264
жаттығуларды арнайы үйренуді талап етпей, ертеңгілік жаттығуға
дайындайды, сонымен бірге сан алуан заттарды пайдалану жолымен
дағдылануға жүйелі түрде жаттықтырады. Нұсқалар қаншалықты кӛп
пайдаланылса, қимыл дағдысы соншалықты жақсы қалыптасады, жаттығу
дәлірек орындалады және сауықтыру тиімділігі елеулі болады. Ертеңгілік
жаттығудың әрбір кешенін пайдалану ұзақтығы 7-10 күн (немесе 1 апта). Осы
мерзім ішінде кешенде жаттығудың міндеті жӛнінен осы сияқты нұсқа енгізілуі
мүмкін. Ертеңгілік жаттығуда жаттығулар үйретілмейді, сондықтан тәрбиеші
жаттығуды алдын ала түсіндіруді, кӛрсетуді пайдаланбайды. Кішкентайлар
тобында және жылдың бірінші жартысында естиярлар тобында тәрбиеші ойын
тәсілдерін қолдана отырып, балаларға ӛзімен бірге жаттығу жасауды ұсынады.
Болашақта естиярлар (жылдың екінші жартысында), ересектер, дайындық
топтарында ол жаттығуды қысқаша айтады, бастапқы қалыпты ұстауға
команда береді (мысалы: «Hегізгі тұру қалпын ұстаңдар!»). Бұдан кейін
балалар жаттығуды тәрбиешімен бірге орындайды. Ертеңгілік гимнастиканы
бұлай ұйымдастыру тиімді: балалар мінсіз үлгіні тікелей қабылдайды, оны
дұрыс қайталап жасайды. Алайда тәрбиеші барлық жаттығуды үнемі жасай
бермейді. Егер, мысалы, алдына қарай еңкейіп, басты тӛмен түсіру немесе
кеудені айналдыру орындалса, бұл жағдайда тәрбиеші балаларды кӛрмейді,
мұндайда оған балалардың жаттығуды орындауын бақылау, олардың қарқынын
реттеу, қажет болған жағдайда қысқаша нұсқаулармен кӛмектесу тиімдірек
болады. Тәрбиеші дем шығаруды сӛзбен немесе дыбыспен естіртуді талап етіп,
балалардың тыныс алуын бақылайды. Бұл тәсіл жаттығуды музыкамен
орындаған кезде де сақталады. Әрбір жаттығудың аяқталуы музыкалық
фразаның аяқталуымен дәл келеді, осыған сәйкес балалар бәсең дауыспен:
«тӛмен», «отырыңдар» және басқа сӛздерді айтады. Жаттығулар басталғанға
дейін және олар аяқталысымен ересектер тобының балалары негізгі қалыпты
ұстап (ӛкшелерін қосып, аяқтарының ұшын ажыратып) тік тұрады. Аяқтары
осындай қалыпта тұрғанда олар тәрбиешінің нұсқауымен келесі жаттығуды
орындау үшін тұрған қалпын ӛзгертеді, сондай-ақ жүруді бастайды. Жүру
аяқталысымен олар қайтадан негізгі тұру қалпын қабылдайды. Бұл баланы
денесін (мүсінін) дұрыс ұстауға үйретуге, жинақтылығын, ұйымшылдығын
қалыптастыруға кӛмектеседі. Кішкентайлар мен естиярлар топтарының
балалары тік қалыпта тұрады. Иықтың кеңдігіндей етіп аяқтарды бір-біріне
параллель ұстайды, мұның ӛзі табанның формасы ӛзгеруін болдырмайды.
Ертеңгілік гимнастиканың соңында жүрістің қарқыны біртіндеп тӛмендеп,
аяқты онша биік кӛтермей орнында тұрып аяқ басумен аяқталады. Бұл баланың
тамыр соғуын нормаға келтіреді. Ертеңгілік гимнастикадан кейін балалар
ӛздеріне дәрігер белгіленген қандайда бір сумен шынықтыру процедурасына
(сумен сүртіну, құю, душ) ауысады. Әр түрлі жастағы балалар топтарындағы
негізгі талап жасына байланысты шағын топтарды ескеру болып табылады.
Осыған байланысты ертеңгілік гимнастиканың жаттығуы әрбір шағын топқа
арнап бағдарламаға және балалардың мүмкіндіктеріне сай жеке іріктеліп
алынады. Әрбір шағын топпен гимнастика ӛткізудің жүйелілігі тұтастай
тәртіппен анықталады. Әр түрлі жастағы балаларды бәріне ортақ