Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет213/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
175
тар, ғылыми білімге енген адамгершілік ақпарат-
тарды игеру, түйсіну үдерісі де белсенді сипатқа 
ие болады, мойындату, дәлелдеу сияқты мо-
ральды сезімдердің антологизациясы орын ала-
ды. Бұл жағдайда тек рационалды ұғыну үдерісі 
ғана емес, сондай-ақ эмоционалды баға, яғни 
моральды ақпаратты қабылдау немесе терістеу 
әрекеттері де қатар жүреді. Демек, танымның 
зияткерлік 
және 
эмоционалды 
сипаттары 
арасындағы өзара байланыс орнайды. Тұлғаның 
зияткерлік әлеуеті тек рационалды білім саласы-
мен ғана шектеліп қоймайды, сондай-ақ адамгер-
шілік императивтерменде толығып отырады. 
Ескере кету керек, адамның танымдық үде-
рісінде таза танымдық қатынас пен адамның қор-
шаған ортаға деген құндылық қатынастарын 
ажыратуға болмайды. 
Заттың қасиеттері мен құбылыстарын 
терең таныған сайын, оқушы сол дүниемен құн-
дылық қатынастарын соғұрлым терең орната 
алады және оқушының қоршаған ортамен байла-
нысы да соғұрлым тереңдей түседі. Бұл жағдай-
да субъект сол заттың объективті қоғамдағы мә-
нін жан-жақты терең тануға мүмкіндік алады 
және сол заттың моральдық мәні оқушы үшін 
органикалық күйде түсінікті болады. 
Танымдық қатынас пен құндылыққа бағыт-
талған қатынастар арасында органикалық байла-
ныс орнаса, онда студенттердің оқу ісінде білім 
беру мен тәрбиенің тұтастығы қалыптасқанын, 
соның ішінде адамгершілік тәрибесінің орын 
алғанын байқаймыз. Сондықтан педагогикалық 
жүйеде басқару факторын айқындап көрсетуде 
адамгершілік-тәрбиелік мағынаның орны ерекше. 
Себебі осы басқару жүйесі адамгершілік тәрбиесі 
қызметін қалай тиімді орындауға болатынына 
жол сілтейді. 
Оқу үдерісіндегі адамгершілік-тәрбиелік 
қызметті орындайтын факторларды ішкі және 
сыртқы деп бөлуге болады. Сыртқы факторларға 
мыналар жатады: оқу үдерісінің адамгершілік-
тәрбиелік бағыт, оқытушының тұлғаға адамгер-
шілік тұрғыдан ықпал етуі, студенттік ұжымдағы 
адамгершілік қатынастары, оқу барысына бақы-
лау жасау жүйесі. Ішкі факторларға мыналар жа-
тады: оқушының оқу барысындағы, заттарды 
тану барысындағы, өзінің болашақ мамандығын 
таңдау барысындағы, оқытуға деген, жоғары оқу 
орнына деген моральды-құндылық ұстанымы. 
Оқу 
үдерісінде 
адамгершілік-тәрбиелік 
факторлармен қатар оқытушы тұлғасы мен оның 
зияткерлік деңгейі маңызды орынға ие. Оқыту-
шының жоғары дәрежелі моральды беделінің 
оқушының адамгершілік дамуына ықпал етуін 
бірнеше факторлардың әсерімен түсіндіруге бо-
лады. Солардың ішінде ең бастысы – өз пәні 
бойынша терең білімі болуы, сол білімін тыңдау-
шыларға ұтымды жеткізе білуі, оқушылардың бі-
лімін әділ бағалай білуі, олардың білім меңгеруін 
жіті бақылай алуы, оқытушының жоғары деңгейлі 
ішкі және сыртқы мәдениеті, оның азаматтық 
ұстанымы.
Е. П. Гоголевтің пайымдауынша, «Бұқара 
кәсіби зиялы қауымның ішінде рухани мұраны 
шыңдайтын да, сақтайтын да мамандықтың бірі – 
мұғалім, тәрбиеші және оқытушы. Себебі, бұл 
маман иелері ұрпақ пен ұрпақ арасын жалғайтын 
адамгершілік, мәдени байланыстарды қалыптас-
тырады, отбасымен қатар баланың тұлға ретінде 
әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның бола-
шақ қызметкерлері мен жұмысшыларын қалып-
тастырады. Мұғалім тұлғасының ықпалында 
түптеп келгеннен барлығы адам болады, олар 
сол ықпалда жүріп, зияттылыққа, руханилыққа, 
адамгершілікке тәрбиеленеді. Демек, мұғалімнің 
шығармашылық әлеуеті жоғары болған сайын, 
оның ықпалында жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісі 
де соғұрлым тиімді әрі сапалы, ұтымды болады». 
[8, 95 б.] 
Тәрбиелік әрекеттердің түрлі әдістері мен 
үлгілерін сәтті қолдану, оны дұрыс таңдай білу 
тәрбиеші тәжірибесіне, оның педагогикалық, 
ұйымдастырушылық 
қабілетіне, 
тәрбиелеу 
үдерісіндегі шығармашылық қатынасына және 
оның өмірлік ұстанымына тікелей байланысты.
Оқу әрекетіндегі адамгершілік-тәрбиелік 
ықпал оқушының оқуға, білімге деген қатынасы-
на, оның оқу пәніне деген құнды қатынастарын 
орнататын мінез-құлқына, оқытылатын пәннің 
мазмұнына, өзінің болашақ мамандығын сезіну, 
түйсіну деңгейіне байланысты болады. Яғни
субъективті моральды мағына оқушының оқыту 
үдерісіндегі барлық элементтерді орындау қабі-
летіне байланысты көрінеді деген сөз. Осы мо-
ральды мағынаның сипаты оқытудың нәтижесін, 
сонымен қатар оқу үдерісіндені адамгершілік-
тәрбиелік тиімді қызметін көрсетеді. 
Адамгершілік тәрбиесінде оқушының оқы-
тушыға деген қарым-қатынасы мен оқытушының 
тұлғалық қабілеттерін қабылдау маңызды рөлге 
ие болады. Егер оқытушы тұлғасының адамгер-
шілік тәрбиесіне тәрбиелеу ісіндегі оқушы мен 
оқытушы арасындағы теріс ықпалдарды қарасты-
ратын болсақ, онда педагогикалық тұрғыдан 
дұрыс негізделген тәсілдер қолданыла тұрса да, 
моральды ақпараттар дұрыс таңдалып алынса 
да, тәрбиелеу әсері мағыналы, мәнді бола қой-
майды. Себебі, бұл жерде оқушының пікірі 
бойынша, оқытушы тұлғасы жоғары дәрежелі 
моральды талаптарға сай емес. Демек, осыдан 
шығатын қорытынды моральды ақпарат оқушы 
бойына оқытушымен жайлы қарым-қатынас 
жасау барысында сіңеді, сол арқылы адамгерші-
лік тәрбиесіне баулу үдерісі жүреді. Демек, мо-
ральды ақпаратты жай хабарлау мен моральды 
ақпараттар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу 
ұғымдары мүлдем екі басқа дүниелер. Ал 
оқытушы тұлғасына лайықты маманның мақсаты 
моральды ақпарат мазмұны арқылы тәрбиелік 
қуаты бар ақпаратты оқушыға оңтайлы сіңіре 
білуі тиіс. Г.А.Кручининаның пікірінше, «Педагог 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет