Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


 - тақырып. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылыми - зерттеу



бет13/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

2 - тақырып. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылыми - зерттеу 
әдістері 
1. Зерттеу әдістерін ұйымдастыру (бақылау, әңгіме, эксперимент, теориялық
талдау және қорыту әдістері: оқып білу, талдау, қорыту, ғылыми
әдебиеттермен жұмыс, сауалнамалар әзірлеу, бақылау, құжаттарды зерттеу,
оқушы жұмысын зерттеу, математикалық әдістер)



21


Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі зерттейтін мәселелердің ауқымы кең.
Зерттеу кезінде педагогикалық әдістер ғана емес, шектес ғылымдарда –
социологияда, психологияда, физиологияда, антропологияда, биохимияда, т.б.-
да пайдаланылатын әдістер де қолданылады.

Методология - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның


методологиясы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін
(зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды
анықтайды. Әрбір ғылымның ӛзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері
бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты. Кез келген
ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді, ӛзіне тән
әдістерін қолданады. "Даму" сӛзі - философиянікі. Ғылым ӛз пәнін үнемі
зерттеп отырмайынша дами алмайды. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі
ғылымы да ӛзінің күш-жігерін дене тәрбиесі мәселелерін зерттеуге бағыттайды.
Әдіс - бұл белгілі бір қорытындыға жетуге кӛмектесетін әрекеттердің
жиынтығы. Сондай-ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай,
олардың іс-әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін
алуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни
қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым
саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы
әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын,
жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары
арасында
бірқатар
айырмашылықтар
бар.
Жаратылыстану
ғылымы
методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда
қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында
заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерін толығымен қарастырады.
Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан
пәннің ӛзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік
таным ӛзін-ӛзі жоюшы нәтижеге алып келеді (―биржаның заңдарын білу осы
заңдардың ӛзін жоюға әкеліп соғады‖-деп жазды кибернетиканың негізін
салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген
фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік
таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса
үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден
объективті үрдіс пайда болып, солармен түсіндіріледі. Гуманитарлық таным
методологиясының ӛзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда
жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологияларының бір-біріне
жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық
айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Зерттеулер теориялық және эмпирикалық, ғылыми әдістер эмпирикалық


және теориялық әдістер болып бӛлінеді. Эмпирикалық әдістерге тӛмендегілер
жатқызылған:
1) бақылау - объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу - объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің
кӛмегімен бекіту;



22
3) ӛлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;


4) тәжірибе жасау - құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар
қайталанғанына байланысты ӛзгерістерді арнаулы дайындалған орындар
арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге тӛмендегілер


жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын
абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру - дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді
қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер
тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың
жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның
ӛзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және
жеке ғылыми әдістерге бӛлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық
ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде
пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен
синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия,
классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.
Интерғылыми әдістерге - экстрополяция, интерполяция, модельдеу,
ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.
Жеке ғылыми әдістердің кӛптеген ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде тӛмендегілерді бӛліп кӛрсетуге болады:
 анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас
бӛліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бӛлу;
 синтез – заттың құрамдас бӛліктерін біртұтас затқа біріктіру;
 абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес
қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері
мен қарым-қатынастарын бӛліп алу;
 жалпылау - объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін
анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
 индукция - жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға
мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
 дедукция - жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік
беретін талқылау әдісі;
 аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде
олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі,
басқаша
айтқанда,
аналогия-ғылымның
бір
саласындағы
қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалы:
тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
 классификация - зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды
белгілері бойынша түрлі топтарға бӛлу (әсіресе, биология, геология,
география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бӛлімдері).



23


Зерттеу процесі барысында тӛмендегідей интерғылыми әдістер
қолданылады:
 экстрополяция - ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі
тенденциялардың
ашылуы,
яғни
жасалған
заңдар
мен
тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
 интерполяция
-
құбылыстардың
динамикалық
қатарында
кӛрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу
негізінде параметрлерді, функцияларды, кӛрсеткіштерді табу;
 модельдеу - шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың
логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау,
яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу -
түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-
дәл кӛшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
 ретроспекция - объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін
зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі
уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
 эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары
мен ойлары;

Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін тӛмендегі әдістерді


қолданады:
 декомпозиция - үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бӛлу;
 селекция - зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы
жоқ фактілерді алып тастау;
 агрегирование - жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға
біріктіру.
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау,
яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.

Жоғарыда айтылып ӛткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара


түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде
қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін
олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.
Тақырыбымыз мектепке дейінгі дене тәрбиесінің зерттеу әдістері туралы
болғандықтан осы салада жиі қолданылатын зерттеу әдістеріне ғана түсінік
беруді жӛн деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет