Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ  ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/75
Дата21.02.2017
өлшемі39,72 Mb.
#4618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ  ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
12
преступлений  и  хулиганства  включает  меры  по  устранению  причин  и  условий,  способствующих 
совершению  преступлений  данного  вида,  а  также  меры  индивидуально-профилактического 
воздействия на конкретных лиц. 
Успех  в  профилактике  насильственных  преступлений  зависит  от  полноты  их  выявления  и 
обеспечения  неотвратимости  наказания  за  совершение  этих  преступлений.  Несоблюдение  этих 
требований  быстро  приводит  к  повторному  совершению  лицами  преступлений,  вовлечению  в 
преступления новых участников. 
  
Литература: 
 1. Конституция РК 
2. Уголовный кодекс Республики Казахстан. 
3. Криминология / Под ред. А.И.Долговой. - М.: Норма, 2001. 
4. Криминология / Под ред. А.И.Долговой. - М.: Норма, 2006. 
5. Побегайло Э.Ф. Криминология: Учебник. - М.: Юрист, 1999. 
6. Познышев С.В. Криминальная психология: Преступные типы. - Л.: Гос. изд., 1926. 
  
 
ӘОЖ  341 
 
ЖАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
 
Куккузова Э.И. - құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Х.Досмұхамедов атын-
дағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Бұл 
мақалада 
қарастырылатын 
тақырыптың 
маңыздылығы 
кәмелеттік 
жасқа 
толмағандардың арасында қылмыстың көбейіп кетуімен айқындалады. Жасөспірімдер арасындағы 
құқықбұзушылықтың  өсу  себептерін  ашып  көрсетуді,  сондай-ақ  құқықбұзушылықтың  алдын  алу 
және оларға жазалау шараларын қолдануды мақсат етіп қойған.  
Негізгі сөздер: жасы кәмелетке толмағандар, құқықбұзушылық, қылмыс, санкция. 
 
Адамзаттың  сонау  қалыптасу  кезеңінен  бастап-ақ  құқықбұзушылықты  тек  қана  жазаның 
көмегімен  тоқтатудың  мүмкін  еместігі  белгілі  болған.  Бас-көз  жоқ  жазалай  беруден  гөрі  қылмысты 
ескерту ұтымды деген ұғым пайда болды. Қылмысты ескерту туралы идея көптеген ғасырлар бұрын 
ұсынылған.  Мәселен,  Платон  заң  шығарушыны  қылмыскер  болуға  бет  түзеген  адамды  қылмыстан 
жеритіндей  жағдайға  жеткізетін  Заң  шығаруға  шақырды.  Аристотель  қылмысты  ескерту  –  бұл 
бұзылған ойға қарсы келетін әдеттер мен талғамға қарсы күрес деп жорыды. 
XYIII  ғасырда  Ш.-Л.  Монтескье  өзінен  «Заңдар  рухы  туралы»  трактатында  жақсы  заң 
шығарушы  қылмыс  үшін  жаза.  Одан  гөрі  қылмысты  ескертуді,  жазалаудан  гөрі  адамгершілікті 
нығайтуға көңіл бөледі деп жазған. Осы ережені Ч.Беккариа «Қылмыс және жаза» туралы еңбегінде 
кеңейтіп  және  нақтылай  түскен.  Осы  шығармаларға  түсіндірме  бере  келе,  Вольтер,  қылмысты 
ескерту нағыз юриспруденция деген тұжырым айтқан. 
Өкінішке  орай,  20-жылдардың  бас  кезінде  елімізде  бастау  алған  қылмыстылықты  жалпы 
әлеуметтік  ескерту  мен  қылмыстың  алдын  алуға  бағытталған  үрдіс  тоқырап  қалды.  30-жылдардан 
бастап болмай қалмайтындығы негізгі, негізгі болмаса да қылмысты ескертуде басты мақсат болсын 
деген  қағида  үстем  болды.  Сөйтіп,  қылмысты  ескерту  мемлекеттің  саясаты  мен  практикасының  бір 
бөлігі  болып  қала  берді.  60-жылдарда  қылмысты  ескерту  онымен  күрестің  басты  бағыты  ретінде 
қарастырылды [1].  
Қазіргі  таңдағы  аса  маңызды  мәселелердің  ортасынан  орын  алатыны  –  бұл  жасы  кәмелетке 
толмағандардың  құқықбұзушылығының  сан  алуан  түрлі  болуы  және  аса  қауіпті  қылмыстарды 
жасауы. Осындай әрекеттерге  итермелейтін  қандай себептер  бар және  оның  алдын  алу шаралары 
қандай, қандай жауапкершілік қарастырылған? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. 
Кәмелетке  толмағандар  мен  жастардың  қылмысымен  күресу  -  бұл  қылмыстың  ағымдағы 
себептері  мен  факторларымен  және  басқа  да  құбылыстарымен  бірге  болатын  әлеуметтік  саяси 
мәселе.  Кәмелетке  толмағандар  қылмысы  1999  жылға  дейін  жете  қарастырылмады.  Бірақ,  соңғы 
уақытта  бұл  ситуация  жақсы  жағына  өзгерді.  Мысалы,  2014  жылғы  3  шілдеде  қабылданған  жаңа 
қылмыстық  кодексте  «Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  жауаптылығына»  байланысты  арнайы 
бөлік  енгізілген,  сонымен  бірге  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Мемлекттік  жастар  саясаты» 
бағдарламасы, 2010 жылы 29 сәуірде қабылданған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң, 
содан  кейін  кәмелетке  толмағандар  құқық  бұзушылығына  байланысты  кешенді  бағдарлама  өңделіп 
қолданылуда.  Дейтұрғанмен,  кәмелетке  толмағандар  мен  жастар  арасындағы  қоғамға  қарсы  мінез-
құлық, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу ерекше мәнге ие, сондықтан кәмелетке толмағандардың 
қылмыстылығын  ескертумен  шұғылданатын  арнайы  мемлекеттік  органның  қызметін  уақыт  өткен 
сайын  одан  әрі  тиімді  ұйымдастыруды  талап  етуде.  Біздің  еліміздегі  кәмелетке  толмағандардың 

АКТУАЛЬНЫЕ  ВОПРОСЫ  ЮРИДИЧЕСКОЙ  НАУКИ 
 
13
жасаған  құқыққа  қарсы  әрекеттеріне  әкімшілік  және  басқа  да  алдын  алу  шаралары  құқық  қорғау 
органдарына,  қоғамдық    бірлестіктерге,  кәмелетке  толмағандардың  ісі  бойынша  және  олардың 
құқықтарын  қорғайтын  құзырлы  органдарға  жүктелген.  Аталған  органдар  өздеріне  жүктелген 
қызметтерін  тиесілі  деңгейде  атқарып  отырғандырымен,  кәмелетке  толмағандар  мен  жастар 
арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендете алмай отыр [2].  
Қылмыстық  жауапкершілікті  анықтаудың  құқықтық  нысандары  дегеніміз  –  қылмыстық 
жауапкершілікті белгілеудің және жеке-даралаудың заңдық тәсілі. 
Кәмелетке  толмағандар  қылмысының  алдын  алуды  қамтамасыз  ету  және  оның  тиімділігін 
көтеру үшін мыналар қажет: 
а)  кәмелетке  толмағандарды  қылмысқа  итермелейтін  барлық  қоғамға  қауіпті  іс-әрекеттері 
толықтай заңмен қамтылуы керек; 
б)  әртүрлі  қылмыстардың  қылмысқа  итермелейтін  арандататын,  кәмелетке  толмағандарды 
тәрбиелеу мүддесін бұзатын ықпалдардың қоғамға қауіптілік деңгейі заңды дұрыс анықталуы керек. 
Кәмелетке  толмағандарды  қылмыстық  немесе  басқалай  қоғамға  қайшы  әрекеттерге  тартқаны 
үшін ересектердің жауапкершілігі қарастырылған қылмыстық-құқықтық нормалар жасөспірімдерді теріс 
ықпалдан  қорғауда  маңызды  рөл  атқарады.  Кәмелетке  толмағандарды  тәрбиелеу  ісіне  аса  қауіптілік 
тудыратын  жағдайға  қылмыс  немесе  қоғамға  қайшы  басқадай  әрекеттер  жасауға  қасақана  тартуды 
жатқызамыз.  
Кәмелетке  толмаған  қыздарды  ересек  адамдардың  қылмыс  жасауға  тартуының  қоғам  үшін 
қауіптілігі  құқық  бұзушылық  шеңберінің  ұлғайғандығында  ғана  емес,  ондай  әрекеттердің  психикасы 
қатаймаған  қыздарға  бұзылатындай  ықпал  етуінде,  олардың  қалыпты  рухани-өнегелік  дамуын 
бұзуында. 
Кәмелетке  толмағанды  тарту  оның  психикасын  бұзып,  өзінше  қылмыс  жасауға  итермелейтін 
қоғамға қайшы әрекеттердің толық тізбесін заңда көрсету мүмкін емес. Сондықтан да, біздің пікіріміз-
ше,  2014  жылы  қабылданған  жаңа  Қылмыстық  кодекстің  «Отбасына  және  кәмелетке  толмағандарға 
қарсы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар»  деп  аталатын  2-тарауының  132-бабына  сәйкес  кәмелетке 
толмаған  адамды  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар  жасауға  тарту  қарастырылған.  Ондай  былай 
делінген: он сегіз жасқа толған адамның кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар 
жасауға тартуы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. 
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмысқа ересек адамдардың қатысуы өзінің қоғамға қауіптілік 
дәрежесі  жағынан  қылмыстық  кодекстің  132-133-баптарында  көзделген  қылмыстарға  жақын  келеді. 
Бұл  жерде  әңгіме  кәмелетке  толмағандардың  ынтасы  бойынша  жасалған  қылмыстарға  қатысу 
жайында  болып  отыр.  Мұндағы  теріс  ықпалдың  мәні  сонда  –  ересек  кісі  өзінің  қатысуымен  заңмен 
қорғалатын  мүдделерге  кәмелетке  толмағанның  теріс  көзқарасын  орнықтырады,  оны  тәрбиелеу 
жөніндегі  өзінің  қоғамдық  борышын  бұзады.  Ересектермен  бірлесіп  қылмыс  жасағанда  кәмелетке 
толмаған үлкен тәжірибе алады. Ересектердің мұндай әрекеттері жастардың қалыпты дамуына елеулі 
зиян  келтіреді,  олар  қылмыстық  жолға  түседі.  Бұрынғы  және  қазіргі  жаңа  қылмыстық  кодексте 
кәмелетке толмағандармен қылмысқа бірге қатысқаны үшін ересектердің жауапкершілігін арттыратын 
ешқандай құқықтық нормалар жоқ.  
Нарықтық қатынастарға байланысты орын алған жұмыссыздық, көптеген қала мен ауыл тұрғын-
дарының  өмір  сүру  дәрежесінің  төмендеуі  біршама  келеңсіз  құбылыстармен  байланысып  жатыр. 
Осының  ерекше  белгісі  –  қоғамдық  және  құқықтық  тәртіпті  бұзу  және оның  ең  қауіпті  түрі  –  қылмыс-
тылық болып табылады. 
Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, 
әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер,  сот  жүйесін  реформалау  жағдайында  қылмыстың  өсуіне 
байланысты  оның  әркелкі  түрлерімен  күресті  күшейту  қажет  және  жасөспірімдер  қылмысымен  күрес 
қылмыспен күрестің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 
Қазақстанда  қазіргі  уақытта  бұл  мәселеге  ерекше  назар  аударылып  отыр,  жасөспірімдер 
қылмыстылығына  талдау  жүргізіледі,  олардың  құқыққа  қарсы  мінез-құлықтарының  себептері 
анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады. 
Статистика  жөніндегі  Мемлекеттік  комитет  мәліметтеріне  сәйкес,  Қазақстан  Республикасында 
1998  жылдың  қаңтарына  қарай  10  жастан  14-ке  дейінгі  жасөспірімдер  саны  1  млн  632,5  мыңды 
құрады.  15  жастан  30-ға  дейінгілер  саны  4  млн  187  мың  830  адам  немесе  тұрғын  халықтың  жалпы 
санының  26,8%-ы.  Республикада  соңғы  уақытта  жүргізілген  жастар  мәселесі  бойынша  әлеуметтік 
зерттеулердің көрсетуінше, жастардың белсенді еңбек және қоғамдық өмірге араласуы мүмкін, ал бұл 
еңбекке қабілетті халықтың 40%-ға жуығы, қажетті әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық шарттар 
әлі қалыптаспаған. 
Қылмыс  пен  өзге  де  құқық  бұзушылықтар  осы  мезгілде  мемлекетте  қалыптасқан  қоғамдық 
қатынастармен  себепті  түрде  байланысты  екендігі  белгілі,  сондықтан  да  елде  жүргізіліп  жатқан 
экономикалық реформалар жастардың әлеуметтік жағдайына әлі елеулі оң ықпал ете қоймағандықтан 
да, сәйкесінше қылмыстың өсуі белең алуда. 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ  ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
14
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  әртүрлі  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  үшін  1998  жылы  3675 
жасөспірім  ұсталған. Әрбір  26-қылмысты  солар  жасайды.  Жеке-профилактикалық  есепте  917 
жасөспірім, 1326 ата-ана немесе олардың орнындағы тұлғалар, қоғамға қарсы бағыттағы 154 топ тұр. 
Соңғы  уақытта  кәмелетке  толмағандардың  ауыр  қылмыстар:  қасақана  кісі  өлтіру,  зорлау,  ауыр  дене 
жарақаттары, тонау және т.б. жасауы көбеюде. 
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарына қарсы күресуде қылмыстық-құқықтық шаралар негiзгi 
болып табылмайды. Кәмелетке толмағандардың  қылмысының өсуiне қоғамның қарқынды түрде әлеу-
меттiк бөлiнуi,  халықтың   басым   көпшiлiгiнiң   өмiр   сүру   деңгейiнiң   күрт  төмен   түсiп   кетуi,  отба-
сылық   қатынастардың   өзгеруi,  жасөспiрiмдерге  деген   қатыгездiктiң   жоғарылауы   жағдайында 
болып   жатқанын ескермеуге  болмайды.  Осындай   жағдайда   маңыздылығы   бойынша   бiрiншi 
орындарда  әлеуметтiк,  экономикалық   және   тәрбиелiк   алдын   алу   шаралары   болуы  жалпыға 
ақиқат заңдылық.   Дегенмен,  қылмыс  жасалған  жағдайда,  кәмелетке  толмағанды  қылмыстық 
жауапкершілікке  тарту  мәселесі  туындайды. 
Бұл мәселелер 1998 жылы күшiне енген Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық   кодексiнiң 
құрамына   «кәмелетке   толмағандардың   қылмыстық  жауапкершiлiгi»   атты   бөлiмдi   кiргiзу   арқылы 
шешiлген. Бұл бөлiм нормаларының  мазмұны  Қылмыстық  кодекстiң  Жалпы  бөлiмнiң ережелерiнен 
өзгешелеу құрастырылған, ерекшелену себебi, олардың  қылмыс  субьектiсiнiң   жас   ерекшелiгiмен 
ғана  түсiндiрiледi және олар жауапкершiлiк пен жазаны жеңiлдетуге бағытталған. 
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы бөлімнің 78 - бабы анықтағандай, 
кәмелетке  толмағандар  деп  қылмыс  жасаған  кезге  қарай  жасы  он  төртке  толған,  бірақ  он  сегізге 
толмаған  адамдар  деп  танылады.  Кәмелетке  толмағандардың қылмыстары  жөнінде  істерде  қараған 
кезде сот кәмелетке толмағанның жасын нақты анықтауға бағытталған шаралар қабылдауға міндетті. 
Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Сотының  «Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  жөніндегі 
істер мен  оларды  қылмыстық  және өзге  қоғамға  қарсы  іс-әрекеттер  жасауға  тарту  бойынша 
заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» 2002 жылдың 11 сәуіріндегі нормативті қаулысында, еліміздің 
соттары, анықтау және тергеу органдары жетекшілікке алатын ережелер белгіленеді. 
Кәмелетке толмағандар туралы дербес бөлiмнiң Қазақстан  заңдылығында пайда  болуы  бiрiншi 
рет   Қазақ   ССР   Қылмыстық   кодексiнде  кәмелетке   толмағандардың   қылмыстық   жауапкершiлiгiне 
көзқарас  жеткiлiктi  түрде  iзгiлiк тұрғыда  болса  да,  осы тақырып  бойынша  нормалар  Жалпы  бөлiмнiң 
әр түрлi  баптарында   шашырап жүйеленбеген   едi.  Сол  себептi қылмыстық заңда  кәмелетке 
толмағандарға   арналған арнайы  бөлiмнің пайда  болуы бұл  елiмiздiң   қылмыстық   заңының   жоғары 
даму  деңгейiн көрсетiп отыр. 
Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуратурасының  Құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке 
алу  жөніндегі  комитетінің  ұсынған  мәліметтеріне  сүйенсек,  2013  жылдың  6  айында  48833  қылмыс 
жасалса,  соның  ішінде  5,6%  -ын  жасы  кәмелетке  толмағандармен  жасалған  қылмыстар  құрайды. 
Қазақстанның  көптеген  облыстарында  жасы  кәмелетке  толмағандардың  қылмысы  төмендегені 
көрінсе,  ал  Астана  қ.,  Атырау  облысы,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Жамбыл  облыстарында 
бірқалыпты орында тұр. Керісінше, Алматы облысында – бұл қылмыс артып отыр [3].  
Кез  келген  өркениетті  мемлекет  өскелең  ұрпақтың  денсаулығын  сақтау  мен  күшейтуді  ерекше 
қамқорлыққа алады. Соның ішінде, кәмелетке толмағандар арасында кездесетін қылмыс секілді теріс 
құбылыстарға қарсы күрестің маңызы зор. 
Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстар қатары артуына орай жоғарыдағы мәселенің мәні 
күшейе түседі. 
Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмыстың  ерекшелігі  оны  дербес  нысан  есебінде 
қарастыруға мәжбүр етеді.  
Қылмыс  жасау  жолына  түскен  өрімдей  балалар,  ересектер  қылмысының  негізін  қалайды. 
Кәмелетке  толмаған  қылмыскердің  бірқатар  ерекшеліктері  бар,  атап  айтқанда,  олардың 
психологиясына тән ашушаңдық, ересектерге еліктегіштігі, қақтығыс жағдайларға бейімділігі. Сондай-
ақ, жұмыс істемейтін, оқудан тыс қалған, бос уақыты мол кәмелетке толмағандардың көпшілігі қылмыс 
әлеміне жақын тұратынын атап айту қажет.  
Тәжірибе  жауапкершілікке  тартылған  кәмелетке  толмағандардың  негізгі  бөлігі  әлеуметтік 
жағдайы  төмен,  тұрмысы  қолайсыз  отбасында,  ата-анасының  біреуімен  ғана  тұратын  жасөспірімдер 
екенін көрсетті. 
Өркениет  тарихының  барлық  кезеңінде  кәмелетке  толмағандар  қоғамның  ең  жанды  да  нәзік 
мәселесі  болып  қалуда.  Қажеттіліктерін  заңды  жолмен  өтеу  мүмкіндігі  жоқ  жасөспірімдер  өз  күштері 
мен  мүмкіндіктері  шамасында  «ақша  жасауға»  кірісіп,  негізінен  меншік  иесіне  қарсы  қылмыс  жасау 
жолымен пайда тапқысы келеді.  
Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың негізгі себептері:  
–  жасөспірімдер  тәрбиеленіп  отырған  отбасылардың  әлеуметтік  жағдайы  мен  құқықтық 
мәдениетінің төмендігі; 
– кәмелетке толмағандардың түрлі себептермен оқудан тыс қалуы; 
–  кәмелетке  толмағандардың  бос  уақыты,  тұрмыстық  және  еңбек  жағдайы  дұрыс 
ұйымдастырылмауы; 

АКТУАЛЬНЫЕ  ВОПРОСЫ  ЮРИДИЧЕСКОЙ  НАУКИ 
 
15
–  қылмыстың  алдын  алу  бойынша  әлеуметтік  педагогтар  мен  мектеп  инспекторлары  рөлінің 
төмендігі; 
– жасөспірімдердің оқуды мерзімінен бұрын тастап кетуі. 
Кәмелетке  толмағандар  жасайтын  қылмыстың  алдын  алу  үшін  ата-аналар  және  білім  беру 
қызметкерлері  жасөспірімдердің  тұлғалық  дамуына  қолайлы  жағдай  жасауы  қажет.  Ол  –  оң 
эмоционалды  ықпал,  материалдық  игілік  және  дербес  те  сенімді  қарым-қатынас,  пән  мұғалімдері 
өткізетін  қосымша  дәрістер.  Жасөспірімдердің  бойындағы  қуатын  игілікті  арнаға  бұру  үшін  спорттық 
және  техникалық  сабақтар  үлесін  көбейтіп,  қоғамдық  іс-шараларға  тартудың  мәні  зор.  Олардың  өз 
күштеріне деген сенімділіктерін нығайту үшін «табысқа жету» салдарын дамытып, зиянды әдеттердің 
алдын алу және теріс қылықтарымен қатар араласатын ортасын қатаң бақылауда ұстау жақсы нәтиже 
береді [4]. 
Осыған  байланысты,  Қазақстан  Республикасында  ювеналды  әділет  жүйесін  дамытудың 
өзектілігі  жоғары  тұр.  Ол  қылмыстық  құқық  жүйесінде  жасөспірімдермен  жұмыстың  әдістерін  өзгерту 
қажеттілігін,  қылмыстық  және  азаматтық  үдеріс  аясында  кәмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен 
заңды  мүдделерін  нақты  жағдайда  барынша  сақтауды  айқындайды.  Балалардың  құқықтарын  және 
заңды  мүдделерін  қорғауға  қатысты  мәселелерге  2009-2011  жылдары  Қазақстан  Республикасында 
Ювеналды  әділет  жүйесін  дамыту  қағидасын  және  2010-2011  жылдары  Қазақстан  Республикасында 
құқықтық саясат қағидаларын жүргізу жұмыстары арналған. 
Атырауда 2012 жылдан бастап кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған 
сот  немесе  ювеналдық  сот  өз  жұмысын  бастады.  Бұл  жерде  тараптардың  бірі  кәмелетке  толмаған 
тұлға боп табылатын әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер қаралатын болады. 
Атырау  кәмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  мамандандырылған  ауданаралық  сот 
төрайымы Балтуған Файзуллина түсіндіріп өткендей,  Ювеналдық (ювеналдық – балиғатқа толмаған, 
жеткіншек) соттың қарауына жеңіл, орташа және ауыр санаттағы қылмыстар жасады деп айыпталған 
кәмелетке  толмағандардың  және  кәмелетке  толмағандарға  қарсы  қылмыс  жасаған  тұлғаларды 
айыптауға  қатысты  қылмыстық  істері  жатады.  Сондай-ақ,  мамандандырылған  соттың  құзырына 
кәмелетке  толмағандардың  құқық  бұзушылықтары  –  қоғамдық  орындарда  мас  күйде  болуы,  есірткі 
заттарын қолдануы, заңды өкілдердің қатысынсыз ойын-сауық орындарында сағат 22-ден кейін болуы 
және  т.б.  туралы  әкімшілік  істер  кіреді.  Ювеналдық  сот  өздерінің  ата-аналық  құқықтарын  лайықты 
орындамайтын  ықылассыз  ата-аналардың  істерін  де,  сондай-ақ,  баланың  бостандығы  мен  құқығын 
сақтауға,  атап  айтқанда,  кәмелетке  толмағандардың  ата-аналары  ажырасқаннан  кейін  тұрғылықты 
жерін анықтау, ата-аналарының құқықтарын айыру мен қалпына келтіру, асырап алу туралы және т.б. 
даулар бойынша азаматтық істерді  қарайды.  
Кәмелетке  толмағандар  жасайтын  қылмыстардың  арасында  ауыр  қылмыстардың  және 
пайдакүнемдiк,  зорлықпен  ұштасқан  қылмыстардың  саны  басым.  Сондай-ақ,  осы  қылмыстарда 
тағылықтың,  қатыгездiктiң  орын  алуы  сирек  емес.  Қылмыстардың  басым  көпшiлiгi  ортақ  қатысу 
нысанында,  әсiресе  топпен  жасалады,  бұл  құбылыс  та  жасөспiрiмдердiң  психологиясына  тән  және 
әрбiр үшiншi қылмысты кәмелетке толмағандар ересектермен бiрiгiп жасайды. 
Әрине, қоғамдағы қылмыстың «жасаруына» соңғы кездері әлеуметтік жетімдіктің қанатын кеңге 
жаюы  да  ықпал  етуде.  Өйткені  арақтың  кесірінен  шаңырағы  құлаған  жандардың  балалары  далада 
қалып,  қаңғыбас,  қайыршы,  ұры-қарылардың  қатарын  толықтыруда.  Сонымен  қатар,  компьютерлік 
клубтарда  компьютерлік  ойындарға  беріліп  ойнау, осы  ойындарға  тәуекел  болуы да  жасы  кәмелетке 
толмағандардың ағзасын улап, ашулану және қоршаған ортасын сыйламау секілді жаман қасиеттерге 
душар  болуына  әкеп  соғады.  Бұлардың  барлығы  құқықбұзушылыққа  итермелейтін  себептердің  бірі 
болып табылады. 
Ал ондағы ойындарға есі кеткен бала сабақтан қалғанымен қоймай, үйіндегі әке-шешесімен, өз 
мұғалімдерімен жанжалдасуға дайын тұрады. Қандай жолмен болсын компьютер клубына баруы үшін 
әке-шешелерінен ақша ұрлайды. Онсыз да психикасы тұрақсыз балалар аса қатыгездікпен кісі өлтіру, 
тау  болып  үйілген  мәйіттер,  ұйып  қалған  қарақошқыл  қандары  бар  ойындарды  бірнеше  рет  ойнаған 
соң,  олардың  неліктен  ызақор,  қатыгез  және  күйзеліске  бейім  болатынын  жорамалдау  қиын  емес. 
Яғни компьютерлік тәуелділіктің алкогольдік, нашақорлық тәуелділіктен ешқандай айырмасы жоқ [5]. 
Мысалы,  2012  жылдың  27  қарашасында  Жаңақорған  кентінде  33  жастағы  А.Мусатаевтың 
басынан  ауыр  соққысы  және  жыныстық  қатынастағы  зорлық  белгілері  бар  мәйіті  табылып,  сол  күні 
Жаңақорған  аудандық  ішкі  істер  бөлімімен  Қылмыстық  Кодекстің  103-бабының  3-бөлігі  және  121-
бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен қылмыстық іс қозғалған. 
Осы    қылмысқа  қатысы  бар  кент  тұрғындары,  марқұммен  оқиға  күні  бірге  болған  оның 
таныстары  19  жасар  В.Мелихов  пен  14  жасар  мектеп  оқушысы  А.Рашид  анықталып, соттың  үкімімен 
тиісінше 6 жыл және 5 жылға бас бостандықтарынан айыруға сотты болған. 
Мұндай  жағдайлардың  орын  алуына  облыстық  ішкі  істер  органдарымен  Қазақстан 
Республикасы  заңдарымен  көзделген  тиісті  шаралардың  атқарылмауы  өз  әсерін  тигізген. 
Нақты  айтқанда,  құқық  бұзушылықтың  алдын  алудың  жүйелі  түрде  профилактикалық  шаралардың 
қолданылмауы,  бақылаудың  өз  деңгейінде  жүзеге  асырылмауы,  құқық  бұзушылық  пен  қылмысқа 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ  ӨЗЕКТІ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
16
итермелейтiн  себептер  мен  жағдайларды  жою  жөнiндегі  шаралардың  қолданылмауы,  уәкілетті 
мемлекеттік  органдармен  өзара  тығыз  байланыстың  орнатпауы,  сотты  болған  кәмелетке 
толмағандардың өмiр салтын және мiнез-құлқын бақылауды қамтамасыз етпеу сияқты және басқа да 
кемшіліктерге жол берілген. 
Сонымен  қатар,  облыс  аумағында  жергілікті  әкімдіктер  жанындағы  кәмелетке  толмағандардың 
ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  комиссиялардың  қызметі  өз  деңгейінде 
ұйымдастырылмай,  балалардың  құқығын  қорғау  бағытындағы  жұмыстары  формальді  түрде  өткізу 
деректері орын алған. 
Сонымен  бірге,  қолына  шөлмек  ұстап  батыр  болу  сынды,  жағымсыз  кейіп,  қазіргі  балалардың 
санасына кіріп кеткендей. 
Оған  дәлел,  2012  жылы  кәмелетке  толмағандармен  әр-бір  он  төртінші  қылмысты  алкогольдік 
ішімдік  ішіп  мас  күйінде  жасаса,  55  жасөспірім  спирттік  ішімдік  ішіп,  қоғамдық  орындарда  жүргендері 
үшін әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған. 
Білім  беру  органдарының  қызметкерлері  тарапынан  кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың  алдын  алудың  орнына,  керісінше  өздері  қылмыс  жасап  қоғамда  теріс  көзқарас 
қалыптастырған. 
Нақтыласақ,  Сырдария  ауданы,  Н.Ілиясов  ауылының  тұрғыны,  орта  мектеп  мұғалімі  Ж.М. 
адамдар тобымен сөз байласып 31.10.2012 жылы осы ауылдың тұрғыны Н.Е. малын ұрлап, Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен қылмыс жасаған [6]. 
Статистикаға  сүйенсек  заң  бұзып,  қылмыс  жасаушы  кәмелетке  толмаған  жасөспірімдердің  көбі 
толық отбасында тәрбиеленбегендер, олардың ішінде 29% әкесіз тәрбиеленгендер, ал ата-анасының 
екеуі  де  қызметте  болып,  тәрбиеге  уақыт  болмауы  8%  құрайды.  Осындай  жағдайлардың  әсерінен 
қадағалаусыз  қалған  жасөспірімдер  әртүрлі  психологиялық  табыссыз  факторлардың  туындауына, 
одан  әрі  құықбұзушылық  әрекеттерге,  содан  барып  қылмыс  жасауға  орын  береді.  Кәмелетке 
толмағандардың  қылмыстылығының  90%  осы  қадағалаудың  болмауының  салдарынан  екенін  атай 
кеткен жөн. Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің қылмыс жасаудағы бірден бір кең таралған 
себептерінің  бірі  алкогольдік  және  есірткі  заттарды  қолдану,  сонымен  қатар  жүйкеге  әсер  ететін 
заттарды көп қолдану болып келеді. Алкогольдік және есірткі заттарды қолданудың бірден бір себебі 
ретінде қызығушылық - 52,3 % көрсетеді, өзінің рахат сезімі үшін-19,2%, достарынан қалмау - 10 %. Ал 
қалған  бөлігі  депрессия  жағдайында  бір  нәрсені  ұмыту,  бір  нәрсемен  айналысу  болып  табылады. 
Қазақстан  Республикасында  кәмелетке  толмағандардың  есірткі  заттарды  қабылдау  мен  оларды 
тарату  мәселесі  өрбіп  тұр.  Аталғандардың  барлығы  ауқымы  кең  проблема,    қоғамдағы  кемшілік 
болғандықтан шешуін әріден алып, мемлекеттік деңгейде қарастыруды қажет етеді. Себебі, бір адам - 
отбасының  мүшесі,  отбасы  мемлекетті  құраушы  бөлшегінің  бірі  болмақ.  Кәмелетке  толмағандардың 
жалпы  құқықтық  мәртебесі  -  қоғамның  тең  құқықты  мүшесі  ретінде  әрбір  адамның  иеленетін 
құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделерінің жиынтығы болып табылады.   
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 15-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық 
жасаған  уақытта  он  алты  жасқа  толған  есі  дұрыс  жеке  тұлға  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылады. 
Бірақ,  кейбір  қылмыстар  үшін  қылмыс  жасы  –  14  жастан  басталады.  Яғни  14  жастан  бастап  ақ 
қылмыстық  жауаптылық  көзделгені  қылмыстық  кодексте  тайға  таңба  басқандай  етіп  көрсетілген. 
Кәмелетке  толмағандарға  қолданылатын  жаза  түрлерін  атап  өтетін  болсақ,  олар  белгілі  бір  қызмет 
түрімен  айналысу  құқығынан  айыру;  айыппұл;  түзеу  жұмыстары,  қоғамдық  жұмыстарға  тарту;  бас 
бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру.      
Кәмелетке  толмағандар  мен  жастар  арасындағы  қылмыстың  жалпы  алдын  алудағы  отбасына 
бағытталған шаралары бірінші кезекте ата-аналардың тәрбие берудегі ежелден қалыптасқан, күрделі 
де  жауапты  тәсілдерді  игеруге  бағытталып,  балаларға  қатысты  өздерінің  міндеттерін  орындауды 
бақылауға тиімді әсер етуі тиіс деп ойлаймын. 
Қазіргі  таңда  ата-ананың  бала  тәрбиесіне  толық  қатыса  алмауының  себептері  ретінде  атап 
өтуге  болады:  нарықтық  экономика  кезеңіндегі  әлемдік  дағдарысты  бастан  кешудегі  отбасылардың 
әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайларының  қыспаққа  түсіп,  тұрмыстық  әл-ауқатының  төмендеуі,  баланың 
толық  отбасында  тәрбиелене  алмауы,  отбасылық  рухани  құндылықтардың  жетіспеуі,  отбасындағы 
келіспеушілік,  жанжал,  отбасы  мүшелерінің  өздеріне  тиесілі  рөлдерін  қажетті  деңгейде  орындай 
алмауы, балалар қараусыздығы мен бақылаусыздығы және т.б.  
Әлеуметтік  саясатты  жүзеге  асыру  кезінде  ата-аналардың  балаға  дұрыс  тәрбие  беретіндей 
жағдай  жасап,  бала  тәрбиелеудегі  жауаптылығын  арттырып,  құқықтық  және  әлеуметтік  тұрғыдан 
сауаттандырып, сауықтырған дұрыс. Тұрмысы төмен  отбасыларға әлеуметтік көмек, ана мен баланы 
қолдау,  ең  бастысы  отбасындағы  қылмыстық  құқық  бұзушылық  мінез-құлықты  алдын  ала  анықтауға 
баса  назар  аудару.  Ата-аналарға  қоғамдағы  отбасы  институтының  бала  тәрбиесіндегі  рөлінің 
ерекшелігін  сезіндіру,  оны  насихаттау.  Ол  үшін  балаға  қоршаған  ортасы,  мектеп,  оқу  орнының 
алдында  негізгі  тәрбие  беруші  ата  -  ананың  бала  тәрбиелеудегі,  білім  беру  мен  басқа  да 
қажеттіліктерді  өтеу  міндетін  атқаруда  жауапкершілік  жүктеу,  қоғаммен  қабылданған  нормаларды 
орындауға  үгіттеу,  үндеу,  тіпті  болмаса  мәжбүрлеу  шараларын  қарастыру.  Тағы  бір  шарасы  ретінде 
кәмелетке толмағандарға қатысты жауаптылықтың бір жүйеге келтірілмеуін атар едім.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет