Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


«Сынау», «Тұрмыс» және «Альтернативник



Pdf көрінісі
бет43/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
Байланысты:
4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

«Сынау», «Тұрмыс» және «Альтернативник» республикалық профилактикалық 
іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, аумақтық ҚАИ облыстардың және Астана, Алматы 
қалаларының ІІД-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелерімен 
бірігіп орындарда профилактикалық іс-шаралар өткізілді. 
Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды оңалту үшін әлеуметтік-құқықтық 
қызмет көрсету мақсатында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті «Құқық» 
қоғамдық қорымен меморандум жасасты. 
«Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығында күндіз болатын 
ерікті негізде ҚАИ есебінде тұратын қоғамнан оқшаулаусыз кәмелетке толмаған 
сотталғандар психологиялық-әлеуметтік оңалту курсын өтуде.
2012 жылғы 4 ақпандағы ҚР Президентінің Жарлығымен барлық облыстық 
орталықтарда және кейбір ірі қалаларда кәмелетке толмағандардың істері 
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. 
Кешенді юрисдикцияның соттары болып табылатын ювеналдық соттардың 
соттылығына кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық 
істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын тікелей бұзатын қылмыстар 
туралы қылмыстық істер ғана емес, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, 
ата-аналық құқығынан айыру (шектеу) және қайтару туралы, баланы асырап алу 
туралы, 
кәмелетке 
толмаған 
балалардың 
қорғаншылығынан 
және 
қамқоршылығынан (қамқорлыққа алу) туындайтын даулар бойынша азаматтық 
істер; әкімшілік құқық бұзушылықтар (кәмелетке толмағандардың құқықтарына 
қол сұғу, ата-аналарының және оларды алмастыратын тұлғалардың балаларды 
тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы, кәмелетке толмағанды әкімшілік 
құқық бұзушылыққа тарту) туралы істер және басқалар да жатады. 
Сонымен қатар, республикада арнайы конкурстан өткен адвокаттардан және 
әлеуметтік жұмыскерлерден тұратын мамандандырылған ювеналдық заңдық 
консультациялар жұмыс істейді. 
2013 жылғы 24 маусымда Еуропалық кеңес пен Қазақстан Республикасы 
Пралмаенті Мәжілісінің Заңнамалық және сот-құқықтық реформа жөніндегі 
комитет бірігіп ұйымдастырған «ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің жаңа 
жобасының шеңберінде ювеналдық әділет жүйесін дамыту проблемалары» 
тақырыбына семинар өткізілді. 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет