АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 186
Әдебиеттер: 1 Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың
2005-2010
жылдарға
арналған
Мемлекеттік бағдарламасы// Егеменді қазақстан.
2004-3б.
2 ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім берудің
тұжырымдамасы //Қазақстан мұғалімі, 20 қаңтар
2004-б. 3-4.
3 «Қазақстан – 2030» Н. Ә. Назарбаевтың
халқына жолдауы.
4 Жалпы білім беретін мектептің 1-4-
сыныптарына
арналған
бағдарламалары.
Алматы. РОНД, 2003ж. -28 б.
5 Аймағамбетова Қ., Жүнісова Қ., Олейник
З.Ф.. Бірмағанбетова Ә. Б. Дүниетануды оқыту
әдістемесі (1- 4 сынып мұғалімдеріне арналған).
Алматы, Атамұра 1998 – 135б.
6 Аймағанбетова Қ. А. т.б. жалпы білім
беретін мектептің 1-4-сыныптарына арналған
дүниетану оқулықтары. – Алматы
7 Аймағанбетова Қ. Дүниетануды оқыту
теориясы мен технологиясы. – Студенттерге
арналған оқулық. Алматы: ҚазМемҚызПИ, 2006.
– 259 бет.
8 Аймағанбетова К., Жунусова К., Олейник
З. Ф. Методическое руководство к учебнику
«Познание мира» 1 класс. Алматы. Атамура.
1998-127 с.
9 Аймағанбетова
Қ.,
Махмұтов
С..
Табиғаттану кітабы. Алматы. Мектеп. 1976 ж.
ӘОЖ 811.512.122
Ә.НҰРПЕЙІСОВТІҢ «ҚАН МЕН ТЕР» ТРИЛОГИЯСЫ: ХРОНОТОП ЖӘНЕ ШЫҒАРМАНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ ЖОСПАРЫ Ербатырова Ж. – магистрант, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Хронотоп көркем шығарма кеңістігінде нақты тарихи кезеңдегі оқиғаны суреттей отырып, оқырманды сол кеңістік координатасынан дұрыс бағдар беріп, хабардар етеді.Уақыт пен кеңістік үйлесімінде онимдерді пайдалана отырып, автордың түпкі ойын анықтауға немесе сол кезеңдегі оқиғаларға дұрыс баға беру мүмкіндігіне кез келген оқырман ие бола алады. Мақалада романдағы кеңістіктік-уақыттық байланыстың өзара байланысқан үш деңгейі (хронотопы) анықталып: топографиялық хронотоп, психологиялық хронотоп және метафизикалық хронотоп мысалдар негізінде дәйектелген. Негізгі ұғымдар: хронотоп, кеңістік, уақыт, топографиялық хронотоп, психологиялық хронотоп, метафизикалық хронотоп. Қай кезде де қарапайым сана өзінің
практикалық өмірінде «уақыт» және «кеңістік»
ұғымдарына сүйенеді. Кеңістік іштей өлшемдік
кесінділерден тұратын үш өлшемділік, геомет-
риялық, теңдей созылмалы ұғым ретінде түсін-
діріледі. Уақыт санада өткеннен қазіргі кезең
арқылы болашаққа қайта оралмайтын оқиға-
лардың тізбегінен тұратын таза ұзақтық ретін-
де қабылданады. Сипатталатын болмысқа маз-
мұны жағынан тәуелді уақыт пен кеңістік өзара
байланысқан біртұтас төрт өлшемділік контину-
умның үйлесуі. Уақыт пен кеңістік байланысы-
нан хронотоп ұғымы шығады: «Хронотоп (сөз-
бе-сөз «уақыт-кеңістік») – нақты мәнді (мәдени,
көркем т.б.) ашуға бағытталған кеңістіктік және
уақыттық параметрлер бірлігі. Алғаш рет хро-
нотоп терминін психологияда Ухтомский қол-
данды. Әдебиеттануда, соңынан эстетикада
Бахтиннің
еңбектері
негізінде
пайдалана
бастады. Сонымен бірге хронотоп негізінде
адамзат тұратын бір уақытта рухани және ма-
териалды болмыс ретінде сипатталады. Бах-
тиннің пайымдауы бойынша, хронотоп ұғымын
түсінуде көркем шығармада жеке ұстанымы, «ой-
пікір аясына ену тек хронотоп қақпасы арқысы іске
асады» дегеннің мәнін білдіру қызметі болып
табылатын
кеңістіктік-уақыттық
бірлігінің
аксиологиялық бағытталуы басты болып та-
былады. Басқаша айтқанда, шығармадағы ой тек
кеңістіктік-уақыттық көрініс беруі арқылы на-
қышталады. Осының негізінде хронотоптың мәніне
автор да, шығарма да, оны қабылдаушы оқырман
да өзіндік сипатта ие бола алады, яғни әрқайсысы
өз
ой-тұжырымын
жасайды.
Автор
мен
шығарманың
хронотоптық
мәні
үйлескенмен
оқырмандікі өзгеше болуы мүмкін немесе автор да,
шығарма да, оқырман да бір хронотоптық мәнді
қабылдайды.
Хронотоп ұғымын зерттеген ресей тіл білімін-
де ғалымдар көптеп кездеседі. Мұның өзі ко-
нитивтік лингвистика тұрғысынан антропоөзектік
мәселені
шешуде
адамзат
ісінің
кеңістіктік-
уақыттық байланысы арқылы көрініс беретін
болмысын анықтаудың қаншалықты маңызды
екенін аңғартады. Мысалы, О. Резвина «Хронотоп
в современном романе» атты мақаласында хроно-