314
бойынша балалар бақшасында ӛткізілетін педагогикалық кеңестерге қатысқаны
жӛн;
ӛз шәкірттерінің жаңа ұжымда ӛзін қалай кӛрсеткенін, 1-сынып бағдарламасын
қалай меңгергенін, қандай қиыншылықтарға кездескенін білу үшін мектептегі
оқытудың алғашқы айларында тәрбиешінің ӛз шәкірттерін қадағалауы; бірінші
сынып
оқушыларының
үлгерім
қорытындысы
бойынша
ӛткізілетін
педагогикалық кеңеске қатысу; мектепке дейінгі балалардың мектепке жан-
жақты дайындалу проблемалары бойынша конференциялар мен педагогикалық
оқулар ӛткізу; педагогикалық және психологиялық әдебиет жаңалықтарын
бірлесіп талқылау, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің балаларды
мектепке оқытуға бірлесіп дайындау жӛніндегі жұмысының озат тәжірибесімен
танысу. Балалар бақшалары мен мектептердің осындай байланыстары
нәтижесінде олар ӛзара түсінісетін болады. Тәрбиешілер мектептің талаптарын,
балаларды оқуға дайындау міндеттерін айқынырақ сезінеді де табысты
орындайды. Ал мұғалімдер, ӛз тарапынан, балалар бақшасының міндеттеріне,
оның жұмысының мазмұны мен әдістеріне тереңірек үңілетін болады, мұның
ӛзі олардың тәрбиелік ықпал ету әдістерін сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Мектепке дайындайтын топтағы балалар мен мектеп оқушыларының
арасындағы байланыс оқу жылы бойына үзілмейді. Мектепке дейінгі балаларды
мектеппен, оқушылардың оқуымен және қоғамдық ӛмірмен таныстыру балалар
бақшасы шәкірттерінің тиісті ұғымын кеңейтіп, олардың мектепке ыкыласын,
күшейтеді. Бұл жұмыстың формалары алуан түрлі: мектепке экскурсия жасау
мектеп мұражайына, кітапханаға, шеберханаға бару, оқу сағаттарын,
ертеңгіліктерді, музыкалық-әдеби кештерді, спорт жарыстарын бірлесіп ӛткізу,
суреттер мен бұйымдар кӛрмелерін, балалар бақшасының бұрынғы
шәкірттерімен кездесулер, әңгімелер ӛткізу. Балалар бакшасы мен мектептің
арасында байланыс пен шығармашылық ынтымақ орнату - балаларды жүйелі
оқытуға дайындау міндетін ойдағыдай шешудің кажетті шарты. Білім беру және
ғылым саласына елеулі ӛзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке
дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге кӛтеру
міндеті бүгінгі күннің кӛкейкесті мәселесі. Осы ӛзгерістер білім саласының
алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ
ұрпақтың дене қимылын, дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауға, салауатты ӛмір
салтын қалыптастыруға, тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты
міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін
мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің
сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор.
Ӛйткені, сабақтастық туралы мәселе ӛткір қойылуда. Бұл мәселені ғалымдар,
білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да кӛтеріп отыр.
Сондықтан,
бұл
мәселе
мектепке
дейінгі
тәрбиелеу
мен
оқыту
бағдарламаларында, құжаттарда кӛрініс тауып, білімді игеру кӛлемі, жеке
тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілуде. Сабақтастық үрдісін 2 жақтан
қарауға болады. Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық
шақтың ӛзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық
315
сапасының негізі қалыптасады. Мектеп ӛз жұмысын жоқтан құрмайды.
Мектепке дейінгі балалардың жетістігін алып, балалардың жинақтаған әлеуетін
педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың
осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып
отырады.
Бұл:
мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын,
міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау,
эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы
мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі
ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6-7 жас
аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып, мектепке біртіндеп
жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
салауатты ӛмір сүру салтының құндылығына (денсаулығын сақтау,
мәдени-сауықтыру шараларын қамтамасыз ету, дене жаттығулармен айналысу)
балаларды қатыстыру;
эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әртүрлі кӛркемдік іс-
әрекет (қимыл әрекеті) түріне жағдай жасау;
талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.
Бастауыш мектептің міндеттері:
салауатты ӛмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және ӛзінің
тәртібін осыған сай реттеу;
қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту
(эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскерлік) ;
мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
әртүрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен ӛздігінен жұмыс істеуін
дамыту;
мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі
мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы кӛмек кӛрсету.
Достарыңызбен бөлісу: