Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет14/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Бақылау. Бақылау баланың мінез-құлқын әртүрлі жағдайларда кӛруге
мүмкіндік береді. Бақылау арқылы ӛте құнды материалдар алынады.
Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің кӛрсеткіші. Л.Н.Толстой "Педагог
баланы үнемі бақылап, ол туралы кӛзқарасын ӛзгерту үшін қайта бақылау
керек", - деген. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің
бәрінің қатысуына байланысты. Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында
қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс
мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау - еңбек
операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бӛлігі. Алынған мәліметтер бірден
ӛңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы
материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі.



24
"Нақты пайымдау" ой елегінен ӛткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы


күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда
белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі. Бақылау тиімді болу үшін басқа
әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және
нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес. Зерттеушінің зерттеу объектісімен
байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері
белгіленеді. Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама
бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, мектепке дейінгі
балалар ойындарын жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол
үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы,
зерттеушінің дайындығына байланысты. Зерттелетін құбылыстардың жасырын
жерлеріне енуге мүмкіндік беретін ӛзін-ӛзі бақылау. Мысалы: бақыланушы
зерттеушінің сұрауымен ӛздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй
тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің
дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты. Адамның
жеке ӛзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады.
Бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық
бақылау педагогикалық процестің нақты кӛрінісін береді. Ашық және жасырын
бақылау кӛмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді. Үздіксіз
бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы:
сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады. Монографиялық
бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы:
биыл қабылданған балаларды зерттеу. Бақылау фактілері кезінде белгіленіп
отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың ӛзі де құндылығын жоғалтады.
Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі қысқаша
мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жӛнінде жазулар болады. Жазулар
хронологиялық тәртіппен жүргізеді. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сабақтан
тыс кезінде барлығын түгел жазып отыруға педагогтың уақыты жоқ. Дегенмен,
қысқаша жазып отыру керек болады. Балалардың айтқан сӛздерін, олардың
сӛздерінің ӛздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сӛзбе-сӛз жазған немесе
арнайы жазу құралы арқылы жазып алған жӛн.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен
толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке
адамдардың дербес ерекшеліктерін ескеру керек. Себебі, кейбір зерттелуші
сұраққа жауап бермей, ӛзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды.
Сондықтан әңгімелесуге алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге
жазылады. Кейде білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме бақылау және
экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет