Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы, мектеппен дене



бет180/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

21-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы, мектеппен дене 
тәрбиесіндегі сабақтастығы 
1. 
Сабақтастық ұғымы
2. 
Мектеппен дене тәрбиесі мазмұнымен сабақтастығы
3. 
Отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру.Ата-аналармен жұмыс

Халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегеніміз – сабақтастықтың
оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу қажеттілігі мақсатында
оның аралас буындары арасында ӛзара байланыс орнату. Балалар бақшасы мен
мектептің сабақтастығы олардың тәрбиелеу және оқыту жұмысы мазмұнының,
оны жүзеге асыру әдістерінің ӛзара байланысты болуын кӛздейді. Н.К.Крупская
балалар бақшасы мен мектептің негізгі байланысын кӛрсете келіп: «Eгер біз
балалардың мектепке дейінгі тәрбиесін дұрыс жолға қойсақ, сол арқылы біз
мектепті неғұрлым жоғары сатыға кӛтереміз...», - деп айтты. Балалар бақшасы
мен мектеп арасындағы сабақтастықтықтың қажеттігі біздің еліміздегі
мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие рӛлінің едәуір артуына байланысты да
мықтап күшейіп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие - халыққа білім берудің
біртұтас жүйесінің бірінші буыны. Балалар бақшасы мен мектептің
сабақтастығы, бір жағынан, балаларды мектепке жалпы дамуы мен тәрбиелік
дәрежесі жӛнінде мектептегі оқу талаптарына сай келетіндей етіп даярлап
беруді, екінші жағынан, мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып
үлгерген білімге, іскерлікке, сапаға сүйенетін оқушыларды одан әрі жан-жақты
дамыту үшін соларды пайдаланатын болуын кӛздейді.



313
Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері 1-сыныпта балаларға


қойылатын талаптарды жақсы білуге, сол талаптарға сәйкес мектепке дейінгі
ересектерді жүйелі оқуға дайындауға тиіс.
Балалар бақшасы мен мектептің арасындағы сабақтастық оқыту мен
тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері,
ұйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің
мұғалімі оқудың тиімділігін арттыру үшін балалар бақшасында жиі
қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады; балалар бақшасының тәрбиешісі
оқыту процесіне арнаулы оқу тапсырмаларын, жаттығулар енгізіп біртіндеп
оларды күрделендіреді, сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оку іс-
әрекетінің алғы шарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу оқыту
формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз даярлайды. Балалар бақшасына
бармайтын алты жастағы балаларды мектептегі оқуға дайындау мектептердің
жанында ұйымдастырылатын дайындық сыныптарында жүзеге асырылады.
Еліміздің кішкентай азаматтарын тәрбиелеу мен оқыту тиімділігін арттыру
мақсатында үкіметіміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда «Жалпы білім
беретін мектептер жанындағы мектепалды сыныптары мен балабақшаның
мектепалды топтарына балалар қабылдау ұлғайтылсын», деген міндет
қойылды. Мектепке дейінгі мекемелердің практикасында балалар бақшасы мен
мектеп байланысының белгілі тәжірбиесі қалыптасқан. Бұл байланысты
орнатудың екі жолын бӛліп кӛрсетеді: балалар бақшасы мен мектептің педагог
ұжымдарының тығыз байланысы және мектеп жасына дейінгі балалар мен
бірінші сынып оқушыларының тікелей жақындасуы. Тәрбиешілер мектептің
бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұны (дене
шынықтыру бағытындағы) және ӛзіндік ерекшелігімен танысады, сӛйтіп
балалардың даму перспективасын анықтайды және оның мектеп талап ететін
дәрежеде болуын камтамасыз етеді. Ӛз тарапынан, мұғалімдер де балалардың
мектепке дейін алған білімі мен тәжірибесіне сүйену үшін балалар
бакшасындағы жүзеге асырылған тәрбиелеу, жалпы білім беру жұмысының
мазмұны туралы мағлұмат алады. Сабақтастық ұғымына берілген анықтамалар
ӛте кӛп. Әйтсе де, барлық анықтамалар бір мазмұнғы келіп тоғысады. Оған
кестеден кӛз жеткізуге болады (1- кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет