Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет2/4
Дата20.09.2023
өлшемі34,91 Kb.
#109079
1   2   3   4
Оқу курсының типі: КП/ЖООК/МК
Пәннің мақсаты:Студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйрету.
«Қазақ тілінің стилистикасы және оны оқыту» пәнінің негізгі міндеті «6В01701 – Тіл мен әдебиеті мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН – 8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымды жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда, білімін жетілдіруде орынды қолданады.
ОН – 10. Тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады.
Мазмұны: Студенттердің тіл мәдениеті мен стилистика туралы жүйелі теориялық білімі алуына, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға негізделеді. Студенттерге лингвистикалық стилистиканың негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез-келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету көзделеді.
Құзыреттіліктері:Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын және әдеби тілдің функционалды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игеруі тиіс. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады. Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмалар т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет.
Академилық құндылықтар: Академилық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі, плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет