Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


ларға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27  қаңтардағы № 296 қаулысына сәйкес 1 %



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
ларға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 
қаңтардағы № 296 қаулысына сәйкес 1 % мөлшеріндегі квота белгіленген. Бұрын 
бұл 0,5 % болатын. 
2012-2013 оқы жылында білім беру гранттары 273 мүгедекке тағайындалды, 
оның ішінде белгіленген квота шеңберіндегісі – 204. 
Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде 713 мүгедекке грант тағайындалған. 
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 116 қаулысына сәйкес көру қабілеті бойынша мүгедектер мен есту қабілеті 
бойынша мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалар жоғарылатылған (+ 75 %) 
мемлекеттік стипендия алуға құқылы. 
Мүгедектер оқитын жоғары оқу орындарында олардың еркін жүріп-тұруы 
үшін жағдайлар жасалуда (пандустар), оқытудың арнайы құралдары 
пайдаланылуда. 
 
Балалардың 
жағдайы 
туралы 
2012 
жылғы 
баяндаманы 
қарау 
қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 
берген тапсырмаға сәйкес инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс 
жалғасатын болады. 
 
Көшіп-қонушылар, оралмандар, аз ұлттар балаларының білім алуға 
қолжетімділігін қамтамасыз ету
Республикада Қазақстан Республикасында ұдайы тұратын шетелдіктер мен 
азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығы қамтамасыз 
етіледі

Шетелдік азаматтардың балаларын оқуға қабылдау 
«Қазақстан 
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ 
тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу 


23 
ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына сәйкес жүзеге 
асырылады. 
Білім беру органдарының есептік деректеріне сәйкес республиканың жалпы 
білім беретін ұйымдарында басқа елдерден келген 20 655 бала білім алуда (2012 
ж. – 14 374 бала). 
Көшіп-қонушылар балаларының көпшілігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, 
Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласындағы мектептерде 
оқиды. 
Бұдан 
басқа, 
республиканың 
жалпы 
білім беру 
ұйымдарында 
оралмандардың 11 546 баласы (2012 ж. – 14 950) оқиды. Оның ішінде: бастауыш 
мектепте – 4 734, негізгі мектепте – 5 306, жалпы білім беретін мектептің жоғары 
буынында – 1503 оқиды, 3-еуі – бала кезінін мүгедек. 
Алматы – 3 218, Шығыс Қазақстан – 1 809, Жамбыл – 1 689, Оңтүстік 
Қазақстан – 1 527, Ақтөбе облыстарында – 1 078 оралмандардың оқитын 
балаларының саны көп. 
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының 
деректеріне сүйенсек, 3 мүгедек баладан басқа барлық бала (11543 бала) оқумен 
қамтылған. 
Республикада аз ұлттар үшін ана тілін үйренуге жағдай жасалған. 
Республиканың білім беру ұйымдарында негізгі ережелердің бірі орындалады: аз 
ұлттардың ана тілін үйренудегі құқықтарын іске асыру. 
Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2013/2014 оқу 
жылында республикада мынадай мектептер жұмыс істейді: 
өзбек тілінде оқытатын 57 (2012 жылы – 60); 
ұйғыр тілінде оқытатын 14 (2012 жылы – 14); 
тәжік тілінде оқытатын 2 (2012 жылы – 2). 
Өзбек тілінде 78 325 оқушы білім алады (2012 жылы – 77 082). 
Ұйғыр тілінде – 14 396 (2012 жылы – 14 364). 
Тәжік тілінде – 4 834 (2012 жылы – 3 893). 
Аралас мектептердің саны мынадай: өзбек тілінде оқытатын сыныптары бар 
– 91 (2012 жылы – 79), ұйғыр тілінде оқытатын – 48 (2012 жылы – 49), тәжік 
тілінде – 9 (2012 жылы – 10). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет