ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ТАҒАМТАНУ АКАДЕМИЯСЫ
Халықтың жаппай дене белсенділігін
арттыруға қолайлы жағдай
жасау бойынша
ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНА
АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
Алматы, 2012
УДК 614
ББК 51.1
Х 17
Қазақ тағамтану Академиясы, Профилактикалық медицина
Академиясы жəне Ұлттық салауатты тағамтану орталығының
Біріккен ғылыми кеңесінің шешімі бойынша басаламға ұсынылды
(№6 хаттама «12» қыркүйек 2012 ж.)
Ғылыми
жетекшісі:
Нұсқаулықты
дайындағандар:
Шарманов Т.Ш. – мед.ғыл.докторы, профессор,
ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі,
ДДҰ Леон Бернар атындағы сыйлығының
лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
Қаржаубаева Ш.Е. – мед. ғыл. докторы
Тəжібаев Ш.С. – мед.ғыл.докторы, профессор,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
Рецензент:
Слажнева Т.И. – мед.ғыл.докторы, профессор
Ұсыныстар жергілікті атқару органдарына халықтың жаппай дене
белсенділігін арттыруға қолайлы жағдай жасау бойынша нұсқаулық ретінде
қолдануға арналған. Олардың жасалуында Дүние жүзілік денсаулық сақтау
ұйымының ұсыныстары жергілікті жағдайға бейімделіп, ескерілген.
ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «Қазақстандағы артық дене
салмағы мен семіздік эпидемиясының кешенді профилактикасы» жобасын
жүзеге асыру шеңберінде дайындалған.
ISBN 978-601-7408-40-4
© Қазақ тағамтану Академиясы, 2012
3
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .4
Дене белсенділігінің қоғам денсаулығын
сақтау үшін маңыздылығы
(мəселенің өзектілігі). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
Халықтың түрлі жас тобындағылар
үшін ұсынылған дене белсенділігі
деңгейлерінің қолданылуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8
Халықтың жаппай дене белсенділігін
арттыруға негіз ретіндегі
сектор аралық тəсілдер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .12
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16
4
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
КІРІСПЕ
Дене белсенділігі – бұл дене жəне психикалық денсаулықты жақсартудың
тиімді жолы. Алайда, адамдардың көпшілігі күнделікті өмірде дене
белсенділігінен алшақ, бұл олардың денсаулығы мен əл-ауқаты үшін ауыр
салдарларға алып келеді. Бағалау мəліметтері бойынша, ДДСҰ Еуропалық
аймағында (оған Қазақстан да кіреді) жыл сайын 600 000 өлім-жітім жағдайы
халықтың дене белсенділігі деңгейінің төмендеуінен болады. Бұл жетекші
қауіп факторын жою жүрек-қантамыр аурулары, инсулинге тəуелсіз қан
диабеті, артериялық қысымның жоғарылауы, қатерлі ісіктердің кейбір жаңа
түрлері, сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары, сондай-ақ, психологиялық
бұзылыстар сияқты денсаулық бұзылыстары қаупінің төмендеуіне алып ке-
лер еді.
Белсенді өмір салты – бұл қоғам денсаулығын сақтаудағы жаңа
ғаламдық мəселеге айналған қазіргі заманғы артық дене салмағы
мен семіздік эпидемиясымен күресудегі шешуші факторлардың бірі.
Семіздік мəселесінің өзектілігі бұл аурудың таралуының күрт артуы-
мен жəне артық салмақтың түрлі аурулардың даму қаупіне себеп болып
табылатындығымен анықталады. Артық салмақ пен семіздік салмақ
жеткіліксіздігіне қарағанда өлім-жітім жағдайларына көбірек алып келеді.
Диабетпен науқастанудың 44% жағдайы, жүректің ишемиялық ауруының
23%-ы жəне қатерлі ісік ауруларының 7-41% жағдайы артық салмақ пен
семіздіктен туындаған.
Əлемдегі мерзімінен бұрын болған өлім жағдайының əр үшіншісі
семіздіктен жəне адамның дене белсенділігінің бəсеңдігінен болатын ау-
рулармен байланысты деп саналады. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың əр
төртінші тұрғынының (немесе 1,7 миллиард адам) дене салмағы артық не-
месе семіздіктен зардап шегеді. Қазіргі кезеңде семіздіктің таралу қарқыны
соншалық, ДДСҰ сарапшыларының болжамынша, 2025 жылы бұл сандар
екі есеге дейін өспек. Əр 10 жыл сайын артық дене салмағы мен семіздіктің
таралуы 10%-ға артуда.
Семіздік - Қазақстан Республикасында да маңызды мəселелердің бірі.
Қазақстандағы 1995-96 жылдардағы Ұлттық зерттеулер мəліметтері бой-
ынша ересек тұрғындардың 42%-ында (немесе 4,36 млн адамда) артық дене
салмағы (27%) немесе семіздік (15%) болған.
Дене инерттілігі - жекелеген адамдардың ғана емес, қоғамның да
қиындығы. Сондықтан, оны шешу үшін, халықтың жекелеген топтарына
бағытталған жəне біздің мəдениетіміздің ерекшеліктері ескерілетін сектор
аралық, көп салалы тəсіл қажет.
5
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
Мəселенің ауқымы қазіргі заманғы қолданыстағы тəсілдерді
бүкілхалықтық деңгейде жаңаша ұғыну мен тəжірибеге енгізу қажеттілігіне
негіз болады. Ол ақпараттандыру, мүдделі құрылымдардың кең ауқымы
жағынан саяси қолдау деңгейін арттыруды, қоршаған орта мен жергілікті
қауымдастықтар жағдайын: көлік секторлары, қоршаған ортаны қорғау,
қаланы жобалау, жұмыс берушілер мен азаматтық қоғаммен бірге
қалыптастыруды талап етеді.
Біз бұл ұсыныстар мəселе туралы ортақ түсіністікке жетуге жəне
Қазақстанда дене белсенділігі салтының таралуына ықпал етуге көмектеседі
деген үміттеміз. Бұл азаматтарымыздың денсаулығын сақтау үшін, артық
дене салмағы мен семіздіктің жəне олармен байланысты аурулардың алдын
алу үшін аса маңызды.
ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚОҒАМ
ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ҮШІН
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
(МƏСЕЛЕНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ)
Дене белсенділігінің болмауы маңызды ғаламдық көлемде өлімге себеп
болып табылатын қауіп факторларының төртіншісі саналады, оның үлесіне
əлемдегі өлім-жітім санының 6%-ы келеді. Оның алдында тек жоғары қан
қысымы (13%), шылым шегу (9%) жəне қандағы глюкоза деңгейінің жоғары
болуы (6%) ғана келеді. Артық салмақ пен семіздіктің үлесіне əлемдегі өлім-
жітім санының 5%-ы келеді. Дене инерттілігі - əлемдегі өлім-жітімнің 1,9
миллион жағдайының себебі.
Құрамында май, тұз бен қанты көп, жоғары калориялы өнімдерді
тұтынудың артуы дене белсенділігінің төмендеуі аясында көптеген қызмет
түрлерінің аз қозғалатын сипатта болатынына, урбанизацияның артуы-
мен қозғалу тəсілдерінің өзгерістеріне байланысты, семіздікке шалдыққан
адамдар санының артуына ықпал етеді. Салмақ қосу мен семіздік тамақпен
тұтынылған калориялардың мөлшері калория шығынынан асып кеткен кез-
де дами бастайды, яғни, калориялардың оң теңгерімі қалыптасады, соның
нəтижесінде май жинақталуы жүреді. Дене белсенділігін арттыру калория-
лар шығынының артуына алып келеді, бұл семіздіктің жəне онымен байла-
нысты аурулардың алдын алуға ықпал етеді.
Көптеген елдерде дене белсенділігінің төмендеуі дене салмағын
қосуға, семіздіктің дамуына ықпал етеді жəне адамдардың жалпы денсаулық
6
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
жағдайы мен жұқпалы емес аурулар: жүрек-қантамыр аурулары, диабет
пен қатерлі ісік, сондай-ақ, олардың қауіп факторларын қоса, жоғары қан
қысымын, қандағы қант деңгейінің артуы мен артық салмақ санының артуы-
нан көрінеді. Қазақстанда жүрек-қантамыр аурулары (атеросклероз, гиперто-
ния жəне басқа, инфарктпен немесе инсультпен аяқталатындары) əр екінші
өлімге себеп болады. Соған орай, дене белсенділігін арттыру - халықтың
өлім-жітім жағдайларын төмендетудің маңызды факторы.
Бағалаулар бойынша, дене инерттілігі - сүт безі қатерлі ісігі мен
тоқ ішек ауруларының 21–25% жағдайларының, диабетке шалдығудың
27% жағдайларының жəне 30%-ға жуық жүректің ишемиялық ауруы
жағдайларының бірқатарының негізгі себебі. Бұдан өзге, жұқпалы емес
аурулар əлемдегі барлық аурулар ауыртпалықтарының жартысын дерлік
құрайды. Қазіргі кезде он өлім-жітім жағдайының алтауы жұқпалы емес ау-
рулармен байланысты.
Дене белсенділігі жұқпалы емес созылмалы аурулардың көпшілігіне
қатысты едəуір пайдалы əсер береді. Бұл əсері аурудың үдеуінің алдын алу-
мен немесе тоқтатумен шектелмейді, сондай-ақ, оған дене мүсінін жетілдіру,
бұлшық ет күшін арттыру жəне өмір сапасын жақсарту да кіреді. Бұл, əсіресе,
егде жастағы адамдар үшін маңызды, өйткені, жүйелі дене белсенділігі
олардың күнделікті өмірінде өздігінше əрекет ету деңгейін арттырады.
Жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі аз қозғалатын өмір салтын
ұстанатын адамдарда белсенді қозғалатындарға қарағанда екі есе дерлік
жоғары. Дене белсенділігі инсульттің алдын алуға да ықпал етеді жəне
жүрек-қантамыр ауруларының көптеген қауіп факторларына, соның ішінде,
артериялық қысымға, қандағы холестерин мөлшеріне ықпал етеді.
Бұдан өзге, дене белсенділігі - энергия шығынын анықтайтын фактор
жəне соған орай, тамақтанумен қатар энергия алмасуы мен дене салмағын
бақылау үшін шешуші мəні бар. Дене белсенділігі деңгейінің төмен болуы
жəне тағамдық калорияларды шамадан тыс тұтыну семіздіктің күрт артуы-
на негіз болады. Семіздік, ағзаға тамақпен түсетін энергетикалық түсімдер
энергияның жиынтық шығынынан, соның ішінде, дене белсенділігіне
жұмсалатын шығынынан асқан жағдайларда дамиды.
Дене белсенділігі II типті диабетті болдырмауға ықпал етеді; дене
тұрғысынан белсенді адамдар үшін қауіп аз қозғалатын өмір салтын
ұстанатындарға қарағанда шамамен 30%-ға төмен. Қауіптің төмендеуіне
орташа қарқынды жəне жоғары қарқынды дене белсенділігі де алып келеді,
алайда, ол жүйелі сипатта болуы тиіс.
Белсенді өмір салты қатерлі жаңа ісіктерге қатысты қауіптер
жиынтығының төмендеуіне ықпал етеді. Көптеген зерттеулер дене
7
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
белсенділігінің тоқ ішек қатерлі ісігінің дамуына қатысты қорғаныстық
əсерін көрсетті; дене тұрғысынан белсенді адамдар үшін қауіп шамамен
40%-ға төмен. Дене белсенділігі əйелдер арасындағы менопаузадан кейінгі
сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупінің төмендеуімен де байланысты. Жоғары
қарқынды дене белсенділігінің ерлердегі қуықасты безінің қатерлі ісігіне
қатысты қорғаныстық əсерін көрсететін мəліметтер бар.
Бүкіл өмір бойы дене белсенділігі сүйек-бұлшық ет жүйесінің оңтайлы
физиологиялық жағдайын жақсартады жəне қолдайды, сондай-ақ, аз
қозғалатын өмір салтын ұстанатын адамдарда байқалатын жас шамасы-
на қарай тоқырау үдерісін баяулата алады. Егде жастағы адамдарда дене
белсенділігі бұлшық ет күші мен иілгіштікті қолдауға ықпал етеді, бұл
оларға күнделікті үй шаруасын жақсы атқаруға мүмкіндік береді. Бұдан
өзге, жүйелі дене белсенділігі егде жастағы адамдарда құлау мен жам-
бас ұшының сыну қаупін төмендетеді. Тірек жүктемелерімен жаттығулар
(секірулер сияқты) сүйек тінінің тығыздығының артуына ықпал етеді жəне
остеопороздың дамуының алдын алады. Бұл, əсіресе, жасөспірімдердегі
сүйек құрылымының оңтайлы дамуы, сондай-ақ, орта жастағы əйелдер үшін
маңызды.
Дене белсенділігі депрессия құбылыстарына, күйзеліс пен үрейдің
төмендеуіне ықпал ете алады. Ол басқа да психологиялық жəне əлеуметтік
сипаттағы жағымды əсерлер де беруі мүмкін, олар өз кезегінде денсаулыққа
пайдалы əсер етеді. Мысалы, ол балалардың əлеуметтік дағдыларын дамытуға,
адамдардың бойында өздеріне оң көзқарастағы баға беруінің қалыптасуына,
балалар мен ересектерде өзіне деген сенімділік сезімін дамытуға көмектеседі,
өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл оң нəтижелер дене белсенділігіне,
онымен байланысты əлеуметтік оң ықпалдарға байланысты.
Қимыл-қозғалысы белсенді өмір салты адамдарға басқа адамдармен
қарым-қатынас жасауға, жергілікті қауым өміріне қатысуға, қоршаған ор-
таны танып-білуге мүмкіндік береді. Спортпен шұғылдану жəне белсенді
демалудың басқа да түрлері жаңа тəжірибелер жинақтауға, жаңа кезде-
сулер мен таныстықтарға ықпалын тигізеді, осылайша, олар қылмыс пен
бейəлеуметтік мінез-құлық деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Дене
белсенділігі үшін анағұрлым ыңғайлырақ жағдайларды қалыптастыруға
тырысу, мысалы, саябақтар мен көгалды аймақтарды, бұрын экологиялық
қараусыз қалған жерлерде жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдарын
салуды ұйымдастыру нақты бір аумақтың жалпы жайлылығы үшін ынталан-
дыру шарты бола алады.
Өлім-жітімнің, аурушаңдықтың жəне өмір сапасының төмендеуі
есебінен келтірілген шығыннан бөлек, дене белсенділігінің болмауы үлкен
8
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
қаржы шығындарына əкеліп соқтырады. Осылайша, Англияда денсаулық
сақтау жүйесіне келтірілген зияндардан, жұмыс жасайтын адамдардың
уақытша еңбекке қабілетсіздігінен, сондай-ақ, мезгілінен бұрын болатын
өлім-жітім салдарынан болған жыл сайынғыэкономикалық шығын, 3-тен 12
млрд.еуроға дейінгі ауқымда бағаланады. Бұған аз қозғалатын өмір салтынан
болатын артық дене салмағы мен семіздікке байланысты шығындар кірмейді,
олардың жиынтық көлемі жыл сайын 9,6-10,8 млрд.еуроға жетуі мүмкін.
Дене белсенділігінің тиімді тамақтану, шылым шегуден бас тарту
сияқты салауатты өмір салтының басқа да элементтерімен біріге əрекет ету
тенденциясы бар жəне сондықтан оң бағыттағы басқа дағдылар мен əдеттерді
ынталандыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Осылайша, дене белсенділігі – бұл халықтың денсаулығын жақсартуда
əлеуметтік əлеуеті күшті, қаупі аз өмір салтының аса игілікті сипаттамасы,
бұл мəселе жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде жасалатын саясаттың нақ
ортасынан орын алуы тиіс.
ХАЛЫҚТЫҢ ТҮРЛІ ЖАС ТОБЫНДАҒЫЛАР
ҮШІН ҰСЫНЫЛҒАН ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ
ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Ұсыныстар қоғам денсаулығын сақтау саласындағы саясат жасау-
ында басқарушы органдарға көмек беруге бағытталған. Жергілікті атқару
органдарының өкілдері - халықтың денсаулығына арналған дене белсенділігі
бойынша жетекші ұстанымдарды дайындау ісінде негіз болатын осы
ұсыныстардың мақсатқа сай қолданушылары.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ғаламдық
ұсыныстары негізінде үш жас топтары үшін дене белсенділігі деңгейлерін
ұсынып отырмыз: 5–17 жас аралығы, 18–64 жас аралығы жəне 65-тен бастап
жəне одан жоғары жастағылар. Бұл жас топтары іріктеп алынған нəтижелер
бойынша ғылыми мəліметтердің сипаты мен қолжетімділігін ескере отырып
анықталды.
5-17 жас аралығындағы балалар мен жастар үшін дене белсенділігі
ойындар, жарыстар, спортпен шұғылдану, жол жүру, сауықтыру шаралары,
дене дəрбиесі немесе отбасы, мектеп немесе өз ауданы шеңберіндегі жоспар-
лы жаттығулар түрінде қарастырылады. Жүрек-қантамыр жүйесін, сүйек-
бұлшық ет тіндерін нығайту жəне жұқпалы аурулардың қаупін төмендету
үшін дене белсенділігінің төмендегідей тəжірибесі ұсынылады:
9
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
1. 5-17 жас аралығындағы балалар мен жастардың күнделікті орташа-
дан бастап жоғары қарқындылыққа дейінгі дене белсенділігімен
айналысуының жалпы ұзақтығы кемінде 60 минут болуы тиіс.
2. 60 минуттан асатын дене белсенділігі олардың денсаулығына қосымша
пайдасын тигізеді.
3. Күнделікті дене жүктемесінің көп бөлігі аэробикаға тиесілі болуы тиіс.
Қаңқа-бұлшық ет тіндерін дамытуға бағытталған жаттығуларды қоса,
қарқындылығы жоғары дене белсенділігі, кемінде, аптасына үш рет
жүргізілуі тиіс.
Балалар мен жастардың дене белсенділігі жүрек-өкпе жүйесі мен
қаңқа-бұлшық ет тіндерінің дамуымен байланысты екендігі анық. Бұл жас
тобындағылар үшін күш беретін жаттығулар бөлшектенбеген немесе ойын
бөлімдері түрінде, мысалы, спорт алаңдарындағы ойындар, тартыс ойында-
ры жəне т.б. болуы мүмкін.
18–64 жас аралығындағы ересектер үшін дене белсенділігі сауықтыру
жаттығулары немесе бос уақытта атқарылатын белсенді жұмыстар, белсенді
қозғалу ширақ түрлері (мысалы, велосипед немесе жаяу серуендеу), кəсіби
қызмет, үй шаруасы, ойындар, жарыстар, күнделікті тіршілік, отбасы не-
месе қауымдастық аясындағы спорттық немесе жоспарлы жаттығулар
қарастырылады.
Жүрек-қантамыр жүйесін, сүйек-бұлшық ет тіндерін нығайту, жұқпалы
емес аурулардың жəне депрессияның даму қаупін төмендету мақсатында,
дене белсенділігінің төмендегі тəжірибесі ұсынылады:
1. 18-64 жас арасындағы ересек адамдар аптасына кемінде 150 мину-
тын орташа қарқынды немесе кемінде 75 минутын жоғары қарқынды
аэробика жаттығуларына немесе орташа жəне жоғары қарқынды
аэробиканың баламалық үйлесіміне бөлуі тиіс.
2. Аэробикамен əр шұғылдану кемінде 10 минутқа созылуы тиіс.
3. Денсаулық үшін қосымша артықшылықтар алу үшін егде жастағы
адамдар қарқындылығы орташа аэробика жаттығуларын аптасына 300
минутқа дейін арттыруы қажет, немесе аптасына 150 минутқа дейін
жоғары қарқынды аэробика жаттығуларын немесе орташа жəне жоғары
қарқынды аэробиканың баламалы үйлесімін орындауы тиіс.
4. Негізгі бұлшық еттер əрекет ететін, күш беретін жаттығуларға аптасына
2 немесе одан көп күн арнаған дұрыс.
5. Дене белсенділігі қарқындылығын арттыру үшін алдын-ала дəрігерден
кеңес алу қажет.
Аса жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, халықтың түрлі
топтарында, дене еңбегінің түрлері, қарым-қатынас стратегиялары, таралуы
10
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
мен ұсыныстар туралы ақпараттандырылуы бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.
Дене белсенділігін насихаттау шараларын жүргізуде зейнеткерлер жасын
да ескеру керек. Бұл ұсыныстарды мүмкіндігі шектеулі ересек адамдарға
қолдануға болады. Алайда, оларды əр адамның жеке ерекшеліктерін, мы-
салы, нақты қауіптерді немесе денсаулығына байланысты шектеулер мен
жаттығуларды орындауға қабілеттілігін ескере отырып бейімдеу керек.
Жергілікті атқару органдарына халық арасында кең таралған дене
белсенділігі аясын бейімдеу қажет (мысалы, бос уақыт, кəсіби қызмет,
жұмысқа жəне үйге дейін жету).
65 жас шамасындағы жəне одан асқан егде адамдар үшін дене
белсенділігіне бос уақыттағы белсенділік, қимыл-қозғалыстар (мысалы,
жаяу жүру велосипедпен жүру), кəсіби қызметі (егер адам əлі де жұмыс жа-
сайтын болса), үй шаруасы, ойындар, жарыстар, күнделікті тіршілік, отбасы
мен қоғам аясындағы спорттық немесе жоспарлы жаттығулар кіреді.
1. Егде тартқан адамдар қарқындылығы орташа дене белсенділігімен
аптасына кемінде 150 минут шұғылдануы тиіс немесе жоғары қарқынды
аэробика жаттығуларын аптасына кемінде 75 минут, немесе орташа жəне
жоғары қарқынды дене белсенділігінің баламалы көлемін орындауы тиіс.
2. Аэробика жаттығуларын ұзақтылығы 10 минуттан тұратын
серияларға бөліп орындау керек.
3. Денсаулық үшін қосымша артықшылықтар алу үшін егде тартқан
адамдар қарқындылығы орташа аэробика жаттығуларын аптасына 300
минутқа дейін арттыруы қажет, немесе аптасына 150 минутқа дейін жоғары
қарқынды аэробика жаттығуларын, немесе немесе орташа жəне жоғары
қарқынды дене белсенділігінің баламалы көлемін орындауы тиіс.
4. Қимыл-қозғалыс белсенділігінде қиындықтары бар егде жастағы
адамдар тепе-теңдік жəне құлауды болдырмайтын жаттығуларды аптасына 3
күн немесе одан артық орындауы керек.
5. Күш беретін жаттығуларды негізгі бұлшық ет топтарын іске қоса
отырып, аптасына 2 күн немесе одан артық орындауы керек.
6. Дене белсенділігінің қарқындылығын арттыру үшін, алдын-ала
дəрігердің кеңесін алу қажет.
7. Егер егде жастағы адамдар ұсынылған дене белсенділігі көлемін
орындай алмаса, олар өз мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайларына сəйкес
жаттығуларды орындауы керек.
18-65 жас аралығындағы ересектер жəне 65 жастағы жəне одан асқан
егде жастағыларға арналған ұсыныстардың ұқсастығына қарамастан, бұл
екі жас тобындағылар үшін жеке ұсыныстарды қабылдап, енгізу керек. Дене
белсенділігін ұдайы тəжірибеге енгізуді насихаттау жəне оған ат салысудың
11
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
егде жастағылар үшін маңызы ерекше, өйткені, көбінесе бұл жас тобындағы
адамдардың белсенділігі төмендеу келеді. Егде жастағылар үшін дене
белсенділігін насихаттауға тырысуда, əдетте, белсенділік көлемін арттыру
немесе қарқындылығы жоғары жаттығуларды орындауға аз көңіл бөлінеді.
Халықтың түрлі жас топтары арасында дене белсенділігін насихаттауда
жарамды іс-шаралар төмендегідей:
• Жаяу жүру, велосипедпен жүру жəне дене белсенділігінің басқа түрлері
қолжетімді жəне қауіпсіз екендігіне көз жеткізу мақсатында қаланың
жоспарлануы мен жергілікті деңгейдегі табиғатты қорғау саясатына
шолу жасау.
• Балаларға арналған ойын алаңдарымен қамтамасыз ету (ауладағыларды
қоса).
• Үй – жұмыс – үй аралығында қозғалуды ұйымдастыруға (мысалы, ве-
лосипедпен жүру немесе жаяу жүру) жəне жұмыс істейтін халық үшін
дене белсенділігінің басқа стратегияларын жүзеге асыруға көмектесу.
• Дене белсенділігі бойынша мектеп бағдарламаларының толығымен
жүзеге асырылуы үшін қажетті жағдайлар қалыптастыру.
• Мектептерде қауіпсіз жəне оқушылардың уақытты белсенді өткізуіне
арналған талаптарға жауап беретін залдар мен спорттық құрал-
жабдықтардың болуын қамтамасыз ету.
• Медициналық қызмет көрсету мəселелері бойынша Денсаулық сақтау
жəне білім беру ұйымдарының бастапқы буыны деңгейінде кеңес беру.
• Дене белсенділігін насихаттайтын əлеуметтік желілерді құру жəне да-
мыту.
Дене белсенділігі туралы ұсыныстарды əзірлеуді осы бағыттағы сая-
сатты одан əрі кеңейту жəне елдегі дене белсенділігін насихаттау үдерісінің
бір элементі ретінде қарастырған жөн. Елеулі өзгерістерге қол жеткізу үшін,
сектор аралық ұстанымдарды дене белсенділігі жөніндегі ұлттық саясатпен
жəне іс-шаралар жоспарымен біріктіру қажет. Мысалы, денсаулық сақтау
секторында басқару ұстанымдарын жұқпалы емес созылмалы немесе нақты
аурулардың, мысалы, қант диабеті жəне семіздіктің алдын алу жəне бақылауға
алу мəселелерімен ұштастыруға болады. Спорт департаментінде дене
белсенділігі бойынша басқару ұстанымдары халықтың ұйымдастырылған
спорттық жəне сауықтыру шараларына қатысуымен ұштасады. Дене
белсенділігі бойынша басқару ұстанымдары жұқпалы емес аурулардың
кешенді түрде алдын алу жəне бақылау шараларымен біріктірілген жағдайда,
немесе қоғамдық денсаулық сақтау саласында мақсат қою, алдын-алу шара-
ларын таңдау жəне іске асыру, мониторинг жəне бағалау сияқты мəселелерді
күшейту арқылы қол жеткізілетін жетістіктер зор болмақ.
12
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
ХАЛЫҚТЫҢ ЖАППАЙ ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІН
АРТТЫРУҒА НЕГІЗ РЕТІНДЕГІ СЕКТОР
АРАЛЫҚ ТƏСІЛДЕР
Жергілікті қауымдастықтар адамдардың дене белсенділігі деңгейіне,
атап айтқанда, көрсетілген əлеуметтік қолдаудың, сондай-ақ, уақыт өткізудің
түрлі қабылданған мəдени нормалары мен стереотиптерінің арқасында
елеулі ықпал етуі мүмкін. Көптеген қазіргі заманғы əлеуметтік тенденция-
лар адамдарды аз қозғалатын өмір салтына бейімдейді. Қол еңбегінің үлесі
азайып, бос уақытты дене белсенділігіне байланыссыз өткізу түрлері артуда.
Дене еңбегі шығындарын азайтатын басқа да құрылғылар, соның ішінде
жедел сатылар/лифтілер мен эскалаторлар да дене белсенділігі деңгейінің
төмендеуіне ықпал етеді. Қазіргі заманғы ғимараттар құрылысында жедел
сатылармен қатар ашық баспалдақтарды да қарастыру қажет.
Жан-жақты қамту тұрғысынан қалалық жəне көлік жоспарлау, жол
қозғалысы ұйымдары саласы өкілдерінің, архитекторлардың, жұмыс
берушілердің, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ынтымақтастығы талап
етіледі. Мұндай ынтымақтастықтың қосымша пайдасы белсенді саяхат-
тау, жаяу жүру үшін жергілікті жағдайларды жақсарту, тартымды көгалды
аймақтарды ұйымдастыру, ғимараттар дизайнының жақсартылуы жəне т.б.
сияқты мəселелерге қызығушылықтың артуы болуы мүмкін, бұл экологиялық
тұрақты оң əсер беруде маңызды.
Халықтың дене белсенділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған
кешенді тəсілдер келесі іс-шаралардың жоспарлануы мен іске асырылуын
қарастыруы тиіс.
• Халықтың аз қамтылған топтарына арналған қызметтердің құнын
төмендетуге бағытталған жəне əлеуметтік-мəдени ерекшеліктерін еске-
ре отырып жасалған «Дене тəрбиесі жəне спорт – барлығымыз үшін»
саясатын жоспарлау жəне жүзеге асыру.
• Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерің спортпен шұғылдану жəне
белсенді демалу орындарына қол жетімділігін жақсарту.
• Қоғам денсаулығы мүддесі мен белсенді өмір салты мүмкіндіктерін ба-
рынша ескере отырып, жергілікті аумақтық жоспарлар əзірлеу.
• Қаланы жоспарлауда жаяу жүргіншілер қозғалысының неғұрлым
оңтайлы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге баса назар аудару.
• Жаяу жүру мен велосипедпен жүруді көпшілікке насихаттауға
бағытталған, мақсатқа сай əлеуметтік жарнама бағдарламаларын жүзеге
асыру.
13
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
• Дене белсенділігін бастапқы алдын-алу бағыттарының тізбесіне қосу.
Бастапқы алдын-алу жұмыстарындағы дене белсенділігінің үлесі
елеулі орын алуы тиіс. Мысалы, жалпы тəжірибедегі дəрігерлер мен
денсаулық сақтау жүйесінің бастапқы буынының басқа да қызметкерлері
емделушілерге кеңес беруі (соның ішінде скринингтік тексерулер
жүргізу кезінде де) жəне оларға дене белсенділігіне қатысты ұсыныстар
бере алуы жəне ол үшін сəйкес дайындығы болуы тиіс.
• Жүргізілген шаралар мен ғылыми зерттеу нəтижелерінің енгізілу есебін
жүргізу. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарына ғылыми зерттеу-
лер нəтижелерін жинақтап жəне дене белсенділігін дамытудың тиімді
əдістерін анықтау жұмыстарына басшылық ету үшін барлық жағдай
жасалған. Олардың ғылыми зерттеулер нəтижелерін сыни тұрғыдан
бағалау жəне ғылыми əдебиеттерге шолу жасау сияқты əдістемелерді
қолдануда кəсіби тəжірибелері бар.
• Дене белсенділігіне қолдау көрсетуге қаржы қорын жұмсаудан түсетін
экономикалық табысты жариялау. Басшылар үнемі ықтимал шығындар
мен ұсыныстан түсетін пайданың ара қатынасы туралы ақпаратқа
қызығушылық танытады. Денсаулық сақтау секторы экономикалық
тиімділікті дəлірек талдау əдістемесін əзірлеу үшін көп үлес қоса ала-
ды. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілерінің бірі – көлік жобалары
мен қаланы жоспарлауды бағалау кезінде денсаулыққа əсерін ескеру. Ол
дене белсенділігіне қолдау көрсетуге қаржы қорын жұмсаудың пайда-
сына бұлтартпас дəлелдер беруі мүмкін.
• Үлгі-өнегелік мысал көрсету. Қорытындысында, денсаулық сақтау
жүйесінің өзі, қызмет көрсетілетін тұрғындардың ғана емес, өз
қызметкерлерінің де дене белсенділігіне көмектесе отырып, мысалы,
олардың жұмыс орнына жаяу немесе велосипедпен жете алуына не-
месе түскі үзіліс кезіндегі дене белсенділігі үшін оңтайлы жағдайлар
қалыптастыра отырып, үлгі көрсетуі тиіс. Дене белсенділігі үшін
қоршаған ортаның жағымды сипатын қалыптастыру. Антропогендік
орта (көше хабарламалары жүйесі жəне қаланың жобалануы сияқты) мен
табиғи қоршаған ортаның факторлары (мысалы, көгалды аймақтар мен
ашық кеңістіктерге шығу) дене белсенділігіне елеулі ықпалын тигізеді.
Эстетикалық тартымдылық, ыңғайлылық пен қолжетімділік сияқты сипат-
тамалар дене белсенділігін арттырумен тығыз байланыста. Жаяу жүргінші
қозғалысы жағдайына (тротуарлар, өтетін жерлер) жоғары дəрежеде
қанағаттану орын алғанда, дүкендер, саябақтар жəне т.б. ыңғайлы орна-
ласуында, сондай-ақ, қарқынды жол қозғалысымен байланысты қауіпті
түсінетін адамдар көбінесе қажет жерлерге жаяу жетуді дұрыс санайды.
14
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
• Баспалдақ алаңдарында сəйкесінше ақпараттық-таратылым плакатта-
рын орналастыру– бұл жағдайда, мəліметтерде көрсетілгендей, адамдар
лифт/жеделсаты орнына баспалдақты жиі пайдалана бастайды.
• Жаяу жүргінші жəне велосипед қозғалысына ат салыса отырып жəне
адамдарға белсенді демалыс орындарына жетуге көмектесе оты-
рып, дене белсенділігі мүмкіндігіне оң əсерін тигізуге қабілетті
сəйкес көлік жүйесін қалыптастыру. Мақсатқа сай бағдарламалардың
көмегімен халықтың дағдыланған топтарының мінез-құлқының
өзгеруіне қол жеткізуге болады. Мысалы, «TravelSmart» (Австралия)
бағдарламасында мақсатқа сай іс-шаралар жүргізіле бастағаннан 6
айдан кейін тəжірибелікді аумақта машинамен жүруден жаяу жəне ве-
лосипедпен жүруге немесе қоғамдық көлікті пайдалануға қарай 5,5%
ілгерілеу орын алған.
• Қауымдастыққа сыртқы жарнама элементтерімен қоса, бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы əсер ету. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы
науқандар, əдетте, бұл мəселе туралы хабардарлық деңгейін арттыруға
қатысты тиімді жəне кешенді араласу жұмыстарының пайдалы
компоненті. Жергілікті қауымдастықтарда адамдар дене белсенділігін
көпшілікке жарнамалау, сондай-ақ, ол үшін жағдайлар жасау мен олар-
ды жақсарту мақсатында бірігеді.
• Дене белсенділігін арттыру үшін, жергілікті тұрғындарға мектеп
алаңдары мен дене шынықтыру залдарын пайдалануға мүмкіндік
бере отырып, оқушылардың стандартқа сай дене дайындығы
бағдарламаларын жүзеге асырудың есебінен, мектептердің ие болып
отырған үлкен мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жағдайлар жасау.
• Спорттың дамуына жəне спортпен жүйелі түрде шұғылдануға əлемдік
деңгейде ат салысу - халық денсаулығын нығайтудың маңызды бөлігі.
Спорттық жарыс жəне таңдаулы түрлерінен гөрі дене белсенділігін
сауықтыру түрлерінің екпін алғанының дəлелді мысалын Финляндияның
барлық тұрғындары көрсете алды. Сектор аралық саясатты жүзеге
асыру спорттық ұйымдар мен қызметтерді қолдауға, сондай-ақ, жаңа
спорт ғимараттарын тұрғызуға мемлекеттік қаржының айтарлықтай
құйылуын қамтамасыз еткен.
Халықтың дене белсенділігін арттыру үшін қажетті шаралардың мүмкін
бағыттарын келтіріп отырмыз.
1. Аймақтық жəне жергілікті деңгейлердегі аумақтық жоспарлау шарала-
ры:
• велосипед жолдарының жаңа желісін құру жəне бұрыннан бар велоси-
пед жолдарын жақсарту;
15
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
• саябақтар мен ойын алаңдарының жағдайын жақсарту;
• балаларға арналған спорт секцияларының қызметін жақсарту;
• балалардың қолда бар мүмкіндіктерден құлағдар болуы үшін,
мектептердің, белсенді демалыс жəне ойын-сауық ұйымдастыру
қызметтерінің арасында тығыз байланыс орнату.
2. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі:
• дене белсенділігін дамытуға бағытталған бастапқы медициналық-
санитарлық жəрдем деңгейіндегі араласуларды жүргізу, оның ішінде, те-
ледидар бағдарламаларын қарауға кететін уақытты қысқарту жөніндегі
ұсыныстар;
3. Мектептегі іс-шаралар:
• мектептегі дене тəрбиесі деңгейін арттыру оқушылардың дене
белсенділігіне ат салысуы (мысалы, дене тəрбиесі сабақтарына көп
уақыт бөлу, балалардың үйлеріне жаяу немесе велосипедпен жетуіне
оңтайлы жағдайлар жасау);
• балалармен дене белсенділігінің пайдасы, бос уақытты өткізудің аз
қозғалатын түрлеріне (теледидар көру, видео ойындар) уақытты азырақ
жұмсаудың дұрыстығы жəне аз қимылды өмір салтының теріс əсерлері
туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу;
• мектептің спорт құралдарын сабақтардан тыс пайдалануға мүмкіндік
беру;
• мектептен тыс шаралар деңгейін арттыру.
Осылайша, дене белсенділігінің адамдардың денсаулығы мен əл-
ауқаты үшін келтіретін қарымы зор. Денсаулыққа пайдалы əсерін тигізетін
дағдылар мен əдеттерді қалыптастыру жəне ұстану, – бұл оң бағыттағы
мінез-құлықтың айқын мысалы. Дене белсенділігі деңгейін арттыруға күш
салуды қоғамдық денсаулық сақтау саласының бірегей шарасы ретінде
қарастыру керек, өйткені, олар денсаулыққа байланысты аса жиі кездесетін
мəселелердің бірқатарының ауырлығын төмендетуге бағытталады; тигізетін
пайдасының жалпы ауқымы орасан зор жəне қажетті ресурстар салымын
бірнеше есе ақтайтыны сөзсіз. Дене белсенділігін арттырудың адамдардың
денсаулық жағдайы мен əл-ауқатына аталған оң əсерлердің жүзеге асырылуы
жергілікті атқару органдарының қарым-қатынасы мен нақты əрекеттеріне
елеулі дəрежеде байланысты.
16
Жергілікті атқару органдарына арналған ұсыныстар
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Тамақтану рационы мен режимі, дене белсенділігі мен денсаулық
саласындағы ғаламдық стратегия», ДДСҰ, 2004, 21 б.
2. Еуропадағы тамақтану жəне денсаулық: əрекеттер үшін жаңа негіздер.
ДДСҰ, 2005, 525 б.
3. Созылмалы аурулардың алдын алу: маңызды қаржы салымы. ДДСҰ,
2005, 32 б.
4. «Еуропадағы дене белсенділігі мен денсаулық: дəлелдер істің пайдасы-
на», ДДСҰ, 2006, 55б.
5. «Тамақтану рационы мен дене белсенділігінің көмегімен жұмыс
орындарындағы жұқпалы емес аурулардың алдын алу», ДДСҰ баян-
дамасы /Біріккен шаралар туралы Дүниежүзілік экономикалық форум,
2008, 47 б.
6. «Тамақтану рационы мен режимі, дене белсенділігі мен денсаулық
саласындағы ғаламдық стратегия: мониторинг жəне жүзеге
асырылуының бағалануы бойынша елдерге арналған нұсқаулық»,
ДДСҰ, 2009, 50 б.
7. ДДСҰ Еуропалық аймақтарындағы семіздік мəселесі жəне оны шешудің
стратегиялары. ДДСҰ, 2009, 408 б.
8. «Денсаулық үшін дене белсенділігі туралы ғаламдық ұсыныстар»,
ДДСҰ, 2010, 60 б.
9. Жаяу жүру мен велосипедпен жүрудің денсаулыққа əсерін экономикалық
тұрғыдан бағалау құралы. Пайдаланушы əдістемесі мен нұсқаулығы.
Көлік инфрақұрылымы мен саясатқа экономикалық тұрғыдан баға беру.
ДДСҰ, 2011, 41 б.
Достарыңызбен бөлісу: |