1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы Қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы және оны оқыту
Кредит саны__5
Курс, семестр__2 курс, 4 семестр
Мамандықтың шифры және атауы 6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті
Институт____Филология
Кафедра___Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі Балтабаева Ж.Қ., п.ғ.д., профессор, Қасым Б.Қ. ф.ғ.д., профессор : Молдасанов Е.М-ф.ғ.к., доцент
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) +77016661207, Baltabaevazhanalik@mail.ru 87018012405 er.alban2005@mail.ru
2.Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікір таластарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды. Жиынтық бағалау: Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4 3. Курстың академиялық презентациясы Пәнді оқыту барысында білім алушыларға сөзжасамдық, морфологиялық заңдылықтарды және оны оқыту жолдарын түсіндіру, қазақ тілінің сөзжасамдық құрылымын, грамматикалық жүйесін тереңірек таныту; туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау; сөзжасамдық ұя, тізбек, саты, тарам, типтердің байланысы мен ерекшеліктерін талдай отырып жаттықтыру; сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасын ажырата білуге үйрету; негізгі грамматикалық ұғымдар мен олардың түрлері жөнінде білім-дағдыларын жетілдіру; сөздерді таптастыру ұстанымдарын, сөзжасамды, морфологияны оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.