Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет2/8
Дата29.09.2022
өлшемі114,5 Kb.
#40709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Оқу курсының типі: ТК
«Функционалды синтаксис және оны оқыту» курсында студенттерді сөйлемдердің коммуникативті-функционалдық ерекшеліктерімен таныстырып, оны орта мектепте оқытудың жолдарын үйрету көзделеді, функционалды синтаксис пен тілдік қатынас теориясының байланысын меңгертіп, синтаксисті функционалдық тұрғыдан оқытудың тиімділігін үйренеді.
Пәннің негізгі міндеті:

  • сөйлемнің құрылымдық жүйесі мен семантикасы, ақпараттық мәні мен коммуникация үдерісіндегі қызметі;

  • сөйлемнің құрылымдық типтері мен коммуникативтік типтері;

  • синтаксистің ғылыми-теориялық негізі, зерттелу тарихы және оларды оқытудың әдіс-тәсілдері;

  • сөйлемдерге құрылымдық, функционалдық, коммуникативтік аспектіде талдау жасаудың жолдары оқытылады.

6В001701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН-10: тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады;
ОН-11: қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады;
4.Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады. .
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмаларды және т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет