Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы



бет11/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы. Дене тәрбиесінің
теориясы мен әдістемесінің пайда болуы мен даму кезеңдері тӛмендегі
жайлардан туындаған:
1.Қоғамдык ӛмір практикасы. Қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар
адамдарға мұқтаждығы, дене тәрбиесінің заңдылыктарын тануға деген
ұмтылысты туғызады және соның негізінде адам денесін жетілдіруді басқару
жүйесін құруды қажет етті.
2.Дене тәрбиесінің практикасы. Тек кана практика жағдайында барлық
теориялық қағидалардың ӛміршеңділігі тексеріледі. Осындай жағдайларда ғана
дене тәрбиесінің теориясы мен

әдістемесі жаңа қағидаларды жасау кажеттілігі


тың идеялар туындауы мүмкін.
3.Әртүрлі кезеңдерде және әртүрлі елдерде философтардың, педагогтардың,
дәрігерлердің жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу жолдары және
мазмұны жӛніндегі айтқан прогрестік идеялары.
4.Ӛзінің дамуының жоғары деңгейінде дене тәрбиесінің теориясы мен
әдістемесінің жетекші қайнар кӛзі еліміздің Конституциясы болып табылады;
5.Ел үкіметінің дене шынықтырудың жағдайы және жетілдіру жолдары туралы
каулылары;
6.Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер нәтижесі.
Тарихи ӛзінің даму жолында дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
бірнеше кезеңдерден ӛтті.
Бірінші кезең - қозғалыс дағдыларының организмге әсері жӛніндегі
эмпиризмдік (сезім қабылдауларын, тәжірибені дүние танудың бірден-бір
бұлағы деп тауып, теориялық қорытындыларды бағаламайтын, сол себепті



17
құбылыстардың ӛзара байланысын және даму заңдарын аша алмайтын


(философиялық ілім) білім кезеңі. Адам баласы оны күнделікті қозғалыс
қимылында алды. Эмпиризмдік білімнің жинақталуы адамды «жаттығудың
тиімділігін» түсінуге және тәжірибені ӛзгелерге беру әдістерін танып білуге
әкелді. Бұның ӛзі дене жаттығуларының пайда болуының алғышарттары болды,
ал одан кейін дене тәрбиесінің де пайда болуына әкелді.
Екінші кезең - дене тәрбиесінің ең алғаш әдістерінің жасалу кезеңі. Ол ежелгі
және орта ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл
әдістер тәжірибе жолымен жасалды. Педагогтар, философтар және дәрігерлер
адам организмі қызметінің заңдылықтарын әлі біле қойған жоқ, дене
жаттығуларының әсер ету механизмін түсіндіре алмады, сол себепті дене
шынықтыру жаттығуларымен айналысу тиімділігін тек «сыртқы» ӛзгерістер
(адам шыдамды, күшті, ӛзіне керекті дағдыларды игерді) бойынша ғана
анықтады. Дене тәрбиесі әдістерінің ең белгілісі Ертедегі Грекияда жасалынып
пайдаланған әдіс. Ол әдіс бірыңғай жүйеге белгілі бір іс-қимылдарды, сонымен
қатар үйрету әдістерін, адам бойындағы қасиеттерді арттыру жолдарын
біріктірді. Орта ғасырлар кезеңдерінде әдістер саны үнемі артып отырды және
гимнастикадан, жүзуден, ойындардан, садақ атудан, семсерлесуден, атпен
жүруден алғашқы кӛмекші құралдар пайда бола бастады.
Yшінші кезең - дене тәрбиесі туралы теориялық білімнің тасқынды түрде
жиналуы. Қайта ӛрлеу кезеңінен XIX ғасырдың аяғына дейінгі аралықты
қамтиды. Адам туралы, оны тәрбиелеу және үйрету, оны емдеу туралы
ғылымның дамуы философтарды, педагогтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі
проблемаларына назар аударуға тартты. Дене тәрбиесінің атқаратын қызметі
жӛнінде педагогикалық, философиялық, дәрігерлік ой-пікірлер жинақтала
бастады. Әрине, ой-пікірлер бұл кезде әлі жүйелі түрде жинақталмағандығын
байқауға болады, себебі олар жекелеген ғылымдардың (педагогиканың,
философияның, медицинаның) ӛз ішінде ғана туындаған. Жоғарыдағы аталған
ғылымдардың ӛкілдері кӛптеген «ӛзіндік» мәселелерді адам ӛмірінде дене
тәрбиесінің атқаратын қызметін есептемей шешу мүмкін еместігін түсінді.
Қайта ӛрлеу дәуірінің ӛзінде-ақ педагог-гуманистер және социалист-утопистер
дене тәрбиесіне тұтастай тәрбиенің міндетті бӛлігі деп караған. И.Г.Песталоцци
(1746-1827) балалардың қозғалыс мүмкіншілігін дамытуға арнап, «Буын
гимнастикасы» теориясын құрып дене жаттығуларының, жалпы педагогикалық
талаптарына сай құрыла бастағанын атап кӛрсетеді. XVІІІ ғасырда анатомдар
дене шынықтыру жаттығуларының биомеханикалық саласында ізденістер
жасаған, ал XIX ғасырда дене тәрбиесі туралы жұмыстар кӛріне бастады. Қоғам
ӛміріндегі дене тәрбиесінің атқаратын кызметіне байланысты объективтік баға
беру үшін К.Маркс пен Ф.Энгельстің еңбектері маңызды орын алады. Бірінші
рет, олар, ғылыми түрде тәрбиенің тарихи және таптық сипатын дәлелдеді.
Тәрбиенің мазмұнын ашып берумен қатар, дене тәрбиесінің орнын анықтады,
адамды жан-жақты тәрбиелеу кағидаларын жүзеге асыру жолдары кӛрсетілді.
Сӛйтіп, бұл кезеңде дене тәрбиесі теориясының негізі қаланды. XIX ғасырдың
басынан бастап дене тәрбиесінің теориясы ғылыми білімнің жеке саласы
есебінде калыптаса бастады.



18
Тӛртінші кезең - біздің елімізде жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене


тәрбиесінің теориясы мен әдістерінің құрылу кезеңі. Бұл кезең XIX ғасырдың
аяғы мен Қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды және дене
тәрбиесінің проблемалары жӛнінде арнаулы ізденістердің тасқынды дамуымен
сипатталынады. Осы уақытта, қоғамдық ӛмірдің кӛптеген салаларына дене
тәрбиесі әсерінің ықпалы тигендігін аңғаруға болады. Дене тәрбиесі
саласындағы ғалымдар арасында ең жарқын ӛкілдерінің бірі П.Ф.Лесгафт
(1837-1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикадан,
антропологиядан, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінен еңбектерінің
кӛпшілігі прогрестік бағытта болды, сондықтан жеке ғылыми және оқу пәні
есебінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдісінің негізіне енді.
Бесінші кезең - Қазан революциясынан бастап қазіргі кезеңмен ӛлшенеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет