Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет202/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

ІІІ блок – бағалау, бақылау. Мақсаты: 
тілдік және тұлғалық даму динамикасын, тұрақ-
тылық дәрежесін, рецидивтің жоқтығын бағалау. 
Әдістері: ата-аналардың есептері, екіншілік тек-
серу, бірінші және екіншілік тексеру нәтижелерін 
салыстырмалы түрде талдау. 
Сөйлеу тілі бұзылыстарын диагностикалау. 
Қазіргі таңда сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету 
және диагностикалау мәселесі – аса өзекті 
мәселелердің бірі. Бұл таңғаларлық жайт емес, 
себебі Қазақстан өз тарихында ең күрделі, 
кеселді, сонымен қатар динамикалық кезеңді 
басынан өткеруде. Күнкөріс деңгейі төмен отба-
сылардың саны шарықтап кетті. Сөйлеу пато-ло-
гиясы, оның этиологиясы мен логопат балалар-
дың әлеуметтік бейімделуі мәселесі бойынша ғы-
лыми әдебиеттің талдауына жүгінсек, қазіргі 
Қазақстандағы балалардың жағдайы жұртшы-
лықтың көңілінде негізделген үрей тудырады. 
Балалардың тек 14%-ның дені сау, жартысының 
денсаулық жағдайында кемістіктері бар болса, 
балалардың 35% созылмалы сырқаттарға шал-
дыққан. 1990 жылдары «децелерация» термині 
пайда болды. Ол балалардың дамуы мен өсуінің 
тежелуімен, яғни даму мен өсудің баяу қарқыны-
мен сипатталады. Бұл қатерлі топтың балала-
рында аса жиі кездесетін құбылыс. Әсіресе 
көшіп-қонуға мәжбүр болған қашқындардың, жал-
ғыз басты аналардың, жұмыссыздардың, сондай-
ақ тұрмыс жағдайы нашар отбасылардан шыққан 
балалардың жағдайы аса мүшкіл.
Логопедиялық тексерудің негізгі мақсаты – 
сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтау, сөйлеу тілі-
нің даму ерекшеліктерін, деңгейін, оның ойлау 
деңгейіне сәйкестілігін, логопедиялық түзету жұ-
мыстарына қажетті жағдайды айқындау. 
Логопедиялық қызмет төмендегі бағыттар-
да жүзеге асады: 
1. Диагностикалық тексерудің негізіне сай 
балаларды арнаулы білім ұйымдарына іріктеу 
және балалардың даму деңгейіне, психология-
лық даму ерекшеліктеріне, мүмкіншіліктеріне сай 
педагогикалық қолайлы жағдайды анықтау. 
2. Сөйлеу тілінің дамуында әртүрлі кемістігі 
бар туғанынан 18 жасқа дейінгі балаларды диаг-
ностикалау, жеке кеңестер беру (солардың ішін-
де арнаулы түзету-педагогикалық мекемелерге 
бағытталмаған балалар да жатады). 
3. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды айқын-
дау және статистикалық есепке алу, оларға қа-
жетті көмек беру үшін білім, денсаулық сақтау, 
әлеуметтік қорғау мекемесімен бірге тығыз бай-
ланыста жұмыстар жүргізу. 
Сөйлеу 
тілін 
тексеруге 
арналған 
әдістемелік нұсқау: 
Балалардың сөздерді дұрыс дыбыстау 
ерекшеліктерін анықтау үшін кеңінен танымал 
стандартты әдістемені қолдануға болады. Бала-
лардың тек жекелеген сөздерде ғана емес, фра-
заларды айтқанда дыбыстарды қалай айтатынын 
тексеру аса маңызды. Осы мақсатта атаула-
рында тексерілетін дыбыстар әр түрлі позиция-
ларда орналасқан сюжеттік суреттер мен заттар-
дың 
жиынтығы 
қолданылады. 
Дыбыстарды 
дұрыс ажырату дағдысын қалыптастыру үшін ба-
лаға атауларында жіктелетін дыбыстардың екеуі 
де болатын суреттер (з-с. ж-ш, б-п, г-к, л-р) және 
атаулары бір ғана дыбыспен ажыратылатын 
сөздер (тар-тал, ас-аш) ұсынылады [3, 58-61 б.]. 
Дыбыстардың дұрыс айтылуын тексерген 
кезде дыбыстың айтылмауын немесе алмасты-
рылып айтуын ғана емес, сондай-ақ айтылудың 
айқындығына, нақтылығына, олардың жіктелуіне, 
сөйлеу тілі қарқынының ерекшеліктеріне, сөйлеу 
тынысына да назар аудару қажет. 
Сөйлеу тілін зерттеу қорытындысы кестеге 
толтырылады, онда (+) белгісімен дұрыс дыбыс-
талу, дыбыстарды жіктей білу, сөйлеу мен тыныс 
алудың қарқынын бағыттай білу дағдылары бел-
гіленсе, (-) белгісі дыбыстарды түсіріп айту, олар-
ды жіктей алмау, сөйлеу қарқынын бағыттай бі-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет