Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет19/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Ұлттық әзірлік деңгейіне нормативтерді 112 352 адам тапсырды, бұл 2012 
жылға қарағанда 6 136 адамға немесе 6 %-ға артық. 1,5 миляға (2400 м) жүгіруден 
нормативтерді «өте жақсы» деген бағамен – 77 467, «жақсы» - 163 734, 
«орташадан жоғары» - 241 066, «орташа» - 323 577 адам тапсырды. 
2012 жылмен салыстырғанда ұлттық әзірлік деңгейіне норматив 
тапсырғандардың көрсеткіштері 5,5 %-ға жоғарылады, ал сандық мәнде 6136 
адамға ұлғайды. Ұлттық әзірлік деңгейіндегі нормативтерді ауылда 
тапсырушылардың деңгейі барлық жастағы топтар бойынша орта есеппен алғанда 
төмендеу үрдісінде. 
Қазіргі уақытта Президенттік сынамаларды танымал ету мақсатында 
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 
нормативтерге және оларды тапсыру тәртібіне өзгерістер енгізуде. Келесі оқу 
жылының соңына дейін ұсынылатын нормативтерді мектептерде сынақтан 
өткізіп, оларды оқушылардың тапсыру нәтижелері бойынша бекіту жоспарланып 
отыр. 
Республикада бұқаралық спортты тиімді дамыту үшін спорт залдарының, 
спорттық мүкаммал мен жабдықтардың саны жетіспейді. 
2013 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша 1975 мектепте (26,7%) спорт 
залдары жоқ. 


27 
Бұл 
жағдай 
дене 
тәрбиесі бойынша міндетті сабақтарды өткізуді 
толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. 
Қалалар мен ауылдарда балалардың тұрғылықты жеріндегі бос уақытын 
ұйымдастыру бәсең дамуда. Қазіргі уақытта елімізде 477 аула клубтары жұмыс 
істейді, олардың балаларды қамтуы 64,8 мың оқушыны қамтыды. 
Клубтардың бірігуіне және персоналдың штат санының қысқаруына 
байланысты олардың саны жыл сайын азайып келе жатқанын атап өту қажет. 
Аула клубтарының материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға 
сай келмейді, олар негізінен тұрған ғимараттардың жертөле қабаттарында және 
төменгі бөліктерінде орналасқан. Бұл жағдайларда балалар мен жасөспірімдердің 
бос уақытын сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік жоқтың қасы. 
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 
жергілікті атқарушы органдар мен ҚР БҒМ-ге «Қазақстан Республикасында 
бұқаралық спорттық дамыту туралы» және «Балалар-жасөспірімдер клубтарын 
(БЖК) құру туралы» хат жіберді. 
Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, әртүрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық 
іс-шараларды ұйымдастыру балалар спортын дамытудың маңызды факторы 
болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша жыл 
сайын облыстық деңгейде оқушылардың жазғы және қысқы Спартакиадалары, 
спорттың әр түрінен турнирлер мен жарыстар өткізіліп тұрады. 
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Агенттік «Кока-Кола 
Алматы Боттлерс» компаниясымен бірге «Папа, Мама, Я - спортивная семья» 
атты отбасылық жарыстар өткізу жөніндегі жобаны іске асыруда. 
Бұдан басқа, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет