Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


С. СӘДУАҚАСҰЛЫ – АЛАШ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ



Pdf көрінісі
бет231/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   243
С. СӘДУАҚАСҰЛЫ – АЛАШ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ 
 
Құлабаев Н. Ж. – магистрант, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік 
университеті 
 
Мақалада ХХ ғасырдың басында алаштың өмір сүрген көрнекті алаш қайраткері Смағұл 
Сәдуақасұлының шығармашылығындағы ұлттық рух мәселесі талданады.
Негізгі ұғымдар: жазушы, роман, повесть,идея, қайраткер. 
 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде 
қазақ әйелінің толық мәніндегі ұлттық көркем 
бейнесін жасаған жазушылардың ішіндегі біре-
гейі – Смағұл Садуақасұлы болды. Смағұл Са-
дуақасұлы өзі өмір сүрген кезеңнің талаптары 
мен сұраныстарына сай қазақ әйелінің қоғамдағы 
орны мен қызметі, әйел теңдігі тақырыптарына 
сол дәуірде қалыптасқан таптық көзқарас тұрғы-
сынан емес, таза халықтық, ұлттық көзқарас 
тұрғысынан пайым жасай білген қаламгер. 
Смағұлдың 1922 жылы жазылған «Сәрсен-
бек» атты аяқталмаған романы – ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ әдебиетінің ішіндегі шоқтығы 
биік көркем туындылардың бірі. Романның негізгі 
тақырыбы – қазақ халқының 1916 жылғы ұлт бос-
тандығы күресі. Роман қаһармандары – Сәрсен-
бек, Қабдеш, Амантай, Жұпар, Сәлималар – 
1916 жылғы патша жарлығына қарсы түрлі 
әрекет-қимылдарымен көрінеді. Біздің негізгі 
мақсатымыз С. Садуақасұлы шығармаларын-
дағы әйелдер бейнесінің сомдалу ерекшелігін 
талдау болғандықтан, романдағы әйел-кейіпкер-
лердің көркем тұлғасына тоқталамыз.
«Сәрсенбек» романының бас кейіпкерлері-
нің бірі – Жұпар. Смағұл Садуақасұлы сомдаған 
Жұпар бейнесі ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
әдебиетіндегі 
басқа 
қаламгерлер 
сомдаған 
әйелдер бейнесінен өзінің таза ұлттық бейне 
екендігімен бірден ерекшеленеді. Жұпар Б. 
Майлиннің Шұғасы («Шұғаның белгісі» повесі) 
немесе М. Дулатұлының Жамалы («Бақытсыз 
Жамал» романы), С. Көбеевтің Ғайшасы («Қалың 
мал» романы), С. Торайғыровтың Қамары 
(«Қамар сұлу» романы) секілді трагедиялық 
бейне емес. Керісінше, Алты Алаштың ер-
азаматтарының басын қосып, бірлікке үндеп, 
патша 
әскеріне 
қарсы 
күреске 
бастаған 
қаһармандық бейне.
Жұпар – қырдағы қазақ ауылының басына 
ауыр күн туған шақта басқа әйелдер сияқты от 
басы, ошақ қасында құсаға беріліп шарасыз 
отырмайды, еңсесі түскен елдің ер-азаматтары-
ның намысын оятар жалынды ұран тастап, қол 
жинайды, күшке күш, қысымға қысым көрсетіп, 
найзаның ұшы мен білектің күшімен ел намысын 
қорғап қалу жолын ойласады. Мысалы: «Сәлима 
келгенде, үйдің іші толған бала шаға екен. 
Жұпарды 
танымай 
қалды. 
Еркекше 
киініп 
алыпты. ...Бойы тік. Нағыз бозжігіт дерсің [1,26]».
Жазушы Жұпардың сыртқы бейнесін беруде
ұзақ, шұбалаңқы суреттеуге бармайды, ерке өсіп, 
қиын-қыстау кезеңде ердің жүгін арқалаған жас 
қыздың бейнесін қысқа әрі нық, нанымды етіп 
көрсетеді.
Жұпар бейнесін ашуда суреткер қысқа 
құрылған диалогтарды шебер пайдаланады. 
Көркем шығармадағы диалог қаһарман бейнесін 
берудің 
ең 
тиімді 
әрі 
кеңінен 
таралған
тәсілдерінің бірі екені белгілі. Суреткердің Жұпар 
болмысын ашуда көбіне көп қолданатын тәсілі де 
осы – диалог. Мысалы, от басына қарайлап 
қалған әйелдердің арасынан алысқа жібергісі 
келмеген Сәлимаға Жұпар: « - ...Қазір ер жігіттің 
басына асқар тау түсіп тұр. Солармен бірге 
болмағанда, азамат басыммен от басындағы 
сендермен болғаным ұят емес пе!!! [1,27]» - 
дейді. Мұнда Жұпар өзін әйел затымын деп 
тұрған жоқ, ер азамат сөзін сөйлеп тұр. Және бұл 
оқырманды 
бірден 
иландыратындай 
аса 
нанымды, шынайы берілген.
Шығармадағы Жұпар бейнесінің сомдалу 
ерекшеліктерін жан-жақты, толық ашу үшін 
бірқатар үзінділер келтіреміз.
Романның бас кейіпкерлерінің бірі – Жұпар 
шығармада шебер ұйымдастырушы, қол жасақ-
таушы, елдің ер-азаматтарын патша өкіметіне 
қарсы бастаушы болып көрінеді. Патшаның қазақ 
ауылдарынан 
соғысқа 
окоп 
қазуға 
жас 
бозбалаларды алу туралы жарлығын естісімен 
ауылдың бас көтерер ер азаматтарын жиып 
алған Жұпар нағыз ел намысын жоқтаушы, 
ұйымдастырушы ретінде көрінеді: 
« - Орыстың айдағанына бармаңдар! 
Зорлайтын болса, қарсы тұрыңдар! Соғысыңдар, 
мен де сендермен бірге соғысам!...». 
« - Жұпар, Жұпар, жаса!» - деп шуылдасты 
жастар жағы [1,28]».
Бұл көріністерден біз Жұпарды ел сенімін 
арқалаған, елді намысқа шақырып, қолына қару 
алуға 
үндеген 
әскери 
қолбасшы 
ретінде 
танимыз. 
Батырлық пен өжеттіліктің, намыс пен 
қайсарлықтың сиволы ретіндегі Жұпар бейнесі 
романда шығарманың бас қаһарманы Сәрсен-
бектің ой-пікірі түрінде де беріледі. Сәрсенбек – 
оқыған, көзі ашық, ел мен ұлт мүддесі жолында 
терең 
толғаныста 
жүрген 
азамат. 
Бірақ 
Сәрсенбек қазақ жастарының қолына қару алып, 
патша әскеріне қарсы шығуын қолдамайды. Өзі 
тұстас қазақ оқығандары секілді ол да патша 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет