Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет43/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

«Алғашқы 
қадам», 
«Зерек 
бала», 
«Біз 
мектепке 
барамыз» 
бағдарламаларындағы дене тәрбиесі мазмұны.  Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына»
сәйкес
мектепке
дейінгі
ұйымдарда:
1) 2009 жылы «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке
барамыз» (5-6 жас) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
бағдарламалары
әзірленді
және
бекітілді;
2) осы бағдарламалардың оқу-әдістемелік кешені (жекеменшік, отбасылық
балабақшалар, және ата-аналарға арналған консультациялық пункттер үшін
әдістемелік
нұсқаулықтар
мен
дидактикалық
материалдар)
әзірленді.

Аталған бағдарламалар мазмұнына қысқаша тоқталып ӛтейік. Ерте


жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
«Алғашқы қадам» бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес жасалған.
Бағдарлама мына бӛлімдерге бӛлінген:
Кіріспе.
Бірінші бӛлім:
- күн тәртібінің үлгісі;
- балалар іс-әрекеттерінің апталық белгіленген үлгісі;
- ұйымдастырылған балалар іс-әрекеттерінің түрлері.
Екінші бӛлім:
- бес білім беру салалары бойынша тәрбилеу мен оқытудың негізгі
мәселелері;
- балалардың ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары.
Үшінші бӛлім:
- ерте жастағы балалардың психикалық-физикалық дамуының сипаттамасы.
Тӛртінші бӛлім:
- дамытушы орта: эколого-гигиеналық жағдайлар;
- педагогтар мен ата-аналар.
Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
Мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің жаңа стандарты 1 жастан 3 жасқа
дейінгі баланың бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі арқылы дамуын
қарастырады: денсаулық, таным, қатынас, шығармашылық және әлеуметтік
орта. «Алғашқы қадам» бағдарламасының «Денсаулық» білім беру саласында
(1-3 жас) балалармен ӛткізілетін дене шынықтыру жұмыстары қамтылады. Ол
жұмыстар реті бағдарламада тӛмендегідей сипатталған.

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарламадағы дене


шынықтыру мазмұны «Денсаулық» білім беру саласында кӛрсетілген.
Бала ӛмірінің екінші жылы ерекше жастық топ - ерте жасқа жатады. Бұл кезеңде
бала ӛз бетімен тік жүріп, тұрудың, сӛйлеу дағдыларын иемденіп, негізгі



65
сенсорлық эталондарын меңгереді. Бір жастағы бала ересектің кӛмегімен


орамал қолданып, түбікке сұрана алады. Эмоционалды кӛңіл-күй пайда болады:
кӛздеген мақсатына жеткеніне қуану, дәміне қарай тамақты таңдау дағдылары,
ӛзіне жақын адамдарды тану. Бұлшық ет жүйесі бекіп, қасықты қолмен ұстай
алады, жақсы жүреді, ӛз еркімен тұрады, еңкейеді, затты бір орнынан екінші
орынға ауыстырып қояды. Қолы мен бетінің тазалығын байқайды. Орындыққа
отырады, тамақты ұқыпты ішеді. Ӛз киімін таниды, шұлығын дұрыстап киеді,
бас киімдері мен аяқ киімін жартылай шешеді, бет орамалды қолданады, жеке
заттарын сақтайтын жерді таба алады. Үлкендердің кӛрсетуімен қарапайым
қимылдарды қайталайды: қолын бұлғайды, сүю ишарасын орындайды, қолын
артқа
жасырады.
Саусақ
жаттығуларын
орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет