ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
ПӘН СИЛЛАБУСЫ
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Қазақ тілінің стилистикасы және оны оқыту
Кредит саны___5_
Курс, семестр__2 курс, 3 семестр
Мамандықтың шифры және атауы 6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті,
Институт____Филология
Кафедра___Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі Есенова Қ.Ө., п.ғ.д., профессор
Дюсембина Г. РhD доктор. Тайжанов У.О. п.ғ.м. оқытушы, ф.ғ.к., доцент Молдасанов Е.М.
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 87018012405. Er.alban2005@mail.ru
2.Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікір таластарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалдыпайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Студенттердің тіл мәдениеті мен стилистика туралы жүйелі теориялық білімі алуына, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға негізделеді. Студенттерге лингвистикалық стилистиканың негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез-келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету көзделеді
Достарыңызбен бөлісу: |