Оқу курсының типі: КП/ЖООК/МК Пәннің мақсаты: Сөздердің жасалу жолдары мен морфологиялық түрленуін жаңартылған білім бағдарламасының мақсаттарына сәйкес орта мектепте оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Пәннің міндеттері: болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру, семинар сабақтар мен өздік жұмыстар арқылы қазақ тілінің сөзжасамы, морфология салалары және оларды оқыту бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.
«6В017 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН8. ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолдана отырып, өзінің игерген білімін, жеткен жетістіктеріне сыни көзқараспен бағалай алады. ОН10 тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады; ОН11 қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады; 5. Ақпараттық ресурстар: 1.dereksiz.org/azirgi-aza-tilini-
2. https://imektep.kz/
Оқу әдебиеттері: Оралбай Н.,Құрманәлиев К.,Балтабаева Ж.Қазақ тілінің сөзжасамы.-Алматы:«Нұр-ДиАс»,2014.-286 б.
Құрманәлиев К.,Балтабаева Ж.Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика.-Алматы:«Жания-Полиграф», 2022.-184 б.
Оразбаева Ф., Балтабаева Ж. т.б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Қарағанды, “Medet Group”,2016,-424 б.
Қасым Б. Қазақ тілінің сөзжасамы. Қарағанды, “Medet Group”,2019.-228 б.
Руководство для учителя в рамках обновления содержания образования Республики Казахстан. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016.