Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус


Курстың академиялық презентациясы



бет2/6
Дата17.03.2022
өлшемі42,15 Kb.
#28285
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
3. Курстың академиялық презентациясы «Ежелгі, хандық дәуір әдебиеті және оны меңгерту әдістемесі» курсынан ежелгі түркі ескерткіштерінен бастап, қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар поэзиясының ерекшеліктерімен танысады. Қазақ жыраулар поэзиясының ежелгі түркілік әдеби ескерткіштерімен дәстүр жалғастығын, сол кезеңдердегі лирикалық жанрға тән сипаттарды ғылыми тұрғыдан талдауға үйрене отырып және оны қалай оқытудың, неге баса көңіл аудару керектігін әдістемелік тұрғыдан меңгереді.

Оқу курсының типі: ТК

«Ежелгі, хандық дәуір әдебиеті және оны меңгерту әдістемесі» пәнінің мақсаты: - Ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерді және хандық кезеңіндегі мұраларымызды жан-жақты таныстыру, төл әдебиетіміздің қайнар бастауы сонау ежелгі заманнан бастау алатынын және көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнына, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасау болып табылады.

Пәннің негізгі міндеті:

- білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге ала отырып, студенттерді қазақ әдебиеті тарихының қайнар бастауларымен таныстыру;

- Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің туындыларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, мазмұны және оны оқыту туралы білім беру;

- қазақтың көркем сөз өнерінде сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы, ежелгі әдебиетіне тән мұралар, хандық дәуір әдебиетінің даму ерекшеліктері және оны оқытудың оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау және т.б. мәселелерді меңгерту;

- оқу бағдарламасы аясында білім беру ресурстарын қолдануға үйрету;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет