Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 187
топ ұғымына берілген анықтамаларға тоқтала
отырып, «Лето в Бадене» және «Взятие
Измаила» атты шығармаларға талдау жасаған.
Осының негізінде ХІХ ғасырдан ХХ ғасырға
қарай ауысқандағы кеңістіктің өзгеруі негізінде
басты
кейіпкердің
ішкі
дүниесіндегі
ауытқуларға тоқтала отырып, үштік ұғым –
уақыт, кеңістік және мағынаның (ой-сананың
қалыптасуы) байланысын көрсеткен, А. А.
Фомин «Ономастика «Фанданго» А. Грина:
хронотоп и концептуальный план произве-
дения» атты мақаласында А. Гриннің «Фан-
данго» новелласындағы Петроград әлеміндегі
екі
хронотоп:
бастапқы
және
соңғы
хронотоптарды
талдаған,
Р.
Клейман
«Хронотопная тетрада поэтики Достоевского в
контексте
большего
времени»
мақаласы
негізінде ХХІ ғасырда «достоевскийшілдіктің»
парадигматикалық болжамын анықтаған, яғни
он жылдық ішінде Достоевский шығармалары-
ның әлеуметтік қауымға қаншалықты ықпалы
бар екенін талдаған, Л. П. Панкова суреттелген
және
ой
елегінен
өткізілген
оқиғаларға
темпоралды баға беру негізінде Ресейдегі
бүкіл православ әлемінің құрылымдық өмірін
христиан хронотопы арқылы «Христианские
хронотопы в поэзии Н. А. Клюева» атты
мақаласында талдаған, А. Я. Гуревич «Средне-
вековый хронотоп» атты мақаласында әр
кезең, әр ұлт, әр мәдени қауымның өзіне тән
хронотопы болатынын, соған сай кеңістік –
уақыт – ой-сана қалыптасатынын ортағасыр
хронотопты зерттеу негізінде анықтаған т.б. [1-
5].
Қазақ тіл білімінде хронотоп ұғымын
зерттеп,
еңбектер
жазған
ғалымдар
да
баршылық, мәселен, А. Б. Темірболат:
«Хронотоп и ритм в русскоязычной прозе
Казахстана последней четверти ХХ века» атты
диссертациясын қорғады [6], Н. Кенжеғұлова
«Феномен
времени
и
пространства
в
произведениях литературы и журналистики»
атты
мақаласында
ғалымдардың
зерттеулеріне
талдау
жасай
отырып, А.
Алимжановтың «Трон Рудаки» очеркінің нақыт
берілгенін айта отырып: «Хронотоп өнерін
игеру – шынайы қалам шебері атану дегенді
білдіреді», деп ойын түйіндеген [7]. Орта ғасыр
ескерткіштерінің
ономастикалық
кеңістігін
зерттеген С. Иманбердиева Қ. А. Иасауидың
«Диуани хикмет» ескерткішіндегі хронотопты
анықтауда келесі пікірді келтіреді: «Мәтін
ішінде тарихи онимдер шығарманың мезгілі
мен
кеңістігін
ұйымдастыратын
өзіндік
үйлестіруші, яғни хронотоп қызметін атқарған.
Хронотоп
құбылысы
«Диуани
хикмет»
ескерткішінде ерекше көрініс берген. Басты
кейіпкер – автордың сопылық ілімді таратуда
жерүсті (Түркістан) және жерасты (пейіш, дозақ, сират) кеңістігінде әр мезгілде (тоғыз, он жеті, отыз, алпыс екі, алпыс үш жас) зікір
салу қозғалысы арқылы мезгіл мен кеңістікті
байланыстырып, шығарма хронотопын анықтаған.
Сонымен шартты хронотопты құрайтын топонимнің
(Түркістан) локусы анық, егер топонимді S, ал одан
шыққандағы
бағыт-бағдарды
Х
және
оған
бағытталған бағдарды P деп алсақ, онда белгілі
сызба алынады: Р S Х S» [8].
Хронотоптың мәтін ішіндегі қызметіне қатысты
Қ. Рысберген мынадай пікірді білдірген: «Сонымен
қатар, нақты мекен-жайлық, локальды бағыт-
бағдарлық қызметті де атқарып тұр. Көптеген
ақиқат
топонимдік
атаулармен
қатар
бізге
жетпеген, ақын-жыраулар поэтикалық жолдарында
ғана сақталған, кезінде аса актуалды болған
көптеген микротопонимдік атауларды кездестіруге
болады.
Яғни,
аталмыш
көркем
мәтіндерде
кеңістік пен нақты тарихи кезең бірегей хронотопқа
ұйымдасып тұр. Сондықтан хронотоп көркем шы-
ғарма кеңістігінде нақты тарихи кезеңдегі уақиғаны
суреттей отырып, оқырманды сол кеңістік коорди-
натасынан дұрыс бағдар беріп, хабардар етеді.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, хронотоп теориясы
жалпы филологиялық проблема ретінде жеке және
жете зерттелуі тиіс тың тақырып деп есептейміз»
[9].
Біз мақаламызда Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен
тер» шығармасындағы хронотопты анықтауды
мақсат еттік. Шығарма атауынан, белгілі өмір
жолында қан кешіп, тер төгу мен елі үшін күрес,
яғни бибилионимнен біз кеңістік, уақыт, ой-сананы
анықтаймыз, себебі «Қан мен тер» дегенде уақыт –
белгілі бір өмір жолын өту; кеңістік – сол өмір
жолын белгілі бір кеңістікте өткізу; ой-сана – басты
кейіпкер – Еламанның ішкі жан-дүниесі, әлемді
танып, қабылдаудағы уақыт пен кеңістіктің рөлі
анық көрініс берген.
Романдағы кеңістіктік-уақыттық байланыстың
өзара байланысқан үш деңгейін (хронотопын)
анықтауға
болады:
топографиялық
хронотоп,
психологиялық хронотоп және метафизикалық хро-
нотоп.
Топографиялық
хронотоп
сюжеттің
хронотопы, ол шығарманы сюжет барысына сәйкес
келетін
бірнеше
кеңістіктік-уақыттық
бірлікке
бөледі. Бұл таныс денотаттар әлемін көзге көріне
бермейтін күш жасаған. Топографиялық хронотоп-
пен
психологиялық
хронотоп
өзара
тығыз
байланысып жатады. Бұл кейіпкерлер хронотопы.
Кеңістік пен уақыттағы қозғалыс барысына сәйкес
сюжет барысында әр деңгейде ауысып отыратын
кейіпкердің ішкі әлемінің өзгерісін көрсетеді.
Топографиялық хронотоп сюжет негізінен шығып
жатса, психологиялық хронотоп кейіпкерлердің ой-
санасына негізделеді. Метафизикалық хронотоп,
яғни сипаттау деңгейі мен метатілді қалыптастыру
– сюжет деңгейлері мен ой-сананы байланыстыру-
шы сөз, тұтастай алғанда шығармада метатілдік
мәнге ие болады, себебі ол бүкіл мәтіннің идеялық
мәні, соның ішінде кеңістіктік және уақыттық идея-
сымен байланысты.
Топографиялық
хронотоп
деңгейі
көзге
көрінетін, байқалатын әлем, психологиялық хроно-