348
балалардың 8 %-ына дейін сабаққа қамту мақсатымен олардың желісін кеңейту
жӛніндегі жұмыстарды жалғастыру;
спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар мен елдің
барлық ӛңірлерінде олимпиада резервін даярлаудың толыққанды ӛңірлік
орталықтарын дамыту жӛніндегі жұмыстарды жалғастыру;
олимпиадалық даярлық, соның ішінде мамандандырылған орталықтарды
дамыту;
спорттық күнтізбеде жоспарланған республикалық іс-шараларды ӛткізуді
және елдің құрама командалары мен үздік спортшыларының әлем, Азия
чемпионаттарын, Олимпиада және Азия ойындарын қоса алғанда, халықаралық
жарыстарға, басқа да ресми және халықаралық іріктеу спорттық іс-шараларына
қатысуын қамтамасыз ету;
спортшыларды - әлем чемпиондары және халықаралық жарыстар мен
чемпионаттардың
жүлдегерлерін
және
олардың
жаттықтырушыларын
ынталандыру жүйесін жетілдіру;
Алматы қаласындағы «Шаңырақ» шағынауданында «Спорттағы дарынды
балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесін
құру.
Қазақстанның дүниежүзінің бәсекеге қабілетті
елу елінің қатарына кіру
стратегиясына қол жеткізуі республика спортшыларынан халықаралық аренада
жоғары нәтижелерге жетуді талап етеді.
Спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды
тәрбиелеудегі
проблемаларды табысты шешу үшін түпкілікті нәтижеге - әлем,
Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында жүлделі
орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін
факторларды қатаң ескеру қажет:
таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары
дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң түрде сай болуы;
спорт мамандығын таңдау, кӛпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу,
жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде нақты әрбір спортшының
жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою;
жаттығу және жарыс жүктемесінің, демалудың, тамақтанудың,
жұмыс
қабілетін қалпына келтіру, ынталандыру құралдарының және іс-қимыл
мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу;
даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту - спортшы ағзасының іс-
қимыл мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беретін аспаптарды,
жабдықтарды және әдістемелік тәсілдерді пайдалану;
спортшылардың
жаттығу
әсерлерінің
факторларына
бейімделу
процестерін жеделдетуге, олардың басты жарыстарға
тікелей даярлығының
тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орташа биіктіктегі және биік таудағы
жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру;
бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс қызметінің оңтайлы құрылымына
қол жеткізуге бағдарлау;
349
даярлық жүйесінің қарқындылығы, оған олимпиадалық спортты
дамытудың жалпы үрдістері ретінде, сонымен бірге нақты спорт түрлерінің
даму ерекшеліктері ретінде де тұрақты зерделеу мен есептеу негізінде жедел
түзетулер жасау - жарыс ережелерін және оларды ӛткізу шарттарын ӛзгерту,
жаңа мүкәммалдар мен жабдықтарды қолдану;
халықаралық спорт федерациялары
тарататын әдістемелер мен
ақпараттық материалдарды қолдана отырып, елдің құрама командаларында оқу-
жаттығу процесін ұйымдастыруда республикалық қоғамдық бірлестіктердің
рӛлін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: