Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Дене шынықтыру мен спортты дамыту



Pdf көрінісі
бет18/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Дене шынықтыру мен спортты дамыту
 
Республикада бұқаралық спортты, оның ішінде мектепке дейінгі және 
мектеп жасындағы балалар арасында дамыту жөнінде мақсатты жұмыс 
жүргізілуде.
Орта білім беру ұйымдарындағы спорт секцияларымен қамтылған 
оқушылардың үлесі білім алушылардың жалпы санының 27,7% немесе 687,4 
адамды құрады. 


26 
Әлемдік 
тәжірибеде 
спорт секцияларымен оқушылардың 80%-дан 
астамы қамтылған. Қазақстан Республикасында бұл көрсеткіш ұдайы 1-2%-ға 
өсіп тұрады.
Мектептерде дене шынықтыру сабақтарын 25622 педагог жүргізеді (2012 
жылы - 20 961), оның ішінде олардың 24074-нде арнайы білім бар, яғни, 94% 
педагогтар (2012 жылы - 20 203, яғни 97%). 
«Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының
Президенттiк сынамалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 
жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысына сәйкес республикада дене шынықтыру 
және спорт құралдары арқылы республика тұрғындарын сауықтыру, халықтың 
барық топтары мен әлеуметтік санаттарын спортпен айналысуға, салауатты өмір 
салтына бейімдеу негіздері ретінде Президенттiк сынамаларды енгізу жөніндегі 
жұмыс жалғасуда. 
2013 жылғы 20 сәуір – 20 мамыр аралығында республикада «Қазақстан 
Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының Президенттiк 
сынамалары» нормативтерін қабылдау бойынша республикалық айлық өткізілді. 
Ережеге сәйкес норматив тапсыруға 5, 9, 11 сыныптардың оқушылары, 18 – 23 
жас және 24 жастан жоғары топтар бойынша тұрғындар қатысты. 
Ағымдағы жылы республикада Президенттік сынамаларды тапсыруға 2 576 
769 адам қатысты, бұл 2012 жылға қарағанда, 195 272 адамға немесе 7,6 %-ға көп. 
Олардың ішінен Президенттік деңгейге тапсырғаны 63 463 адам, бұл 2012 жылға 
қарағанда 4 296 адамға немесе 7 %-ға аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет