Күн ваннасы. Күн баланың жалпы жағдайын күшейтіп, алмасу
процестерін жақсарта отырып оның организміне ӛте жақсы әсер етеді.
Бактерицидтік (бактериялардың дамуын тоқтататын), мешелге қарсы (жүйке
жүйелерінің қызметін жақсартатын, алмасу процестерін арттыратын, сүйек-
бұлшық ет жүйесін нығайтатын), эритемдік (қан ағымын күшейтетін және
терінің қызаруын туғызып, күюге ауысатын) әрекеттерге ие ультракүлгін
сәулелер барынша тиімді болады. Күннің бала организміне бұлай жан-жақты
әсер етуі ерекше сақтықты талап етеді. Күн ваннасын шамадан тыс пайдалану
кезінде балалардың бойында теріс құбылыс (елігу, ұйқының қашуы,
тамырлардың күрт кеңейіп кетуі, қан құрамының нашарлауы, т.б.) пайда болуы
мүмкін. Сондықтан балалар мекемелерінде күн ванналары балалардың жеке
бастарының ерекшеліктерін міндетті түрде ескерген дәрігердің белгілеуіне
сәйкес ӛткізілуі керек. «Бағдарламада» бірінші, екінші кішкентайлар
топтарында серуен кезінде күн процедурасын сағат 11-ге дейін, сондай-ақ
естиярлар, ересектер топтарында серуен және ӛз беттерінше әрекет ету кезінде
қабылдау ұсынылады. Күн сәулесінің тікелей ықпалында болу дәрігердің
нұсқауларымен сәйкес болып, тәрбиешінің қатаң бақылауында болуы тиіс.
Сӛйтіп, жоғарыда кӛрсетілген шынықтыру процедураларының бәрі балалардың
ширақ қимыл әрекетімен, сипаты мен дәрежесі әртүрлі интенсивтілігімен
(жайбарақат жатқан қалыптағы күн ваннасынан басқа) байланысты. Егер ауа
ванналары ертеңгілік гимнастика мен дене шынықтыру сабағы формасында
271
арнайы іріктеп алынған дене жаттығуларына құрылса, онда қалған барлық
процедуралар - ысқылау, үстінен су құю, шомылу процесінде орындалатын
процедураның сипатына сәйкес сан алуан қимыл әрекеттері кӛзделеді. Олар
бала организмінде жылу реттеу процесінің дер кезінде пайда болуына, оның
бойында жаттығуға саналы кӛзқарасты, психикалық эмоциялық кӛңіл күйді
қалыптастырады.