Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет2/6
Дата13.10.2022
өлшемі133,5 Kb.
#42966
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Оқу курсының типі: МК
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының мақсаты – студенттерге мектепте қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті жоғары маман даярлау.
Пәннің негізгі міндеттері:

  • студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту және қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;

  • студенттерді педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа тенденциялармен, қағидалармен, бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрете отырып, мектепте оқытылатын қазақ тілі курсының мақсат-міндеттері және жаңартылған білім мазмұнымен таныстыру;

  • пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;

  • білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;

  • болашақ мамандарға қазақ тілін оқытудың жолдарын игерту (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды (жиынтық, қалыптастырушы бағалау) үйрету, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын (рубрика, модерация) табуға баулу);

  • өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.

4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады. .
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмаларды және т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет