199
қалғанша орындалады. Бұл жағдайда соңғы әрекеттерде күш түсірудің шегіне
жету әсері байқалады, жаттығуға кӛптеген бұлшық еттер саны қатысып,
кӛмектесе бастайды.
Бірінші аймақ: жаттығу сабағында қарсыласу шамасы 4-12 ҚМ (максимумнан
30-70), 3-6 сериямен орындалады. Серия арасындағы тынығу 2-4 минут.
Мұнда организм толық бастапқы қалпына келмейді. Бұл жерде абсолюттік
күш және күш тӛзімділігі дамиды.
Екінші аймақ: қарсылық шамасы 15-25 ҚМ (максимумнан 30), 15 сериядан
артық орындалады. Серия арасындағы тынығу 2-4 минут. Мұнда күш
тӛзімділігі дамиды. Жаттығу ӛте тез қарқында орындалса, күш
жылдамдылығы қасиеті ӛседі. Қайталап күш салу әдісі балаларды
зақымдандырмайды. Тәсілді жақсарту жұмысын жеңілдетеді, зат алмасу
процесін жеңілдетеді, бұлшық етті ӛсіреді. Жеке бұлшық ет топтарын дамыту
үшін қолдануға болады.
3.Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі: балалар мен жасӛспірімдердің
күшінің ӛсу қарқыны сүйек-бұлшық ет жүйелерінің морфофункционалдық
ӛзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық жетілуіне, қозғалыс белсенділігі
деңгейіне, т.б. кӛптеген себептерге байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппаратты
ӛзінің даму шегіне 18-20 жаста жетеді. Сондықтан мектепке дейінгі, бастауыш
және орта мектеп жасындағы оқушылардың күшін дамытуды жылдамдатуға
болмайды. Статикалық жаттығуларды шектеп жалпы қозғалыс сипатындағы
жаттығуларды кӛп қолдану қажет. Күштің пайда болуы бірінші кезекте
күштен және бұлшық ет аппаратының қызметін реттеп отыратын жүйке
процестерін шоғырландырудан туындайды (JI.А.Крестовников). Мектеп
жасына дейінгі балалар тәрбиесінде олардың организмінің жасқа байланысты
ерекшеліктері – бұлшық еттерінің әлсіздігі, жүйке жүйелері реттеуінің
жеткіліксіздігі, бүгу-бұлшық еттері тонусының басымдығы ескеріледі.
Сондықтан күшті біртіндеп дамытуға арналған жаттығу негізгі бұлшық
еттерді күшейтуге және омыртқаларды түзетуге бағытталуы керек (денені
жалпы дамытатын жаттығу). Тиянақтылықпен іріктелген «тірек-қимыл
аппараттың мүмкіндіктерімен, ірі бұлшық ет топтарының басым дамуымен,
қысқа мерзімді шапшаңдық-күш салуды балалардың жүрек-қан тамыр
жүйесінің жақсы сезінуі айқындайтын динамикалық жаттығулар (жүгіру,
лақтыру, секіру кезіндегі әртүрлі жаттығулар, сондай-ақ тік тұрған және
кӛлбеу қойылған сатыға ӛрмелеу) қысқа мерзімді шапшаңдық-күш салуды
кӛздеуі керек (E. Н. Вавилова). Секіруді, жүгіруді (30 м), лақтыруды
ұзақтыққа орындау процесінде баланың қозғалыс тездігін дамытуы, шапшаң
күш қолдана – қозғалыстың тез орындалуын жүйке-бұлшық ет күштерінің
үйлесімімен ұштастыра білуі, яғни шапшаңдық-күш қабілетін кӛрсете білуі
қажет. Бұл қасиеттерді дамыту үшін, Е. Н. Вавилованың деректеріне
қарағанда, шағын биіктіктен секіріп түсіп, одан әрі жоғары немесе алға карай
ырғуды, жақын жерден жүгіріп келіп, орнынан жоғарыға қарғуды, жүрелеп
отырған қалыпта жоғары, бір орында және ілгері қарай жылжи секіруді,
сызықтың немесе таяқтың үстінен бірде жай және бірде тез қарқынмен
секіруді қолдануға болады. Секіруді орындаған кезде бір немесе екі аяқпен
200
жерден ширақ серпілуге, тізені сәл ғана бүгіп, жерге жайлы түсуге және
аяқтың тез тіктелуіне кӛп кӛңіл белу керек. Бұлшық ет күштерінің бір-біріне
сай дамуына, қимыл үйлесіміне, тыныс беретін бұлшық ет қызметін және
соған сәйкес сыртқы тыныс алу қызметін функциялық жағынан жетілдіруге
доппен жаттығу жасау кӛмектеседі. Қимыл жасағаннан кейін шапшаңдық пен
басқару кезінде бұлшық еттердің тез тартылуының кезектесуі жүйке бұлшық
еттерінің реттелуін жетілдіруге, бұлшық еттердің және сол арқылы
шапшаңдық-күш қабілеттерінің дамуына кӛмектеседі. Жалпы денені
дамытатын жаттығуларды жүргізу кезінде балалардың ӛздерінің жасына сай
келетін, күш түсірмейтін жаттығуларды (мысалы, допты жоғары, алға қарай
қолды созып, кӛтеріп тұру, тӛмен түсіру, допты қолға ұстап отыру, оны
домалату, допты кеудесіне тіреп тұрып лақтырып жіберу немесе итеріп қалу,
басынан асырып лақтыру) кеңінен пайдалану керек. Бұл жаттығуларды
балалардың игеруіне қарай оларды серуен кезінде кӛп қимылдайтын
ойындарда және спорттық жаттығуларда қолдануға болады. Ал кіші және орта
мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдірудің негізгі міндеттері: барлық
бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуы, дененің түзу, дұрыс қалпын
қалыптастыру, берік "бұлшық ет белдемесін" құру. Мектепке дейінгі жастағы
балалардың күшін жетілдірудің қарапайым амалдары: гимнастикалык
қабырғаға, сүйенбелі сатыларға ӛрмелеу, ұсақ доп лақтыру, секіру, жеке сайыс
элементтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б. Бірте-бірте күшін
жетілдіру талабы артады: доппен жаттығулар, арқанға ӛрмелеу, қозғалыс
сипатта күш түсіретін қозғалмалы ойындармен жаттығу, т.б. қолданылады.
Мектеп жасында күшті арттыру амалдарын кӛбейтуге болады. Бұл
жастағыларға арнайы кұрастырылған, бұлшық ет топтарына арналған ұсақ
ауырлықтармен қозғалыс сипаттағы күш жаттығуларының кешенін ұсынған
жӛн. 14-15 жастағы жасӛспірімдердің денеге күш түсіретін жаттығулар
жасауына шамалары жетеді. Осы жастан күшке бағытталған жаттығулар
беруге болады. Осы міндеттерді орындау үшін дене тәрбиесі сабақтарында
доптармен жаттығу, айналмалы жаттықтыру, арқан тартысу сияқты күш
ойындары, т.б. қолданылады. Жаттығу динамикалық, статикалық сипаттарда
орындала береді. Абсолюттік күштің табиғи ӛсуі бозбалалардың 16-17
,
қыздарда 10-11 және 16-17 жаста айқын байқалады. Осы кезеңдерде
жүргізілген жаттығулар күш дайындығының жедел жетілуіне кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: