектеп  оқушыларының  омыртқа  сүйектерінің 
бұзылуы  жиі  кездеседі,  оның  зардабы  мен  дене  бітімін 
оқушылардың бейнені  түгелдей көз  алдарына әкелу  тек  қана  жаңа 
технологияны  пайдалану  барысында  мүмкін  болатындығы 
анықталынды.  Қазіргі  уақытта  дене  тәрбиесі  сабағына  қатысу 
қызығушылығының  төмен  екендігі  байқалады,  5-7  сынып 
оқушылары  31%  дейін  сабақ  жіберсе,  ал  10-11  сынып 
оқушыларының  қыз  балалары  40%  дейін  қатыспайды;  кейбір 
мектептердің  материалдық  базасы  өте  нашар,  спорт  залдарында 
және  алаңдарында  құрал-жабдықтар  жоқ.  Дегенмен,  кейбір 
мұғалімдердің  сабаққа  қойылған  міндеттерді  шешуі  үшін  сабақта 
жаңа технологияны шеберлікпен қолдануын атап өткен дұрыс.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1  Усова  А.В.,  Беликов  В.А.  Как  овладеть  рациональными  умениями  и 
навыками  учебного  труда:  Методические  рекомендации  для  учащихся 
старших классов средней  школы.  – Магнитогорск, 1990. – Ч.1 -30с. – Ч.2. -
40с. 
2  Теоретические  основы  содержания  общего  среднего  образования  //  под 
редакцией В.В. Краевского, И.Я. Лернера, М, 1983. 
3  Аганина  К.Ж.  Формирование  учебно-компьютерные  умения  у  учащихся  в 
процессе обучения школьным дисциплинам, Дисс.к.п.н., Алматы., 1996. 
4 Даумов Н.Ғ. Оқытуды ақпараттандыру процесінде оқушылардың зерттеу 
қызметін дамыту, пед. ғ. канд. атағы үшін жазылған дис. – Алматы, 2003. 
 
*** 
Исследование 
процесса 
физического 
воспитания 
учащихся 
в 
общеобразовательной  школе,  его  инновационной  технологии,  передового 
опыта в связи с национальными традициями и современными новшествами – 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
100 
первейшая  задача  педагогической  науки  сегодняшнего  дня.  Разносторонние 
изменения  в  сегодняшнем  обществе  способствуют  коренным  изменениям 
человеческого  субъекта,  заставляют  его  изыскать  новые  параметры  в 
определении  целей  жизнедеятельности,  установок  подходов  к  поведению  и 
образу  жизни. 
*** 
Research  of  process  of  physical  education  of  the  pupil  in  a  comprehensive 
school,  its  innovational  technology,  advanced  experience  in  connection  with 
national traditions and modern innovations – the first task of a pedagogical science 
of today. The versatile changes in a modern society promote radical changes of the 
human  subject,  force  him  to  find  new  parameters  in  definition  of  the  purposes  of 
ability to live, installations of the approaches to behaviour and mode of life. 
 
 
ӘОЖ  378.18 
Ергалиева Г.А. 
п.ғ.к., М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 Баекесова Г.К. 
магистрант,  М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІПТІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ 
ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
            Жоғары  оқу  орнында  оқу  барысында  кәсіптік  бағыттылық 
қызметі  өзінің  мазмұны  мен  шарттарын  іске  асыру  жағынан 
болашақ 
маманның 
атқаратын 
қызметіне 
жақын 
түрде 
тәрбиеленеді.  Қызмет  теориясы  туралы  маңыздылығы  жағынан 
одан  кем  түспейтін  басқа  тұжырымдама    осы  қызметке 
мотивациясы  бар  тұлғадан  ғана  толықтай  осы  іске  өзіндік 
берлуімен,  шығармашылық  белсенділігімен  қоса  өмірлік  тәжірибе 
арқылы жинақталған тәжірибесі, білімі, біліктілігі мен дағдыларын 
жинақтаған  табиғат  берген  қабілеттерді  өзіндік  іске  асыруымен 
байланысты.  
Ғылыми  әдебиеттердегі  кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығының 
негізгі  тұжырымдамаларына  тоқталатын  болсақ,  ол  келесі  тұрғыда 
беріледі.  
        Қоғамдық 
және 
жеке 
қажеттілік, 
жеке 
тұлғаның 
қалыптасуындағы 
еңбек 
практикасына 
дайындалған 
дене 
шынықтыру  қызметінің  қуаты  туралы    едәуір  теориялық  және 
практикалық  материалдың  жинақталуы,  кәсіптік-қолданбалы  дене 
дайындығы  бөлініп  шығатындай  жағдай  туғызды.  Кәсіптік-
қолданбалы дене дайындығы теориясының негізін қалаушылардың 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
101 
бірі Б.И. Загорский кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясы 
мен әдістемесінің қатынастық кестесі мен кәсіптік-қолданбалы дене 
дайындығы  еңбектің  объективті  факторларымен  байланысын 
көрсететін аралас ұғымдарды ұсынды [5]. 
         Қызметтің  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  ерекшеліктері  келіп 
түскен ақпараттардың сипатымен, көлемімен және оны адамдардың 
еңбек  қызметі  барысында  қабылдау  жағдайларымен  байланысты. 
Бұл  жерде  модальдық,  түрлер,  дабылдардың  қарқындылығы  мен 
олардың 
қарқындылығының 
өзергіштігі, 
келіп 
түскен 
ақпараттардың уақыт бірлігіндегі саны, қабылдау шарттары (уақыт 
лимиті,  еңбек  оъектісі  мен  субъектісінің  қимыл  барысындағы, 
кедергі кезіндегі қабылдауы) ескерілген. Нақты қызмет барысында 
көрсетілген белгілерді, олардың көріну дәрежесін анықтай отырып, 
мысалы, операторлардың белгілі бір факторларға байланысты түрлі 
ағза жүйесіне қойылатын талаптарды орнықтыру мүмкін.   
        Л.П.Матвеев кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына  таңдаған 
кәсіптік  қызметін  дене  дайындығымен  бірге  қамтамасыз  етуге 
бағытталған дене тәрбиесінің түрі ретінде анықтама береді [4]. 
          В.И.  Жолдак  өз  жұмыстарында  кәсіптік-қолданбалы  дене 
дайындығы  процесінде  жеке  тұлғаның  болашақ  мамандығына 
қатысты әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін дамыту қажеттілігін 
атап көрсетеді [3]. 
          В.И. Ильинич зерттеулері бойынша кәсіптік-қолданбалы дене 
дайындығы  туралы  басқа  ұғымды  ұсынады.  Оның  пікірінше, 
кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы  –  ол  адамды  белгілі  бір 
кәсіптік  қызметке  дайындау  үшін  дене  шынықтыру  және  спорт 
құралдарын арнайы бағыттық және таңдамалы түрде пайдалану деп 
атап көрсетеді [1]. 
         Р.Т.  Раевский  [2]  кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы 
ұғымы  көп  сатылы,  кәсіпқой  жеке  тұлғасының  дене  тәрбиесі  мен 
қалыптастыру  жүйесімен  байланысты  күрделі  ұғым  екендігін  атап 
көрсетті.  Ол  өз  пікірін  былайша  баяндайды:  «кәсіптік-қолданбалы 
дене  дайындығы  деп  нақты  мамандық  қызметі  үшін  аса  үлкен 
маңыздыға  ие  жеке  тұлғаның  сапалары  мен  қасиеттерін 
қалыптастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ететін дене тәрбиесінің 
кіші бір жүйесін айтамыз». 
«Кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы»  ұғымымен  қатар  дене 
тәрбиесінің 
практикасында 
«кәсіптік-қолданбалы 
дене 
шынықтыру» ұғымы да іске асырылады. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
102 
«Кәсіптік-қолданбалы 
дене 
шынықтыру» 
ұғымы 
қолданбалылық  көзқарасы  тұрғысынан  өзінің  тар  және  кең 
мағынасы ұғымы арқылы түсіндіріледі. 
Кең  мағынасында  кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы  
таңдаған еңбек қызметіне қатысты  өмірлік тәжірибесінде қолдану 
арқылы  көрінетін  субъектінің  әлеуметтік  тұрғыдан  қалыптасқан 
дене  қабілеттерін  дамыту  деңгейі  деп  түсіну  керек.  Осындай 
қолданбалылықтың  негізін  ағзаның  функциялық  мүмкіндіктерін 
интеграциялы  түрде  арттыру  құралдары  ретінде  және  өмірлік 
маңызды  қозғалыс  біліктіліктері  мен  дағдыларының  бай  жеке 
қорын жасау дене шынықтыру факторларын құрайды. 
Дене  шынықтырудың  «қолданбалы»  тар  мағынасы    деп 
таңдаған кәсіптік қызметінің арнайы дайындалу процесіне жарамды 
белгілі    бір  факторларды  практикалық  тұрғыдан  бағытты  түрде 
пайдалана  білуін  көрсету  деп  түсініледі.    Сондықтан  ол  кәсіптік-
қолданбалы  дене  дайындығы    деп  аталады,  ал  өндіріс  саласында 
жұмыс  қабілеті  мен  оны  орындаушыларға  деген  еңбектің  әсері  - 
өндірістік  дене  шынықтыруды  оңтайландыру  үшін  тікелей 
қолданылады. 
Осылайша,  кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы    біріншіден, 
жеке  тұлға  мен  жалпыға  тән  кәсіптік-қолданбалы  жеке  тұлғалық 
қасиеттердің,  сапалар  мен    функциялардың,  екіншіден,  білім 
берудің  барлық  кезеңдерінде  мамандық  меңгеруге  және  кәсіби 
қызметті  одан  ары  жетілдіруге  қажетті  қолданбалы  дене, 
психофизиологиялық 
сапалар 
мен 
функциялар, 
қозғалыс 
біліктіліктері  мен  дағдылары кешенін  қалыптастырудың  қоғамдық 
және жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмылдырылған. 
Ғылымның  іргелі  негіздеріне  ие  кең  спектрлі  білім  меңгерген, 
бірақ  жақсы  дамыған  психофизиологиялық,  дене  сапаларына  ие, 
арнайы-қолданбалы 
білімдермен, 
қозғалыс 
біліктіліктері, 
дағдыларымен  қаруланған  мамандар  –  кез-келген  бейіндегі 
мамандар  кәсібилігінің  түпкі  нәтижесі  болып  табылады.  
Сондықтан,  дене  тәрбиесін  қазіргі  өндіріс  сипатына  қатысты 
қоғамдық  қажеттілік  деп  қарастыру  керек.  Бұл  мамандардың  дене 
дайындығы 
талаптарының 
кең 
спектрі 
студенттер 
дене 
дайындығының    әдістері,  тәсілдері  мен  формаларының  үлкен 
арсеналын пайдалану арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. 
Б.И.  Загорскийдің  пікірінше,  «...кәсіби-қолданбалы  дене 
дайындығы      процесінде  келесі  міндеттер  шешімін  табады:  кәсіби 
маңызды  дене  сапаларын  тәрбиелеу;  қолданбалы  қозғалыс 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
103 
біліктіліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру;  сыртқы  ортаның 
өндірістік  және  басқа  факторларының  әсері  арқылы    ағзаның 
функциялық тұрақтылығын арттыру; қажетті сенсорлық сапаларды 
жетілдіру;  психикалық  сапаларының,  соның  ішінде  таңдаған 
мамандығы  үшін  маңызды  болып  табылатын  жеке  сапаларының 
дамуына ықпал жасау; арнайы білімдермен қаруландыру...». 
Студенттердің 
кәсіби-қолданбалы 
дене 
дайындығының 
айрықша міндеттерінен басқа  белгілі бір дәрежеде жастарды нақты 
еңбек қызметіне дайындау мен бағдар беру проблемаларын шешеді: 
жаңа  жағдайларға  кәсіби-еңбек  тұрғысынан  бейімделу,  өндіріс 
ұжымына  жылдам  ену,  тұлғааралық  қатынастар  орнықтыру  мен 
нығайту. 
Студенттердің  кәсіби-қолданбалы  дене  дайындығы    келесі 
бағыттар бойынша іске асырылады: 
1)
 
студенттердің  жұмыс  жағдайларын,  демалыс  пен  жас 
ерекшеліктерін  ескеру  арқылы  дене  шынықтыру  және  спорт 
тәсілдерін 
еңбек 
пен 
демалыс 
тәртібінде 
қолдану 
біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру; 
2)
 
жекелеген  спорт  түрлері  элементтерінің  құрылымына  ұқсас 
қолданбалы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру; 
3)
 
нақты мамандық бойынша жоғары еңбек өнімділігіне қажетті 
қозғалыс сапаларын арнайы түрде тәрбиелеу. 
Қолданбалы  білімдерді  қалыптастыру  процесі  студенттердің 
күнделікті өмірде аурулардың алдын алу мен өндірістік шаршауды 
ескерту  мақсатында  дене  шынықтыру  және  спорттың  әдістері  мен 
тәсілдерін пайдалану туралы білімдерін меңгертуді қарастырады. 
Қолданбалы  білімдердің  белгілі  бір  бөлігі  кәсіптің  нақты  бір 
түрі  үшін    айрықша  болып  табылады.    Мысалы,  тауда  жұмыс 
істейтін  геодезистерге  тау  гипоксиясының  жұмыс  қабілеттілігіне 
әсері туралы қолданбалы білімдер, сонымен қатар осы факторларға 
деген  тұрақтылығын  арттыру  үшін  дене  шынықтыру  және  спорт 
тәсілдері туралы білім қажет. 
Болашақ  медицина  қызметкерлері,  мысалы,    дене  шынықтыру 
және  спортпен  шұғылдану  барысында    дәрігерлік  бақылау  мен 
өзіндік  бақылау  туралы,  спорттық  массаж  бен  өзіндік  массаж 
әдістемесіне,  дене  шынықтыру  және  спортпен  шұғылданатын 
орындарға деген санитарлық талаптар бойынша спорттық жаттығу 
негіздерінің  жалпы  мәселелері  бойынша  теориялық    білімдерді 
меңгеруі тиіс. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
104 
Қолданбалы  сапаларды  тәрбиелеу  барысында  қолданбалы 
білімдер  үлкен  маңызға  ие  болғандықтан,  студенттің  өзінің 
болашақ мамандығының ерекшелігі бойынша  көзқарасы мен білімі 
ретінде түсіндіріледі, яғни болашақ маманды өндіріс жағдайларына 
дайындап,  вестибулярлық тұрақтылығын тәрбиелеуі қажет. 
Қолданбалы дене сапаларын тәрбиелеу -  ол кәсіби-қолданбалы 
дене  дайындығы      мақсатында  адамның  дене  сапаларын  (күшін, 
жылдамдығын, төзімділігін, ептілігі мен икемділігін) тәрбиелеу мен 
жетілдіру. 
Қолданбалы дене сапаларын тәрбиелеу барысында жаттығудың 
кешенді  әдісі  анағұрлым  тиімді  болып  табылады,  себебі  бастапқы 
кезеңде жағымды құбылысқа  ауысуымен  байланысты  барлық  дене 
сапалары  жақсара  түседі.  Жаттыққандықты  ауыстыру  үшін 
дайындық  пен  арнайы  жаттығулардың  мөлшерін,  қарқындылығы 
мен құрылымын ғылыми негізде іріктеу жолымен басқару керек. 
Жүйелі  жаттығуларды  тоқтату  қозғалыс  жылдамдығын,  күш 
пен  төзімділік  қабілеттерін  жоғалтуға  алып  келеді,  сондықтан 
кәсіби-қолданбалы  сапалардың  оңтайлы  деңгейін  қолдау  үшін 
жоғары  оқу  орнын  аяқтаған  соң  да  дене  жаттығуларын  үнемі 
орындап жүруі қажет.  
Күш қабілеттерін тәрбиелеу күш мүмкіндіктерінің өсе  түсуіне 
ықпал етіп қана қоймай, басқа сапаларды да арттырады. Сондықтан 
бұлшық  ет күші    белгілі  бір  дәрежеде  жылдамдықты,  төзімділікті, 
ептілікті  дамытуға  ықпал  етеді.  Студенттердің  бойында  абсолютті 
күшті  анықтаумен  бірге 1 кг  дене массасына  қатыстысын анықтау 
арқылы  жеке  адамның    күш  мүмкіндіктері  туралы    анағұрлым 
нақты  ақпарат  береді.  Күшті  өзінің  жеке    салмағы  мен  ауыр 
салмақты  заттар  арқылы  жаттығулар  көмегімен  тәрбиелейді. 
Жаттығуларды  жеке  дара  іріктеу  қажет,  бірақ  жаттығу  барысында 
жалпы  принципті  басшылыққа  алу  керек:  олар  өзінің  құрылымы, 
шамасы  мен  жүйке-бұлшық  ет  күштерінің  сипаты,  жұмыс 
қимылдарының бұрышты амплитудасына бағытты әсер етуі арқылы 
(локальді және жалпы) ұқсас болуы тиіс. 
Кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы      мақсатында  кеңінен 
қолданылуы  тиіс:  изометриялық  жаттығулар  өз  бетінше  және 
динамикалық  жаттығулармен  қоса  кешенді  түрде.  Барлық  осы 
жаттығулар  арнайы  дайындықты,  құрал-жабдықтарды  қажет 
етпейді,  аз  уақытты  алады  және  жұмыс  орнында  орындалуы 
мүмкін.  Болашақ  маманды  кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы 
мақсатында 
жылдамдық 
тәрбиелеу 
барысында 
жұмыс 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
105 
жағдайларының  ерекшелігі  моделін  ескеру  қажет,  себебі 
жылдамдық  сапасын  ауыстыру  ұқсас  құрылымдық  қозғалыстар 
бойынша іске асады. 
Қазіргі  мамандықтардың 
көптеген 
бөлігінде  қозғалыс 
жылдамдығы  мен  нақтылығының  оңтайлы  түрде  тіркесуі  талап 
етілгендіктен, 
едәуір 
бұлшық 
ет 
күшін 
қажетсінбейді 
(конвейерлердің,  есептегіш  құралдардың,    басқару  пульттарының 
операторлары және т.б.).  
Жылдамдықты  тәрбиелеу  үшін  қозғалмалы  және  спорт 
ойындарын  қолдану  студенттердің  кәсіби-қолданбалы  дене 
дайындығы      барысында    маңызды  рөл  атқаратын  қозғалмалы 
нысандары арқылы қозғалыс реакциясының жылдамдығына ықпал 
ететін және тәрбиелейтін мақсатқа сай келер еді. 
Кәсіби-қолданбалы  дене  дайындығы      процесінде  төзімділікті 
тәрбиелеу  үшін  студент  ағзасындағы    оның  жүрек-тамыр  және 
тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін арттыру 
қажет.  
Арнайы  төзімділік  адамның  арнайы  еңбек  қызметі  арқылы 
анықталады.  Кәсіби-қолданбалы  дене  дайындығы    мазмұнын 
анықтау  барысында    еңбек  қызметі  мен  ұсынылған  жаттығулар 
арасындағы    сәйкестікті    (еңбек  пен  жаттығулардың  қозғалыс 
қимылдарының қарқындылығы  мен  ұзақтығын;  осы  және  басқа  да 
қайталаулар санын; демалыс интервалы мен сипатын) табу қажет.  
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы  мақсатындағы ептілік пен 
икемділік  жалпы  дене  дайындығы  тәсілдерінің  көмегімен 
тәрбиеленеді.  Бұл  сапалар  өз  бетімен  аса  үлкен  маңызға  ие  емес, 
тек көмекші сипатқа ие. Арнайы қолданбалы сапалар  арнайы дене 
жаттығулары  көмегімен қоса еңбек қызметі процесінде белгілі бір 
шекке  дейін  тәрбиеленеді.  Сондықтан  кәсіптік-қолданбалы  дене 
дайындығының  мазмұны    адамның  қызметі  мен  сапаларының 
дамуымен  тығыз  байланысты  болғандықтан,  оларды  болашақ 
мамандығында қолданады. Спорт ойындары көру бұрышының арта 
түсуіне  әсер  етіп,  кеңістік  пен  уақытта  бағдар  алу  мен  басқа  да 
көптеген  сапаларын  жақсарта  түседі.  Ағзаға  гимнастика, 
акробатика,  жүзумен  айналысу  айрықша  әсер  етеді.  Дене 
жаттығуларын  қолдану  әдістемесі  нақты  еңбек  жағдайларымен 
тығыз  байланыста  болып,  студенттің  болашақ  мамандығында 
кездесетін тітіркендіргіштерге деген тұрақтылығын қалыптастыруы 
тиіс.  

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
106 
Студенттердің 
кәсіптік-қолданбалы 
дене 
дайындығы   
тәсілдерін іріктеу әрбір нақты жағдайда жоғары оқу орындарының 
дене тәрбиесі кафедралары арқылы шешімін табады. 
Жекелеген  қолданбалы  дене  жаттығуларын  іріктеу  еңбек 
қозғалысындағы ұқсастыққа сәйкес жүргізіледі. 
Осыған  байланысты  студенттер  дене  тәрбиесі  процесінде 
гигиеналық және қайта қалпына келтіру шараларына үйренеді.  
Кәсіби-қолданбалы  дене  дайындығының  тиімділігін  қамтамасыз 
етуші  көмекші  құралдарға  көрнекі  құралдар  мен  техникалық  оқу 
құралдары жатады, оларды пайдалану болашақ еңбек ерекшеліктері 
мен студенттердің жаттығу тәртібін сәйкестендіруге ықпал етеді.  
Қазіргі  кезде  студенттердің  дене  тәрбиесі  жүйесінде  кәсіптік-
қолданбалы  дене  дайындығын  іске  асырудың  бірнеше  формалары 
анықталды, 
оларды 
келесі 
тұжырымдамалар 
бойынша  
топтастыруға болады. 
1)
 
арнайы  ұйымдастырылған  оқу  сабақтары  (міндетті  және 
факультативті); 
2)
 
дене  шынықтыру  сабақтары  мен  спорт  түрлері  бойынша  
өзіндік және өзіндік әрекет сабақтары; 
3)
 
оқу  күні  сабақтарындағы  дене  жаттығулары,  бұқаралық 
сауықтыру және дене шынықтыру мен спорттық шаралар. 
Осы топтың әрқайсысы кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын іске 
асырудың  бір  немесе  бірнеше  формаларына  ие  болғандықтан, 
жоғарғы  оқу  орындарының  таңдауы  бойынша  түрлі  бейіндегі 
факультеттерде  қолданылуы  мүмкін.  Академиялық  сабақтардан 
басқа осы уақытта кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы сабақтары 
оқу  практикасы  кезінде  оқытушылардың  жетекшілігімен  кең 
қолданысқа  ие  болып  келеді.  Сабақтан  тыс  уақыттағы  кәсіптік-
қолданбалы  дене  дайындығы    студенттердің  өзіндік  сабақтарында  
да  бірнеше  формаларға  ие:  оқытушылар  жетекшілігі  арқылы 
қолданбалы  спорт  түрлері  бойынша  сабақтар  –  спорт 
секцияларындағы 
жаттығуларға, 
сауықтыру-спорттық 
лагерлеріндегі,  оқу  практикасындағы,  оқу  жылы  бойындағы  бос 
уақыттарда. 
        Дене  тәрбиесі  міндеттерін  шешудегі  маңызды  рөлді  жаттығу 
әдістері  және  оларды  практикада  қолдану  білімдері  мен  біліктілігі 
арқылы маманның кәсіби тұлғасын едәуір дәрежеде анықтай түседі. 
Осы  әдістерді  жалпыланған  түрде  үлкен  екі  топтарға  бөлуге 
болатыны  баршаға  мәлім:  жартылай  регламенттелген  жаттығу 
әдістері және қатаң регламенттелген жаттығу әдістері. Бірінші топ 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
107 
екі  әдістен  тұрады:  ойындық  және  жарыстық,  екіншісі  – 
қалғандары.  Екінші  топ  өте  кең  түрде  қарастырылғандықтан,  
көптеген жаттығу әдістерінен тұрады. 
Түрлі  мамандықтар  бойынша  жоғары  оқу  орындарының 
студенттеріне  арналған  кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығын 
ұйымдастыру  әдістері  мен  формаларын  мамандар  жасап  шыққан, 
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынған. 
Жалпы  төзімділікті  тәрбиелеуге  сауықтыру  степ-аэробикасы  мен 
тренажер  қондырғыларындағы  сауықтыру  жүгіру  тәсілдері  ықпал 
етті.  Сабақтардағы  жүктемелер  аэробты  жаттығуларды  орындау 
қарқындылығының  артуы  орындалатын  би  композициялары 
күрделілігінің  артуы  есебінен    өсіп  отырды.    Жоғары  үйлестіру 
күрделілігі  элементтері,  жоғары  амплитудалы  қимыл-қозғалыстар 
қосылып,  орын  алмасу  қозғалыстары  мен  бұрылыстардың  саны 
барған  сайын  артып  отырды.  Біздің  зерттеу  барысымызда 
студенттерге  жүргізілген  эксперименттің  анықтама  бөлімінің 
нәтижелеріне  үңілетін  болсақ,  дене  шынықтыру  сабағына  арнайы 
қатысатын  студенттер  мен  дене  дайындығы  жалпы  өткізілетін 
студенттер арасындағы айырмашылық зерттеуге алынды.  
Университет  бойынша  жалпы  дене  дайындығы  өтетін 
студенттер  мен  арнайы  дене  тәрбиесі  дайындығынан  өткен 
студенттердің  дене  шынықтыруға  деген  көзқарасын  анықтау  үшін 
сауалнама  жүргізілді.  Сауалнамаға  жауап  берушілердің  көпшілігі 
биолог  маманға  ең  қажетті  және  маңызды  дене  қабілеттерінің 
ішінде  58,2%  пайызы  шыдамдылық  деп  белгіледі,  16,6%  –  күш,  
9,8%  –  ептілік,  ал  15,4%  пайызы  жылдамдық  екендігін  көрсетті. 
Жауап  берушілердің  42,8%  пайыздан  74,5%  пайызға  дейін 
өздерінің дене дайындығын қалай арттыру керектігін білмейді. Бұл 
жоғары  оқу  орнында  кәсіптік-қолданбалы  дене  дайындығының 
дұрыс  жолға  қойылмауы  нәтижесінде  болуы  мүмкін.  Сауалнамаға 
жауап  берушілердің  3,4%  пайызы  ғана  айналмалы  жаттығу  әдісін 
қолданған. Өкінішке орай, сауалнама жүргізу кезінде биологтардың 
83,2%  институтта  білім  алған  жылдары  спортпен  белсенді 
шұғылданбаған  және  шұғылданбайтынын  көрсетті.  Бұл  жағдайда 
биологтардың  кәсіби  қызметінде  дене  тәрбиесіне  өте  сирек  көңіл 
бөлінеді  деп  қорытынды  жасауға  болады.  Бірақ  сауалнамаға 
қатысқан  барлық  студенттер  дене  тәрбиесі,  туризм  және  шынығу 
негіздерін  білу  керек  екендігін  атап  өткенін  қуанышпен  айтуға 
болады.   

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
108 
Жоғарыда  зерттеу  нәтижелеріне  жасалған  талқылау  негізінде 
келесі  қорытынды  жасауға  болады:  биолог  мамандығының  кәсіби 
қызмет  сипаты  мен  мазмұнына  сәйкес  дене  қабілеті,  қозғалыс 
ептіліктері  мен  дағдыларын  белгілеу  қажет.  Бұл  зерттеу 
жұмысында оның бәрі кестеге жинақталып талданған (1 кесте).  
 
1  кесте  –  Биолог  мамандығының  кәсіби  қызмет  сипаты  мен  мазмұны  және 
осыған байланысты қажетті дене  қабілеттері мен психикалық қасиеттері  
 
Кәсіби қызмет сипаты мен мазмұны 
Қажетті қабілеті 
орта білім беру мектебіндегі оқу 
бағдарламасына енгізілген ботаника, зоология, 
физиология, биохимия, цитология сияқты 
биологиялық ғылымдар, сонымен қатар жалпы 
білім беру пәндері бойынша сабақ беру; әр 
түрлі мекемелерде бейінді пәндері бойынша 
ғылыми зерттеулер жүргізу; әр түрлі 
деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда 
өндірістік-басқару қызметі; химия-
биологиялық бейінді (ауыл шаруашылық және 
минералды шикі заттар өңдеу өндірісі) 
өндірістерде ұйымдастыру-технологиялық 
қызмет; су омыртқасыздарын қолмен жинау; 
түрлі табиғат ортасына саяхатқа шығу 
барысында жер бетіндегі омыртқалыларды 
тікелей бақылау және олардың белгілі бір 
түрлерін жиналған жерлерде аңду жолдары 
арқылы бақылау, мысалы, тоғай, қалың 
бұталар немесе құрайлар ішінде.  
статикалық 
төзімділік 
(статикалық 
жағдайда  
салмақты зат 
ұстау), ептілік, 
күш және көру 
өткірлігі, ойлау 
жылдамдығы, 
зер салу мен 
назардың 
тұрақтылық 
мөлшері мен 
үйлесімі, 
көргенін есте 
сақтау, жедел 
есте сақтау.  
 
 «Биолог  студенттердің  дене  тәрбиесі  бойынша  оқу  процесі 
құрылымының  ерекшеліктері»  тарауында  келесі  мәліметтер 
алынды.  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  қазақстан  мемлекеттік 
университетінің  дене  тәрбиесі  оқытушылары  жүзеге  асырған 
жылдық  жоспар-кестесін  талдап,  дене  қабілеті  дамуының  келесі 
жүйелілігі  жоспарланды  деп  болжамдар  жасауға  болады.                         
1-3  семестр  басында  (1  жарты  жылдық)  «жеңіл  атлетика»  бөлімін 
өту  барысында  студенттерде  жылдамдық  пен  жылдамдық-күш 
қабілеттілігі  дамуы  қажет.  Жаттығу  залдарында  сабақ  бағдары 
студенттердің  күш-қабілетін  дамыту  мақсатына  бағытталды. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
109 
«Жеңіл атлетика» бөлімінде лақтырыс және орта, ұзақ қашықтыққа 
жүгіріп  өту  кезінде  студенттердің  жылдамдық-күш  қабілеттері 
және  төзімділіктері  дамуы  қажет.  Футбол,  волейбол,  баскетбол 
сынды  спорттық  ойындар  ептілік,  жылдамдық,  жылдамдық-күш 
қабілеттерді, арнайы төзімділікті, перифериялық көруді дамытады. 
Гимнастиканың  әркелкілігі  (акробатика,  қоссырық,  белтемір,  ағаш 
ат  арқылы  секіру)  ептілік,  үйлесімділік,  жылдамдық,  күш 
қабілеттерін, арнайы төзімділік сияқты дене қабілеттерін дамытуға 
бағытталған.  Үстел  теннисін  ойнау  кезінде  ептілік,  жылдамдық, 
жылдамдық-күш қабілеттері, перифериялық көру қасиеттері дамуы 
тиіс деп қорытындылауға болады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Ильинич  В.И.  Профессионально-прикладная  подготовка  студентов 
ВУЗ-ов. Учебное пособие. –М.: Высшая школа. -1978. -144 с.  
2.
 
Раевский  Р.Т.  Профессионально-прикладная  подготовка  студентов 
технических ВУЗ-ов .-М.: Высшая школа.-1985.-136с. 
3.
 
Жолдак  В.И.  Методы  совершенствования  физического  воспитания  в 
ВУЗ-е-М., 1983. 
4.
 
Матвеев  Л.П.  Теория  и  методика  физического  воспитания.  М.,ФиС, 
1976. 
5.
 
Загорский Б.И. Профессионально-прикладная физическая подготовка в 
советской  системе  физического  воспитания.  М.:  ГЦОЛИФК,  1981.-
31с. 
*** 
Дальнейшие  исследования  по  рассматриваемой  проблеме  следует 
проводить для совершенствования содержания профессионально-прикладной 
физической  подготовки  по  смежным  и  другим  специальностям,  а  также 
использованию круговой тренировки в школах, колледжах и высших учебных 
заведениях для оптимизации содержания занятий по физической культуре и 
физическому воспитанию.    
 
*** 
The  further  researches  on  considered  problem  should  be  conduct  for 
perfection  of  the  maintenance  of  professional-applied  physical  preparation  on 
adjacent  and  other  specialties,  and  also  using  of  circular  training  at  schools, 
colleges and higher educational institutions for optimization of the maintenance of 
classes on physical culture and physical training.  
 
 
 
 
 
 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
110 
ӘОЖ 796:371 
Айтқалиева Қ.Д. 
 өнертану кандидаты, доцент 
Мұқанбетова Ж.Т.  
 2 курс  магистранты 
 
«МӘДЕНИ-ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСЫ» МАМАНДЫҒЫНДАҒЫ 
СТУДЕНТТЕРГЕ ХОРЕОГРАФИЯ САБАҒЫН ОҚЫТУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет