Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынов атындағы



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
Дата27.03.2017
өлшемі1.17 Mb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

 

А.Байтұрсынов атындағы  



Қостанай мемлекеттік университеті 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



МАГИСТРАНТТЫҢ  АНЫҚТАМАЛЫҚ 

ЖОЛНҰСҚАСЫ 

 

2015-2016 оқу жылы 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Құрастырғандар: 



Абсадыков А.А., ф.ғ.д., оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор 

 

Жарлығасов Ж.Б., а/ш.к.ғ., кандидат ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар 



жөніндегі проректор 

 

 



 

А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  оқу-әдістемелік  кеңесінің  10.06.2015  ж.  №  3 

хаттамасымен бекітілген. 

 

Мазмұны 



 

Ректордың жолдау сөзі  

1. Университет жөнінде жалпы мәліметтер 



2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы   

3. I курста әскер қатарына шақырылатындар үшін жаднама                           



4. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ магистратурасы                                       

5. Магистранттың құқықтары мен міндеттері 



6. Оқытудың кредиттік технологиясы жөнінде қысқаша ақпарат 

6.1 Жалпы ережелер 



6.2 Магистранттардың білім нәтижелерін бақылау және бағалау 

жүйесі 

10 


6.3 Академиялық қарыз 

12 


6.4 Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу 

 

13 



6.5 Магистрантты оқудан шығару 

14 


6.6 Практикалардың ұйымдастырылуы жэне өткізілуі 

14 


6.7 Магистранттың өздік жұмысын ұйымдастыру (МӨЖ) 

 

15 



6.8 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) 

15 


6.9 Қорытынды аттестация (ҚА) 

15 


6.10 Академиялық транскрипт 

16 


6.11 Ауыстыру және қайта қабылдау ережелері              

16 


6.12 Академиялық демалыс 

18 


7. Оқу төлем ақысы 

18 


8. Ақпараттық білім беру орталығы 

19 


9. Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы   

19 


 

 

 



 

 

 



 

 


 

 



 

Құрметті магистранттар! 

 

Сіз  еліміздің  солтүстік  аймағындағы  оқу,  ғылым,  әдістеме  және 



мәдениет  орталығы  –  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университетіне  түсу  арқылы  дұрыс  таңдау  жасадыңыз.  Қазіргі  қоғамның 

дамуы,  экономикалық  гүлдену,  өмір  сапасы,  ұлттық  қауіпсіздік,  ғылыми- 

зерттеудің  нәтижелерін  практикада  қолданудың  тиімділігі  білім  беру 

жағдайымен өлшенеді. Қазіргі әлемде білім беру мен ғылымның бағасы жалпы 

мойындалып 

қоймай, 

сонымен 


бірге 

адами 


құндылықтардың 

біріне 


саналатыны  сөзсіз.  Магистратура  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 

кезеңі  ретінде  барлық  мемлекеттік  және  қоғамдық  қызметтер  саласында 

Қазақстанның  игілігіне  жұмыс  істеуге  қабілетті  жоғары  кәсіби  мамандар 

даярлауда  маңызды  рөл  атқарады.  Сонымен  бірге,  магистр  дипломын  алу 

мемлекеттік  билік  және  басқару,  білім  беру  органдарында  лауазымдар 

қатарын жасауға, қызметте өсуге қажетті жағдай болып табылады. 

Біздің  университетіміздің  тәжірибелі  оқытушыларынан  құралған 

мықты  мамандар  әлеуеті  дамыған  материалдық-техникалық  базамен,  қазіргі 

заманғы 

оқу-әдістемелік 

құралдармен, 

барлық 


салалар 

бойынша 


оқулықтардың, монографиялардың, әдебиеттердің бай қорымен жасақталған. 

Бұлардың  барлығы  Сізге  келешектегі  жемісті  өсу  жолыңыздың  іргетасын 

қалау  үшін  өзіңіздің  ғылыми  және  шығармашылық  әлеуетіңізді  іс  жүзіне 

асыруға және өз мүмкіндіктеріңізді толық ашуға көмектеседі.  

Сіздерге  оқуда  жетістіктер  тілеймін  және  біздің  университетіміздің 

магистратурасында оқу Сіздің өміріңіздің маңызды да қажетті кезеңі болады 

деп үміттенемін.  

 

 



Ректор                                             Нәметов Асқар Мырзахметұлы 

 

 



 

 

 



 

 

1. Университет туралы жалпы мәліметтер 



 

А.Байтұрсынов  атындағы    Қостанай 

мемлекеттік  университеті  1992  жылы 

тамыз 


айында 

Қазақстан 

Республикасының 

Министрлер  

кабинетінің № 662 Қаулысымен Кустанай 

педагогикалық  институтының  негізінде 

өзінің  жарты  ғасырлық  даму  тарихымен 

құрылды.  2000  жылдың  ақпан  айында 

Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметінің 

шешімімен 

Қостанай 

мемлекеттік 

университетіне  Қостанай  ауылшаруашылық    институты  қосылды.  2004  жылы 

наурызда Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің №181 

2004  жылдың  4  наурызындағы  бұйрығымен  Қостанай  педагогикалық 

институты университеттің құрамынан шығарылды. 

Университеттің  миссиясы:  Аймақтық  инновациялық  университет  – 

білім  беру,  ғылыми  және  мәдени  орталығы,  жоғары  құзыреттілікті  кадрлық 

әлеует көзі.  

Университеттің  басты  мақсаты  –  еліміздің  солтүстік  өңірін  білім, 

ғылым  және  өндіріс  саласында  алдыңғы  қатарлы  жетістіктерді  пайдалана 

отырып, қызметкердің ЖОО қызметінің нәтижелеріне және қолданыстағы сапа 

менеджменті жүйесіне жаппай қызығушылығымен кешенді дайындық негізінде 

жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету. 

Университет  құрамында    бакалавриаттың  33  мамандығы  бойынша  6000-

нан астам  студент және магистрантураның 20 мамандығы, докторантураның 4 

мамандығы бойынша 200-ден  астам магистрант пен докторанттар оқитын жеті 

факультет:  гуманитарлық-әлеуметтік  (ГӘФ),  ақпараттық  технология  (АТФ), 

инженерлік-техникалық (ИТФ), тарих және құқық (ТҚФ), экономикалық (ЭФ), 

аграрлық-биологиялық    (АБФ),    ветеринария  және  мал  шаруашылығы 

технологиясы  (ВМШТФ)  бар. 

Оқу-тәрбие  үрдісі  жоғары  білікті  профессорлық-оқытушылық 

құрамымен  жүзеге  асырылады.  Университет  штатындағы  200-ден  астам 

ғылыми дәрежесі, атақтары бар адамдар, оның ішінде ғылым докторлары. 

Кейбір 

бірқатар 



пәндерді 

оқытуға 


академиялық 

ЖОО-дарының 

ғалымдары 

және 


біздің 

еліміздің 

ғылыми-зерттеу 

институттарының, 

Ресейдің  және  жақын  шет  елдердің 

ғалымдары шақырылады.  

Университетте 

қазіргі 


уақытта 

магистранттарды  бәсекелестік  тұрғыда 

дайындау 

үшін 


жаңа 

білім 


технологиялары, 

мультимедиялық, 

компьютерлік 

кластар, 

лингафондық 

кабинеттер, 

техникалық 

құрал-


 

жабдықтар  қолданылады.  Бүгінде  университетте  45  компьютерлік  және 



Интернет-кластарға  қосылған  900  заманауи  компьютер  қолданылады.  Оқу 

жылы мерзімінде жылдамдығы 2 Мб/сек лимитсіз Интернет жұмыс істейді. 

Магистранттардың  игілігіне  қазіргі  заманға  лайық  жарық,  жылы  5 

ғимарат, шеберлік орындары,  тренажер,  спорт  және мәжіліс залдары, көптеген 

тамақтандыру  пункттері,  медициналық  орталық,  студенттік  жатақханалар 

жұмыс  істеп  тұр.  Университетте  қазіргі  заман  талаптарына  сай    «Білім 

орталығы» 

атты 


ішкі 

ақпараттық-білім 

кешені 

жұмыс 


істейді.     

  

 



 

Университетте    ішкі  ақпараттық-білім  порталы    құрастырылып,  үнемі 

жаңартылып 

отырылады 

(www.ksu.ku). 

 

 



Университет 

порталында 

электронды 

және 


бейне-кітапхана, 

университеттің  3  тілдегі  сайты  және  факультет  беттері  мен  жоғары  оқу 

орнынан  кейінгі  білім  берудің  сілтемелері  орналасқан.  Онда  әрбір 

магистранттың  оқу  жетістіктері  жөнінде,  сессияаралық  тестілеу  жүйесі 

бойынша    толық  ақпараттар,  университеттің  бөлімшелері  аралығындағы 

электронды почта, хабарландыру тақтасы және тағы басқалары бар.  

Университеттің  ресми  сайтында  ректордың,  проректорлардың, 

декандардың  виртуальді  қабылдау  сайттары  орналастырылған,  онда  Сіз 

түрлі  мәселелермен  өз  сұрақтарыңызды  қоя  аласыз  және  міндетті  түрде 

жауап аласыз.  

Ресми  сайтта  және  ішкі  ақпараттық  білім  беру  порталында  бұдан  басқа 

магистранттың  оқу  жоспары,  оның  электронды  сынақ  кітапшасы  және  оқу 

процесі бойынша басқа да ақпараттар берілген магистранттың жеке кабинеті 

орналасқан.  Интернет  арқылы  немесе  университеттің  локальді  жүйесіне 

қосылған кез-келген компьютер арқылы магистранттың жеке кабинетіне кіруге 


 

болады.  Магистранттың  жеке  кабинетіне  қол  жеткізу  үшін  логин  мен  пароль 



эдвайзерден алуыңыз қажет. 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мекенжайы:  

110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ, Байтұрсынов, 47 көшесі 

Тел. (8 714 2) 51-11-60, 51-16-64, 

Факс 51-11-60 

Е-маil: nauka ksu@mail.ru 

 

2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы 



 

Ректорат ( 1-3 ғимарат) 

Ректор 

Нәметов Асқар 



Мырзахметұлы 

51-11-95 

Бірінші проректор 

Тағаев Орынбай 

Оразбекұлы 

51-11-73 

Оқу және тәрбие 

жұмысы жөніндегі 

проректор 

Әбсадықов Алмасбек 

Ахметұлы 

51-11-00 

Ғылыми жұмыс және 

сыртқы байланыстар 

жөніндегі проректор 

Жарлыгасов Женіс 

Бахытбекұлы 

51-11-60 

Бөлімшелер мен қызметтер 

Академиялық мәселелер 

бойынша департамен- тінің 

директоры 

Исмаилов Арман 

Оразалыұлы 

39-06-20 

Білім беру менеджменті мен 

бақылау басқармасының 

бастығы 


Чехова  Татьяна Ивановна 

51-11-30 

Ғылым және оқу орнынан 

кейінгі білім 

басқармасының бастығы  

Коваль Андрей Петрович 

51-16-64 

Қашықтан оқыту орта-

лығының директоры 

Божевольная Наталья 

Витальевна 

55-73-60 

Тіркеу бөлімінің бастығы 

Исмаилова Анара 

Сабырқызы 

З9-06-24 

Тіркеу бөлімінің 

бастығының орынбасары 

Кубекова Нуржамал 

Капбасқызы 

53-80-09 

Жастар бастамалар даму 

орталағының директоры 

Калиев Болат Назымұлы 

51-11-20 

Факультеттер 

Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті (ГӘФ) 

 

Декан 



Берденова Сәуле Жалгасқызы 

51-11-44 

Тарих және құқық факультеті (ФИП) 

Декан 


Ким Александр Иванович 

51-11-53 

Ақпараттық технологиялар факультеті (АТФ) 

Декан 


Медетов Нурлан Амирұлы 

51-11-98 

Экономикалық факультет (ЭФ) 

Декан 


Қабдырахметов Нұрлан 

55-84-50 



 

Ысмағұлұлы 



Аграрлық-биологиялық факультеті (АБФ) 

Декан 


Калимов Ниязбек Ерханұлы 

55-84-63 

Инженерлік-техникалық факультеті (ИТФ) 

Декан 


Есимханов Саят Бакытұлы 

55-85-17 

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті (ВМШТФ) 

Декан 


Тегза Александра Алексеевна 

55-85-68 

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғимараттары 



 

Ғимарат № 

Мекен-жайы 

Факультеттер 

Вахта 

телефондары 



1а 


1б 

 

Байтұрсынов көш., 47 



ГӘФ 

АТФ 


ТҚФ 

51-11-19 

 



Абай көш., 28 



ЭФ, АБФ 

55-85-47 

Абай көш., 28 



ИТФ 

55-85-15 

Маяковский көш., 99/1 



ВжАӨТФ 

55-84-88 

 

 

3. 1-ші жылғы магистрант-шақырылғандар үшін жаднама 



 

Магистратураға  1-ші  жылға  қабылданған  қалалық  емес  барлық  жастарға 

(Қостанай  қаласы  мен  Қостанай  ауданында  тұратындардан  басқалары),  бас 

ғимараттың  (Байтұрсынов  көш.,  47)  130-кабинетіне  бару  керек  және 

аудандардан есептен шығуға және тіркелген анықтамаларына есептен шыққаны 

туралы белгі қою үшін анықтамалық алу қажет. Бұдан кейін Қостанайдың ҚӘК 

(Маяковский  көш.,  107)  әскери  есебіне  тұру  керек  және  де  Қазақстан 

Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылу мерзімінің ұзартылуын 

рәсімдеу үшін анықтама мен жеке куәлігімен 130 - кабинетке бару керек.  

Қостанай  қаласында  немесе  Қостанай  ауданында  әскери  есепте  тұрған 

магистранттарға  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері  қатарына 

шақырылу мерзімінің ұзартылуын рәсімдеу үшін тіркелген анықтама және жеке 

куәлігімен 130- кабинетке бару керек. 

130 -каб. – тіркеу  бөлімі (бас корпус, Байтұрсынов көш.,47. т. 39-06-13) 

– Зайнуллина Динара Аділжанқызы. 

 

4. А.Байтурсынов атындағы ҚМУ магистратурасы  



 

ҚР  «Білім  туралы»  заңына  сәйкес  магистратура  жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі  білім  беру  жүйесіне  қосылды.  Магистратура  ғылыми,  ғылыми-

педагогикалық және басқару мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді. 

А.Байтурсынов  атындағы  ҚМУ  лицензия  негізінде  магистранттарды 

қабылдап, келесі мамандықтар бойынша дайындайды: 

 

 

 



 

Мамандығы 



Бейіндік 

бағыты 


 

Ғылыми және 

педагогикалық 

бағыты 


6М010300-Педагогика және психология 

 

2 жыл 



6М020300-Тарих 

 

2 жыл 



6М020500-Филология (қаз., орыс.) 

 

2 жыл 



6М021000-Шетел филологиясы 

 

2 жыл 



6М030100-Құқықтану 

1 жыл 


2 жыл 

6М050400-Журналистика 

 

2 жыл 


6М050600-Экономика  

1 жыл 


2 жыл 

6М050700-Менеджмент 

1 жыл 

2 жыл 


6М060200-Информатика 

 

2 жыл 



6М060400-Физика 

 

2 жыл 



6М060600-Химия 

 

2 жыл 



6М060700-Биология 

 

2 жыл 



6М070400-Есептеу техникасы  және 

бағдарламалық қамтамасыз ету  

 

2 жыл 


6М071800-Электр энергетикасы 

 

2 жыл 



6М072400-Технологиялық машиналар 

және  жабдықтар 

 

2 жыл 


6М080100-Агрономия 

 

2 жыл 



6М091100-Геология және табиғатты 

пайдалануды басқару 

 

2 жыл 


6М080200-Мал шаруашылығы өнімдерін 

өндіру технологиясы 

 

2 жыл 


6М080600-Аграрлық техника және 

технология 

 

2 жыл 


6М120100-Ветеринариялық медицина 

 

2 жыл 



6М120200-Ветеринариялық санитария 

 

2 жыл 



 

ИИДМБ-2    (индустриялық-инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасы) 

үшін  мамандар  дайындау  ішінде:  «Жоғары  технологиялық  өндіріс  және  азық-

түлік  қауіпсіздігі»,  «Инновациялық  өндіру  және  өнеркәсіптік  техникаларды 

автоматтандыру»  профилдік  магистратураның  білім  беру  бағдарламалары 

бойынша  университет    базасында  эксперимент  жүргізуге  2015  жылғы  1 

қыркүйектен бастап  Білім және ғылым министрлігімен рұқсат берілді. 

 

5 Магистранттың құқықтары мен міндеттері 



 

5.1 Магистранттың құқықтары  

Магистрант құқылы: 

жеке жұмыс жоспарын құруда, білім беру бағдарламасын таңдауда, 



ғылыми-зерттеу  және  өздік  жұмыстарды  ұйымдастыруда  эдвайзердің  көмегі 

мен кеңесіне; 



 



магистрлік 

диссертацияның 

тақырыбын, 

ғылыми 


жетекшіні 

(келісімі  бойынша),  элективті  курстарды  еркін  таңдауға,  оқу  процесінде 

магистрлік диссертацияның тақырыбын нақтылауға; 

мерзімді  ғылыми  баспаларда,  сондай-ақ  А.Байтұрсынов  атындағы 



ҚМУ басылымдарында өз еңбектерін жариялауға;  

магистрлік  даярлауды  ұйымдастыруды  жетілдіру  бойынша,  білім 



беру  қызметінің  сапасын  жақсартуға  және  пәндер  бойынша  оқыту  деңгейін 

көтеру бойынша ұсыныстар беруге;  

-  өзінің пікірлері мен көзқарастарын еркін білдіруге; 

-  өзінің адамдық құндылығын сыйлатуға; 

-  мемлекеттік грант бойынша оқу жағдайында белгіленген тәртіпте  

стипендия алуға; 

медициналық қызмет қабылдауға, жатақханада тұруға, зертханалық 



құрал-жабдықтарды, компьютер, Интернет, кітапханаларды пайдалануға;  

-  жекелеген төлем ақымен қосымша пәндерді оқуға. 

 

5.2 Магистранттың міндеттері  



 

Магистрант міндетті: 

университеттің ішкі ереже жоспарына ұсынуға;  



еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және өндіріс 

санитариясы ережелерін сақтауға; 

бір-бірімен  және  оқытушылармен  қарым-қатынаста  мейірімді  және 



төзімді болуға; 

сабақ үстінде ұялы телефонды өшіруге; 



өзінің жеке жұмыс жоспарының талаптарын түгел орындауға. 

 

 

6. Кредиттік технологиясы оқыту жөнінде қысқаша мәлімет 



 

6.1 Жалпы ережелер 

 

А.Байтұрсынов 



атындағы 

Қостанай 

мемлекеттік 

университетінде 

магистранттар кредиттік технологиясы оқыту бойынша білім алады. 

 

Кредиттік 



оқыту 

технологиясы 

– 

бұл 


таңдаулы 

білім 


траекториялары және білімді кредит түрінде есепке алу, білім арқылы өзін-өзі 

тану  және  шығармашылық  даму  деңгейін  арттыруға  бағытталған  білім 

беру технологиясы. 

Кредит  –  білім  алушы/оқытушының  оқу  уақыты  көлемінің  үйлестіру 

өлшем  бірлігі.  Бір  кредит  білім  алушының  академиялық  кезең  аралығындағы 

бір аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. 

Оқытудың  кредиттік  технологиясы  оқытудың  1-ші  жылынан  соңғы 

жылына  дейінгі  жинақталған  кредит  есебінің  өсімінің  жиынтығы  болып 

табылады. 

  


 

10 


Магистранттар  оқитын  барлық  пәндер  міндетті  және  элективті  болып 

бөлінеді: 

Міндетті  компонент  –  типтік  оқу  жоспарымен  белгіленген  оқу 

бағдарламасы бойынша магистранттарға міндетті түрде оқытылатын пәндер. 

Таңдау компоненті (элективті пәндер) – жоғары оқу орындарының 

ұсынысымен  кез-келген  академиялық  кезеңде  магистранттарға  өз  бетімен 

таңдатылатын және оқытылатын пәндердің тізімі.  

 

Элективті  пәндерді  оқуға  магистранттарды  жазуды  кафедра  (деканат) 



ұйымдастырады.  Ғылыми  жетекшілерімен  (эдвайзермен)  кеңескеннен  кейін 

оқуға  жаңа  түскен  магистрант  бір  аптаның  ішінде  таңдаған  пәндерге  жазылу 

арқылы 1 жылдық жеке жұмыс жоспарын (ЖЖЖ) құрады. Магистрант сабақ 

басталғанға  дейін  өзінің  ЖЖЖ-на  өз  өзгертулерін  енгізуіне  болады.  Бұдан 

кейін 1 жылдың ішінде ЖЖЖ -на өзгертулер енгізуге рұқсат етілмейді.  

Магистранттың ЖЖЖ –дағы ғылыми жұмысы оқытудың барлық кезеңіне 

жоспарланады.  

Барлық  пәндер  сіз  «Білім  орталығынан»  ала  алатын  немесе  ақпараттық 

білім  порталында  (www.ksu.ku)  құжаттар  каталогінен  электронды  формада 

таба  алатын  оқу-әдістемелік  кешендермен  (ПОӘК)  қамтамасыз  етілген. 

ПОӘК табу туралы дәл ақпаратты Сіз пәнді жүргізетін оқытушыдан аласыз.  

ПОӘК  –  магистрант  үшін  жасалады  және  мынадай  құжатттардан 

құралады:  пән  бойынша  оқу  бағдарламасы  (Syllabus);  дәріс  кешені; 

практикалық  (семинар)  сабақтың  жоспары;  пәнді  оқу  бойынша  әдістемелік 

нұсқаулар,  лабораториялық  жұмыстардың,  курстық  жұмыстардың  (жоба) 

орындалуы,  магистранттардың  өздік  жұмыстарының  материалдары, 

бұлардың  барлығы  магистранттардың  білім  нәтижелерін  бағалауға  және 

қорытындылауға көмектеседі. 

Силлабус  –  құрамына  оқытылатын  пән  туралы  мәлімет,  пәннің 

мақсаты  мен  міндеттері,  оның  қысқаша  мазмұны,  тақырыптар  мен  әр 

сабақтың  өздік  жұмысының  тапсырмалары,  кеңес  уақыттары,  оқытушы 

талаптары, бағалау критерийлері, рубежді бақылау кестесі және әдебиеттер 

тізімінен құралған пәннің оқу бағдарламасы. 

 

6.2 Магистранттардың білім нәтижелерін 



бағалау мен бақылау жүйесі 

 

 



Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  -  әр  түрлі  бақылау 

тапсырмаларының  негізінде  белгілі  бір  пән  бойынша  студенттердің  білім 

нәтижелерін  бақылау  (жазба  жұмыстары,  тестілеу,  практикалық  жұмыстар, 

портфилио, ауызша сұрақтар және т.б.); ол ағымдағы бақылау, рубежді бақылау 

және қорытынды бақылау болып бөлінеді. 

 

Үлгерімнің  ағымдық  бақылауы  -  әр  тақырып  бойынша  және/немесе 



семестр  бойындағы  сабақтарда  оқытушы  өткізген  оқу  пәнінің  бөлімі  бойынша 

студенттің білім  нәтижесін жүйелі тексеру.  Ағымдық бақылау  ереже бойынша 

практикалық  сабақтарда  өткізіледі  (семинар,  зертханалық  сабақтар  және 

СОӨЖ). АБ түрін пәннің ерекшелігіне байланысты оқытушы белгілейді.  



 

11 


 

Үлгерімнің  рубежді  бақылауы  –  сабақ  беретін  оқытушының  бекітілген 

академиялық  күнтізбеге  сәйкес  магистранттың  білім  нәтижесін  мерзімді 

тексеруі.  Рубежді  бақылау  колоквиум,  жазбаша  бақылау  жұмысы,  тестілеу 

түрінде өткізіледі. 

 

Қорытынды бақылау – оқу пәні оқытылып біткеннен кейін академиялық 



кезеңнің  аяқталуы  бойынша,  аралық  аттестация  кезінде  өткізілетін  білім 

алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру; қорытынды бақылаудың өткізілу 

формасы емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу. Емтиханның ең 

жоғарғы бағасы – 40 балл. 

 

Назар  аударыңыз!!!  Бақылаудың  барлық  түрі,  оладың  тапсырылу 



уақыты  силлабуста  көрсетілген.  ПОӘК-нде  рубежді  бақылау  мен  емтиханға 

дайындалу үшін сұрақтар берілген.  

 

Семестрлік рейтинг ағымдағы және рубежді бақылаудың көлемі бойынша 



анықталады. Емтиханға 50 %-дан кем емес семестрлік рейтинг алған студенттер 

ғана жіберіледі. 

 

Назар  аударыңыз!!!  Магистрант  емтиханға  пән  бойынша  келесі 



себептер бойынша жіберілмеуі мүмкін: 

-  төмен семестрлік рейтинг (ең жоғарғы семестрлік рейтингтің 50 %- 

нан кем болғанда); 

-  оқу төлем ақысы бойынша талаптардың орындалмауы. 

Бұған қоса оқытушы ведомостегі «баға» деген жолға «жіберілмеді» деп 

жазады және бұл қанағаттанарлықсыз деген бағамен тең болып табылады.  

Пән  бойынша  қорытынды  баға  семестрлік  рейтингтің  және  студенттің 

емтиханда  алған  балдарының  көлемі  бойынша  қойылады.  Бұған  қоса  студент 

емтиханда ең жоғарғы емтихан рейтингінен 50 %-дан кем емес алуы керек.   

Егер  магистрант  емтиханға  келмесе,  ведомостегі  оның  фамилиясының 

тұсына 

«келмеді» 



белгісі 

қойылады, 

 

дәлелсіз 



себептерде 

 

ол 



«қанағаттанарлықсыз» баға болып есептеледі. 

Назар 


аударыңыз!!! 

Оқытудың 

кредиттік 

технологиясында 

қанағаттанарлықсыз баға алғанда емтиханды қайта тапсыруға болмайды. 

 

Қорытынды  бақылау  түрі  бойынша  «қанағаттанарлықсыз»  баға  алған 



магистрант  жазғы  семестр  кезінде  немесе  келесі  академиялық  кезеңдерде 

ақылы  түрде  сол  пәнді  қайта  өтуге  және  тапсыруға  құқылы.  Ол  үшін  сол 

пәннің бағдарламасы қарастыратын бақылаулардың барлық түрін қайта өтуі 

тиіс.  


Анықтамамен  құжаттық  дәлелденген  себепті  кейбір  жағдайларда  тіркеу 

бөлімімен  келісім  бойынша  деканның  өкімімен  жеке  тәртіпте  емтихан 

тапсыруға рұқсат етіледі. 

 

Семестр  бойынша  магистранттардың  сабаққа  қатысу  мониторингі 



өткізіледі.  Топ  старосталары  мен  оқытушылар  магистранттардың  сабаққа 

қатысуы  туралы  мәліметті  ай  сайын  деканатқа  тапсырып  отырады. 

Магистрант  жүйелі  түрде  сабаққа  келмесе,  пән  бойынша  көп  көлемде 

аттестацияланбаса университеттен шығарылуы мүмкін. 

 

 


 

12 


Магистранттардың білім нәтижелерін бағалау жүйесі 

 

Әріптік жүйе 



бойынша 

бағалау 


Балдардың 

сандық 


эквиваленті 

%-дық көрсеткіші  Дәстүрлі жүйе 

бойынша 

бағалау 


А 

А- 


4,0 

3,67 


95-100 

90-94 


5 - «өте жақсы» 

В+ 


В 

В- 


3,33 

3,0 


2,67 

85-89 


80-84 

75-79 


4 – «жақсы» 

С+ 


С 

С- 


D+ 

2,33 



2,0 

1,67 


1,33 

1,0 


70-74 

65-69 


60-64 

55-59 


50-54 

3 – «қанағат-

лық» 





0-49 

2 – «қанағат-

сыз» 

 

 



Жазғы семестр ақылы негізде академиялық қарызы бар магистранттарға, 

қайта  қабылданғанда,  яғни  академиялық  демалыстан  шыққанда  жұмыс  оқу 

бағдарламасындағы пәндер бойынша айырмашылық болса, басқа ЖОО-нан, бір 

мамандықтан  басқа  мамандыққа  ауысқанда,  жеделдетіп  қосымша  оқу  үшін 

ұйымдастырылады.  Жазғы  семестрдің  ұзақтығы  6  аптаға  дейін  болады. 

Магистранттардың жазғы семестрде пәндерді оқуға жазылуын деканаттың және 

эдвайзерлердің тартылуымен белгілі бір уақытта сабақ басталғанға дейін тіркеу 

бөлімі  жүзеге  асырады.  Магистрант  емтихандық  сессия  аяқталғаннан  кейінгі 

алғашқы  аптада  тіркеу  бөліміне  арнайы  түрде  жазғы  семестрге  қатысу  туралы 

өтініш береді. 

 

Назар  аударыңыз!!!  Жазғы  семестрде  оқу  ақылы  болады.  Жазғы 



семестрдің кредиттік көлемі 12-ден аспайды. 

 

Магистранттардың  білімін  бақылау  жүйесін  ұйымдастырудың  барлық 



мәселелері мен олардың нәтижелерін есептеумен тіркеу бөлімі айналысады. 

 

Назар  аударыңыз!!!  Тіркеу  бөлімінде  әр  факультетке  бекітілген  маман 



әрқашан  Сізге  көмектеседі  және  кеңес  береді.  Тіркеу  бөлімі  1-корпуста  130-

кабинетте  (факультеттер:  ГӘФ,  ТҚФ,  АТФ),  2-корпуста  108-кабинетте 

(факультеттер: ЭФ, АБФ, ИТФ, ВМШТФ). 

 

 



6.3 Академиялық қарыз 

 

Қорытынды 



бақылауға 

магистранттың 

жіберілмеуі, 

емтиханда 

«қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы немесе дәлелсіз себептермен емтиханға 

келмеуі нәтижесінде пайда болған магистранттың қарызы академиялық қарыз 

болып табылады. 

Сессияның  қортындысы  бойынша  академиялық  қарыздары  бар 

магистранттар  кредиттік технологияда оқудан шығарылмайды. 


 

13 


Көшіру балын алған, бірақ академиялық қарызы бар білім гранттарының 

иегерлері  болып  табылатын  магистранттар  білім  грантын  жоймай-ақ, 

академиялық  қарызы  бар  пәндерді  ақылы  түрде  қайта  оқуға  және  тапсыруға 

тиіс. 


Академиялық қарызды жою  жазғы семестр кезінде немесе келесі курсқа 

көшу үшін жеткілікті GPA балын алғанда келесі семестрлерде қосымша жүзеге 

асырылады. 

 

6.4  Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу 



 

Көшіру балының тиісті мөлшерін жинаған магистранттар ректордың 

бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. 

Магистранттың оқу жылындағы қорытынды үлгерім деңгейі пәндер 

бойынша  қорытынды  бағалар  мен  кредиттердің  алымының  суммасының 

оқытудың  ағымдық  кезеңдегі  кредиттердің  суммасына  қатысы  ретіндегі 

есептелетін GPA көшіру балы түрінде бағаланады, яғни 

                                 

n

n

n



K

K

K



U

K

U



K

U

K



GPA







...



...

2

1



2

2

1



1

, бұл жерде 

 

K

1



, K

2

, ..., K



n

 – оқылатын пәндердің кредиттік көлемі; 

 

U

1



, U

2

, .., U



n

, – пәндер бойынша қорытынды бағалар; 

 

n – оқу жылында оқылған пәндердің көлемі.  



Мысалы,  оқу  жылы  бойынша  келесі  нәтижелерге  жеткен 

магистрант (кестеде көрсетілген), 3,0 балға тең GPA алады.  

3.  Егер  GPA  бекітілген  балға  сәйкес  келсе,  деканат  қанағаттанарлықсыз 

бағалары  болса  да  магистранттарды  келесі  курсқа  көшіре  алады:  1-курстан  2-

курсқа  көшу  үшін  GPA  көшіру  балы  1,33-тен;  2-ші  курстан  3-курсқа  1,67-ден; 

3-курстан 4-курсқа және келесі курстарға 2,00-ден кем емес болуы керек. 

 

Пән 


Баға 

Балл 


Кредиттер 

А 



4,0 



В 

3,0 


С 



2,0 



С 

2,0 


В 



3,0 



А 

4,0 


 

 



GPA=4*2+3*2+2*2+2*2+3*2+4*2 =3,0 

 

 



 

2+2+2+2+2+2 

 

       Магистранттарды 1-ші курстан 2-ші курсқа көшірудің орташа балы (GPA) – 



2,5 балл белгіленген. 

Бекітілген  көшіру  балын  жинамаған  магистранттар  қайта  оқу 

курсына қалады. 

Қайта  оқу  курсына  қалған  магистрант  бұрын  қабылданған  жеке  оқу 



 

14 


жоспары  бойынша  немесе  берілген  тәртіппен  жасалған  жаңа  жеке  оқу 

жоспарымен оқуға құқылы. 

Курсқа  көшіру  балын    алған  және  келесі  курсқа  көшірілген,  бірақ 

академиялық  қарызы  болған  жағдайда  магистрант  сәйкес  пәндерді  ақылы 

түрде оқуы және академиялық қарызын жоюы тиіс. 

Мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  оқыитын  магистранттар  қайта 

оқу  курсына  қалдырылса,  білім  беру  грантын  жоғалтады  және  оқуын  ары 

қарай ақылы негізде жалғастырады. 

 

6.5 Магистранттың оқудан шығарылуы 



 

 

Магистрант  университеттен  келесі  себептер  бойынша  шығарылуы 



мүмкін: 

-  өз еркімен; 

-  оқу пәнін меңгермегені (аттестациядан өтпеу, сабаққа келмеу), ішкі 

тәртіп  ережесін  сақтамағаны  (қоғамдық  орында  темекі  тарту,  ішімдік 

ішкен  күйде  келу),  жатақханада  тұру  тәртібін  бұзғаны  үшін;  университет 

Уставын бұзғаны үшін; 

-  жеке ісін және оның маңызды құжаттарын тапсырмағаны үшін (ҰБТ 

және КТ сертификаттары, аттестат, диплом және т.б.); 

-  оқу төлем ақысы жөніндегі келісім-шартты сақтамағаны үшін; 

-  басқа ЖОО-на ауысуы себепті; 

- Қорытынды аттестацияда (ҚА) «қанағат-сыз» баға алған үшін; 

- ҚА-ға келмеген үшін; 

- ҚА-ға жіберілмеген үшін. 

 

6.6 Практикалардың ұйымдастырылуы және өткізілуі 



 

Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  кәсіптік  практиканың  екі  түрі 

қарастырылған:  зерттеу  және  педагогикалық,  бейінді  магистратурада  -  өндірістік 

практика. 

Педагогикалық  практика  магистранттардың  сабақ  жүргізулері  үшін  3-ші 

семестрде  өткізіледі.  Практика  өтудің  қорытындылары  бойынша  магистранттар 

бітіртуші кафедрада қорғалатын есеп құрастырады. 

Зерттеу (өндірістік) практикасы магистрлік диссертация үшін статистикалық, 

практикалық  және  фактологиялық  материалдар  жинау  үшін  өткізіледі. 

Практиканың  жетекшісі  магистранттың  ғылыми  жетекшісі  болып  табылады. 

Өндірістік  практика  практика  өту  бойынша  келісім-шарт  жасасқан  ғылыми-

практикалық  мекемелерде  өткізіледі.  Практика  өту  барысында  магистрант 

күнделікті істелген жұмыстар жөнінде күнделік жүргізеді.  

Назар  аударыңыз!!!  Егер  сіз  практика  өтпесеңіз  немесе  одан  сынақ 

алмасаңыз, онда ол академиялық қарызға саналады және оны бітіретін курсқа 

дейін жоюға міндеттісіз. 

 

 


 

15 


6.7  Магистранттың өздік жұмысын ұйымдастыру 

 

Оқытудың  кредиттік  технологиясы  жағдайында  магистранттың  өздік 



жұмысына  (МӨЖ)  және  оқытушының  жетекшілігімен  өткізілетін  өздік 

жұмысына  (МОӨЖ)  көп  көңіл  бөлінеді.  Магистрант  өз  бетімен  үй 

тапсырмаларын  орындауға,  кейстерге  талдаулар  жасауға  курстық  жұмыстар 

жасауға және басқа да зерттеу жобаларын жасай білуі керек. 

Өздік 

жұмысының 



барлық 

түрлері 


пәннің 

силлабусында 

нақты 

тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен жазылады.  



Магистрант  оқу  тапсырмаларын,  силлабуста  басқа  түрлері  көрсетілмесе, 

қағаз жүзінде тапсырады.  

 

6.8  Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) 



 

 

МҒЗЖ  магистрлік  диссертация  қорғалатын  мамандықтың  негізгі 



мәселелерімен  сәйкес  болуы  қажет.  МҒЗЖ  және  МСЗЖ    қорытындысы 

магистрлік диссертация болып табылады.  

 

Оқуға  қабылданғаннан  кейін  екі  ай  ішінде  әр  магистрантқа  магистрлік 



диссертацияға  жетекшілік  жасау  үшін  ғылыми  жетекші  тағайындалады. 

Магистранттың  ғылыми  жетекшісі  және  зерттеу  тақырыбы  Ғылыми  кеңестің 

шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі. 

 

Назар  аударыңыз!  Магистрлік  диссертацияның  тақырыбын  және 



ғылыми  жетекшісін  өте  сирек  жағдайларда  дәлелді  себептермен  өзгертуге 

болады және ғылыми кеңестің отырысында бекітіледі.  

 

Магистерлік  диссертацияның  тақырыбын  таңдағаннан  кейін  магистрант 



ғылыми 

жетекшінің 

келісімімен 

диссертацияның 

жоспарын 

жасайды, 

бағдарламасы  мен  әдістемесін  құрастырады,  жұмыстың  мазмұны  мен  оның 

орындалу уақытын анықтайды. 

 

Әр  кезең  соңында  МҒЗЖ  өту  нәтижелері    жазбаша  баяндама  түрінде 



жүзеге  өтеді,  кафедра  отырысында  тыңдалады  және  факультет  деканымен 

бекітіледі. 

Бекітілген  МҒЗЖ  жоспарын    іске  асыру  нәтижесінде  сараланған  несие 

сынып  ретінде  баға  белгіленген  баллдық  -  рейтингтік  әріптік  жүйе  бойынша 

магистранттың  сынақ  кітапшасына  және  МҒЗЖ  емтихан  ведомосына 

қойылады. 

GPA  есептеу  кезінде  ғылыми-зерттеу  жұмысының  қысқаша  мазмұны 

ескеріледі. 

Магистрант    ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  кезеңінде  баяндама 

ұсынылмаған  және  дифференциалдық  сынақ  алмаған  қорытынды  аттестацияға 

жіберілмейді. 

Магистрант    ғылыми-зерттеу  жұмысы  шеңберінде  шетелдік  білім  беру 

және ғылыми мекемелер ғылыми тағылымдамадан өту керек . 

Магистранттың  ғылыми  тағылымдамадан  өту  туралы  есеп университеттің 

ғылыми  тағылымдамадан,  ҒЗИ  басшысы  келісілген  және  қолы  қойылған  болу 

тиісті. 


 

16 


Есеп кафедрасының отырысында талқыланады және факультет деканымен 

бекітеді. 

Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша академиялық кезеңге тиісті 

(орташа  арифметикалық  баға  болып  танлады)  МҒЗЖ    бағалау  кезінде 

ескерілетін,  белгіленген  баллдық  -  рейтингтік  әріптік  жүйе  бойынша  баға  

қойылады. 

Магистрант,  ғылыми  тағылымдамадан  өту  нәтижелері  туралы  есебін 

тапсырмаса  қорытынды аттестацияға жіберілмейді. 

 

6.9  Қорытынды аттестация (ҚА) 



 

  ҚА-ға  мамандық  бойынша  кешенді  емтихан  тапсыру  және  магистрлік 

диссертацияны  қорғау  жатады.  Кешенді  емтиханға  базалық  пәндер  циклынан 

міндетті компонент және кәсіптік оқу бағдарламасының бейіндік пәндері кіреді.

 

Магистрлік  диссертацияны  қорғау  рәсімі    ЖОО-ғы  үлгерімнің  ағымдық 



бақылауы, аралық және қорытынды аттестацияны өткізу  ережесіне сәйкес жоо-

мен өз бетінше анықталады. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кем 

дегенде  бір  ғылыми  басылымда  жарияланған  және  /  немесе  ғылыми-

практикалық конференциясында бір баяндамасы  болу керек.  

 

6.10 Академиялық транскрипт 



 

  

Академиялық  транскрипт  –  семестр  бойындағы  білім  алушылардың 



тыңдаған  курстары,  курстың  мазмұнынан  тұратын  апта  бойындағы  немесе 

семестрдегі  сағаттар  көлемі,  сондай-ақ,  жоо-да  оқу  кезеңдерінде  алынған 

бағалары  жөніндегі баспа түріндегі мәлімет. Транскрипт білім алушының ресми 

құжаты болып табылады. 

 

6.11 Магистранттарды ауыстыру және 



қайта қабылдау ережелері 

 

 



Магистранттардың  ауысуы  –  курстан  курсқа,  бір  білім  беру 

мекемесінен  келесісіне,  бір  оқу  түрінен  келесіге,  бір  мамандықтан  келесі 

мамандыққа ауыстыру түрлерінде жүзеге асырылады. 

 

Магистранттардың ауыстыру және қайта қабылдау жөніндегі өтініштері 



жазғы  және  қысқы  каникул  кезінде  бес  жұмыс  күні  ішінде  білім  беру 

мекемесінің жетекшісімен қаралады.  

 

Бірінші 


академиялық 

кезеңнің 

оқу 

жоспарының 



барлық 

талаптарының  орындалуы  мен  аралық  аттестацияның  (емтихандардың) 

тапсырылуы қайта қабылдаудың міндетті талабы болып табылады.  

 

Ауыстыру  және  қайта  қабылдау  кезінде  бұрынғы  академиялық 



кезеңдерде  оқылған  пәндердің  оқу  жоспары  бойынша  пән  айырмашылықтары 

анықталады.  

 

Басқа оқу орнына ауысқысы келетін білім алушы өзі оқитын жоғары 



 

17 


оқу орнының ректорына ауыстыру жөнінде өтініш береді және ауысуға мөрмен 

бекітілген жазбаша келісім алып, ауысатын ЖОО-ның жетекшісіне жолығады. 

Білім  беру  оқу  жоспарларын  жұмыс  пәндері  бойынша  академиялық 

айырмашылық 

негізінде 

пәндер 


тiзбесiне, 

олардың 


бұрын 

оқыған 


бағдарламалары  және  транскриптке  немесе  оқу  бітірмегендерге  берілген 

анықтамада    жазылған  академиялық  сағат  немесе  кредиттердің  көлемі 

қабылдаушы ұйыммен анықталады, 

Жұмыс  оқу  жоспарынын  пәндер  айырмашылықтарын  жою  мақсатында 

білім  алушы осы пәндер бойынша жазылып академиялық кезең ішінде барлық 

оқу сабақ түрлеріне қатысады, барлық ағымдағы бақылау түрлерін  тапсырады, 

қорытынды бақылауға кіруге рұқсат алады. 

Егер  академиялық  айырмашылық  пәндері  оқу  сабақ  кестесіне  кірмейтін 

болса, білім алушы жазғы семестрде сол пәндер бойынша жазылады.  

Білім  алушылар  қайта  қабылданып  немесе  ауысып  келгенде  келесі  курс 

пререквизиттерге сәйкес құрастырылады. 

Меңгерілген  кредиттер,  білім  беру  бағдарламасын  салыстыру  арқылы, 

меңгерген пәндер мазмұны,көлемі, қалыптасқан білім, біліктілік, дағдылық пен 

құзреттілік  және оқу нәтижесі есептеледі. 

Оқу  пәндері  бойынша  меңгерілген  кредиттер  есептелгенде  қорытынды 

бақылау түрі есепке алынады. 

   

Магистрантты  курстан  курсқа  аудару  (аралық  аттестация)  жиналған 



GPA  балдары    және  жазғы  семестрдің  нәтижелерін  ескере  отырып  оқу 

жылының  соңында  жүзеге  асырылады.  Курстан  курсқа  аударылу    үшін  

магистранттың  оқу  нәтижесі  міндетті  түрде  университетте  тағайыдалған 

аударым GPA балынан төмен болмауы  керек.  

Қабылдаушы ЖОО-ның жетекшісінің атына берілген ауыстыру жөніндегі 

өтінішке төмендегі құжаттардың:  

- оқу  жұмысы  жөніндегі  проректор  және  тіркеу  бөлімінің  бастығының 

қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскриптің; 

- оқыған  университетінің  ректорының  атына  жазылған  өтініштің 

көшірмесі (ректордың қолымен және мөрімен) көшірмелері қоса беріледі.   

Білім алушылардың қатарына қабылдану және оқу жоспарындағы пән 

айырмашылықтарын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады !!! 

Оқу төлем ақысын төлемегені үшін семестр бойында оқудан шығарылған 

ақылы  негізде  білім  алушылар  төлем  ақы  бойынша  қарыздарын  өтесе,  оқудан 

шығару уақытынан бастап төрт аптаның ішінде қайта қабылдануға құқылы. 

Магистрант мемлекеттік тапсырыс негізінде бір ЖОО-нан келесісіне, 

бір  курсқа  төмен  ауысады  немесе басқа  мамандыққа  ауысқан  жағдайда  ол  оқу 

грантын жоғалтады. 

ЖОО-нан шығарылған магистрант оқудың кез-келген түріне, кез-келген 

мамандыққа  және  кез-келген  ЖОО-на  оқудан  шығарылу  уақытынан  тәуелсіз 

білім алушылардың қатарына қабылдана алады. 

 


 

18 


Сол  курсқа  ауыстыру  және  қайта  қабылдау  егер  оқу  жоспарындағы 

айырмашылық  міндетті  компоненттің  үш  пәнінен  аспаған  жағдайда  ғана 

жүзеге асырылады. 

 

 



 

6.12 Академиялық демалыс 

 

Академиялық демалыс – білім алушы денсаулығына байланысты, сондай-



ақ  аяғы  ауыр  және  босанғаны  себепті,  сонымен  бірге  Қазақстан 

Республикасының  Қарулы  күштері  қатарына  шақырылуы  себепті  білім  беру 

мекемесіндегі өзінің оқуын уақытша тоқтату кезеңі. 

Академиялық  демалыс  дәрігерлік-кеңес  комиссиясының  (ДКК)  шешімі 

негізінде 6 айдан 12 айға дейін беріледі. 

Академиялық демалыс берудің мүмкіндігі туралы дәрігерлердің шешімін 

шығару  үшін  магистрант  А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ-нің  Бастапқы 

дәрігерлік-санитарлық көмек орталығына өзі қаралған медициналық мекемеден 

аурудың тарихы жөнінде нақты  көшірме әкеледі. 

Магистрант  академиялық  демалысты  рәсімдеу  үшін  ректордың  атына 

өтініш  береді  және  ДКК  немесе  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері 

қатарына  шақыру  туралы  анықтаманы  көрсетеді.  ДКК  демалыс  берудің 

қажеттілігі жөнінде шешім шығарады. 

Ректор  магистрантқа  академиялық  демалыс  беру  туралы  және  оның 

басталуы мен аяқталу уақыты көртетілген бұйрық шығарады.  

Магистрант  академиялық  демалыстан  шығарда  ректордың  атына  өтініш 

береді  және  өзі  қаралған  емдеу  мекемесінен  денсаулық  жағдайы  туралы  ДКК 

анықтамасын әкеледі. 

Академиялық  демалыстан  шыққан  магистрант  оқу  жоспарындағы 

пәндердің  айырмашылығын ақылы  негізде  жоюы керек. Магистрант  ағымдағы  

сабақтармен  бірге  айырмашылықтарды  жою  үшін  семестр  бойындағы 

сабақтардың  бәріне  де  қатысады,  ағымдық  бақылаудың  барлық  түрін 

тапсырады  және  емтихан  тапсыруға  рұқсат  алады  немесе  айырмашылықтарды 

құрайтын пәндерді жазғы семестр кезінде оқиды. 

 

7. Оқу төлем ақысы 



 

 

Магистрант    өзінің  оқуының  төлем  ақысын  уақытымен  төлеуге  міндетті. 



Оқуға  «Центр  Кредит»  банкінің  №  6  есеп-касса бөліміне  (бас  корпус  т.  51-18-

61),  сондай-ақ  осы  банктің  Қостанай  облысындағы  кез-келген  филиалына 

төлеуге болады. 

«Центр Кредит» банкінің № 6 есеп-касса бөлімінің жұмыс уақыты күнде 

сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс: 13.00-14.00,  демалыс күндері – 

сенбі, жексенбі.  

Магистрант бас корпустың 133-кабинетінен (бухгалтерлік есеп және есеп 

беру бөлімінің қаржылық тобы  оқу төлем ақысы бойынша кез-келген кеңес ала 

алады: Ахметқалиева Гүльнар Тлемісқызы). 

 

Грант иегерлері болып табылатын студенттерге ақпарат 



 

19 


  Назар  аударыңыз!!!  Стипендия  алу  үшін  «Центр  Кредит»  банкінің 

төлем  карточкасын  алуды  рәсімдеу  керек.  Сол  үшін  университет  бас 

корпусындағы  «ЦентрКредит»  банктің  есеп-касса  бөліміне  келесі  құжаттар 

ұсыну  қажетті:  1)  жеке  куәлік  оригиналы  (ИИН),  2)  оқу  орнынан  анықтама 

және 1-ші жыл қызмет жасаған үшін 600 теңге көлемінде төлену керек. 

 

Одан  кейін  карточкамен,  жеке  куәліктің  көшірмесімен,  мемлекеттік  оқу 



грантының  тапсырылуы  жөніндегі  анықтамамен  қыркүйектің  20-на  дейін 

бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне (бас корпустың 133-кабинеті, т. 39-

06-18)  20  қыркүйекке  дейін  бару  керек.  Жеке  куәлікті  және  карточканы 

ауыстырғанда  бухгалтерлік  есеп  және  есеп  беру  бөліміне  міндетті  түрде 

хабарлау керек. 

 

8.  Ақпараттық білім беру орталығы 



 

Университетте қазіргі заман талабымен жабдықталған және жобаланған 4 

абонементті  («Оқу  әдебиеті»,  «Ғылыми  әдебиет»,  «Мемлекеттік  тілдегі 

әдебиет»,  «Университет  ПОҚ  басылымдары»),  оқу  залдарын,  Интернет  және 

дәріс залдарын, лингафон кабинетін, әдеби қонақжайды қамтитын  ақпараттық-

білім  беру  орталығы  «Білім  орталығы»  жемісті  жұмыс  істейді.  Бұнда  жеке 

жұмыс  жасауға  арналған  кабиналар  да  бар.  Электронды  кітап  беру  енгізілді. 

Оқу  залдары  ашық  қолжетімділік  жағдайында  жұмыс  істейді,  қорды  сақтау 

мақсатында  өртке  қарсы  қақпа  орнатылған.  Оқырмандармен  кітапханашы-

консультанттар жұмыс істейді. 

Орталықтың  қызметі:  профессорлық-оқытушылар  құрамы  мен  білім 

алушылар  ақпараттық  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  пайдаланушылардың 

ақпараттық мәдениетін көтеру, қазіргі технологиялар негізінде олардың жұмыс 

дағдыларын дамыту. Осы міндеттерді орындау үшін АБО «Білім орталығында»   

қазіргі  заманғы  компьютер,  ұйымдастыру  техникасы  мен    аппараттық 

бағдарлама құралдарымен  жабдықталған барлық керекті тамаша материалдық-

техникалық база және кәсіби сауатты ұжым бар. Жыл сайын кітапхана қоры 20 

мың  дана  басылымдармен  толығады,  320  атаулы  газет  пен  журналға  жазылу 

жүргізіледі. 

Интернет  залда  жоғары  жылдамдықтағы  жеке  желі  бойынша  Интернет 

жүйесіне қолжетімділік бар. 

Назар  аударыңыздар!!!    Абонементтер  мен  интернет-зал  жұмысының 

тәртібі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; оқу залдары: күн сайын 9.00-

ден 19.00-ге дейін; сенбіде 9.00-ден 14.00-ге дейін; демалыс – жексенбі. Айдың 

соңғы жұмыс күні – санитарлық күн!!! Мекен-жайы: «Білім орталығы» АБО : 

Абай  даңғылы,  28.  Тел.  55-85-23,  53-78-75.  Электронды  мекенжай: 

bibl_ksu@mail.ru 

 

9.  Бастапқы  дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы 



 

Университетте бастапқы  дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы жұмыс 

істейді. Орталық үш мекен-жай бойынша орналасқан:  


 

20 


-  Бас  ғимарат  Байтұрсынов  көшесі,  47,  101  каб.,  т.  51-11-63,  жұмыс 

уақыты: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін,  

демалыс  күндері  –  сенбі,  жексенбі;  фельдшер  және  медбике  қабылдау 

жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.  

Абай    даңғылы,  28/3  (емдеу-сауықтыру  орны,  55-85-81),  жұмыс  уақыты: 

күн  сайын  8.00-ден  17.00-ке  дейін;  түскі  үзіліс  12.00-ден  13.00-ге  дейін; 

демалыс күндері – сенбі, жексенбі; терапевт, фельдшер және медбике қабылдау 

жүргізеді; емдеу - егу кабинеттері бар. 

-  Наурыз  шағын  ауданы,  Ветеринария  факультетінің  ғимараты, 

Маяковский көшесі, 99/1, т. 55-85-75, жұмыс уақыты: күн сайын 8.00-ден 17.00-

ге  дейін,  түскі  үзіліс  12.00-ден  13.00-ге  дейін,    демалыс  күндері  –  сенбі, 

жексенбі; фельдшер қабылдау жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.  

Университет  №1  емханамен  шарт  жасасқан,  онда  студенттер    тегін 

тексеруден өтеді, анализдер тапсырып,  дәрігер-мамандардан кеңес ала алады. 

Студеттерге  тегін  қаралу  үшін  жылда  бір  рет  флюрографиялық 

жылжымалы пункті жұмыс істейді. 

 

 

Жазбалар үшін 



 

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________ 





Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет