Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой



бет146/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, 
эстетикалық, еңбек т.б. Дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке
басының жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік
қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы
түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының
ерекшелігі балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдігінен кӛрінеді,
мұның ӛзі жалпыға бірдей карқында қимыл үйлесімін, саналылықты,
жинақылықты ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар
үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, ӛзін-ӛзі
билеуді және ептілік кӛрсетуді (мінбеге шығу, арқаннан жасалған сатымен
ӛрмелеу, теңестірілген бӛрененің, енсіз тақтайшаның т.б. үстімен жүру) талап
етеді. Бұл жаттығуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен,
ерік-жігер ширығумен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі
қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын
жағдайының күтпеген жерден ӛзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ
жолдастық, ӛзара кӛмек, адалдық, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезі-
мін кӛрсете отырып жаттығады. Сабақта балалардың аталған қасиеттерді
қайталауына және тәрбиешінің басшылығына қарай олардың белсенділік
кӛрсетуі біртіндеп күнделікті ӛмірге ауысады. Сабақ процесінде тәрбиеші
балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық
нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдай талап ететін
ықпал ету әдістерін: баланың бойында, әсіресе кішкентайлар тобындағы
баланың бойында батылдық, табандылық сезімін туғызу мақсатында
қолданылатын, кӛрнекі түрде баланың кӛзін жеткізетін тәсілді, баланың әр
әрекеті арқылы практика жүзінде үйретуді (тәрбиешінің кӛмегімен) және
табысқа жетуіне байланысты кӛтермелеуді, әртүрлі қылықтарды (ол қылыққа
ӛзінің кӛзқарасын және барлық балалардың кӛзқарасын) салыстыруды,
сендіруді пайдаланады. Балалардың дене шынықтыру сабақтарындағы қимыл
әрекеттері олардың ӛзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелеуге, сезімдері мен тілегін
балалардың бәріне бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға кӛмектеседі.
Мұның бәрі баланың бойында теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы,
жедел тежеуді қалыптастырады. «Eгер адам бала кезінде белгілі бір әлеуметтік
себептерді, яғни тежегіш қозуларды басшылыққа ала отырып, ӛз қылықтарын
тежей алмаған болса, - деп жазады профессор П. К. Анохин, - онда ол үшін
алдағы уақытта эмоциялардың кез келген мәжбүрлі және үзілді-кесілді тежелуі
кенеттен болады, ал нақ осының ӛзі қауіпті болуы мүмкін. Біз баланың бойында
тежегіш қозулар кешенін қалыптастырамыз, яғни саналылықты кең мағынада
дамытуымыз керек. Эмоцияны тәрбиелеу адамның жеке басын үйлесімді
дамытуға жеткізеді. Ал осындай жоспарлы жаттығу жасау сәби жастан
басталуы керек». Дене шынықтыру сабақтарында, әсіресе ережелі қимыл-
қозғалыс ойындарында балаларды үйрету процесінде тәрбиеші оларды ӛздеріне
лайық эстетикалық нормаларды сақтауға баулиды. Бала тәрбиешінің



255
ықпалымен эмоционалды, саналы түрде жалпы талапқа бағынады: түсіндіріп


айтқандарды кӛңіл қойып тыңдайды, тапсырманы дер кезінде орындайды,
сабақта белгіленген жүйелілікпен әртүрлі әрекеттерге қосылады. Біртіндеп
күрделі тежеу реакциясының дамуымен тығыз байланысты баланың қоғамдық
сезімі мен санасы қалыптасады. Іс жүзінде бұл ұстамдылыққа, тәртіпке белгілі,
балаларға түсінікті тәртіп нормасын тануға, балалардың жеке бастарының
қылықтарымен балалардың басқа қылықтарының қажетті мӛлшерін
қалыптастыруға, адамгершілік сананы бойға сіңіруге үйретеді. Қимыл-қозғалыс
ойындары баланың белгілі бір адамгершілік қасиетін ашпай қоймайтын жағдай
жасайды. Мысалы, «Батыл балалар», «Eкі аяз», «Aйлакер түлкі» ойындарында
бала екі ұстап алушының ортасымен жүгіреді, ӛзін ұстап алуға тиіс «түлкі»
жанында тұруы мүмкін екендігін біле тұра сигнал берілгенге дейін шеңберден
шықпайды, ӛзін жетекші ұстап алу қаупі тӛніп тұрса да жолдастарына
кӛмектеседі т.б. Осылардың бәрі онын бойында батылдықты, табандылықты,
ұстамдылықты, достық сезімді жүйелі түрде қалыптастырады. Ойынның белгілі
шарттары, оның ережесі балалардың оларға ӛз еріктерімен бағыну қажеттігін
туғызады. Ойын кезінде жағымды әрекеттің және қылықтардың бірнеше рет
қайталануы балалардың бойында адамгершілік қасиеттері дағдысын біртіндеп
қалыптастырады. Одан әрі балалар ӛз беттерінше, белгілі бір сәтте тәрбиешінің
әсер етуінсіз-ақ оларды саналы әрі эмоционалды түрде кӛрсете бастайды.
Сӛйтіп, дене шынықтыру сабақтарында балаларды ӛздерінің нақты жағдайында
мінез-құлықтық этикалық нормаларын орындауға біртіндеп іс жүзінде үйрету
адамгершілік сезім мен сананы қалыптастыруға кӛмектеседі. Дене шынықтыру
сабақтары балалардың ақыл-ойының дамуына кӛмектеседі. Сабақ кезінде
қимыл әрекеттеріне үйрету процесінде тәрбие-білім беру міндеті жүзеге
асырылады. Балалар дене жаттығуларының және оларды дұрыс орындаудың
денсаулық үшін маңызы туралы, гигиена және шынығу жӛніндегі ӛздеріне
қолайлы мәліметтер жайлы, спорттың жекелеген түрлері жӛніндегі кейбір
қарапайым білімді игереді, спорттық терминологияны меңгереді. Олардың
қоршаған орта жӛніндегі түсінігі нақтылана түседі, кеңістікті, уақытты
бағдарлауы, жаңартушы және шығармашылық елестетуі, есте сақтау қабілеті
дамиды, ойлау қызметі жанданады. Баланы қимыл әрекеттеріне үйрету процесі
сана ісімен байланысты. Тәрбиеші, әрбір жастағы кезеңде балалардың ақыл-
ойының даму дәрежесін ескеріп, оларды ұсынылған қимыл тапсырмаларын
түсінуге, соған байланысты қимылдарды дұрыс орындауға, жекелеген
әрекеттерді бақылап, салыстыра білуге, оларды жинақтап қорытуға біртіндеп
үйрете отырып, тиісті әдістемені қолданады. Ол қарапайым формада баланы ӛз
қимыл әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын
тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сӛзі, балаларға
ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындығы, қимылды
дұрыс орындағанды мақұлдауы, кемшілік жӛнінде ескерту жасау, ойынды
жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беру және с.с. маңызды рӛл атқарады.
Yйретудің бүкіл процесі балалардың бойында зейін жинақтылығы мен
белсенділігін туғызады: қимыл әрекеттерін тәрбиешінің тиісті түсіндірулерімен
кӛрнекі түрде кӛрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін



256
ұғынуды, балаларға таныс жаттығуларды тәрбиешінің сӛзбен берген нұсқауы


бойынша қайталап жасау есте сақтау қабілетінің, қимыл елесінің, түсініп білген
дербес қимылды талап етеді, бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сӛзбен
айтып суреттеумен кӛрсетілген тапсырманы балалардың орындауы олардың
санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы
түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл баланың санасында қимыл әрекетінің
бүкіл жүйелілігінің егжей-тегжейін нақтылауға, оны іс жүзінде дәл орындауға
кӛмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарында тәрбиешінің ойын мазмұнын
бейнелі түрде баяндауы немесе мазмұнсыз ойынды, оның ережесін қысқаша дәл
түсіндіруді, ересектер тобының балаларының ойынымен оның ережесінің
мазмұнын ӛз беттерінше түсіндіруі, сондай-ақ оны тәрбиешінің бақылауымен
ӛз беттерінше ұйымдастыруы - мұның бәрі ойлау процесін дамытуды, есте
сақтау қабілетін жаттықтырады. Дене шынықтыру сабақтары баланың
эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған ӛмірдің, сұлулықтың
кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен
тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне
байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын
игерген денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның
бейнесінен басталады. Сырт кӛрінісі сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігі,
пропорционалды дене бітімі, еркіндік, қысылып-қымтырылмаушылық, ізгілік,
қимыл мәнерлілігі-адамның барлық мінез-құлқынан, оның адамгершілік сезімі
мен санасының жоғары дамуынан, адамдарға кіші пейілділік пен тілектестік,
немқұрайдылыққа,
принципсіздікке
тӛзбеушілігінен
кӛрінетін
жан
сұлулығымен ажырағысыз байланысты. Бұл бейнеге, ең алдымен, тәрбиеші сай
болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның ӛзін-ӛзі ұстау
мәнерін, сӛйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымдылық, кіші пейілділігін
қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Дене
шынықтыру сабақтары процесінде балалар ӛздері үйренген жаттығуларды ӛз
беттерінше заттармен: таяқтармен, құрсаумен, ленталармен, доптармен,
секіргіштермен, серсолармен және с.с. әсем орындайды. Олар, әсіресе
музыкамен сүйемелденген кезде ұжымдық қимылдың ӛздеріне қолайлы
жатықтығын, үйлесімділігін, дәлдігін кӛрсете жүріп, әртүрлі сапқа тұру, қайта
сап түзеуге қатысады. Мұның бәрі балалардың эстетикалық эмоциясын
туғызып, талғамын, қимылға деген сүйіспеншілігін дамытады және
эмоционалдық-эстетикалық қанағат сезімін туғызады. Балаларды қимыл-
қозғалыс ойындары зор қуанышқа бӛлейді, олардағы әртүрлі ойын бейнелері
баланың ӛз басының шығармашылық инициативасын кӛрсетуіне мүмкіндік
береді. Демек, сабақ процесіндегі балалардың барлық қимыл әрекеті
эстетикалық эмоцияларға толы дене күші мен психикалық күштің ӛрлеуін
туғызады, сондай-ақ организмді сауықтыруға, ӛмірдің қуанышты сезімін
арттыруға әсер етеді. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда
сыртқы ортаның, сабақ үшін гигиеналық жағдай жасалуының, балалардың және
тәрбиешінің әдемі спорт костюмі болуының, барлық құралдар мен
жабдықтардың кӛркем безендірілуінің зор маңызы бар. Сабақ процесінде
тәрбиешінің айтқан сӛзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рӛл атқарады.



257
Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, халықтық


фольклорды (ойын бастау, санамақ, әндету) пайдалану, балалардың мінез-
құлқына, олардың қимылды орындау санасына эстетикалық-этикалық баға беру
- бұлардың бәрі балаларда эстетикалық белгіні, эстетикалық бағасының ӛзара
қатынасы мен нақтылығын біртіндеп қалыптастырады. Тәрбиеші кӛрсеткен
дене жаттықтыруларының кӛрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы
керек. Олардың әсем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға
қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық
белсенділігін, әсіресе ересектер тобында нысаналы түрде қалыптастыру
балаларды ӛз беттерінше жаттығуға және ойынға ӛзіндік бірдеңе қосуға,
сондай-ақ ӛз ойындарын ойлап шығаруға үйретеді, балалардың шығармашылық
елестетумен, ӛз әрекетіне шығармашылық қатынасымен байланысты
эстетикалық ұмтылысын дамытады. Сабақта эстетикалық сезімді, талғамды
және әсемдікке сүйіспеншілікті қалыптастыруда музыканың ерекше зор
маңызы бар. Дене шынықтыру сабақтарындағы эстетикалық ықпал етудің
аталған кешені дене тәрбиесімен табиғи бірігіп кеткен эстетикалық тәрбие
бағдарламасының айтарлықтай үлесі болып табылады. Дене шынықтыру
сабақтары балалардың қарапайым еңбек іс-әрекетімен байланысты. Бұл
байланыс кәдімгідей формадан, ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсетуден, кезекшіліктен,
тәрбиешінің кейбір тапсырмаларын орындаудан кӛрінеді. Алайда балаларды
еңбекке тарту олардың жасына, жеке бастарының мүмкіндіктеріне сәйкес
тәрбиешінің сараланған кӛзқарасын кӛздейді. Бұл балалардың кӛлемі және саны
жӛнінен әртүрлі қимыл жасап білуімен, заттармен (ойыншықтар, ұсақ дене
шынықтыру құралдары, ірі дене тәрбиесі жабдықтары) ойнай білу дағдысының
болуымен, баланың ӛз әрекетінің мақсатын түсінуінің, оған жетуге
тырысуының дәрежесімен анықталады. Тәрбиешінің ең маңызды міндеттерінің
бірі балалар еңбегінің қоғамдық бағытын, әрекеттің қоғамдық себептерін
қалыптастыру болып табылады (балаларды еңбекке итермелейтін болуы,
ӛздерінің еңбек ету міндеттерін не үшін және кім үшін орындайтынын білу
маңызды). Мысалы, кезекшілер дене шынықтыру сабағына кілемшелер мен
құрсауларды дер кезінде дайындап, олар барлық балалардың пайдалануына
қолайлы болуы үшін оларды белгілі орындарға қояды. Мақсатты және оның
қоғамдық маңызын (сабақтағы барлық балаларға нақты пайдасын) айқын түсіне
отырып, олар тәжірибе кӛрсетіп отырғанындай, ӛздеріне тапсырылған істі
жігерлі, ізгі ниетпен, құштарлықпен орындайды. Кішкентайлар топтарында
негізінде тәрбиешінің ӛзі, балаларды қарапайым тапсырмаларды: жалаушаны,
допты, қуыршақты және с.с. әкелуді орындауға тарта отырып әрекет етеді.
Алайда осы тапсырмалардың ӛзінде әрекеттің қоғамдық мәні бар: допты,
жалпы, ойын үшін әкелу керек, орындықтарды ойнайтын балалар үшін қою
керек және т. б. Жасына қарай еңбек тапсырмалары мен кезекшілік кӛлемі,
оларды балалардың ӛз беттерінше орындауы, бағдар ұстау белгілерінің азаюы
жӛнінен күрделене түседі. Тәрбиеші не істеу керек екенін айтады, ал әрекетті
орындаудың жоспары мен әдісін таңдау балалардың ӛздеріне беріледі.
Балалардың алдына міндеттердің нақты қойылуы, жалпы және жеке
тапсырмалардың олардың арасында бӛлінуі, олардың ӛз беттерінше



258
орындауына сенім жағдайында және орындалған тапсырманы міндетті түрде


қысқаша бағалау кезінде дене шынықтыру сабақтарындағы жүйелі қарапайым
еңбек әрекеті жеткілікті дәрежеде берік ұйымдастыру дағдыларын
қалыптастырады. Жаттығу нәтижесінде балалардың бойында заттарды
(жалаушаларды, құрсауларды, таяқтарды және с. с.) күтіп ұстау дағдысы
қалыптасады, олардың орны және оларды сақтау әдісі (шкаф, кәрзеңке және с.
с.) туралы біліктілігі, ықшам дене тәрбиесі жабдықтарын бірлесіп, жігерлі,
топтасып, тез және келісімділікпен орналастыра білуі, тарсылдатпай, асықпай,
уақытты үнемді жұмсай білуі нығаяды. Мұндай әрекеттер қимыл үйлесімін,
олардың ептілігін, кеңістікте, уақыт бойынша бағдар белгілеуін, дербестігін,
жинақылығын, әрекет келісімділігін жетілдіруге, сондай-ақ ұжымдық сезім мен
тапсырылған іске жауапкершілікті дамытуға кӛмектеседі. Жасы жӛнінен аралас
топтағы дене шынықтыру сабағы дене жаттығуларын ерекше мұқият іріктеп
алуды талап етеді, олар бір топқа біріктірілген барлық балалардың жас
ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай келуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет