Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 184
дар? Сендер ағаштардан алғашқы сары жапы-
рақтарды қашан байқадыңдар? Күздік түсін бүкіл
ағаштар мен бұталардың жапырақтары бірден
қабылдай ма? Қандай ағаштардың жапырақтары
ерте сарғая бастайды? Қандай ағаштардың
жапырақтары ұзақ уақытқа дейін жасыл боп
тұрады? «Күз» деген кинофильмнен күздің
қандай белгілерін көрдіңдер? (Құстардың ұшып
кетуі, жапырақтардың күздік түсі, жапырақтардың
түсуі, жеміс пен тұқымдардың пісіп жетілуі).
Топсаяхат өтетін жерге келген соң мұғалім
балаларға тыныш тұрып, орманның дыбысын
тыңдауды ұсынады. Содан кейін күздік торғайды
бақылауды бастауға болады. Егер топсаяхат
ағаштар мен бұталар бар жерде өтетін болса,
мұғалім ағаштар мен бұталардың ортақ белгі-ле-
рін және айырмашылықтарын еске түсіруді ұсы-
нады (ағаштың діңі біреу, бұталардың бірнеше
жіңішке діңдері бар, олар ағаштікінен неғұрлым
жіңішкерек те аласарақ). Содан соң мұғалім
жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар мен
бұталарды қарап, оларды өзара салыстыруды
ұсынады.
Күз жемістер мен тұқымдардың пісіп жетілу
және таралу кезі болып табылады. Мұғалім
бақылау үшін шөп өсімдіктерді (бақбақ, ошаған,
қалумен,
түйетікен),
бұталарды
(итмұрын,
мойыл, ырғай), ағаштарды (емен, қайың, шырша,
қарағай)
таңдап
алып,
бұл
өсімдіктердің
жемістері мен тұқымдары қандай тәсілдермен
жайылатынын көрсетеді. (Калуеннің, бақбақтың
жемістерін ұшыра отырып, оқушылар олардың
ауадағы қозғалыстарын байқайды.)
Егер топсаяхат өтетін жерге таяу өзен ағып
жатса, қияқтың жемісін оқушыларға көрсетуге бо-
лады, олар ауа жиналған қапшықтың ішінде тұ-
рады,
сондықтан
қияқтың
жемістері
суға
батпайды жжәне су арқылы біраз жерге дейін
барады.
Топсаяхаттар кезінде мұғалімнің нұсқауы
бойынша балалар жемістер мен тұқымдардың
таралуының әр түрлі тәсілдерімен, ағаштар мен
бұталардың түсі бойынша сан алуан жапырақ-
тарын жинайды.
Мұғалім оқушылардың назарын күзде құс-
тардың азаятынына аударып, мынадай сұрақтар
қояды: сендер жазда қандай құстарды көрдің-
дер? (Қарлығаштарды, қараторғайларды, таған-
дарды және т.б.). Олар неге күзде көрінбейді?
Олар қайда ұшып кетті? Қысқа қарай олар неге
ұшып кетті? (Оқушылар жәндіктердің және құс-
тардың жемдерінің басқа түрлерінің жойылуы
жөнінде дұрыс жауап берулері қажет.). Қыста
ббізде қандай құстар жөнінде дұрыс жауап
берулері қажет). Қыста қандай құстар қакладды?
(Торғайлар, ұзақтар, қарғалар және басқа).
Мұғалім балаларға өсімдіктердің қысқа
қалай дайындалатынын көрсетеді. Қой бүлдір-
генді, бақбақты қарай отырып, оқушылар олар-
дың жапырақтарының арасынан жерге дейін тиіп
тұрған жасыл бүрді іздеп табады. Мұғалім
өсімдіктердің қардың астында жасыл бүрді іздеп
табады. Мұғалім өсімдіктердің қардың астында
қыстайтыны туралы, көктемде бүрлері жарылып,
жапырақтар мен гүлдер шығатыны туралы
әңгімелеп бередіі[6,35б].
Сөйтіп, балалардың топсяхатқа дейін және
одан кейін табиғатқа жасаған бақылаулары олар-
ға күздің негізгі белгілерін: біртіндеп салқын-
дауын, күн ұзақтығының қысқаруын, жиі бүркіген
жауынды, көптеген шалшық суды, жапырақтар-
дың түсуін, гүлдеп тұрған өсімдіктердің жоғын,
жеміс пен тұқымдардың пісіп, жетілуін құстардың
ұшып кетуін, егін жинауды анықтауға мүмкіндік
береді.
Топсаяхат кезінде балалар түрлі түстегі
жерге түскен жапырақтарды, шөптердің, бұталар
мен ағаштардың жемістері мен тұқымдарын жи-
найды. Жиналған материалдарды олар герба-
рий, жемістер мен тұқымдардың коллекциясы
ретінде дайындап, дүниетану заттық сабақтарда
пайдаланады.
Қысқы
топсаяхат
мүмкіндігінше
күзде
өткізілген жерде өтуі тиіс.
Топсаяхат мақсаты: оқушыларға қысқа тән
белгілер туралы анық түсініктер беру, өлі және
тірі табиғатта және адам еңбегінде болып жатқан
өзгерістер
арасындағы
өзараа
байланысты
анықтау.
Топсаяхат алдында мұғалім онда қарала-
тын бірқатар мәселелерді анықтайды: өсімдіктер
өміріндегі қысқы өзгерістерді бақылау, қыстап
қалған құстарды бақылау, басқа жануарларды
(тиіндерді) бақылау, аңдар мен құстардың ізін
табу.
Орманға барар жолда олар қар қаығын
көру және оның қалыңдығын өлшеу үшін ашық
жерге тоқтайды. Олар қар қабатының өсімдіктер
өмірі үшін ашық маңызын анықтап күн көзінің
көкжиек сызығынан биікттігін бақылайды.
Орманда оқушылар тиіннің, қайшыауыз-
дың, тоқылдауықтың іс-әрекеттерінің ізін табады,
қайшыауыз тоқылдақ шоқыған немесе тиін кемір-
ген бүрлерді жинайды. Бұдан соң мұғалім қысқы
орманның үнін естуді және онеы күзгі орманның
үнімен салыстыруды ұсынады.
Соңында оқушылар қыста суық күздегіден
гөрі арта түсті; аспанды жиі бұлт қаптап, қар
жауатын боды; күннің ұзақтығы бұрынғыдан да
қысқара
түседі;
жапырақты
ағаштар
мен
бұталардың жапырағы жоқ, көгеріп тұрған тек
қылқан
жапырақты
өсімдіктер
ғана;
қар
астындағы кейбір өсімдіктер де көк күйінде
қыстап
шығады;
жануарлар
салқын
мен
аштықтан індеріне, ұяларына, әр түрлі қолайлы
орындарға немес адам қоынысына жақындау
тығылып, құстардың көбі жылы жақтарға ұшып
кетті; деген қорытындыға келеді.
Жазғытұрым орманға топсаяхат жасау. Топсаяхат алдында мұғалім оқушыларға тапсыр-
малар береді: 1. Жазғытұрымдағы ағаштардың
түрі ерте көктемдегі ағаштардың түрінен қалай