Шынықтыру шараларын ӛткізуге арналған ұсыныстар. Сәбилерді шынықтыру 1. Бӛлменің температурасы + 20-22 градустан кем болмауы тиіс.
2. Ауа ваннасын 2-4 минут ішінде сәбидің киімін ауыстырған және жӛргегіне
ораған уақытында қабылдау.
3. Гимнастикалық, сондай-ақ денені уқалап-сылауға, емдеуге арналған ауа
ваннасы. Алғашқы айларда ауа ваннасының ұзақтығын 4 минуттан бастап 1
жасқа толғаннан кейін 10-12 минутқа дейін жеткізу.
4. Ауа ваннасын алу үшін жаз айларында ашық алаңқай жерлерде, ал қысқы
күндері ауасы тазартылған бӛлмеде ұйықтату.
5. Ӛмірдің алғашқы күндерінен бастап 28 градус жылы суға шомылдыру, кейін
судың жылылығын 20 градусқа дейін біртіндеп тӛмендету.
6. Судың ваннадағы жалпы жылылығы 36-37 градус болады, ұзақтығы 5-6
минут. Ваннаға қосымша құйылған судың жылылығы 34-35 градус болуы
керек.
7. Жазғы маусымда сәбилерге арналған ауа ваннасын тәулігіне 2-3 рет күн
сәулесі шашыраңқы түскен жерде ӛткізу. Ұзақтығын 3-4 минуттан бастап, кейін
10 минутқа дейін ӛсіру.
1-3 жастағы сәбилерді шынықтыру 1. Күндізгі және түнгі ұйқыдан оянған кездерінде, үстіндегі киімдерін
ауыстырған уақытта, ауаның жылылығы 19-20 градус болғанда, осы жастардағы
балаларға арналған гигиеналық гимнастикаларды орындау кезінде шынықтыру.
2. Ауа температурасы 10 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында
болған күндері балалардың таза ауада демалып, ұйықтауын ұйымдастыру.
3. Ауа температурасы 15 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында
болғанда тәулігіне 2 рет таза ауаға серуенге шығару.
4. Жылылығы 20 градус шамасындағы сумен шынықтыру жаттығуларын
орындағанда су температурасын 16-20 градусқа дейін тӛмендету.
5. Таза ауада серуендеп, демалғаннан кейін, олардың денесіне су құйып
шынықтыру. Судың алғашқы жылылығы 34-35 градус болып, оны жайлап 24-26
градусқа дейін түсіру.
6. Күндізгі ұйқы алдында судың жылылығы 28 градус болғанда аяқты шаю, су
құю, су жылылығын 18 градусқа дейін біртіндеп тӛмендету.
272
7. Ұйықтар алдында ванна қабылдау. Аптасына 2 рет, судың жылылығы 36
градус, ұзақтығы 5 минут. Су температурасын 34 градусқа дейін тӛмендетіп,
денесіне су құюды күн сайын жалғастыру.
8. Жазғы маусымның ашық күндерінде күнге қыздырыну жолымен денені
шынықтыруға арналған шараларды тәулігіне 2-3 рет 6 минуттан бастап, 8-10
минутқа жеткізу.