Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет203/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   243
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
166
луде бұзылыстарды білдіреді. Дыбыстар алмас-
тырылып айтылғанда, тиісті торкөзде алмасты-
рыған дыбыс көрсетіледі. 
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді дұрыс түсі-
ніп, тиімді ықпал жасауы үшін оны жоюдың ең 
ұтымды және үнемді жолын таңдап, мүкістіктің 
ішкі сырының ерекшелігін және оның ауқымды-
лығын анықтап, сөйлеу тілі жүйелерінің қай бөлі-
гінің зақымдалғанын талдай білуі қажет. Тіл кем-
шіліктері сөйлеу тілінің фонематикалық, лексика-
лық және грамматикалық жақтарын да қамти-
тыны белгілі. Бұл – сөйлеу тілінің фонематика-
лық барысын, сөздік қорын, грамматикалық құры-
лысын жан-жақты тексеру деген сөз. Сөйлеу тілі 
кемшіліктерін талдауға жүйелі тәсілді қолдану-
дың, сөйлеу тілінің қандай да бір бөлігінің бұзыл-
ғанын анықтаудың, сонымен бірге оның басқа 
бөлімдерімен қандай байланысының бар екенін 
шамалауға 
мүмкіншілік 
беретін 
ерекшелігін 
маңызды екендігін мамандар да айтып жүр. 
Біздің ойымызша, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың 
бұзылуы көп жағдайларда сөйлеу тілінің фонети-
калық жағын, ал кейде тіпті фонетикалық-фоне-
матикалық және лексикалық-грамматикалық жақ-
тары сияқты жалпы дамуын да қамтиды. Себебі, 
сөйлеу тілі дыбыстарды естіп қабылдаудың, 
ажыратудың жеткіліксіздігі дамуы жекелеген 
дыбыстардың айтылуындағы бұзылысына және 
баланың фонематикалық түсінігінің кешеуілдеп 
қалуына себепші болуы әбден мүмкін [4, 92-95 
б.].
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізі-
летін логопедиялық жұмыстың тиімділігін арт-
тыру – қазіргі кезде логопедияның негізгі мәселе-
лерінің бірі болып отыр. Бала тұлғасын жан-
жақты зерттеу сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды 
нақты анықтауға және оларды түзетуде тиімді 
әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар-
дың білім алудағы типтік дербес ерекшеліктері 
жайлы жазылған әдебиеттер көптеп кездеседі: 
адамның жоғарғы жүйке қызметінің қасиеттері 
туралы, психикалық үрдістер мен танымдық әре-
кеттерде көрініс беретін темперамент ерекшелік-
тері, қабілеттілік жайында. Сонымен қатар, сөй-
леу тілін дамытудың алғышарттары жайлы да 
атап өткен жөн. Бастауыш сынып оқушыларының 
сөйлеу тілін дамытудың алғышарттары болып 
адекватты қоршаған орта, генетикалық бағдарла-
малау және талдағыштар жүйесінің саулығы бо-
лып табылады, толығырақ 1-суреттен көруге бо-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет