Пәннің атауы__Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы
Кредит саны__4_______________
Курс, семестр__2 курс, 3 семестр
Мамандықтың шифры және атауы 6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті, 4 ж.
Институт____Филология институты
Кафедра___Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі Беласарова Ж.Т. PhD доктор
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai)+77012955596 zhaidar77@mail.ru
2. Пәннің қысқаша мазмұны. Пәннің мақсаты:білім алушыларға орфографиялық заңдылықтарды жете меңгерту, сол арқылы жазу сауаттылығына баулу,сөйлеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру арқылы алған теориялық білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана білу іскерлігі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Курс міндеттері: - -болашақ мұғалімдердің тіл ғылымының салаларымен байланысты сауатты жазу ережелерінің бағдарламалық материалдарын оқушыларға жүйелі түрде үйрететіндей іскерліктерін шыңдау;
-емле ережелерімен таныстыру;
-сөз сазын келтіру қағидаларын (орфоэпиялық ) меңгету;
-сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауыс, үн реңкі,сөз сазы(интонация), екпіннің түрлері т.б.) жайында маұлұмат беру;
-эссе және оныңтүрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары, шығармаданайырмашылығыжөніндетүсінік беру.
- студенттерге осы саладағы ғылыми еңбектердегі тұжырымдарды саралауға, зерделеуге баулу.
«Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады: -білім және түсінік:қазақ орфографиясындағы ұстанымдардың түрлерін, олардың қолданылу орындарын ажыратып, дағдыланады;
-дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуындағы қиындық келтіретін тұстарын талдауға машықтанады;
-түбір сөздер мен қосымшалардың жазылуындағы ерекшеліктерді ажырата алады;
- мәнін аша алады;
- сөйлеу техникасына қатысты ұғымдарды ұғынып, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін түсініп, шегін айқындай біледі;
-білімді және түсінігін қолдана білу: практикалық жағынан сөйлемдегі әрбір сөздің қалай жасалғандығын, қай сөз табына жататынын, қандай грамматикалық, лексика-грамматикалық белгілері бар екенін талдап ажыратады;
- қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясына қатысты жекелеген ғалымдардың зерттеу еңбектерімен танысып, оған талдау жасай алады және ой-тұжырымдарын, уәждерін дәйектей біледі;
-пайымдауды қалыптастыру:сөзжасам мен морфология курсынан алған білімдерін педагогикалық іс-тәжірибиеде және маман ретінде болашақта қажетіне қарай қолданады;
- пайымдауды қалыптастыру: студенттің өзіндік ой-пікірін білдіріп, өзін-өзі, басқа және қоршаған ортадағы шындықты сыни тұрғыда бағалай біледі;
- жеке қабілеттерін қалыптастыру: түрлі мәтіндік үлгілермен жұмыс жасау арқылы өзіндік білігін қалыптастырып, іскерлік дағдысы мен шығармашылық қабілетін арттырады.