16
мектеп жасына дейінгі баланың болашақ құзыретті тұлға болып қалыптасуының
алғышарттары болмақ. Дене тәрбиесінің аталып кӛрсетілген мақсатына сәйкес:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту,
ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ ӛмірін қамтамасыз ету;
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру,
дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, тӛзімділік т.б.)
қалыптастыру,
арнаулы
білімді
меңгеру,
ұйымдастырушылық
қабілеттерді бойға сіңіру;
3. Тәрбиелеу міндеттері: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек,
т.б.тәрбиелерге ықпал ету сияқты міндеттерді шешу қарастырылады.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар құрамына байланысты,
олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне,
дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланды. Дене
тәрбиесі теориясы мен әдістемесі мазмұны дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің
дамуын, қоғамда алатын орнын, ерешеліктерін, заңдылықтарын белгілеп,
талдайды. Мектепке дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері құралдары,
бағдарламалары, жас кезеңіндегі дене тәрбиесі, дене тәрбиесіне үйрету,
тәрбиелеу, дамыту, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, мектепке
дейінгі дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларын, дене тәрбиесін жоспарлау
және есепке алу, дене тәрбиесіне әдістемелік басшылық, отбасы, мектеппен
сабақтастық мәселелерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: