Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет126/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Балаларға қойылатын талаптарды күрделендіру. 2 жасар балаларды үйрету
кезінде қарапайым жаттығулар пайдаланылады. Бұл кезде қимылдар үйлесімі
дамуының жеткіліксіздігі және сәбилердің қимыл актілерін бӛлшектей
алмайтындығы ескеріледі. Ойын әдістерін, бейнелі жаттығуларды қолдану,
балалардың қимылдарды тәрбиешімен бір мезгілде орындауы неғұрлым
тиімді болады.



211


3 жасар балалар кейбір қимылдарды жасау тәжірибесіне ие болады,
түсіндіргенді тыңдап, кӛрсеткен қимылдарды бақылай алады, оларды
жеткілікті дәрежеде қайталайды. Бұл жаттығулар кӛлемін ұлғайтуға, олардың
түрлерін

4 жасар бала жеткілікті дәрежеде тұрақты назар аудара алады,


қимылдарды орындауға қойылатын талапты түсінеді, дербестікке ұмтылады,
ӛз әрекеттерінің нәтижелеріне қызығады. Осы ӛзгерістерді ескере отырып,
жаттығуларды күрделендіруге, атқарылатын ауыртпалықты ұлғайтуға,
тұлғаны неғұрлым дұрыс қалыптастыруға талап қоюға, бар затқа бағдарлау
кезінде кеңістік терминологиясын қолдану арқылы кӛрнекі әдісті және
ауызша айтып үйрету әдісін пайдалануға, үлкен дербес әрекеттер жасау
мүмкіндігін беруге болады. 5 жасар балаларда қимыл дәлдігі, үйлесімі,
сенімділігі жүйелі түрде қалыптасады. Оқу міндетін түсіну, орындаудың ӛте
жақсы сапасына ұмтылу тұлғаның қалыптасуына, қимылдың дәлдігіне,
мақсаттылығына, дербестікке қойылатын талапты күшейтуге мүмкіндік
береді. Атқарылатын ауыртпалық, орындалу қарқыны, үлгіні дәл қайталауға,
кеңістік терминологиясын пайдалану арқылы ауызша берілетін нұсқау
бойынша жаттығуларды орындауға қойылатын талап ӛседі.

6 жасар балалар жақсы қалыптасқан тұлғасын, қимыл-қозғалыс


дағдыларының мол қорын, ӛзін-ӛзі бақылау және қимыл сапасына дұрыс баға
беру қабілетін игереді. Олар ауызша берілетін нұсқауды дұрыс қабылдайды,
қимылды дәл, сенімді қайталайды, кеңістік терминологиясын пайдалана
отырып (жалаушаны жоғары кӛтеру керек, одан кейін оларды оңға-тӛмен
түсіру, тағы да жоғары кӛтеру және солға-тӛмен түсіру керек), олардың
орындалу процесін түсіндіреді. Балалар шығармашылық тапсырмаларды қызу
қабылдайды, ӛзгертеді.
Заттарды пайдалану. Денені жалпы дамытатын жаттығуларды балалар
кӛбіне, заттармен - таяқшалармен, жалаушалармен, құрсаулармен,
ленталармен, жіптермен, сырықтармен, шарлармен және с. с. орындайды.
Бұлардан да басқа заттарда - гимнастикалық қабырғада, отырғышта,
орындықта, бӛренеде, заттардың - гимнастикалық қабырғаның, дуалдың
үстінде орындайды. Әртүрлі заттар балалар үшін пайдалы бір ғана жаттығуды
бірнеше рет қайталауға, оларға деген балалардың қызығушылығын сақтауға
мүмкіндік береді (Mысалы, балалар екі қолының аралығын иықтан кең етіп
кӛтеріп
тӛмен
түсіретін
жаттығу
құрсаумен,
таяқпен,
лентамен
жалаушалармен және т. б. орындалады). Оның үстіне зат тапсырманың әбден
нақтылы болуына кӛмектеседі, қимыл неғұрлым дәл жасалады (мысалы,
жоғары кӛтерілген таяқ қолдың кӛтерілген кездегі қажетті шекараны
айқындайды және баланың ӛзіне-ӛзі бақылауын дамытуға кӛмектеседі).
Затпен жаттығуды бірнеше рет қайталау одан әрі жаттығуды затсыз орындау
кезінде сақталатын дұрыс бұлшық ет тонусын қалыптастыруға кӛмектеседі.



212



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет