Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет72/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Жүйелілік қағидасыДене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа
үйретудегі жақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда
ғана болады. Жүйелілік - сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы
жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеген абзал.
Сондықтан да жүйелілік қағидасын қолданғаңда ӛткен сабақтың ізін, ӛтіліп
жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жатуы керек. Қорытындысында кӛп
сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмінің
берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайындық деңгейі
кӛтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу
кезендерінің алмасуымен ӛтеді, бұлардын негізінде бір-бірімен байланысты
организмнің болдыру және қалпына келу процесі жүреді.
Бұл жүйе тӛрт кезеңнен тұрады:
Жұмыс кезеңі - бұл кезеңде белгілі бір жұмыс кӛлемі орындалады, қозғалысты
қамтамасыз ететін қуат кӛзі таусыла бастайды, организмнің жұмыска
қабілеттілігі тӛмендейді.
Салыстырмалы қалыптасу кезеңі. Мұңда жұмыс ауытқуының орнына жұмыс
қабілеттілігі, функционалдық кӛрсеткіштер жұмысқа дейінгі деңгейге келе
бастайды.
Жоғары ӛтем кезеңі. Организм жұмысқа кеткен қуатты артығымен қалпына
келтіреді.
Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс
қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді.
Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы
демалысты екі күннен әрі созбау керек. Ӛткен сабақтың әсері толық жоғалмай
тұрғанда келесі сабақ ӛтілуге тиіс. Оқу материалының жүйелілігі және оны
жүзеге асыру әдістері оқытудың міндеттері мен мақсаттарына байланысты. Ӛз
кезегінде
міндеттер
мен
мақсаттар
жаттығушылар
контингентінің
ерекшеліктерін, жаттығуды жасау кезіндегі жағдайын, т.б.-ды бейнелейді.
Балалардың жасының, дене дайындығының деңгейі оқытудың жүйелілігіне тез
арада әсер етеді. Бағдарламадағы оқу материалы, оның мазмұны
жаттығушылардың жас ерекшеліктеріне сай келіп белгілі бір жүйелілікке ие
болуы қажет. Бұл қағиданың негізі-педагогикалық процестің мазмұнының
тұтастық дәрежесіне үйрету тиімділігінің тәуелділігін ашып кӛрсететін
заңдылық болып табылады. Мазмұнның тұтастығы үйретудің кез келген
бӛлігінде жаттығуды ұйымдастыру формаларын, әдістерін, құралдарын, ӛзара
байланысты міндеттер жүйесінің болуын қамтиды. Педагогикалық процестің
бұл элементтерінің қабілеттілігі, әрбір жеке элементтерге жатпайтын сонымен
қатар, жаңа мүмкіншіліктер тудыратын ӛзара байланыстарға әкелу жүйелік
мақсатын кұрайды. Жүйелілік пән ішіндегі және пән аралық байланысты
орнықтыру арқылы қамтамассыз етіледі. Білім мен дағдының жүйелілігі - ойлау
кезіндегі жүйелілік дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.



124
Жеке сабақтың жүйелілігі оның барлық элементтерінін логикалык бір-біріне


бағыныштылығына тәуелді. Сабақтардың бірыңғай тіркесі, белгілі календарлық
уақыттың шеңберінде оқу материалдарының кейбір кӛлеміне үйренуге
бӛлінетін сабақтар сериясынан құралады. Қандай да болмасын оқыту жүйесі
дене тәрбиесі білімінің деңгейі мен нақты бағытын анықтайды. Олай дейтін
болсақ, білімнің әрбір түрі, тиісті, әдістер, кұралдар кӛмегімен оқу-тәрбие
міндеттерінің арнайы жүйесін шешуді талап етеді. Жүйелілік қағидасы дене
тәрбиесі мақсатында пайдаланылатын шараларының бүкіл кешені үшін
(шынықтыру, қимыл-қозғалыстық дағдыларды қалыптастыру) жетекші,
міндетті болып табылады. Жүйелілік - мектеп жасына дейінгі кезеңнің бүкіл
бойында
дене
тәрбиесі
процесінің
үздіксіздігінде,
реттілігінде,
жоспарлылығында; ағза үшін жүк түсіру мен дем алдыруды алмастыру,
міндетті дене шынықтыру сабақтарының ширақ реттелуінде, олардың
сабақтастығының, мазмұндарының әртүрлі жақтарының ӛзара байланысының
бір ізділігінде болады. Сипаты жӛнінен әртүрлі дене жаттығуларын (ертеңгілік
гимнастика, дене шынықтыру сабақтары, серуендегі қимыл-қозғалыстық іс-
әрекет т. б.), сондай-ақ шынықтыратын шараларды жүйелі түрде күн сайын
белгілі бір уақытта орындап тұру балаларды белгіленген денсаулық сақтау-
тәрбиелеу тәртібіне әдеттендіреді. Дене жаттықтырумен үнемі айналысу
әсерімен ағзада әртүрлі жүйелердің, мәселен, жүрек-қан тамырлары жүйесінің
және т. б. жақсы ыңғайда қайта құрылуы жүріп жатады. Жүйелі айналысуды
тоқтатқан, үзіліс кезде қол жеткен функционалдық мүмкіндіктер деңгейінің
тӛмендеуі, ал кейде белсенді бұлшық еттік тканьнің меншікті салмағының
азаюынан, оның құрылымдық компоненттерінің ӛзгеруінен және басқа
жағымсыз құбылыстардан кӛрінетін регресс те байқалады. Сӛйтіп, дененің
толық дәрежеде жетілуі үшін алдағы сабақтар тудырған жақсы ӛзгерістердің
дамуын қамтамасыз ететін дене тәрбиесі процесінің үзіліссіздігін сақтау және
оларды бұдан кейінгі сабақтарда (дене шыныктыру сабақтары, ертеңгілік
гимнастика, ойындар және жаттығулар) бекемдендіре түсу қажет. Дене тәрбиесі
қалыптасатын қимыл-қозғалыстық дағдыларды қайталауды талап етеді. Қимыл-
қозғалыстық динамикалық стереотиптер кӛптеген қайталаулар кезінде ғана
қалыптасады. Тиімді қайталау үшін игерілген нәрсе жаңамен үйлесетін, яғни,
қайталау процесінің түрленгіштік сипаты болатындай (жаттығуларды,
орындалу шарттарын ӛзгерту, әдістер мен тәсілдердің әртүрлілігі, сабақтың
формасы мен мазмұнының тұтас алғанда айырмашылығы) жүйе қажет.
Мұнымен бірге қайталау морфологиялық және функционалдық реттегі ұзақ
уақыттың бейімделгіштік қайта құрылуын қамтамасыз етеді, осылардың
негізінде дене қасиеттері дамиды (A. Н. Крестовников). Жаттығулардың
түрленгіштігі балаларда бағдарлау-зерттеу рефлексін, ынта, эмоция, назар
тудырады. Қалыптасқан динамикалық стереотипке жаңа қоздырғыштарды
ендіру күрт ӛзгеріссіз бірте-біртелікті сақтаған кезде болып жатады. И. П.
Павлов педагогикада бірте-біртелік пен жаттығуды негізгі физиологиялық
ереже деп санау қажет екенін атап кӛрсетті.



125



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет