Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет5/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс
ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының кӛмегімен адамның кӛңілін
кӛтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке кӛшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру -
адам организмінің ауырған жеріне массаж жасау, булау, су процедуралары
арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-
жақты дайындығы жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл
ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Дене әзірлігі - бұл дене шынықтыру кешенінің талаптары мен нормалары
және Біртұтас спорттық жүйемен (спорттық разрядтар мен атақтар)
анықталатын қозғалыс дағдыларының, іскерліктің, дене қасиеттерінің даму
деңгейі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық
негізгі түрлері бойынша нормативтік кӛрсеткіштер және оларды орындаудың
сапасына қойылатын талаптар («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
бағдарламасында») талдап жасалған.
Дене жетілуі - дене дамуының тарихи шартты деңгейі. Денсаулықтың,
ӛмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары
дәрежелігі. «Дене жетілуі» ұғымының белгілері ӛскелең қоғамдық қажеттіктер
- ӛндіріс қажеттіктері, сондай-ақ адамның ӛзінің ынта-ықыласы әсерінен
ӛзгеріп отырады. Әр тарихи дәуір үшін дене жетілуінің ӛзіндік деңгейі тән.
Құлдық пен қаналушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше
жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады. Біздің
елімізде және басқа да кӛптеген мемлекеттерде адамзаттың интеллектуалдық,
моральдық, дене жағынан жарасымды дамуы жайындағы арманы жүзеге асуда.
Кәсібі, жынысы, жасы әртүрлі адамдар дене жетілуінің ӛзіндік ерекшеліктері
бар.
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі, ол арнаулы
білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы - дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке
немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы (мысалы, актердің,
ұшқыштың, ғарышкердің, спортшының т. б. дене машықтығы). Дене



8
машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшеліктеріне


байланысты дене жаттығуларын жасаудың міндеттері, ӛзіндік ерекшеліктері,
құралдары, әдістемесімен сипатталады. «Жалпы дене дайындығы»-дене
тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау
үшін бағытталған процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік,
спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет