Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 191
әскерінің күшін біледі. Аз ғана қазақ жиылып
қолына қару алғанда зиян орысқа емес, қазаққа
тиетінін де біледі. Сондықтан да ол басында
Жұпар бастаған қарулы күрес жолын құптамаған.
Кейін барлық қазақ ауылдары Жұпарға еріп,
орыс патшасының әскерлеріне тойтарыс бере
бастаған тұста Сәрсенбек те түрлі ойға қалады.
Сәрсенбектің Жұпарға деген көзқарасын оның
Қабдешпен болған әңгімесінен танимыз:
«- Мен саған айттым ғой кеше. Бәріне
басшы болған қарғадай жалғыз қыз. Алты
Алашқа аты жайылып, қазақтың бостандық туын
көтеріп отыр. Әйел!.. Әйел!.. Қолына шоқпар
алды.
Біз
кімбіз?..Өңшең
сары
түймелі
төрелерміз. Біз жылы үйде отырмыз! Бұл дегенің
барып тұрған біз үшін ұят, оңбағандық. Бізге
солар көргенді көріп өлу де керек. Неде болса
сонда барамыз. Қазақтың көтерген туын шама
жеткенше құлатпай ұстап қалу керек [1,52].
Бұл үзінді Жұпар бейнесін аша түсуімен
қатар, жалпы бұқара халық, алты алаш патшаға
қарсы көтерілгенде қазақ зиялыларының басым
көпшілігінің бұғып қалғандығын да байқаймыз.
Жұпардың бет-бейнесі, азаматтық, ерлік
қасиеттері, асқан жүректілігі көбіне шығарманың
бас
қаһарманы
Сәрсенбектің
аузымен
сипатталып отырады. Мысалы, Сәрсенбек пен
Бұқармен сұхбатында былай дейді:
«- ...Енді көтерілген туды құлатпау керек.
Әрине,
орыс
халқының
күшті
екендігіне
қарағанда, олармен соғысу – текке қан төгу.
Бәрібір
жеңілеміз
дедім.
Басқа
одан
да
маңыздырақ болжамдар жасасаң, мүлдем олай
емес екен. ...Оның үстіне біздің жақтың ішінде
әйел бар. Мен бұған үлкен мағыналы мән
беремін. Менің ойымша, бұл бізге жіберілген
әулие. Сондықтан біз өлмейміз. ...Оны бізге
«намысыңды оятыңдар» деп жаратушының өзі
жіберді [1,55]».
Бұл жерде Жұпар ер-азаматтардың намы-
сын оятушы, жаратқанның елшісі, әулие ретінде
көрінеді.
Әйел
баласын
бұлайша
жоғары
дәріптеу қазақ әдебиетінде сирек кездесетін
жағдай екенін де айта кету керек. ХХ ғасырдың
басындағы «әйел теңсіздігін» арқау еткен саяси-
науқандық шығармалар шоғырындағы әйелдер
бейнесімен салыстырғанда Жұпар бейнесі өзінің
өміршеңдігімен, романтикалық асқақтығымен,
халықтық идеялармен сабақтасып жататындығы-
мен Шолпан жұлдызындай ерекше жарқырай
көрінеді.
Жазушы Жұпар бейнесін ел аузындағы
әңгімелер арқылы да беріп отырады. Мысалы,
Сәрсенбек жолаушылап келе жатып, түнемекке
түскен ауылдың ақсақалымен әңгімесінде ақса-
қал аузымен Жұпар былайша суреттеледі:
«- Жұрт ұрандарыңды – «Алаш Орда»
дейді. Аман-сау жетіңдер. «Бәрін бастап жүрген
жас бала» дейді. «Атса оқ, шапса қылыш
өтпейді» дейді. Өзі жүректі, қорқуды білмейтін
батыр болса керек...
-Ататай, ол бала кім екен?
-Қарағым, сұрама. Кім екенін! Ана жылы
әкесін, ағасын орысөлтіріп кеткен екен. Аты –
Жұпар, өзі қыз дейді [1,60]».
Келтірілген сұхбат үзіндісінен Жұпардың
есімінің қалың ел арасына кең таралып, аңызға
айналғандығын аңғарамыз. Бейнені ашудағы
мұндай тиімді тәсіл Смағұл қаламына ғана тән.
Жұпар
бейнесіне
ұқсайтын
белсенді,
қайраткер, ел тұтқасын ұстаған, ел қамын
ойлаған, шығарма желісі бойында үнемі көш
басында көрінетін әйелдер бейнесі ХХ ғасырдың
басындағы қазақ әдебиетінде мүлдем болған жоқ
деуге болмайды. Оған мысал ретінде Б.
Майлиннің «Раушан – коммунист» атты повесін
келтіруге болады. Бірақ қазіргі заман тұрғысынан
«Раушан – Коммунистегі» Раушан мен «Сәрсен-
бек» романындағы Жұпар бейнелерін салысты-
рып көрсек, раушан бейнесіне жинақталған идея-
лардың өміршең емес, жалған, саяси-партиялық
(коммунистік парияның) идеяларға құрылған-
дығын аңғарамыз, керісінше Жұпар бейнесі қай
дәуірде
оқылмасын,
оқырманды
ұйытып,
нандырады, сендіреді. Себебі шығарма халықтық
идеялармен
астасып,
сабақтасып
жатады.
Бұдан шығаратын қорытындымыз, егер шығар-
маға өзек болатын тақырып идеясы жалған
немесе жасанды болса, ол шығарма қаншама
талантты жазылғанымен де, өмірі ұзаққа бармай-
ды. Мысалы, «Раушан – коммунист» Коммунистік
партия үстемдік еткен Кеңестік дәуірде әрбір
қазақ баласы жатқа білетін шығармалардың бірі
болса, кеңес дәуірі құлап, коммунизм идеясының
жалған екеніне көз жеткеннен кейін, шығарма да
өзінен-өзі оқылмай қалды. Қазіргі ұрпақ тек қана
«Раушан – коммунист» емес, сол дәуірде дарын-
ды жазушыларымыздың партиялық әдебиет ұс-
танымдарымен жазылған шығармаларын өте
ауыр қабылдайтыны сөзсіз.
«Сәрсенбек» романының кейіпкерлерінің
бірі – Күлпаш. Күлпаш – орысша оқыған, «қыз
айттыру» секілді қазақтың ескі салтына қарсы,
шынайы махаббатты аңсайтын жас қыз. Ата-
анасының
қалауымен
жастайынан
Күдеріге
атастырылған Күлпаш Жұмажанды ұнатады.
Күлпаштың өзі бұрын көріп-білмеген Күдеріге
барғысы да жоқ. Бар арманы – өзі сүйген
Жұмажанға қосылып, бақытты өмірге қол жеткізу.
Сондықтан да, ол оқыған, келбетті әрі жас
Жұмажанның дегеніне көнеді. Бірақ Жұмажанның
өзін
тек
қана
төсек
ләззаты
үшін
ғана
пайдаланып жүргенін Күлпаш кеш сезінеді. Аңғал
да сенгіш, орысша оқығанның бәрін адал деп
қабылдайтын Күлпаш ата-анасы атастырған
күйеуі келетін күні Жұмажанға қашып барады.
Бірақ Жұмажан қызға қорған бола алмайтынын,
тіпті өзінің оған үйленетін ойы жоқ екендігін де
білдіреді. Екі жүзді Жұмажанның мәселенің
барлығын арзан әзілге бұрмақ болғанына
көнбеген әрі періште деп жүргені адам кейпіндегі
әзәзіл болып шыққан Күлпаш өкініш пен ашу