Дебат үйірмесі
Қазақ лигасы
АНЫҚТАМА Өткізгенкүні: 02.09.2022 ж.
Тақырыбы: Кіріспе.Мектеп ішкі ережесі қаншалықты қатаң сақталады?
Мақсаты: Оқушыларға «Дебат» деген ұғым жайында, дебаттың шарттары жайында, оның ерекшеліктері мен өзіндік белгілері туралы түсінік беру.
Дебат түрлерін тереңінен ашып, оқушылардың танымын дамыту, қызығушылын арттыру.
«Мектеп ішкі ережесі қаншалықты қатаң сақталады?» тақырыбы төңірегінде пікірсайыс орнату,оқушыларды топқа бөліп пікірлерін тыңдау және өзара пікір алмасуға үйрету.
Негізгіережелер:құрылымды сақтау,әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,шындық, сыйластық.
Үйірме жетекшісі: Нурмукан А.С
М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей
Дебат үйірмесі
Қазақ лигасы
АНЫҚТАМА
Өткізгенкүні: 06.09.2022 ж.
Тақырыбы: Пікірталас деген не?
Мақсаты: «Пікірсайыс» ұғымын оқушыларға түсіндіру.
Пікірсайыс немесе дебат грек тілінен «оқимын», ал француз тілінен «талқылау» деген мағынаны білдіреді. Дебат – аргумент арқылы жеңу. Онда қарсы тараптар қоғамды өз сөзіне сендіруі керек. Пікірсайыста маңыздысы – аргумент, бірақ әр түрлі риторикалық әдістер, аудиториямен жұмыс жасау қабілеті ескеріледі. Ол – шешендік өнердің бір түрі, риториканың бір бөлігі. Демократиялы елдерде президент сайлауы пікірсайыс арқылы өтеді.
Сонымен қатар берілген тақырыпты толықтай талқылапуды жүзеге асыру қажет.