Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Президентінің Әкімшілігі берген жетім балалар мен ата-анасының



Pdf көрінісі
бет35/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Президентінің Әкімшілігі берген жетім балалар мен ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің және 
оларды жұмысқа орналастырудың кешенді жоспарларын әзірлеу туралы 
тапсырманы орындау үшін Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының 
әкімдіктері Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді 
жоспарларды әзірлеп, бекітті.
Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында 
білім, балалардың құқықтарын қорғау басқармалары тұрғын үй басқармасымен 
бірге 
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
тұрғын 
үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру жөніндегі кешенді жоспарлар 
әзірледі. 
Жергілікті атқарушы органдар 
жетім балалар мен ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың түлектерін жұмысқа 
орналастыру жөнінде шара қабылдауда
.
Айталық, Астана қаласында құрамында бірқатар мемлекеттік органдардың 
өкілдері кіретін штаб жұмыс істейді, ол балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік 
қолдауға, жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталған. 
Жыл сайын 
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балалардың
қатарындағы түлектер колледждер мен ЖОО-ларға түсіп, білім беру
гранттарының иегерлеріне айналады (мемлекеттік білім беру гранттарының, 
облыс әкімі, кәсіпорын гранттарының және т.б.)
Айталық, мысалы, Ақтөбе облысында «Қазхром» ТҰҚ» АҚ Алға балалар 
үйінің 15 түлегінің оқуын қаржыландырады. 


56 
Колледждер мен жоғары оқу орындарына түскен кезде жетім балалар 
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 
үшін бекітілген мемлекеттік 
білім беру тапсырысының 1%-ы мөлшеріндегі қабылдау квотасы белгіленген. 
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
қатарындағы студенттер оқу кезеңінде стипендия алады, бұдан басқа, 
колледждерде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі және 4 АЕК мөлшерінде (6 924 
теңге) жол жүру өтемақысын алады. 
ЖОО мен кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген жетім балалар 
жұмысқа бірінші кезекте орналастырылады. 
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін дербес өмір сүруге, бастамашыл 
еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құру мақсатында республика өңірлерінде 
тәрбиеленушілердің өмірде өзін-өзі табуын қолдау жұмысы жүргізіледі («Өмірді 
және мансапты жоспарлау» жобасы). 
Жобаның негізгі идеясы: мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде қоғам 
өміріне толыққанды интеграциялау жолымен сәтті әлеуметтік бейімдеуге 
бағытталған жүйелі қызмет арқылы тәрбиеленушілерге қолдау көрсету. 
Қазіргі уақытта жоба республиканың 8 өңірінде іске асырылуда. Оны іске 
асыруға «Қазмырыш» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), «Қазхром» ТҰҚ» АҚ 
(Ақтөбе, Павлодар облыстары) сияқты қала түзуші кәсіпорындар, сондай-ақ 
«Өнерпаз» ЖШС, «Батыс Альянс Строй» ЖШС (Атырау облысы) кәсіпорындары, 
«Nurikon» компаниясы мен «Строймаш-Алматы» ЖШС (Алматы қ.) белсенді 
түрде кірісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет