ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9264
1   2   3   4   5   6   7   8

қаласындағы  «жанұя»  мамандандырылған  кешені  де  көрсетті. 
Бұл  жерде  негізгі  мақсат  анықталған:  бұл  түзетімдік  мекемеде 
тәрбиеленуші әлеуметтік ортадағы мінез-құлық үлгілері мен норма-
ларын, әлеуметтік тәжірибені меңгере алатын білім беру ортасын жа-
сау. «Жанұя» кешені қызметкерлерінің негізгі міндеті – тәрбиеленуші-
лерде адамдардың арасына орнығуға ұмтылушылық, өзін өмірде та-
ныта білушілік дағдыларына үйрету. Бұл мекемедегі бағдарламалар 
мен жобалардың негізгі дүниежүзілік және отандық педагогиканың, 
мәдениеттің,  психологияның  және  де  басқа  ғылымдардың  бай 
дәстүрлеріне  сүйенетін  тәрбиелеу  мен  оқытудың  біртұтастығы, 
жүйелілігі, табиғаты бірдейлігінің негізінде ноосфералық білім беру 
тұжырымдамасы  болып  табылады.  Ноосфералық  білім  беру  мен 
тәрбиелеу  біртұтас  ойлауды  тәрбиелеуді,  мұғалімнің,  оқушының 
шығармашылық  әлеуетінің  босауын,  жеке  тұлғаның  оқуға  ынтала-
нуын тәрбиелеуді, оқушы мен мұғалімнің денсаулық және уақыт ре-
сурстарын босатуын, қоғамның қаржылық және техникалық ресурста-
рын үнемдеуді және қоғамдағы техникалық, медициналық, әлеуметтік, 
қылмыстық шиеленістердің өзгеруін береді. Ноосфералық білім беру 
дүние  заңдарын,  адамзат  қоғамын  тануда,  тәрбиесі  қиын  балалар 
және сыныптарымен, тәлімі нашар отбасылардың бағдарламаларын 
жасау кезінде тиімді құрал ретінде әрекет етеді. 
Өздігінен  өмір  сүруге  дайындықтың  «Болашаққа  қадам» 
бағдарламасы  –  бұл  баланың  шығармашылық  әлеуетінің  дамуы, 
оның  еңбекке  деген  оңды  көзқарасының  қалыптасуы,  өмірлік 
перспективалардың  орнығуы,  әлеуметтік  қарым-қатынастардың 
өнімділігін қамтамасыз ету.

13
Жобаның  маңызды  бөлігін  педагогикалық  ұжымның  жаңа 
жағдайлардағы жұмысқа дайындығы құрайды. 
Педагогтардың  70%-ына  жуығы  ноосфералық  білім  беру 
жөніндегі курстардан өтті, оқыту мен тәрбиелеудің биобарабарлық 
технологиялары бойынша семинарларға қатысқан.
Бағдарламаның  тиімді  іске  асырылуы  үшін  қажетті  жағдайлар 
ескеріліп, орталық ұйымдастырылды. Бұл – жасын есепке ала отырып 
ұтымды режим жасау, дербестігін таныту үшін табиғи оқыту ортасы 
мен жағдайлардың болуы, тәрбиеленушіні психологиялық жағынан 
демеу.  Бітірушілердің  режимі  мен  тамақтануын  ұйымдастыру 
өзгерді. Олар өз бетінше азық-түлік сатып алып, ас әзірлей бастады. 
Биобарабар  технологияларға  негізделген  арнаулы  психологиялық-
педагогикалық  демеушілік  ұйымдастырылды.  Бітірушілермен 
жұмыс істеу үшін педагогтар арнайы іріктеп алынды. Оларға ерек-
ше талаптар қойылды: жұмыс тәжірибесі мен біліктілігінің болуы, 
жасөспірімнің  жас  ерекшеліктері  мен  ақыл-ойының  дамуы  артта 
қалған жетім баланың жеке тұлғалық өзгешелігін білуі.
Бағдарламаға  істе  сыналған  тәжірибе  есепке  алына  отырып, 
үнемі  ішінара  түзетулер  енгізіледі,  бірақ  та  жасөспірімдердің  мі-
нез-құлқы  мен  психикалық  денсаулығына  мониторинг  жүргізудің 
нәтижелері көңілге сенім ұялататынын атап өткіміз келеді. Кондоми-
нум жағдайларында өмір сүретін тәрбиеленушілер тұрмыстық және 
әлеуметтік мәселелерді шешуде неғұрлым құзіретті бола түсті. Олар 
басқа балалардан анағұрлым ерекшеленеді. Оларда бастамашылдық, 
дербестік,  қарым-қатынастағы  ашықтық  сияқты  жеке  тұлғалық 
қасиеттер пайда болды.  Балалардың өз сөздерімен айтсақ, олардың 
өмірі неғұрлым мазмұнды бола түсті, оларда жаңа қызығушылықтар, 
жауапкершілік пайда болды. 
Ноосфералық  білім  беру  технологиялары  «Өзін-өзі  тану»  ру-
хани-өнегелік  даму  бағдарламасымен  тығыз  байланысып  кеткен, 
олар  бір-бірін  толықтырып,  байыта  түседі.  Өнегелік-рухани  бі-
лім  беру  мен  тәрбиелеудің  «Өзін-өзі  тану»  жобасы  балада  өзімен, 
қоғаммен, отбасымен және қоршаған дүниемен үйлесімділікте өмір 
сүре білуді қалыптастыруға көмектеседі. Бұл жеке тұлғаның барлық 
құрылымдарының: зерденің, сезімдердің, еріктің, қабілеттіліктер мен 
мінез-құлықтың дамуын білдіреді, жеке тұлғаны тәндік және рухани 
деңгейде сақтай отырып, өзіне және адамдарға деген сенімді дамы-
тады.

14
Дербес ересектік өмірге дайындық шеңберінде кәсіптік бағдар 
мен оқыту бағдарламасы енгізілген, маманданушылық бейіндерінің 
тізбесі  кеңейтілген.  «Қолөнер  фабрикасы»  бағдарламасы  бойын-
ша  дайындық  ерекше  тармақ  болып  табылады.  Бұл  жерде  ұлттық 
қолданбалы өнерге оқытылады, этникалық стильдегі әшекейлер жаса-
лады. Қыш құмырашылық ісіне мамандану жолға қойылған, осының 
негізінде қыш бұйымдар жасайтын шағын зауыт жасау ойластыры-
луда. Бұйымдар конкурстарға қатысады, мекеменің ішінде, қалалық 
және республикалық дәрежеде жәрмеңкелер ұйымдастырылады. 
Жұмыстың тағы да бір бағыты шығыс философиясымен танысу 
болып табылады. Өзін-өзі ретке келтіру мен өзін-өзі тану дағдыларын 
зерделей отырып, тәрбиеленушілер Ци Гуннің негізінде ушу практи-
касымен айналысады. Өзін-өзі ретке келтіру іс-тәжірибесіне арнайы 
сабақтарда және істермен айналысқан кезде уақыт бөлінеді – денелік 
жеңілдену минуттары, дем алумен жұмыс дағдылары, өзін-өзі тану, 
релаксация, санамен және пайымдауды дамытумен жұмыс.
Мамандандырылған «Жанұя» кешені Монтессори мен Вальдорф 
мектептері  педагогикалық  жүйелерінің  элементтерін  алған.  Педа-
гогтармен  эмоциялық  байланыстарды  ұстап  тұру  педагогтардың 
тәрбиеленушілерді  вальдорф  жүйесі  бойынша  бастауыш  буыннан 
бітіруші сыныптарға дейін жетекшілік етуі есебінен жүзеге асырыла-
ды. «Жанұядағы» әрбір топ отбасы деп аталады. Отбасы өзіне гүлдің 
атауын  таңдап  алады,  оның  нышандылығын,  тарихын  ұғынады, 
гүлдердің сондай түрін өсіреді. Сондай-ақ өзін-өзі басқару жүйесіне 
де көп көңіл бөлінеді.
атырау облыстық с. Қазыбаев атындағы №1 мектеп-интер-
нат 2004 жылдан бастап  «Өзін-өзі тану»  пәні  бойынша  экспери-
менттік  алаң,  ал  2009  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  «Өзін-өзі 
тану»  бойынша  тіректік  мектеп  болып  табылады.  Эксперименттің 
мақсаты тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы сапалық өзгерістерге 
ықпал ететін өнегелік, рухани құндылықтарды қайта жаңғырту бо-
лып табылады. Бүкіл оқу-тәрбие процесі өзін-өзі танытуы мен өзін-
өзі білдіруі үшін баланың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған. 
Мектеп-интернатта  балалар  абырой  мен  беделді  бағалауға, 
сүйіспеншілік  пен  төзгіштікке,  мейірімділікке,  қайырымдылыққа, 
жылы  ықыластылыққа  үйренетін:  тренингтер,  дөңгелек  үстелдер, 
шеберлік сыныптары өткізіледі. Отаншылдық, құқықтық тәрбиелеу, 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  эстетикалық,  экологиялық, 
еңбек тәрбиесі бойынша тәрбиелік шаралар өткізіледі.

15
атырау  қаласындағы  «ақбота»  облыстық  балалар  үйінің 
тәрбие  жұмысы  балалардың  әр  түрлі  шараларды  өткізуге  көбірек 
қатысуы  мүмкін  болатын  мазмұнды  бос  уақытын  ұйымдастыруға 
негізделеді.  Бұл  ұшін  балалар  үйінде  қызығушылықтар  бойынша 
үйірмелер,  бейнелеу  студиясы,  шахмат  мектебі,  ағылшын  тілінің 
үйірмесі,  домбыра,  баян,  қобыз  сыныптары  бойынша  облыстық 
музыкалық мектептің филиалы жұмыс істейді. Мұнымен қатар бала-
лар үйінде балаларды өздігінен өмір сүруге дайындайтын мақсатты 
жұмыс  жүргізіледі:  балаларға  ас  әзірлеудің  қарапайым  білімі,  үй 
шаруашылығын жүргізу, қоғамдық орындарда болған кездегі мінез-
құлық  мәдениеті  үйретілетін  «Қане,  құпиямызды  бөлісейік»,  «Жас 
аспаз» үйірмелері жұмыс істейді. 
тараз қаласындағы «ұлан» балалық шақ үйі республикалық 
маңызы  бар  бірден  бір  ұлттық  үй  болып  есептеледі.  Оқу-тәрбие 
процесі  «Жамбыл  облысы  білім  беру  мекемелері  үшін  2006-2011 
жылдарға  арналған  тәрбие  процесінің  кешенді  бағдарламасына» 
сүйене отырып, халықтық педагогиканың ең жаңа технологияларына 
негізделеді. Мекеменің мақсаты жаңа үлгідегі балалық шақ үлгісін 
құру болып табылады.
Балалар  үйінде  сегіз:  бейнелеу  өнері,  аспаздық,  қолданбалы 
өнер,  ағылшын  тілі,  ұлттық  аспаптар,  ән,  хореография,  сахналық 
өнер үйірмелері жұмыс істейді, бұл тәрбиеленушілердің жан-жақты 
дамуы мен жеке қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік береді.
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 
лекциялар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен 
кездесулер  жүйелі  өткізіледі.  Осындай  мақсатқа  лайықталып 
өткізілген жұмыстардың нәтижесінде тәрбиеленушілердің арасында 
қалалық ІІБ есебінде тұратындар жоқ. 
алматы қаласындағы №2 балалар үйі тәрбие процесінің негіз-
гі тақырыптары «Жетім балаларда өзіндік сананың қалыптасуы мен 
дамуы»,  «Дербес  өмірге  дайындау  мен  бейімделу,  әлеуметтендіру» 
болып табылады.
Тәрбие процесі мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
1.  Қазақстандық отаншылдық пен азаматтылық.
2.  Рухани-өнегелік тәрбие.
3.  Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
4.  Эстетикалық, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
5.  Экономикалық мәдениет пен кәсіптік бағдарды қалыптастыру.

16
6.  Саяси және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу.
7.  Қыздарды  «Қыз  –  елдің  көркі»  бағдарлама  бойынша 
өнегелілікке тәрбиелеу.
Балалар үйінде қыздарды өнегелілікке тәрбиелеу бойынша жұмыс 
«Қыз – елдің көркі» бағдарламасымен, құқық бұзушылықтардың ал-
дын алу бойынша «Девианттық мінез-құлық», «Норма және патоло-
гия», «Ықпалға қарсы тұруды үйренеміз»; кәсіптік бейімделу бойын-
ша «Ерте кәсіптік бағдар», «Кәсіпті таңдау жеке іс», «Қолданбалы эко-
номика», «Отбасылық тәрбие», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» 
бағдарламаларымен жүргізіледі.
Еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен қосымша білім 
алу бойынша – ағылшын тілінің курстары, би үйірмесі, имиджмек-
кинг, интерьер дизайны, оригами өнері, колледжге түскісі келетін бі-
тірушілерге математика мен басқа да пәндерден қосымша сабақтар 
өткізу жұмысы өткізіледі. 
Балалар үйінде: жеке ән салу, би, спорт (дзюдо, волейбол, баскет-
бол, акробатика), тігін, қол іскерлігі, қазақ халқының мұрасын (салт-
тарын,  дәстүрлерін,  халықтық  өнерін)  зерделеу  үйірмелері  жұмыс 
істейді.
Қостанай  облыстық  балалар  үйінде  құқықтық  тәрбие,  сала-
уатты өмір салтын қалыптастыру, эстетикалық, экологиялық, еңбек 
тәрбиесі  бойынша  тәрбиелік  шаралар  өткізіледі.  Азаматтылық  пен 
отаншылдық  және  өз  Отанына  деген  сүйіспеншілікке,  халықтық 
дәстүрлерді  құрметтеуге  тәрбиелеу,  дүниежүзілік  және  отандық 
мәдениет жетістіктеріне араластыру жұмысы жүргізіледі.
Балалар үйіндегі рухани-өнегелік мәдениетті дамытуға: домбыра, 
«Алтын Сабан», «Қыздарай» вокалды-аспаптық, фортепиано, флей-
та,  гитара,  жеке  ән  салу,  оркестр,  аккордеон,  баян,  хор  үйірмелері,  
«Жастар» жеке ән салу студиясы жағдай жасайды.
Тәрбиеленушілердің  құқықтық  білім  мен  мәдениетті  меңгеруі 
мақсатымен  учаскелік  инспектормен  жеке  әңгімелесулер, 
тәрбиеленушілер тобын Қостанай қаласындағы түзету мекемелеріне 
экскурсияларға апару жүргізіледі.
Тәрбиеленушілермен  түпнегіздік  кәсіптік  бағдарлау  жұ-
мысы  жүргізіледі:  оқу  орындарына  экскурсиялар  жасау  және 
мамандықтармен  танысу,  оқу  орындары  өкілдерімен  әңгімелесу, 
Қостанай  қаласы  кәсіпорындарына  экскурсиялар  жасау,  сондай-
ақ  жеке  тұлғаның  қызығушылықтарын  айқындау  мен  кәсіптік 
бағытталуын болжамдаудың әр түрлі әдістемелерін пайдалану.

17
семей қаласындағы №3 балалар үйінде тәрбиеленушілердің 
рухани-өнегелік дамуы үшін «Душой и сердцем край родной люб-
лю»,  «Салт-дәстүрлердің  тәрбиелік  мәні»,  «Балбөбек»,    «Дорогою 
добра», «Ребенок и компьютер» сияқты авторлық жұмыстар пайда-
ланылады.
семей  қаласындағы  «подросток»  балалар  баспанасы  ба-
лаларды  емдеу-сауықтыру,  тәрбиелеу  жұмысын  және  бос  уақытты 
«Тәрбиеленушіде  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру»  бағыты 
бойынша  ұйымдастырады,  ол:  «Гигиена  өмір  мен  денсаулықты 
сақтау шарты ретінде», «Өмірдің әдептік нормалары – адамдар мінез-
құлқының  реттеушілері»,  «Балалармен  және  ересектермен  қарым-
қатынас,  өмірдің  құқықтық  нормалары»,  «Еңбек  дағдылары  мен 
икемділіктерін қалыптастыру, өмір-тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» 
сияқты бағдарламалармен орындалады. Есірткілер, алкоголь, темекі 
тарту  мен  уытқұмарлық  проблемалары  жөніндегі  фильмдерді  көру 
және талқылау ұйымдастырылады.
Республикада сонымен бірге балалардың өмірі отбасылық үлгіде 
ұйымдастырылған  балалар  үйлерінің  тәжірибесі  де  жинақталды. 
Отбасылық үлгідегі балалар үйлері, балалар ауылдары бар, ол жерде 
құрылған әрбір отбасында өз үйі, өз аналары бар, өзіндік шаруашы-
лық жүргізіледі. Балалар патронаты жүйесі де дамып келеді. Балалар-
ды асырап алуды, қамқорлыққа алуды қолдау жөнінде байыпты шара-
лар қабылдануда. Балалар үйлерін бітірушілердің тұрғын үй пробле-
маларын шешу мен қолдау мақсатымен қалада әлеуметтік мекемелер-
ді бітірушілердің бейімделу орталығы, «Жастар үйі», Жасөспірімдер 
үйі (29 жасқа дейін), SOS жасөспірімдер үйі жұмыс істейді. Аналары 
нақ осы уақытта материалдық тұрғыда ерекше қиындықтарды басы-
нан өткізіп жатқан аналардың 7 жасқа дейінгі балалары үшін «Үміт» 
атты Үміт үйі жұмыс істейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 
әлеуметтік  рөлдердің  икемділігі  мен  саналуандылығын  дамытуға 
жағдай  жасайтын  жобалар  енгізілуде.  Кез  келген  бағдарлама  бұл 
жайтты тікелей немесе жанамалай қамтиды.
Жоғарыда  сипатталған  бағдарламалар  арқылы  өз  қабілеттілік-
терін дамыта отырып, тәрбиеленушілер ән айту мен билеу өнерінде 
табыстарға қол жеткізді, спорттың әр түрлерінен өткізілген қалалық, 

18
республикалық  жарыстардың  жүлдегерлері  атанды,  көркем 
шығармашылық  бойынша  Қазақстанда,  АҚШ-та,  Англияда,  Гол-
ландияда, Ирландияда, Францияда және де басқа елдерде өткізілген 
халықаралық және республикалық конкурстардың Гран-приін иеле-
нушілер болып табылады.
1.2.  отбасынан тыс тәрбиеленетін баланың жеке 
тұлғалық ерекшеліктері
Балалар  үйлерінде  тәрбиеленетін  балалардың  психикалық  да-
муын  көп  жылдар  бойы  зерттеген  психологтар  И.Лангмейер  мен 
З.Матейчик  [6]  «психикалық  депривация»  түсінігін  енгізді.  Олар 
мұны  ұзақ  уақыт  бойы  субъектіге  кейбір  негізгі  өмірлік  маңызды 
психикалық  қажеттіліктерін  жеткілікті  мөлшерде  қанағаттандыру 
үшін мүмкіндік берілмейтін өмірлік жағдаяттардың нәтижесінде ту-
ындайтын псхикалық жағдай ретінде түсіндіреді.
Баланың 
зияткерлік 
дамуының 
жеткіліксіздігі 
та-
нымдық  процестердің  дамымағандығынан,  әлсіреуі  немесе 
қалыптаспағандығынан,  ойлаудың  (көрнекілік-бейнелік,  абстракті-
лі-қисындық, ауызшалық және т.б.) нашар дамуынан, есте сақтаудың 
нашарлығынан, назар аударудың тұрақсыздығынан, білімдарлықтың 
төмендігінен,  пәндер  мен  оқиғаларға  ұзаққа  созылмайтын 
қызығушылықтың нәтижесінде басталған істі аяқтай алмаушылық-
тан, танымдық уәжделудің төмендеуінен және т.б. көрінуі мүмкін. 
Психологиялық  зерттеулер  тәрбиеленушілерде  көңіл  бөлу 
мен  есте  сақтау  даму  деңгейінің  орташа  статистикалық  норма-
дан  ауытқымайтынын  дәледейді.  Алайда  ішкі  күштерді,  тірек-
сіз  іс-тәжірибелік  әрекеттерді  талап  ететін  міндеттерді  шешудегі 
қабілетсіздіктен  көрінетін  жағдайда  аса  тәуелділік,  абстрактілік-
қисындық ойлау мен ауызша-қисындық ойлау дамуының төмендеуі 
айқындалды. Бұл мәліметтер балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді 
зияткерлік дамудағы төмендеудің негізгі себептері туа біткен тұқым 
қуалаушылық  факторлары,  орталық  жүйке  жүйесі  жұмысының 
анатомиялық-физиологиялық  бұзушылықтары  емес,  ортаның 
ықпалы,  педагогикалық,  жаңсақтықтар  болып  табылатынын 
дәлелдейді.  Себептердің  біреуі  ересектермен  сапалы,  мазмұнды 
қарым-қатынастың жоқтығы болып табылады [8].
Барлық зерттеушілер балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жеке 

19
тұлғасының  қалыптасуындағы  көп  қиындықтар  эмоциялық-ерік-
тік  салада:  әлеуметтік  өзара  әрекеттестіктің  бұзылуынан,  өзіне 
деген  сенімсіздіктен,  өзін-өзі  ұйымдаструшылық  пен  мақсатқа 
ұмтылушылықтың төмендеуінен, дербестіктің жеткіліксіз дамуынан, 
өзін өзі барабар емес бағалауынан, айналасындағылармен қалыпты 
өзара  қарым-қатынастар  жасауға  қабілетсіздіктен,  ынтымақтасу 
үрдісінің мүлдем жоқтығынан көрініс табатынын атап көрсетеді. Осы 
тектес бұзылушылықтар көбінде аса алаңдаушылықтан, эмоциялық 
ширығудан,  психикалық  қажудан,  эмоциялық  торығудан,  әр  тек-
ті  кедергілерге  аса  сезімталдықтан,  қиындықтарды  жеңуге  дайын 
еместіктен,  жетістіктер  мен  табысты  қажетсінудің  төмендеуінен, 
сенімсіздіктен,  қызбалықтан,  ұстамсыздықтан,  шамадан  тыс  им-
пульстік  белсенділіктен,  эмоциялық  салқындықтан,  өзін  өзі 
күштеуден, айналасындағылармен эмоциялық қарым-қатынастардың 
бұзылуынан, енжарлықтан, торығудан және т.б. байқалады [8]. 
Балалар  үйлерінің  жасөспірімдеріндегі  бірқатар  ерекшеліктер 
олардың  айналасындағы  адамдармен  өзара  қарым-қатынастары-
нан  көрініс  табады.  Он  жасқа  жеткенде  жасөспірімдерде  олардың 
ересектермен, құрдастарымен бала үшін іс жүзіндегі пайдалылығына 
негізделген  қатынастары  орнайды,  «жақындыққа  тереңдемеу» 
қабілеттілігі, сезімдердің үстірттігі, моральдық арамтамақтық (нұс-
қау бойынша өмір сүру әдеті), өзінің зияндылығын, қажет еместігін 
ойлап, күйзелу қалыптасады. 
Араласа  білмеу  мінез-құлықтың  барабар  емес  ниеті  түзулік 
немесе  озбырлық  (мысалы,  барлығы  үшін  айналасындағыларды 
кінәлау, өз кінәсін мойындай алмауы мен оған ниет білдірмеуі және 
басқалары) сияқты қорғаныстық формаларының басымдыққа ие бо-
луына себеп болады. Бір жағынан, балаларда ересек адамның назар 
аударуы  мен  достық  пейілін,  адамдық  жылуды,  мейірім  мен  оңды 
эмоциялық қарым-қатынастарды қажетсінуі артады, екінші жағынан 
бұл қажетсінуге толықтай қанағанттанбау байқалады: ересектер та-
рапынан балаларға аз көңіл бөлінуі, бұл қатынастарда жеке тұлғалық 
мәселелер  сөз  болуының  аздығы,  олардың  эмоциялық  жұтаңдығы 
мен  негізінен  мінез-құлықты  тәртіптеуге  бағытталған  мазмұнды 
бір  сарындылық,  ересектердің  жиі  алмасуы.  Ересектермен  қарым-
қатынастағы  санамаланған  ерекшеліктер  балаларды  біріншіден, 
толыққанды  жеке  тұлға  қалыптасуының  негізінде  жатқан  өзінің 

20
керектігін  сезінудің  маңыздылығынан,  екіншіден,  басқа  адамның 
құндылығына тілектес болудан, адамдарға терең байланып-маталу-
дан айырады.
Мектеп оқушылары мен балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің 
арасындағы  айырмашылықтар  басқа  балалармен  араласуда  да 
байқалады.  Балалар  үйлерінде  тұратын  балалардың  бәрі  толып 
жатқан құрдастарына бейімделуге мәжбүр болады. Балалар санының 
көптігінде  эмоциялық  ширығуды,  алаңдаушылықты,  күшейіп  келе 
жатқан  озбырлықты  жасайтын  ерекше  әлеуметтік-психологиялық 
жағдайлар жасырулы болады. Балалар үйіндегі өмір жағдайлары: ба-
лалар мен ересектердің арасында тәулік бойы болу, көңілсіздік, үй-
жайларда оңаша болуға жеткілікті кеңістіктің жоқтығы; жеке заттары 
мен өз орнының жоқтығы оның жеке тұлғалық дамуына ықпал етеді, 
өзін жеке тұлға ретінде сезінуін қиындатады.
Балалар  үйіндегі  балалар  еріксізден  ересектермен  және 
құрдастарымен тұрақты қарым-қатынаста болатын жағдаят ерекше-
лігін есепке алатын болсақ, балалардан қарым-қатынас дағдыларын 
тиімді  қалыптастыруды,  ұжымдық  міндеттерді  шеше  білуді, 
қақтығыстардан шығар жолдарды табуды күткендей боламыз. Алай-
да,  балалар  үйлері  тәрбиеленушілерінің  мектеп  оқушыларымен 
салыстырғанда  ересектермен,  құрдастарымен  қарым-қатынастағы 
жанжалдарды шешуде көбінде жолы бола бермейді. 
Балалар 
үйінің 
жасөспірімдерінде 
өзіндік 
сананың 
қалыптасуында  да  өз  ерекшеліктері  бар.  А.М.  Прихожан  мен 
Н.Н. Толстых [11] отбасында және отбасынан тыс өсіп келе жатқан 
жасөспірімдердегі  «Мен»  бейнесінің  сипаттамасы  бірқатар  мәнді 
параметрлер  бойынша  ерекшеленеді  деп  есептейді:  1)  өзінің  жеке 
тұлғалық  ерекшеліктеріне,  мүмкіндіктеріне  бейімделу  (бұқаралық 
мектеп)  –  сыртқы  ортаға  бейімделу  (мектеп-интернат);  2)  «Мен» 
бейнесінің  есейгендік,  онымен  байланысты  өзіндік  құндылықтар 
жүйесі  бағытында  қарқынды  қалыптасуы  (бұқаралық  мектеп)  – 
«Мен»  бейнесінің  бұл  жақтарының  көрсетілген  кезеңдерінің 
тұрақтылығы (мектеп-интернат); 3) жасөспірімдік сипаттамалардың 
айқын  көрінуі  (бұқаралық  мектеп)  –  «Мен»  бейнесінің  кейбір 
жақтары дамуының жас сипаттамаларымен сәйкес келмеуі (мектеп-
интернат). 
Жасөспірімдік  кезең  оңашалану,  дербестік  үшін  күреспен, 
бақылауды  қабыл  алмаумен  және  т.б.  сипатталады.  Алайда  егер  де 


мектеп оқушылары өздерінің дербестікке ұмтылуын, қамқорлық пен 
бақылау жасауға қарсы наразылығын ашық білдірсе, онда интернатта 
құндылықтар ретінде оған тура қарама-қарсы нәрсе бөлініп көрсеті-
леді  –  өзіне  бақылау  жасау  қажеттігін  мойындау  «...интернаттағы 
мінез-құлқы  ойдағыдан  анағұрлым  төмен  жасөспірімдер  өздеріне 
қамқорлық,  бақылау  қажет  деп  есептейді:  бұқаралық  мектептегі 
10%-ға қарсы 70 %». Өмірді үнемі регламенттеу, дербес таңдауға неме-
се маңызды шешімдер қабылдауға қабілетсіздік тәрбиеленушілердің 
өз  өмірлерін  өздігінен  ұйымдастыру  қажеттігін  елеулі  әлсіретеді, 
жұмыстар,  уақытты  бөлу  аталған  дағдыларды  дамытпайды,  бұл 
олардың балалар үйінен шыққаннан кейінгі әлеуметтік бейімделуін 
қиындатады [8]. 
Балалардың  дербестігі  дамуындағы  кемшіліктерге  олардың 
айналасындағы 
ересектердің 
тарапынан 
жасалатын 
аса 
қорғаншылық,  шамадан  тыс  қамқорлық  себеп  болады  деп  есептеу 
қабылданған.  Жас  кезінен  балалар  үйінде  тұрып  келе  жатқан  ба-
лалар  көбінде  қорғаншылықтың  жоқтығы,  ересектермен  қарым-
қатынастардың  тапшылығы  жағдайдарында  өседі.  Оларды  дербес 
болуға мәжбүрлейтін жағдайларда балалардан өзін-өзі ұйымдастыру, 
өз  мінез-құлқын  жоспарлау  икемділіктері  дамуының  салыстырма-
лы түрдегі жоғары деңгейін күтуіміз керек еді. Алайда мінез-құлық 
еркіндігі  дамуының  бұл  элементтері  тәрбиеленушілерде  олардың 
отбасындағы  құрдастарымен  салыстырғанда  анағұрлым  төменгі 
дәрежеде  қалыптасқан.  Балалар  үйіндегі  балалардың  ересектермен 
шектеулі, көпшілік жағдайларда топтық қарым-қатынасы іс-жүзінде 
балаға  дербестік  бермейді,  керісінше,  оны  қатаң  күн  режимімен, 
«қандай» да бір сәттерде ересектер үнемі жасайтын нұсқаулар, ересек-
тер тарапынан жасалатын бақылаумен қатты шектеледі, сөйтіп қадам 
басқан сайын бөтендердің нұсқауларын орындау әдеті қалыптасады. 
Отбасында тәрбиеленетін бала талап етулер мен бақылау жасау-
дың неғұрлым жұмсақтау жағдаятына тап болады, ересектермен бірге 
күрделі қызметке қатысады, жекелеген жұмыстарды орындауды ғана 
емес, жоспарлаудың, қызметті ұйымдастырудың, бақылаудың жеткі-
лікті дәрежедегі күрделі бағдарламаларын меңгеруге де үйренеді. 
Отбасында бұл күрделі қызметтік элементтердің бәрін меңгеру 
арнайы оқыту жағдаятында өтпейді, қызметтің алуан түрлерінің ая-
сына табиғи түрде еніп кетеді. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері 
қызметтің  алуан  түрлерінде  ересектермен  өзара  әрекеттестіктің 


мұндай саналуандылығынан айырылған, осының нәтижесінде олар-
да мінез-құлықты ерікті түрде реттеудің, жоспарлау, өзіне өзі бақылау 
жасау, және т.б. сияқты басты элементтері жеткіліксіз қалыптасқан 
болып шығады [12]. 
Өзінің қазіргі жағдайын өткенмен және болашақпен салысты-
ра білу қабілеті – дамушы жеке тұлғаның өзіндік санасындағы аса 
маңызды оңды білім. Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің эмоциялық 
қолайсыздықтары,  өткені,  бүгінгі  күні  мен  болашағына  қатысты 
алаңдаушылық олардың санасына өзіндік із қалдырады. 
Отбасы мен балалар үйлерінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің 
уақытша перспективасын кезінде А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстых 
[11] егер мектеп оқушылары үшін іске асуы жеткілікті дәрежеде алыс 
болашақпен  (институтқа  түсуге,  отбасын  құруға  ұмтылу,  кәсіптік 
қызметте  табыстарға  жетуге  және  т.б.)  байланысты  сарындардың 
көптігі сипатты нәрсе болса, онда тәрбиеленушілерде бүгінгі күннің 
немесе жуырдағы болашақтың сарындары (футбол ойнау, ертеңгі бо-
латын бақылауды «4»-ке жазу және т.б.) басым болатынын, алыстағы 
перспектива сарындарының іс-жүзінде білдірілмегенін анықтайды. 
Уақытша перспективаның маңызды жағы – болашақ кәсіп  ту-
ралы  түсінік.  Мектепте  ерте  жасөспірімдік  кезең  бойында  балалар 
таңдаған кәсіптер саны арта түседі: егер көптеген балалар дәстүрлі 
немесе  беделді  кәсіптерді  көрсететін  болса,  онда  бұдан  кейін-
гі  кезеңде  әркім  өз  кәсібін  таңдап  алады  және  де  олар  сыныптағы 
жекелеген  оқушыларда  іс-жүзінде  қайталанбайды.  Балалар  үйінде 
керісінше  көрініс  байқалады:  жас  өскен  сайын  аталған  кәсіптердің 
мазмұны  тәрбиеленушілер  жіберілетін  техникумдар  мен  училище-
лерде  оқытылатын  мамандықтар  төңірегіне  шоғырлана  бастайды. 
О.Н. Пуртованың [23] мәліметтері бойынша мектептегі жасөспірім 
өзінің  армандауларынан  бас  тарта  отырып,  өмірдің  объективтік 
жағдайлары  мен  өзінің  қабілеттіліктеріне  неғұрлым  сәйкес  келетін 
кәсіпті таңдайды, кәсіптік өзін өзі анықтауға қажетті өзін өзі шектеуді 
саналы түрде жүзеге асырады. Мұны балалар үйінің тәрбиеленушілері 
үшін басқалар орындайды. Кәсіптік өзін өзі анықтау жеке тұлғалық 
өзін  өзі  анықтаудың  құрамдас  бөлігі  болып  табылатындықтан  бұл 
жеке тұлға қалыптасуының бүкіл барысының қаншалықты қолайсыз 
ықпал ететіні түсінікті болады. 
Жеке  тұлғалық  өзін  өзі  анықтауда  жеңсіктік  сәйкестіктің 
қалыптасуы елеулі орын алады. Рөлдер жөніндегі қате қалыптасқан 

23
түсініктер тәрбиеленушілердің өз отбасын құру мен оны сақтауда елеу-
лі қиындықтарды бастарынан өткізуге әкеп соғады. Олар отбасылық 
өмірде  көбінесе  бақытсыз  болады,  күйеуінің  немесе  әйелінің  ата-
аналық отбасына үлкен қиындықпен кіреді, жұбайымен толыққанды 
қатынастар орнатуға қабілетсіз болады. Оларда бастапқыда жақындық 
жылдам дамымай, олардың некелері берік болмай шығады [2]. 
Т.И. Юферева  [24]  психологиялық  жыныстың  қалыптасуын 
зерделеуге  арналған  зерттеу  жүргізді.  Нәтижелер  кәдімгі 
жасөспірімдерде еркек пен әйелдердің бейнелерінде отбасы туралы 
түсініктер көп орын алатынын көрсетті, оның үстіне бұл түсініктер 
толып  жатқан  оңды  сипаттамалармен  толықтырылған.  Отбасында 
мектеп  оқушылары  еркектер  мен  әйелдерді  неғұрлым  жан-жақты 
бағалайды,  олардың  отбасы,  ондағы  өзара  қатынастар  туралы 
түсініктері толықтай өміршең және нақты мазмұнмен толықтырылған. 
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің отбасы туралы түсініктерінде еркек 
пен әйел бейнелері неғұрлым ұстамды орын алады, жұтаңдығымен, 
абстрактілігімен  және  жағымды  сипаттамалардың  сұлбалығымен  
және  жағымсыз  сипаттамалардың  егжей-тегжейлілігімен,  эмоцияға 
толы екендігімен ерекшеленеді. 
Отбасындағы жасөспірімдерде әйел мен еркек бейнелерінде көп 
орынды отбасы туралы түсініктер алады, оның үстіне бұл түсініктер 
толып жатқан нақты сипаттамалармен толықтырылған. 
Адамдар  өз  отбасында  әдете  ата-аналық  отбасының  үлгісін 
қалпына келтіріп, мінез-құлықтарында тікелей немесе «керісіншіге 
дейінгі  дәлдікпен»  әке  немесе  ана  ролін  қайталайды.  Психологтар 
ешқандай тәжірибе жоқтан гөрі, тіпті өте нашар болса да ертеректе-
гі отбасылық тәжірибенің болғаны жақсы деп есептейді. Отбасылық 
жағымсыз тәжірибе балаға сәйкестіктің даму процесінде одан бой-
ын аулақ салуға және өзі жөнінде еркек ретінде немесе әйел ретін-
де «қарама-қайшылық» үлгісінің қағидаты бойынша өзіндік түсінік 
құруға мүмкіндік береді.
Балалар үйіндегі өмір мұндай тәжірибені де бермейді, осының 
салдарынан шатастырылған, анықталмаған жеңсітік сәйкестілік ту-
ындайды.  
Отбасы  бағасының  жоғарылығы  тәрбиеленушілер  үшін 
отбасындағы өзара қатынастарды, үй иесі бейнесін дәріптеушілікке 
жағдай жасайды. Олардың оңды үлгісі көмескі, нақты бөлшектермен 
толықтырылмаған.  Мұнымен  бір  мезгілде  күйеу,  әйелі  қандай 

24
қасиеттерге ие болмауы тиістігі туралы басқа – жағымсыз үлгі, нақты 
бейне  де  бар.  Екі  бейненің  қақтығысы  талаптардың  қақтығыстық 
жүйесін туындатады, ол еркек немесе әйел ретінде өзі туралы барабар 
түсініктердің қалыптасуына жағымсыз әсер етеді және соңғы есеп-
те  психологиялық  –  жеңсіктік  сәйкестік  қалыптасуының  қалыпты 
процесін  бұрмалайды.  А.М.  Прихожан  [10]  былай  деп  жазады: 
«жетім  балалардың  озбырлығы,  айналасындағыларды  айыптауға 
ұмтылысы,  өз  кінәсін  мойындағысы  келмеу  және  қолынан  келме-
уі,  яғни  қақтығыстық  жағдаяттарда  мінез-құлықтың  қорғаныстық 
формаларының  басым  болуы  мен  осыған  сәйкес  қақтығысты  сын-
дарлы  шешуге  қабілетсіздігі  бірден  көзге  түседі».  Мойындаудағы 
қажетсінулерді  іске  асырудың  мүмкін  еместігі  қызба  әрекеттерге,  
жегідей  жеген  ширығу  сезіміне,  мазасыздануға,  жанкештілік-
ке  әкеледі.  Бұл  балалардың  мінез-құлқы  ашуланшақтықпен  ашу-
ыза  көріністерімен,  агрессиямен,  оқиғалармен  өзара  қатынастарға 
шамадан  тыс  жауап  берумен,  ренжігіштікпен,  құрдастарымен 
қақтығыстарда ұрынумен, олармен қарым-қатынас жасай білмеуімен 
сипатталады. 
Отбасынан тыс өсетін балаларды көбінде жеке тұлғаның қалып-
ты дамуы үшін соншалықты маңызды өз құныдылығы туралы түсі-
нікті әлеуметтік бекіту тәсілдері жоқ болады. Аналық депривацияның 
салдарынан қалыптасатын Мен – тұжырымдамасы көп жағдайда оңды 
мазмұннан толықтай ажыраған болып шығады және ол сондықтан да 
өте  әлсіз,  өзін  озбырлықтан  басқа  адамдарға  деген  дұшпандықтың 
көмегімен қорғайды.
Ағылшын психологы Р.Бернс [25] былай деп жазады: «Жағымсыз 
Мен  тұжырымдамасы  мен  тұйық,  сезімсіз,  озбыр  жеке  тұлғаның 
дамуы  балада  ата-аналарға  ынтықтықты  қалыптастырудағы 
сәтсіздіктердің  салдары  болып  табылады  деп  ұйғаруға  болады». 
Балада  бәрінен  бұрын  сырттатылғандық,  қараусыз  қалғандық  сезі-
мі (бұл өмір шындығына сәйкес келмеуі де мүмкін) пайда болады, 
ол  одан  кейін  жағымсыз  Мен  –  тұжырымдаманың  негізін  құрады. 
Бұл  өз  кезегінде  адамдарға  қатысты  шиеленістің  пайда  болуымен 
нақты индивидті қабылдамауға әкеледі. Мұндай өзара әрекеттестік 
барысында  өзіне  өзінің,  сондай-ақ  басқа  адамдармен  жағымсыз 
қатынас күшейеді. Баладағы ересек  адамның бейнесі жылулықпен 
де, сүйсіпеншілікпен де қауымдаспайды және де ол олардан осыған 
ұқсас әрекеттерді күтпейді де». 

25
Әлеуметтік  мойындауды  қажетсіну  жетекші  қажеттіліктердің 
біріне  айналады,  ал  оның  жүйелі  түрде  қанағаттандырылмауы 
толыққанды еместіктің тұрақты кешені қалыптасуының көзіне және 
көптеген  жеке  тұлғалық  жағымсыз  құрылымдар  пайда  болуынынң 
себебіне  айналады.  Баланың  әлеуметтік  дамуындағы  қиындықтар 
заңды түрде өз соңына жеке тұлғалық өзіндік сананың дамуындағы 
ауытқушылықтарды ертеді, баланың өзін өзі бағалауына, әлеуметтік 
ортамен қатынастарына ықпалын тигізеді. 
А.М.  Прихожан  [10]  былай  деп  жазады:  «Мекемелерде  өсіп 
жатқан балалардан біз жеке тұлғалық құрылымдардың артта қалуын 
немесе  дамымай  қалғандығын  ғана  емес,  балаға  балалар  үйіндегі 
өмірге  бейімделуге  мүмкіндік  беретін  қағидаттық  жағынан  кейбір 
басқа тетіктердің қарқынды қалыптасуын да бақылаймыз». Осылай-
ша, отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың психикалық даму ерек-
шеліктерін зерделеу кезінде белгілі бір ерекшелік айқындалады. Оны 
А.М. Прихожан психикалық дамудағы артта қалу ретінде емес, «за-
манауи норма емес, ақыл-ой жағынан артта қалушылық емес, қандай 
да бір психикалық паталогияның формасы емес», баланың отбасынан 
тыс дамуының ерекшелігімен байланысты жетімдер мекемелерінде-
гі депривациялық жағдайларға байланысты, психикалық дамуының 
мүлдем ерекше үлгісі ретінде түсіндіреді. Ол отбасындағы балалар-
дан гөрі нашарлау немесе баяулау дегенді айтуға болмайды, ол бар 
болғаны басқаша ғана. 
Соңғы  жиырма  жылдың  ішінде  Нидерландыда  құзыреттілік 
моделі  әзірленіп,  сынақтан  өткізілді.  Әлеуметтік  құзыреттілік  мо-
делі  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  оңалтумен  диагностика  бойынша  жұмыс  тәжірибесінде 
қолданылады. 
Құзыреттілік  туралы  адам  көмегімен  күнделікті  өмірде  оның 
алдында  тұрған  міндеттерді  барабар  сипатта  орындай  алатын 
дағдылардың жеткілікті көлемін игерген кезін айтуға болады. Жасқа 
байланысты  міндеттер  –  дамудың  әрбір  кезеңінде  балалардың  ал-
дында жас ерекшеліктеріне байланысты тұратын міндеттер. Баланың 
алдында  тұрған  міндеттер  нақтырақ  аталған  сайын  әлеуметтік 
қызметкерге, психологқа, тәрбиешіге балалар ие болған, оларда әлі 
де жоқ және оларды қалыптастыруға тиісті дағдылар мен икемділік-
терді бөліп алу соншалық оңайырақ болады. 

26
Төменде  келтірілген  жасқа  байланысты  міндеттер  мына 
авторлардың: Achenfach (1990), Wafaps, Sroufe (1983), Masfen, Bras-
well (1991), Selman (1980) және De Geks (1995) жарияланымдары не-
гізінде тұжырымдалған [22]. 
4–12 жасар балаларға арналған жасқа байланысты міндет-
тер:
1.  Басқалармен  санаса  білу  –  басқалардың  мүдделерін  есеп-
ке  ала  отырып  іс-әрекеттерді  жоспарлау  және  пайымдаулардың 
қалыптасуы:
1)  сұрақ беру, құрдасымен кездесу туралы келісу, көмек өтіну, 
басқаға бөгет жасамау (4-6 жас);
2)  өз іс-әрекеттерін басқалардың мүдделерін есепке ала отырып 
жоспарлау, кеңесе білу (6–8 жас);
3)  өз пікірінің болуы, басқалардың пікірлерін есепке ала отырып 
пайымдаулар қалыптастыру, қарым-қатынастар жасау (8–10 жас);
4)  басқалармен есептесу, басқаларға барабар жауап беру (10–12 
жас).
2. Тәуелсіздік — тәрбиешілерге қатысты тәуелсіздіктің өсуі:
1)  өзіне қызықты іс табу, дербестіліктің дамуы (4–6 жас);
2)  өзіндік пікірінің болуы, басқалардың мүдделерін есепке алу, 
басқалармен есептесу (6–8 жас);
3)  өз істерін өздігінше атқара алу, қиындықтар туған жағдайда 
ересектерден көмек беруді өтіну (8–10 жас);
4)  өзінің  бос  уақытын  қалауынша  өткізу,  өзінің  бос  уақытын  
жоспарлау (10–12);
3. Оқу — бастауыш мектепте қоғамда қызмет етуге қажетті икем-
діліктер мен бейімдер үшін:
1)  сабақта басқа балалармен бірігіп жұмыс істеу және белсенді-
лік таныту (4–6 жас);
2)  бастауыш мектепте оқудың икемділіктері мен дағдыларына 
ие болу, білім алу (6–8 жас);
3)  ынтамен  оқу,  білімді  меңгеруге  күшін,  төзімін  жұмсау, 
өздігінен оқи білу (10–12 жас).
4. Достық — құрдастарымен достық қарым-қатынастар орнату 
мен оны дамыту:
1)  өзіне қарсы жыныс пен өз жынысы балаларының арасынан 
достар табу (4–6 жас);

27
2)  достық  қарым-қатынастар  жасау,  достаса,  басқаның  пікірі-
мен  есептесе,  басқамен  бөлісе,  басқаға  жаңашырлық  көрсете  білу 
(6–8 жас);
3)  қақтығыстарды  өздігінен  шешу,  тұрақты  «үздік»  досының 
болуы (8–10 жас);
4)  достықты  сақтау,  балалармен  және  қыздармен  достаса  білу 
(10–12 жас).
5. Үйдегі міндеттер — үй шаруашылығын жүргізу үшін өзіне 
жауапкершіліктің бір бөлігін алу:
1)  өз заттары мен ойыншықтарын жинастыру (4–6 жас);
2)  үй шаруашылығына көмектесу, басқаларға қамқорлық жасау 
(6–8 жас);
3)  үйдегі тұрақты міндеттерді, еңбек тапсырмаларын бөлу (8–12 
жас).
6.  Қарапайым  инфрақұрылымдарды  пайдалану  —  қоғамдық  
көлік,  ақша  жүйесі,  қатынас-байланыс  құралдары,  бос  уақытты 
өткізуге  арналған  құрал  сияқты  инфрақұрылымның  негізгі 
құралдарын өздігінен пайдалана білу:
1)  телевизорды, магнитофонды, ойнатқышты қосу мен ажырату 
(4–6 жас);
2)  ақшаны,  қоғамдық  көлікті,  телефонды  пайдалану,  ақшаның 
құнын білу (6–8 жас);
3)  инфрақұрылымды пайдалануға қажетті дағдыларды меңгеру 
(10–12 жас).
7. Қауіпсіздік және денсаулық — өз қауіпсіздігі мен денсаулығы 
үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін таңдау жасай білу:
1)  көшеде абай болу, өзін қауіптілікке ұшыратпау, ересектермен 
қарым-қатынастарда абай болу (4–8 жас);
2)  таңдау жасай білу (8–10 жас);
3)  қауіптілік тұрғысынан алып қарағанда өз іс-әрекеттері мен өз 
мінез-құлқының мүмкін болатын салдарын көре білу (10–12 жас).
Жасөспірімдерге арналған жасқа байланысты міндеттер (13–
21 жас):
1.  Тәуелділіктен азат болу, өз еркіндігіне ие болу — ата-аналары-
на аз тәуелді болып және өзгеріп отыратын өзара қарым-қатынастар 
кезінде  отбасындағы  және  құрдастарының  арасындағы  өз  орнын 
анықтай білу:

28
1)  жанжалсыз қарым-қатынастар құру, ата-аналарымен келісім-
ге келу икемділігі (13–15 жас);
2)  құрдастарымен және ата-аналарымен өз қарым-қатынастарын 
анықтау, проблемаларды жанжалдарсыз шеше білу (16–18 жас).
2.  Денсаулық  және  сыртқы  бейне  —  жасөспірім  өзіне  жақсы 
денсаулық  жағдайы,  сыртқы  түр,  жақсы  тамақтану  мен  шамадан 
артық тәуекелге кез болмау жөнінде қамқорлық жасауы тиіс:
1)  өз салмағын, дене жағдайы мен дамуын өздігінен қадағалау 
(13–15 жас);
2)  салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден дер кезінде 
тыйылу (16–18 жас).
3. Бос уақыт — міндеттерден азат кездегі уақытты толыққанды 
өткізу, қызықты іс-шаралар ұйымдастыру:
1)  бос уақыт үшін рақаттану әкелетін қажетті, пайдалы істерді 
таңдай білу (13–15 жас);
2)  бос уақытты толыққанды өткізу (16–18 жас).
Әлеуметтік  құзіреттілік  жасқа  байланысты  міндеттер  мен 
қажетті  дағдылардың  арасындағы  тепе-теңдік  жағдайы  ретінде 
қарастырылады. Біз егер жеке адам күнделікті өмірде өзінің алдында 
тұрған міндеттерді іске асыру үшін жеткілікті дағдыларға ие болған 
кезде құзіреттіліктің бар екендігі туралы айтамыз. Егер жасқа бай-
ланысты міндеттер өте күрделі немесе өте көп болып кетсе немесе 
адам дағдылар мен икемділіктердің жеткіліксіз санын меңгерсе тепе-
теңдіктің  бұзылуы  мүмкін  —  ол  кезде  адамның  қызметі  құзіретті 
болмайды.
Міндеттер  —  бұл  адам  қоғаммен  күнделікті  қатынасында 
соқтығысатын нәрселер. 
Дағдылар — бұл нақты міндеттерді орындау үшін қажетті мінез-
құлық формалары. Дағдылар адамға белгілі бір міндеттерді орындауға 
мүмкіндік береді. Адам когнитивтік, әлеуметтік және іс-тәжірибелік 
дағдыларды меңгереді. 
Жасқа  байланысты  міндеттер  мен  қажетті  дағдылардың 
арасындағы  тепе-теңдікке  оңды  әсер  етететін  факторлар:  икемділік 
және қорғаныстық қасиеттер.
Икемділік  —  бұл  адамның  оған  тәуекел  мен  сәтсіздіктерге 
қарамастан  ойдағыдай  бейімделе  білуге  көмектесетін  жеке 
қасиеттері.

29
Қорғаныстық қасиеттер — бұл жеке адамның айналасындағы 
оны  тәуекелдер  мен  сәтсіздіктерден  қорғайтын  жайттар:  жақын 
туыстарының қолдауы, жақсы қарым-қатынастар.
 Тепе-теңдікке жағымсыз  ықпал ете және бұза алатын фактор-
лар: патология мен титықтау жағдаяттары.
Патология — аталған мәдениетте қабылданбаған, қорқынышпен, 
қайғы-қасіретпен,  мұңмен  немесе  қиналумен  қатар  жүретін  мінез-
құлық үлгісі.
Титықтау жағдаяттары — адамның жол тауып шығуы қиын 
және оның қызметіне жағымсыз әсер ететін: сүйікті адамынан айы-
рылу, ата-аналарының ажырасуы мен қайта некелесуі, созылмалы ау-
рулар, табиғи зілзалалар мен апаттар жағдаяттары.

30

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет